Жарияланымдар

Ертегі

Ертеде бір Құбыжық өмір сүріпті. Жоқ, заты құбыжық емес, азан шақырып қойған аты Құбыжық. Тілдей куәлігіне Құбыжық деп жазылып кеткен соң амал бар ма. Сүндет тойынан бір жылдан соң молда алдына тіл сындыруға барғанда барлық балалар «Сенің атың да Құбыжық, затың да құбыжықсың!» деп мазақтап ойнапты. Алтыға келгенше адам баласын көрмей, тауда әкесінің етегінен ұстап қой баққан балада қайбір түр болсын. «Құбыжық болсам болармын» деп сырттай көнген түр жасағанымен, ішінде қатып жатқан кекті ешкім білген жоқ…
Әрі қарай

Жігіттер неге үйленбейді? ("Айқаракөз" сайтына жауап)

Мына жерден Your text to link... «Жігіттер неге үйленбейді?» деген ғаламдық сұрақ көрдім. Әдетте жігіттерге “Үйленсеңші!” деген сөзге “Әйел алмай тұрып машина алайын!” деген жауабын жиі естиміз. Сонымен автокөліктің қыздардан несі артық?
• Күнде мініп жүрген машинаң саған ренжісе ұрыс шығармайды, ешқашан төркініне кетіп қалмайды;
• Ақшасын төлеген сәттен бастап автокөлік сенің меншігің болып саналады;
• Көлігің ешқашан да “Сен алғанша қандай едім, қазіргі жағдайыма кінәлі сен!” деп миыңды жемейді;
• Ең бастысы машинаңмен сен не істесең де орынсыз килігіп, ұрысатын, апталап келіп қонақ болып жататын енең болмайды!
• Егер жалықсаң көлігіңді кез келген уақытта жап жас көлікке ауыстыра аласың;
• Машинаң үшін сенің қанша айлық алғаның, оны қайда жұмсағаның бәрібір;
• Көлігің ешқашан да көрші үйдегі машинадағы сияқты норкадан жасалған чехол алып бер деп мазаңды алмайды;
• Машинаң айына бір рет 5 күнге бұзылып қалмайды;
• Саған өте қажет кезде автокөлік “Басым ауырып тұр” деген сылтау айтпайды;
• Машинаңды сатып алған күнді үнемі есте сақтап, сол күні көлігіңе қымбат сыйлық жасап еш қажет емес;
• Машинаны жүргізетін кезде сенің қырынған қырынбағаның, жуынған жуынбағаның оған бәрібір;
• Қызық үшін басқа машинаны айдап көрсең өз көлігің ешқашан қызғанбайды;
• Машина сатып алу үшін онымен бір жыл жүріп, киноға шақырып, қараңғыда сүйісіп қажеті жоқ;
Бірақ біздің Қазақстан жолдарымен жүретін болсаңыздар ең керемет автокөліктің өмірі ары кетсе 5 жылдан ұзамайды. Ал біздің қыздар мейлі қанша жыл өтсе де үнемі әдемі. Сондықтан да құрметті жігіттер несиеге машина алғанша, үйленіңдер;
Әрі қарай

Шалақазақ немесе өз-өзімізді кемсітіп жүрген жоқпыз ба?

Тойда болдым. Қазақпыз ғой, ойын тойымыз ешқашан таусылмайды. Артымыз жалтырап жатса да бетіміз жылтырап той жасаймыз… Бірақ бұл той басқа тойдан ерекше болды. Иесінің байлығын айтып мақтайын немесе өзімнің бір шала тойғанымды айтайын деп отырған жоқпын. Басы да басқаларынан ерекшелігі жоқ, кәдімгі дүбәрә мақтаншақтықпен басталып, галстуктарын карындарына мәпелеп қойған еркектер мен бойына шақ келмесе де ең қымбат көйлектерін иықтарына ілген әйелдер мәртебесіне байланысты кезек-кезек шығып, етектей-етектей сөз сөйледі… Бір кезде басқаларынан еш ерекшелігі жоқ бір қайыстай қара келіншек шықты. Көптің арасында ерекше көрінгісі келді ме, кім білсін сөзінің басында «Здесь что интересно все говорят на казахском, но я буду говорить на русском, так как я себя причисляю к шалаказахам!» деп мақтанышпен қойып қалғаны. Басқалары ду күлді, тіпті қол шапалақтап жіберді! Айтқан сөзін көпшілік қолдағанына мастанған келіншек айналасына нұрлана бір қарап алып, ұзақ сонар сөзін бастап кетті… Ары қарай менің көзім қарауытып, құлағым тұнып жүре берді…

