Жарияланымдар

Түркі елінің әнұраны

Кеше фейсбукта отырғанымда түркияда тұратын бір жігіт маған мынау түркілердің әнұраны деп сілтеме жіберіп еді. Соны сіздердің назарларыңызға ұсынсам. Сауал: Кім қандай пікірде екен? Жалпы түркілерге біріккен дұрыс па?
Әрі қарай

Еріккеннің ермегі

Атың шықпаса жер өрте деген қазақтың мақалы бар емес пе? Әркім оны әрқалай түсінеді. Осыны әрқалай түсінгендердің қатарында арабиялық шейх Хамад бин Хамдан бар екен. Еріккен патша Футайси деген аралға атын жаздырдыпты. Оны ғарыштан көруге болады екен.
Оны көрі үшін гуглға Futaisi Island — United Arab Emirates деп жазсаңыз шыға келеді.

суреті
Әрі қарай

Рас па?

Маса.кз «Елбасы ауырып қалыпты» деген мақала жариялапты. Олар берген сілтемедегі газеттер де сондай жаңалықты жариялаған екен. Бұл шын ба? Әлде, сенсация жасағысы келген жандардың кезекті өтірігі ме? Білетін ағайын болса бір хабарын айтсыншы. Мына жерлерде жариялапты ағылшынша uk.reuters.com/article/2011/07/19/kazakh-president-germany-idUKLDE76I0PW20110719 және www.hurriyetdailynews.com/n.php?n=kazakh-president-in-german-hospital-2011-07-19
Әрі қарай

25 кадр

Бұл уже боян болып кеткен тақырып шығар. Өкінішке орай, БАҚ өмір сүргенде бұл нәрсе ешқашан боян болмайтын секілді. Сонымен былай ойлаймын мен:
25 кадр дегеніміз викиде немесе ютубта көрсететін видеолар емес. Ешкім бір секундта өтетін 24 кадрға артық ештеңе қоспайды. Бұл — жай ғана атау. Жиырма бесінші кадрды мен елеусіз болған нәрсені байқатпай адам санасына сіңдіру деп ойлаймын. Мысалы, америка жаңалықтары арқылы да, фильмдері арқылы да мұсылмандарды террорист деген ұғыммен байланыстыруға тырысады. Батыстың фильмінде крест ұлы нәрсе. Тіпті одан қала берді өзіміздің "Қазақфильмде" де жиырма бесінші кадр болған. Қай киноны алып қарасаң да, орыстың мұжығы ақылды, қазақтарға ақыл айтып отырады. Осы секілді нәрселерді жиырма бесінші кадр деп ойлаймын
Әрі қарай

Өзгенің көзімен қарау

Бұл пікіріме келісерсіз, келіспессіз — бірақ, бүгін мен Азаттықтың беттерін ақтарып отырып мынадай тоқтамға келдім. Біз бір нәрсе туралы ойланатын болсақ өзгенің көрсетуі арқылы ғана ой түйеді екенбіз. Түсінікті болуы үшін сол Азаттықта жазылған Стинг туралы мақаланы келтірейік. Олардың жазуынша Стингтің істеген ісі ерлікке пара-пар екен. Енді соның астындағы пікірлерге назар аударсақ барлығы Стингті қолпаштаған. Мен өз басым Стингтікі ерлік, болмаса жаны ашу деп ойламаймын. Ол жай ғана өзінің беделін өсіруді ойлады. Әйтпесе, адамға жаны ашығыш болса төрт құбыласын еврейлер жауып тастаған Палестинаның тағдырына неге бейжай қарады? «Америкалық арман» ядролық қару іздеп Иракқа кіргенде сол Стинг шошқа тағалап жүріп пе? Келтіре берсең мысалдар көп. Былай ойлаймын, егер Азаттық Стингтің Қазақстанға келмеуін жамандап жазғанда пікір жазған оқырманның баршасы Стингті жамандар еді.
Әрі қарай