Таңдаулы

timurrr
Ағамыз бұл жерде көркемдік шрифтер туралы айтып жатыр. Жігіттер, әңгіменің ауанын бұзбайық!

«сіз таңдаған шрифттан да әдемі қазақ әріптерін оқитындары бар» — деген не сөз? Мысалы, мен түсінбедім. Не бар? Графикалық редактор ма? Шрифт па? Ал ағамыз санаулы ғана шрифт мәселесін, болса да ақылы екендігін айтып отыр. Дұрыс қой? Әлде жұрттың барлығы пират болу керек пе? Шрифт-мастер Асылбек Мереке ағамыз сайтына қара тақта іліпті. Ақысыз-пұлсыз шрифтісін ұрлап кеткендер туралы. Ол жерден депутаттың атын көру әрине, күлкілі болар еді. Ал «несчастный» шрифт ісіне Үкімет араласса, конвейерден шығарғандай бұрқыратар еді дейді. Бәлкім, оның өзі ҚазНет деп аталатын ауылды дамытуға күші жетер-жетпес, бірақ маңыздысы бір кірпіші болса да қалануы ғой, солай емес пе? «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!»
VKM
Мұрат ағаға рахмет, пікір жазып, керекшілердің реніштерін басқан)