«Жаңа Белес - 2017» студенттік мерекелік кеші

2017 жылдың 30 қараша күні елордада жастардың шығармашылық дамуын қолдауға бағытталған «Жаңа Белес — 2017» мерекелік кеші өтті. Аталған іс-шара белсенді және озық жастар өкілдерінің қатысуымен өткізілді. Сондай-ақ, бұл кеште астаналық жоғары оқу орындарының студенттеріне студенттік билет табысталды. Іс-шараның мақсаты: қаланың қоғамдық өміріне белсенді ұстанымды енгізу, студенттер арасында шығармашылықты дамыту, студенттер арасындағы достық байланыстарды дамыту үшін жағдай жасау, жалпы білім беру, мәдениет сапасын жақсарту.
Салтанатты кештің негізгі бөлігі астаналық жоғары оқу орындарының студенттерін «Студенттер қатарына қабылдауға» және студенттік билетті табыстауға арналды.
Аталған іс-шараға Астана қаласының барлық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Кеш барысында отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

2017 жылдың 7 желтоқсанында Астана қаласында «IoT Forum Astana 2017» форумы өтті. Форумды ұйымдастырушы – еліміздің жетекші инфокоммуникациялық операторы — «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы. Шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс министрлігінің қолдауымен өткізілді.
Биыл Конфедерация Кубогы 2- рет өткізілгелі отыр. Бокс, дзюдо, таеквондо, грек-рим және еркін күрес түрлерінен өткізілетін ерекше форматтағы жарысқа биыл өзіміздің төл спортымыз Қазақ күресі қосылып отыр.
Құрбым машинамен жүргендіктен, бірге баратын кейбір тірліктерге жол-жөнекей мені алып кететін. Кешке таман жұмысқа соқты. Өзі асығыс. Қала жанынан жер сатып алмақ болатын. Бірақ бір қағаздары сәл дұрыс емес болып шықса керек. Енді ол сол мәселе бойынша бір юристпен ақылдаспақшы екен.


