Жарияланымдар

Қасқабас

Қаракүңгірт бөлме. Биікте орналасқан кішкене терезелері күндіздің өзінде жарық бергені шамалы еді, алакөлеңке уақытта тіптен сығырайып қалыпты. Бірнеше ғасырдан бері көрмегені жоқ емен үстел басында отырған адамның шекесі ғана жылтыңдайды. Жоқ, ол тік отыр, ойнап тұрған батар күннің соңғы сәулесі болса керек. Бірнеше жыл бұрын осы орынтағына жымысқылана келіп келіп жайғасқан кезде қазіргі маңғаздық жоқ еді. Көңілі босап, жылап та алған…
Есік үнсіз ашылды. Рұқсатсыз кіруге болатындарды жүрсінен танитын қасқабас күдіктеніп қалды. Бұл бекерге келмейді.
— Гитлер,- деді келген адам ашуын жасыра алмай,- Гитлер бар ғой…
— Не болды, тіріліп келіпті ме?- Қасқабас түкірігін шаша сөйлеген суыр тектес көмекшісінің аптығын басқысы келіп зірк ете қалды,- Айтсаңшы асықпай, не болыпты?
— Гитлер туралы журнал шығыпты!
— Ал, шығарса не болыпты? Қойдың терісіне басып шығарыпты ма? Жалпы оларға журнал шығаруды үйренгендері үшін орден беру керек шығар!
— Бәрі ештеңе емес қой, шығара берсін,- суыртектестің сөзі бәсеңсіп қалды. Ренжіген сыңайменсөзін жалғады.- Бәрі ештеңе емес, тек соңғы бетіне Сізді Гитлермен теңеп қойыпты…
— Не? Не дейсің? Соттаңдар иттің баласын!
— Ол өзге мемлекеттің адамы ғой…
— Қашаннан бері ол өзге мемлекет? Немене, бір күннің ішінде бәрі адамша сөйлеп кетіпті ме?
Сәтті шыққан әзілге екеуі де рақаттана күлді.
— Бірақ мұны жай қалдыруға болмайды. Амалын өздерің табасыңдар ғой.
Қасқабас «Енді мені ұсақ түйекпен мазаламаңдар дегендей қолын бір сілтеді. Суыртектес дыбыссыз шығып кетті. Қасқабастың іші алай-түлей еді. Бір нүктеге қадалып көп ойланған ол әркім бір сөз болмау үшін иығындағы крестті кетіріп тастау керек деген шешімге келіп, бөлмесінен көңілдене шықты. Себебі алда оны гимнастикадан түнгі жаттығу күтіп тұрған еді…
Әрі қарай

Ешкінің сүті...

Блог - kozildirik: Ешкінің сүті...
«Емшек сүтін бермесем де ешкі сүтін берген балам...» Халық аузынан

1993 жыл. Тәуелсіздік алған эйфориясы басылып, енді жұрт үкіметтен қалған «тегін дүниені» бөлісуне, тойыс жекешелендіруге енді көз сала бастаған уақыт. Құнсызданған ағаш рубльді Отанымыздың кешегі жүрегі, бүгінгі бауырынан вагонмен тасып шаршаған Ел ағалары өз валютасы туралы ойлана бастады. Ойланып, толғанып дүниеге де әкелді. Атын Теңге деп қойды. Әдемілеп Әл-Фарабидің суретін салып, жақсылап қазақша жазды. «Сенің атың Бір теңге» деп…
Әрі қарай

Шал

Блог - kozildirik: Шал

Тақтайының бір шетін бассаң екінші жағы шиқылдай көтерілетін дәліздің іші алакөлеңке. Қырық жамау мәсісін сүйрете басқан шал шеткі есіктің тұтқа орнына іле салған жібін сенімсіздеу тартты. Өзінің қаншалықты қиналғанын әлемге жар сала бажылдаған есік жартылай ғана ашылды. Бір жөтеліп алған шал сырқатқа көңілді көрінгісі келді ме, еңсесін тіктей кірді. Ескі төсекте ауыр дем алып жатқан адам қаракөлеңке жерде қартамыс көрінгенімен бажайлай қарасаң жас екенін білуге болар еді. Бірақ сырқат самайына ақ кіргізіп, маңдайында жазылмас екі сызық әжім пайда болған.
— Қалайсың балам?
— Шүкір…
Булыға ұзақ жөтелген жігіттің беті алаулап тұр.
— Қызуың көтеріліп тұр ма?
Шал кәртамыс алақанын екі сызықтың үстіне басты.
— Соңғы апта 182 ге дейін барды…
— Доғдырлар не дейді?
— Тұрақталады дейді. Сенімсіздеумін. Бір ай бұрын да солай айтып еді…
Көңіл сұрай келген адамның жазылмаған миссиясы сырқаттың көңілін аулау керек екенін білсе де шал жұбатар ештеңе айтпады. Үнсіздік созыла түсті. Шалдың күрсінді. Әкелген хабарын қалай жеткізерін білмей қипақтап отыр. Оны өзінше түсінген жігіт тістене сөйледі.
— Менің өмір сүргім келеді. Жиырмадан енді астым ғой. Даналардың өсиетін жеткізетін бейнемнен айырды. Алақан жайып қалдым. Қызуым да үнемі көтеріліп, түсіп мазам қашып кетті. Бірақ әлі тірімін ғой?! Уайымдамаңыз, мен әлі-ақ жазылып шығамын…
Көп сөйлеп қойып алқынған жігіт демігіп тоқтады. Шал тіктеле тыңдап отыр екен. Жүзінде "Қарағым, сені менен басқа кім түсінсін" деген аяныш сезімі жазылып тұр. Бірдеңе демекке аузын аша бергенде бажылдақ есік топсасынан жұлынып кетердей оқыс ашылды. Көзілдірік киген қасқабас дәрігер екен. Сөйлей кірді.
— Сіз, аташка ренжімеңіз! Сырқаттың қызуы көтерілгенін өзім таңертең білдім. Ұйықтап жатқанмын. Екі жүзден асып кеткен екен, қазір дұрысталды!
«Мына екеуі мені тыңдап отыр ма?» дегендей көзілдірігін түсіре қараған қасқабас монологын ары жалғап кетті.
— Ақсақал, Сіз уайымдамаңыз! Жаңа ғана узидан келемін. Жақында қызды боласыз! Өкіл әкесі есімін Алтын деп қойыңдар дейді. Теңгеңіз, енді аман болсақ емдеп шығарамыз әлі!
Талай жылдар аңсаған қызы, алтын қызы дүниеге келер уақыт жақын екенін естіген шалдың күңгірт көзі жарқ ете қалды. Бір сөзден палата ішіндегі ауа райы өзгеріп сала бергенін сезген Теңге күбірлеп, тілін кәлимаға келтіріп жатқан еді…
Әрі қарай

