Жарияланымдар

Kaztube.kz, туған күніңмен!

Блог - kaztube: Kaztube.kz, туған күніңмен!
Қазнетте алған орны бар, көрермендердің көзайымына айналған Kaztube.kz бейнепорталы бүгін 6 жасқа толып жатыр. 6 жылдың ішінде қанша шара атқарылды, қанша шаралардан видео ұсынып, қанша жобалар жасалды. Аз уақыттың ішінде көп жетістікке жеткен видеопорталдың әлі де көрерменге берері көп.
Біз ұсынған әрбір видео баршаңыздың көңіліңіздер шығып, талғамдарыңызды арттыра берсін! Kaztube.kz ұжымы сіздер үшін шаршамай, талмай қызмет ете бермек. Сіздің біздің порталды таңдағаныңыз – біздің еңбегіміздің зая кетпегені. Еліміздің еңсесін көтеріп, халыққа күлкі мен қуаныш сыйлайтын видео көп болсын! Отандық контенттің артуына үлес қоса берейік!
Әрі қарай

Суретші Аңсаған Мұстафа Қазақ Хандығының 550 жылдығына дайындалуда

Қазақ Хандығының 550 жылдығы тойланады деген сәттен қызу дайындықты бастап жіберген жанның бірі — Аңсаған Мұстафа. Жақында ғана суреттерінің көрмесін өткізген Аңсаған суретші дүбірлі мерекеде креатив суреттерін футболкаға басып шығарып, сатылымға қоймақшы. Әр суреттің беретін мән-мағынасы болады. Ол туралы суретші ару өзі айтсын.

Әрі қарай

Kaztube.kz радиода!

Күнделікті радиотолқындардан тыңдап жүрген дауыс иесін өмірде көргіңіз келе ме?
Радиобағдарламалардың қалай даярланып, тікелей эфирде қалай жүретінін көргіңіз келе ме?
Әндердің қалай таңдалатынын, кім таңдайтынын көргіңіз келе ме?
Ендеше біз Астана радиосына қонаққа барып, осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Сізге қызық болады деген үміттеміз :)

Әрі қарай

Өзбек халқының ұлттық тағамын дайындау үрдісі

Өзбек ұлтының дайындаған палауын жеген адамның аузында дәмі қалатыны сөзсіз. Олар пісірген палаудың күріші шашырап, түсі сап-сары болып, дәмі ерекше тәтті болады. Әсіресе, ерлері пісірген тағамның тәттілігі ерекше.

Сол керемет пісетін өзбектердің асының құпиясы неде? Тағамның қай құрамын қашан салу керек?

Оны мына видеодан көре аласыздар.

Етті бөлек пісіріп алу. Суын аз, мүлде аз құю. Оның бәрін өздеріңіз көріп алған дұрыс.

Әрі қарай

Сон Паскаль "Жолда", Қайрат Түнтеков "Бақытты"

Қазақ болмаса да, қазақша әндерін мәз боп тыңдап жүрген Сон Паскалымыз тағы да бір клипін түсірді. «Жол» деп аталады. Үнемі ізденісте жүретін италяндық жігіттің еңбегін бағалап қояйық!


Өзі ұшыраған дау-дамайдан кейін сахнадан көрінбей кеткен Қайрат Түнтековты халық сан-саққа жүгіртті. «Ол Қазақстанның шоу-бизнесінен аластатылды» деген де қауесет шыққан болатын. Соның бәрін жоққа шығарғысы келді ме екен, «Бақыттымын» деп ән салыпты. Қайраттың «Happy» атты клипін көріңіз ;)

Әрі қарай

ҰОС ардагері Бекенов Қадан атамен сұхбат

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталып, Кеңес Одағының жеңіске жеткеніне 70 жыл. Бұл мерекені дүбірлі қылып тойлау тапсырмасы берілді, дайындық тасталып та кетті. Әрбір БАҚ ҰОС ардагерлерін іздеп, олардың шама-шарқына қарап сұхбат алуда. Мемлекеттен де қомақты қаржы бөлініп, 70 жылдықты өте ауқымды көлемде тойлау жоспарда.

