Жарияланымдар

muratabenov
Өтірікті маған кім айтады, Adobe Photoshop-ты пайдаланып отырған өзім емес па.Ариалды әрине қазақша келтіруге болады. Бірақ неге біз тек қана шектеулі шрифттарды пайдалануымыз керек? Жұзден жүйрік-мыңнан тұлпар демей ма? Бізде көптін ағылшынды айтпайын орыс алфавитіндей көптін ішінен таңдасақ дизайн жағынан заманнын сонғы талабына сай, қөз тартатын, ерекше сұлу, басқаларға ұқсамайтын сайттарды жасауға болар еді ғой? Менің кішкене ғана өзім пайдаланатын блог жасауға ариал аздық жасайды.Біз басқалардын қатарында емес ғана, соңынан сүйретіліп жүрүіміз ұзаққа созылып бара жатыр. Орыс тілінде шрифт көп болу себебі олардын нарық кеңестігі кең, сол арқылы арзан бағамен көп адамға сатып тиімді жасап алуға болады. Сол себептен бізге мемлекет қаржысымен көп шрифтін негізін жасатып, тегін таратпасақ алға кеткендерді жетіп алмаймыз. Біздің мақсат-жетү емес озу емес па.
muratabenov
Премьер бұл мәселені көпке ортаға салып, дауыс берү арқылы закон.кз сайтын таңдадым деп хабарлады. Өкінішке орай дауысқа салған тізімде танымал тек қазақ тілінде жазатын сайттар жоқ есебінде.
muratabenov
Жаңа ғана Караваннан, мақала авторы Арсен НУРТАЗИН хабарласып кеткен кателерді мойындап кешірім сурады. Онын айтуынша бұл Алматыда материалды өндегенде “Арка акпарат” сияқты мен атамаған сайттарды редакцияда өздері қосқан, сосын сұхбат узақтау болу керек еді, біраз қысқарқаннан кейін сөз тіркес жасау үшін болған дейді. Сонымен солай. Редакцияда біліп қасақана жасады деп ойламаймын, кәзіргі жағдайды білмейтіндердін катесі болар.Арсенге ештеңе қылмас алдағы уақытта басар алдында оқытқаның дұрыс болады деп қойдым. Жалпы жақсы жігіт, осы мәселені жазғым келіп жүр деп келісіп, аулға асықсамда, мен мен бірге ерінбей әуежайға барып жүргенінен көріп осы мәселеге жаны ашып қолынан келгенше ыкпалын жасағаны деп түсіндім.
muratabenov
asaubota Мәселе әрине кодта емес! Бұл проблема шешілгенін қашшан. Бірақ бұл кодтар тек жәй пайдаланушылар жазба контент орналастыру үшін кажет етеді.Менің айтып жұргенім өзі сайтты құрастыратындарға, дизайнерлерге керек қазақ әріптерінің жетіспеушілігі. Мысалы өзім блогімді жасаған кезімде дайын шаблонға көңілім толмай, дизайынды өзгерткім келгенде Adobe Photoshop пен CorelDRAW бағдарламаларда қазақ әріптері жоқ есебінде екеніне қиналдым. Мысалы "Ә" әріпін блог атауына еңгізү үшін латын «е» әріпін аударып пайдалануға ал "Ғ" әріпіне орысша «Г» -ға таяқша сызып келтірүге мәжбүр болдым. Оған қанша уақытым кетті десеңші. Іздестіріп көрсем кейбір дизайнерлер кейбір әдемі шрифттарға келтіріп қазақ әріптерін жасаған екен бірақ ол қымбаттау, және алған болсаңда қайта қайта бір шрифті қолданбайсыңғой. Бізде қазақша сайтар мәнді ғана емес, сәнді болуы да керек шығар деп ойлаймын. Бұл шрифттер ағылшын орыс тілдерінде көп, біздікі жоқ. Осындай бөлек бөлек бір сыпыра мәселені жорналшыға айттым, бірақ түсінбей қалған шығар. себебі мамандардын өзі ең алдымен UTF кодтары бар ғой несін көтереді деп ойлайды. Мәсімовқа да осылардын бәрін түсіндірдім. Оны мемлекеттік қаржы боліп тапсырыспен жасамаса, жекелер тегін бермейді.
