Жарияланымдар

Айгүл Иманбаева əн кешіне шақырады

29 қараша күні Астана қаласының Қазақстан орталық концерт залында Айгүл Иманбаева кеш өткізгелі жатыр. Кештің басты ерекшелігі: концерт театрландырылған түрде өтеді. Эстрада жұлдыздары не басқа да қонақтар ән айтып шықпайды. Тек Айгүлдің ұлымен айтатын дуэті бар. Өте қызық кеш болатын сияқты.
Астана қаласыны тұрғындары және қала қонақтары!
Концертке барайық, көрейік!
Әрі қарай

Жанар Дуғалова: "Финалдың алдында, түнімен жылап шықтым..."

Татарстанның Қазан қаласында Turkvizyon-2014 байқауында Қазақстанның абыройын асқақтатқан Жанар Дұғалова елге келді. Байқауда керемет өнер көрсетіп, делебеңді қоздыратын ән айтып, жеңіске жеткен Жанарға халқымыз дән риза.
Сұлу да өнерлі қыздың сөзіне құлақ түрейік.
Әрі қарай

Жанар Доғалова Turkvizyon байқауының гранд-финалында

Жақында ғана елімізде өткен іріктеуден халық пен қазылар алқасының жоғары ұпайына ие болып, жеңіске жеткен Жанар Доғалова Қазан қаласына аттанды.

Татарстанның Қазан қаласында өтетін Turkvizyon 2014 байқауында 25 елден келген әншілер бақ сынайды. Кеше ғана ашылу салтанаты өткен бұл бақаудың жартылай финалын Жанар Доғалова ашты.
Жанар өзіміздегі іріктеуде орындаған Ізін көрем әнін дүбірлі додада орындады.

Қазандағы байқауға Жанарды қолдаушы командамен бірге Қазақстан телеарнасының тілшісі Еркін Шәкір де бірге аттанды. Еркін арнайы көрермендер үшін видеолар ұсынуда

Жанар 21 қараша күні гранд-финалға шығады. Жеңіске жетсін деп тілейік! Еліміздің көк байрағы Қазанда желбірегенін тілейік!

Блог - kaztube: Жанар Доғалова Turkvizyon байқауының гранд-финалында

21 қараша күні сағат 22:00 Хабар арнасынан Turkvizyon байқауындағы Жанардың өнерін тамашалап, қолдау көрсетейік!
Әрі қарай

«Жас ұлан» республикалық мектебінің 15 жылдық мерейтойы

«Жас ұлан» республикалық мектебі – біздің еліміздің бірегей оқу орны.
Он бес жыл ішінде мектепте көптеген жақсы дәстүрлер қалыптасты. Мектеп түлектері біздің әскеріміздің офицерлік корпусын толтырып және өзінің еліне лайықты қызмет етеді.
«Жас ұлан» республикалық мектебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 наурыздағы №309 «генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі мемлекеттік мекемесін құру мәселесі» қаулысымен мемлекеттік және шетел тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытуға және күшейтілген дене шынықтыру даярлығына арналған жалпы орта оқу орны ретінде құрылды.

1999 жылы 4 қарашада Ел Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің ашылу рәсімі болды.

Мектепке еңбегі мен өмірі жас Отан қорғаушыларға үлгі болатын Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы Егеменді Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі армия генералы С.Қ.Нұрмағамбетов аты берілді.

2011 жылғы 8 желтоқсанда ел президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің жаңа ғимаратын салтанатты ашылу рәсімі болды.

Әрі қарай

Тұрсынбек Қабатов, Әзіл әлемі (жаңа нұсқа)

Тұрсынбек Қабатовтың әзілдері күнделікті өмірден алынған соң ба, халықтың бәрінің басынан өтіп жатқан жағдайды дөп басады. Әсіресе, Инстаграм туралы айтқаны әбден күлдірді. Тұрсынбек Қабатовтың командасына да, өзіне де шығармашылық өрлеу тілейміз!

Кеше ғана телеарнадан көрсеткен Әзіл әлемінің әзілдерін көре алмай қалған болсаңыз, біздің порталда толық нұсқасы бар. Көріңіздер, күліңіздер :)
Әрі қарай

Эльвира Ерғалина. Әлеуметтік эксперимент: Халық көмек беруге дайын ба?

