Таңдаулы

Мен сені сүймеймін

Жаныма сыйлайсың жылу шын,
Сол жылу бірақ та жүк болар.
Сен неткен сұлусың, сұлусың,
Сен шығар әлемді құтқарар.
Сен, мейлі, ұнат не ұнатпа,
Мен өзге біреу деп күймеймін.
Мен саған тәнтімін, бірақ та,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.

Көзіме түскен бір елессің,
Мен саған тәнтімін себепсіз.
Сен маған сәйкес еш емессің,
Бірақ та басқалар керексіз.
Адуын алаулап айнала,
Сергелдең сезімнен күйреймін.
… Бәрі оның сұлу сөз жай ғана,
Мен сені сүймеймін, сүймеймін.
Әрі қарай

Бұрынғы қызым, Көк Базар және Organic Dog

Неге екенін қайдам, ерте тұрған күндері, әсіресе демалыс күндері оянған соң таңғы ас іше алмаймын. Көзді тырнап ашып, бет жумастан су қайнатамын. Мен жуынып шыққанша су әзір болады. Қара кофеге ақ қағазға оралған темекімді қосып, никотин-кафеин араласқан мезгілді өткіземін. Сосын сүт қосылған күрең шайды құйып алып, атын барахолқа деп сақтаған плей-листімді тыңдап, сурет салумен миды босатамын.

(Шафылды қосқан кезде Модцарттын 25-ші симфониясы біткеннен соң Заттыбектің «Асыл Көгершіні», одан кейін Френк Синатра ойнайтын листке басқа ат жараспайтын еді).

Сол күні ішімде атом бомбасы жарылатытндай күш жинаймын. Сондықтан кофені Нагасаки, темекімді Хиросима деп атадым. Бұл дәстүр – мен үшін ең зор оргазм. Оргазмнан қымбат сәттер туралы да бір күні жазармын…
Әрі қарай

Қош енді, қош бол, күрең күз!..

Күздің соңғы күндері өтуде… Күз деген аты болмаса, тыста қыстың нышаны байқалады. Алғашқы қардың жауғанына да біраз уақыт өтіп кетіпті. Үш-төрт күн бұрын Тарбағатай, Зайсан аудандарында болып, кеше түнде Өскеменге әрең жеттік: боран, көк тайғақ.

Әрі қарай

Амур aka Эрос

Менде бір керемет сюжет бар...: Амур aka Эрос

Бірінші бөлім. Қыз

«Айка! Айка! К тебе!»

Қоңсы орналасқан киім сатушы Светлана Павловнаның зор дауысын қатардың мына басынан естіген ол дүкеніне қарай тапырақтай жөнелді. Айналдырған алты ай бұрын ғана бәліш, тоқаш сатып жүрген Айка бүгін білдей бір киім бутигінде жұмыс істейді. Күн аяғында келіп бастығының есеп-қисап жасап кететіні бар, ал былайғы кезде өзі би, өзі қожа.

Оның үстіне ер адамдардың киімін сатқан да қызықтырақ болып шықты, осы жұмысының арқасында жігіттермен сөз қағыстыру өнерін де біршама меңгеріп алды.
Әрі қарай