muratabenov
Құрметті kerekinfo.kz оқырмандары! Менің Караванға берген сұхбатым талқыланып жатқанын жаңа ғана байқадым.Ең басында авторға айтарым бұл сұхбатка менің де көнілім толып отқан жоқ.Газетті оқып босқа берген екенмін деп қалдым. Автордын біраз ой пікіріне қосыламын. Сын ретімен айтылса, дұрыс қабылдап, мойындауымыз керек. Дегенмен өзімнін кейбір пікірімді жеткізүді дұрыс көріп отырмын. Бірінші. Бұл тақырыпты көтермеу керек деген ойға келіспеймін. Шешілмеген көп мәселе бар. Орыс тіліне қарағанда қазақ тілінде бұл саланы дамытуда қиыншылықтар қөп. Мәсімовпен кездесүде қазақ интернетін дамытуға қатысты әнгіме болғасын журнлистер қызғушылық білдірді. Сұхбат бергенді дұрыс көрдім. Екінші.Жұрналист бұл саламен, әсіресе қазақ тіліне қатысты проблемасымен айналыспағаны байқалды, бірақ ондай болуы міндет те емес шығар. Алайда мақалада мен көтерген біраз кәсіби проблемалар, Премьердын алдына қойған мәселелер ашылмай қалды. Толық түсінбегенде шығар. Маған көрсетпей басқасын қатесін жөндеуге мүмкіншілігім болмады. Жалпылама шыққаны рас. Үшінші сұхбат бергенде бір де бір сайтқа, блогқа пікір айтып, атын атаған емеспін. Себебі көп авторларды, сайт иелерін жеке танимын, енді ғана жақсы дамып кележатқан дүниені алалап емес, әр кайсысын ерекше қолдау керек деп есептеймін. Ал мақаладағы аталған “Арка акпарат” –деген сайтты шындығымды айтсам ешқашан көрген емеспін. Сол себептен бағалай алмаймын(ренжімейтін шығар)! Қайдан ондай ақпарат алғанын білмемін.Мақала дайндаған Арсен НУРТАЗИНнен телефонмен сұрап едім, кейін өзім айтамын деп жауап берді. Мақалада аталғандардын арасында екі ғана өзім оқитын сайттар бар. Басқаларда мықты шығар бірақ барлығын қарауға жұмыстан үлгірмеймін. Төртінші көрген білгенімді, әсіресе жақсы жетістіктерді ашық айтқанды дұрыс көремін. Мысалы kerekinfo.kz тұралы пікірімді твиттер арқылы 22 сәүір күні Мәсімовқе жазбамда жеткіздім:
Карим Масимов жазбасы;
@KarimMassimov Он-лайн конференция өткізгім келеді. Қай алаңда өткізген жөн, кеңес берсеңіздер?
Мұрат Әбенов;
@MuratAbenov
@KarimMassimov Әмбебап алаң әле жоқ. Ресми-bnews.kz, қазақ тілінде танымал-kerekinfo.kz, ең белсенді, жастар көп пайдаланатын-yvision.kz
деп усыныс жаздым. Өзім kerekinfo.kz бүгін ғана тіркелген болсамда бірақ танымал екенін байқап журмін. Жеке, жақын танысуға енді мүмкіншілік болатын шығар. Тіркелү қажеттігі өзіме онша унамайды.
Жағдай осы. Барлық маған қатысты айтылған ой пікірге жауап бере алмаспын, бірақ тікелей сұрақтарыңыз болса дайынмын. Дәл осылай қарапайым сұхбатыма қөңіл білдірген, ашшы болсада ойын айтқандарға алғысымды айтамын! Бәріне унауды мақсат еткен емеспін.Ол мумкін де емес. Бәріне жағам деп, әр кімнін сөзін сойлеп ңағыз достардан айырылғым келмейді.Сол себеттен жалпылама арзан ПиАр жасау сана сезіміме сәйкес емес. Мұрат Әбенов