"Ерекше" видео

Жозе Моуриньоны бәріміз жақсы танимыз ғой. Таяуда ғана «Челсиге» бапкер болып барды. Мен оны 2004 жылдан бері білемін әрі оған деген құрметім де сол кезде басталған. Әрине, «Реалға» бапкер болғаны өкінішті. Дегенмен, онсыз футбол қызық емес. «Ерекше» туралы деректі фильм түсіріпті. Көрейік ендеше

Кеше вконтакте желісінде бөліскен барлық ақпаратымды өшіріп тастағым келді.
Хамелеон түсін өзгертеді демесеңіз, ағаштан ағашқа секіріп жүретін белсенділер қатарынан емес. Тұрған орнында сағаттап қимылдамастан құрбандығын күтумен болады. Ал сәті келгенде тілін жып еткізіп, жемтігін аулай қояды. «Барселона» клубының шабуылшысы Педро дәл осы хамелеон секілді. Ол ешқашан жарқырап көзге түскен емес. Голды да көп соқпайды. Әйтеуір командаға ойнайды, каталондық клубтың ДНК-сы бар демесеңіз, алып бара жатқан таланты да жоқ. Тек хамелеон секілді керек кезде, дәл уақытында қимылдайды. 
Былтыр интернетте «WiFi 25» атты шоу пайда болған-ды. Тұңғыш рет ҚазНетте жарық көрген интернет-шоу жастардың қызығып көретін бағдарламасына айналып үлгерді. «WiFi 25»-тің құрамы небәрі төрт адам ғана: Нұрмахан Мұқанұлы, Нұржан Еркінұлы, Әбіл Есентай, Махамбет Бейбітшілік. Солардың бірі, бұрынғы «Сөз тимесін» КВН командасының мүшесі Нұрмақанды әңгімеге тартқан едік.
Басында Шымкентке бармаймын деп ойлаған едім. Ауылға барып наурыз өткізу, көмектесу тәрізді жұмыстар блогкэмпке баратын жолымды жапқандай көрінген. Наурыз мерекесі күні таңертең қым-қуыт басталды да, ештеңе ойлауға мұрша болмады. Бір қарасам ұялы телефоныма хабарлама келіп түсіпті. «Наурыз құтты болсын!» Кобус Блок. Әлі ешкімге хабарласпағаным, оның үстіне алғаш болып шетелдік мені құттықтағанына ұялып кеттім. Бірден телефонға жармасып, «А» әріпінен басталатын контактілерге қоңырау шала бастадым. Аты «А»-дан басталатын блогшылар көп екен менде. Олардың дауыстарынан-ақ блогкэмптің аурасы, құрылтайдың қызықты өтетіні бірден сезілді. Соған дейін «барайын ба, бармаймын ба?» деген сұрақ ойландырып келсе, блогшылармен сөйлескеннен кейін нақты шешімге келдім. Барамын! Аман-есен наурызды өткізгесін, 23 күні таңертең «Шымкент қайдасың» деп тартып кеттім.