Эльвира Ерғалинаның кезекті әлеуметтік эксперименті. Бірақ, бұл жолы Эльвира камераға ілінбей, достарының көмегіне жүгінді.

Көшеде қызына күйеуге шығуын өтініп жатқан жігіттің қолындағы сақинасын жұлып әкетсе, сіз қарап тұрар ма едіңіз? Әлде артынан жүгіресіз бе? Басқалар қайтті екен, оны мына видеодан көре аласыз.

Әрі қарай

Turkvizyon 2014 байқауында сынға түскен әндер

Блог - kaztube: Turkvizyon 2014 байқауында  сынға түскен әндер

Turkvizyon 2014 байқауында бақ сынаған әншілердің жап-жаңа әнін тыңдаңыздар. 16 үміткердің арасынан оза шыққан Жанар Дұғалованың өнерін басқаларымен салыстыруға мүмкіндік бар.

Байқауды Нұрболат Абдуллин Сары ала қаз әнімен ашты.

Екінші номерде Мархаба Сәбиева Қай заман әнімен.

3. Алашұлы тобы — Адамзатқа не керек

4. VOICE KZ тобы — Бабалар сөзі

5. Ербол Шәріпов — Ең сұлу сен

6. Ақбикеш — Мереке әрбір күн

7. Абдулкарим Каримов — Анашым

8. V-Alem тобы — Қазағым — ай

9. Санда — Өмір-бақыт

10. Жанар Дұғалова — Ізін көрем

11. Дастан Оразбеков, ТТ тобы — Қазақпын мен

12. Алшы тобы — Домбыра

13. Серік Ибрагимов — Жаяу

14. Нұржан Керменбаев — Қазақтың баласы

15. Диас Аблаев — Жыраққа

16. Бейбіт Кушкалиев — Берілме
Әрі қарай

Эльвира Ерғалина: Turkvizyon 2014 байқауының қатысушылары уәде береді

Көптен күткен Turkvizyon-2014 байқауының еліміздегі іріктеу туры да өтті. Биыл өңкей дүлділдер жиналған екен, кеш керемет дәрежеде өтті.
Жеңісті емес, әнін еліне таныстыруды мақсат етіп келген әншілер де болды. Бұл байқауға қатысудың өзін қанағат тұтқан әншілер де болды.
Байқау қатысушылары әнін орындап болып, дауыс беру уақытында үзіліске шыққан сәтті пайдаланып, қызық сұхбат алдық. Блогер Эльвира Ерғалина әншілердің жеңіске деген үмітін сынау мақсатында жұлдыздардан уәде алуға тырысып көрді.
Әрі қарай

БАЙҚАУ! БАЙҚАУ! БАЙҚАУ!

Құрметті kaztube.kz қолданушылары!
Жастардың патриоттық сезімін ұлғайту, әлеуметтік белсенділігін арттыру, еңбекке баулу мақсатында kaztube.kz порталы конкурс жариялайтынын хабарлайды. 27 қазан мен 25 қараша аралығына дейін жалғасатын байқауға қатысып, керемет сыйлық ұтып алыңыздар.

Байқау шарттары:
1) Қатысушы Kaztube.kz порталына тіркелуі керек;
2) Байқау қатысушысы өзі жақсы көретін жұмысын (хоббиі, қызметі, үй шаруасы және т.б.) атқарып отырып видео түсіруі керек;
3) Видео қатысушының өзін таныстыруы мен «Мен өз жұмысымды сүйемін!» байқауына қатысып жатқанын айтудан басталу керек;
4) 2-5 минуттан аспайтын дайын болған (өз камерасына түсірген) видеоны kaztube.kz порталы «Байқаулар» айдары «Мен өз жұмысымды сүйемін!» айдарына жүктеу қажет;
5) Қатысушы жүктелген бейнематериал сілтемесімен бір немесе бірнеше әлеуметтік желілерде (facebook, twitter, vk.com, mail.ru) #ilovemywork хэштегімен бөлісуі керек;
6) Байқауға avi, mp4, flv, mov, vob, mpg форматындағы видеолар қабылданады.

Ең көп «лайк» және әлеуметтік желілерден ең көп сілтеме жинаған бейнероликтің сапасы мен мағынасына қарай үздіктерді арнайы құрылған Комиссия анықтайды.

Асығыңыздар! Жеңімпаз атану мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
Әрі қарай