Көшеде жүремін. Адамбыз ғой, көшеде жүргеннің не сөкеттігі бар? Ия, білемін, біздер көшеге тек бір шаруамен шығамыз. Баратын жерімізге жылдам барамыз да, жұмысымыз біткен соң екі аяқты жерге тигізбей үйге қарай құйғытамыз. Тіпті еш шаруамыз жоқ болса қарынды сыйпап қойып ұйықтаймыз. Өзгелер сияқты серуендеу жоқ қой бізде… Міне ана тіліміздің ақсап жатуының басты себебі осында жатыр!.. Қалай? Былай! Егер атасы көрмегенді ботасы көріп жүрген атқамінер қазақ күнде кешке жақын көше бойлап серуендеуді әдетке айналдырса көрер еді… Қателерді… Тұнып тұрған қателерді… Қазақ тілінің қаңсып қалғанын… Дүбәрә аудармаларды… Әттең… Білетіндер билікке жақын жүретіндер мінетін көліктің терезесіне орнатылған қара үлдір сырттағы әлемді нұрлы қылып көрсетеді дейді… Шын шығар…

Көршім бар. Жалғызбасты. Жақында көшіп келген. Үкімет тегін үй таратқанда тайыншадай итінің құжаттарын өткізген бе, екі бөлмелі пәтер алыпты. Көрші қақысы – Тәңір қақысы, есік алдында итіне бой жаздырып жүрген көршіммен тілдескім келді. Жай, есігімізге есігіміз тиіп тұрған соң таныс болайық деп… Әңгіме жараспады… Көршім де… О, Тоба, шапқылап жүретін тайынша төбет те… бір ауыз қазақша түсінбейді екен… Арсалаңдап жетіп келген ит «Кет!» дегеніңе пысқырып та қарамайды, «Пошелды» күтеді… Қайта итінің ниеті нұрлы екен, түсінбесе де ыржалаңдай береді, иесі менің «Ассалауыма» мұрнын шүйіріп өте берді…

Осындайды көргенде менің ауылға көшіп кеткім келеді… Қазағы да қазақ, басқасы да қазақ… Негізі кімнің түп-тұқияны қайдан шықса одан шықсын, бірақ барлығы бір тілде сөйлесе ынтымағы да мызғымас болады екен… Міне Ел Бірлігі қайда жатыр… Қазақпыз ғой…
Әрі қарай

ӨМІРІҢНІҢ ҚҰНЫ БІР ТИЫН...

Еленамен Алматыдағы саяси семинарлардың бірінде таныстым. Ұзын бойлы, көңілді, ақсары қыз күні ұзақ дәріс тыңдап, шаршап шыққан журналистердің барлығына сыңғыр күлкісімен көңіл күй сыйлап, шүйіркелесе қалған жандарды күлкіге бөлеп жүрді. Еліміздің әр тарапынан жиналған әріптестер тобымызбен түскі асқа барғанда алты адамға жайылған дастархан басында екеуіміз алғашқы күннен көрші болып алдық. Танысып, әңімелесе келе Елена өзінің СПИД жұқтырғанын, қазір осы диагнозбен жүргеніне 8 ай болғанын айтқанда стол басында онымен қатар Қызылорданың қызы екеуіміз ғана қалдық. Талай рет ВИЧ жұқтырған жандар жайлы мақала жазып, тіпті осы тақырыпта мемлекеттік сыйлық алып жүрген әріптестеріміз түрлері бұзылып, теріс айналып кететін болды. 25-ке жетер-жетпесте басына бәле жинап алған бойжеткеннен суыртпақтап сыр тартқанымда Елена үнсіз бір уыс қағазды ұстата берді. СПИД жұқтырған жанның жазған сырларын бұзбай, қаз-қалпында жеткізуге тырыстым...
Әрі қарай

Made in Kazakh

Біз Қазақстанда тұрамыз. Алтайдан Атырауға дейін… білесіз қанша шақырым, қандай кең байтақ екенін. Оқығансыз… Мақтанасыз… «Бізде қазба байлық деген жетеді, пішен-пішен үйіліп жатыр!» дейсіз… «Менделеев кестесін білмесең бізге кел, барлығын үйретіп жібереміз!» дейтін пысықтар да бар… Бар болғанға не жетсін… Бар болсын… Бірақ біздің тұрмыс тіршілігіміз, «жастар тілімен» айтқанда «өмір барысымыз, жүрек қағысымыз» қалай? «Тамаша!» дейсіз ойланбай! «Құдайға шүкір, жалпы ұлттық өнім артып келеді! Зейнетақы мол! Кейбір қызметкерлердің жалақысы 324 мың долларға дейін барады! Бізге жету қайда!» деген ресми қазиттердің сөзін тізбелей жөнелуге тіліңіз қышып тұр ия? «Ел межесі елулік!» деп айқай салар кейбір патриоттар…
Әрі қарай