Көктем келе жатыр...

Блог - kozildirik: Көктем келе жатыр...

… Жаз еді. Жадыраған. Тіршілік иесі жан рақатында. Ертең де, арғы күні де жаз тұра беретін сияқты көрінетін. Әрқашан. Өзгермей. Әрине, арасында күн бұлттайтын. Жаңбыр да жауатын. Ол жаздың жаңбыры болған соң артынан көк шығып, айнала одан сайын құлпыра түсетініне ешкімнің күмәні жоқ еді. Бірақ тарих тегершігі көнсін бе… Қазақтың жазы соңғы ханы –Кенесарының басымен бірге солтүстікке көшіп кетті…
… Күз. Бүрсеңдедік. Етек-жеңді жинадық. Теріскейден соққан жел ықтыра бастады. Қатты бұрқасыны қарсы тұрғандарды жұлып кететін. Киіз үйіміздің етегін тартқылап, түндігін төңкере бастаған соң жер қазып, тастан үй қалап, жатаққа айналдық. Ескі шапан арқамызды ызғардан сақтаса, алыстан жіберілген шен көңілге жылу бергендей ме еді… «Алаш» деп Әлихан сынды күн шыққан кезде артынан табиғат жылып сала берердей көрінген…
… Бірақ артынан қыс келді. Қаһарлы. Айналаны сіресе қымтаған қардан бірдеңе болжау мүмкін емес. Сана кіреукеленген. Қыстың ығымен жүріп, ықпалына берілмесең шыбын жаның тілге келіп, бақұлдасып үлгермейді. Аязға қарсы тұрып, боранымен алысқандар, алысқысы келгендер табылды. Бірақ олардың қайда кеткенін көпшілік түсінбей қалды. Қар кеткенде бір хабары болмаса…
… Табиғат ғажап. Ғажап шебер. Әлемнің жартысын орап алып, оны ешкім мызғыта алмас деген қытымыр қыстың соңы желтоқсанда басталар деп ешкім ойламаған болар. Жылымық. Ия, қазір жылымық бар. Жылдан жылға көктемнің иісі сезіліп келеді. Бәйшешектеріміз де гүлдеді. Әзірге нәзік, бірақ… Олар біздің бәйшешектеріміз ғой! Қыстың бұрынғы қауқары болмаса да арасында қар аралас жаңбыр жауады. Соңғы қаһары ма, әлде шарасыздықтың көз жасы ма… Ол маңызды емес, бастысы санамыздағы көктемнің ескегіне желкенімізді тоса білейік…

Коллаж жасаған Janasil
Әрі қарай

"Қуырдақ шоу" 7 ші арнада!


Ал құрметті достар, жақсын арада, дәлірек айтқанда 27 тамыздан бастап «Жетінші арнада» дүйсенбі мен бейсенбі аралығында кешкі сағат 18-45 те КВНшілер ұсынған жаңа "Қуырдақ" әзіл сықақ бағдарламасы жарық көреді. Қараңыздар, сынаңыздар, көріңіздер, күліңіздер!
Әрі қарай

Біздің көше осындай (фотобаян)

Көшеде жаяу жүргенді ұнатамын. Әсіресе басқа қалаларға барғанда. Үнемі суреттер көремін де прикол екен деп суретке түсіріп алғым келеді, бірақ фотоаппарат маңдайға бұйырмапты. Келесі суреттерді ұялы телефонға түсіріп алғанмын, сапасы үшін алдын ала кечрм!
Әрі қарай

Ауылды сағындым...

Жаз келіп күүн ысыған соң, жұмыстан қашып, көңілің ауылға тартып тұрады екен… Таңертеңнен сағынып отырып ауылдың қызықтарын бір еске алдық. Еске түскені осы, ұмыт қалғаны болса жалғастырамыз…

— Қаладағы «телка» ол ауылдағы құнажын…
— Ауылдың дүкендерінде айран сатпайды…
— Ауылдағы кез-келген саудагердің үйі автоматты түрде тәулік бойы жұмыс істейтін дүкен болып саналады…
Әрі қарай

Тағы ұрлық. Не істесе болады?

Мына жерге «Алаш айнасы газеті бүгінгі санына бізге беймәлім КВН командасы туралы мақала шығарып, біздің www.kazkvn.kz сайтынан суретін ұрлап алып салып қойып. Не сілтеме, не басқа да бір ұяттың нышаны жоқ. Не істесе болады?
Әрі қарай