Біз де бұл мерекеге дайындығымызды бастадық. 90 жастан асса да, күш-қуаты сарқылмаған Қадан атаның шаңырағында болып, қызықты сұрақтар қойдық. Ардагер атамызға мемлекет үй берген екен, оған қоса, түрлі сыйлықтары тағы бар.

Әрі қарай

«Дыбыссыз режим» Санкт-Петербургте де танымал

Міне қызық! Өткен жылдың аяғында көрермендерімізге жол тартқан «Дыбыссыз режим» атты жаңа жобамыз интернет әлемінде кеңінен танымал болып жатыр. Көрермендердің көңілінен шығып қана қоймай, дыбыссыз ойналатын ойынды ойнауға деген құштарлығын да оятуда.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Достар» атты қазақстандық жастар ұйымы осы реалити-шоуды кеңінен насихаттап, өз қызығушылығын танытып, өздері де осы ойында ұйымдастырып жатқанға ұқсайды. Порталымыздың тұрақты қолданушысы Вконтакте әлеуметтік желісінен көріп қалып, дереу бізге хабар жеткізіпті. Біз де қолданушыларымызға жақсы хабарды жеткізуді жөн деп шештік. Еңбегіміз еленіп, көрермендерге ұнап жатса, бізде одан артық қандай қуаныш болсын?!

Блог - kaztube: «Дыбыссыз режим» Санкт-Петербургте де танымал
Әрі қарай

2015 жылы шыққан клиптер

2015 жылды кей өнер адамдары шетелде демалумен бастаса, кей жұлдыздарымыз шығармашылығына жаңалық енгізумен бастады. Шекара асып демалып жатқан жұлдыздар туралы келесі постымызда жазармыз. Бұл постта жаңа жылдағы жаңа бейнебаяндарды тамашалаңыздар :)

Серік Ибрагимов — Жаяу

Жомарт Маренов — Кешір

Нұржан Керменбаев — Алыста жүрсең де

Амангелді мен Зағыпран — Сен ғана

Мирас Киньяров & Венера Сағи & Мұхаммедәли Жүгінісов — Менің елім — тірегім

Айдарбек Рысбек — Сағындым, еркем

Айнур Жұмағалиева — Айта алмадым

Самат Рыспанбет — Аяулым

Талғат Кенжеқара — Сені сүйем
Әрі қарай

Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы

Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтеді. Еліміз үшін дүбірлі той, асқақ абырой, толғаулы тарихқа толы той болмақ. Бұл дүбірлі тойдың дайындығы былтырдан-ақ басталып кеткен болатын. Енді той қамын жасаушылар тойдың өзін ұйымдастыруға қызу кірісіп кетсе керек…

Осы үлкен мереке туралы елге танымал тұлғалар өз пікірлерін білдіруде.

Ғалым Бүркітбай Аяғанның Қазақ хандығының 550 жылдығына қатысты пікірі


Қоғам қайраткері Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге қатысты пікірін білдірді

Әрі қарай

Kaztube.kz бейнепорталының жылдық қорытындысы

  • Kaztube
Міне, 2014 жыл да аяқталып қалды. Бәрі де жыл бойына атқарған қызметіне есеп беруде. Біз де өолданушыларымызбен бірге болған осы бір жылымызды қорытындылап, атқарған қызметтерімізге шолу жасауды жөн көрдік.
Kaztube.kz бейнепорталы үшін 2014 жыл өте жемісті жыл болды. Қызықты видеолар, эксклюзив сұхбаттар, жаңа жобалар, бәрі-бәрі тек қана порталымыздың көрермендері үшін дайындалды.
Биыл kaztube.kz бейнепорталында екі бірдей видеоблог жүргізіле басталды. Оның бірі — Жұлдыз Сейсенбекова жүргізетін ProfBlog (http://kaztube.kz/kz/event/20). Мұнда Жұлдыз 28 видеопост түсіріп, түрлі мамандықтың кәсіби иелерінен қызықты сұхбаттар алды. Кәсіби маманның кәсіби сұхбаттарын көргіңіз келсе, Жұлдыздың видеоблогын қарай жүріңіз.
Порталымыздағы екінші видеоблог – Эльвира Ерғалинаның видеоблогы (http://kaztube.kz/kz/event/19). Онда Эльвира түсірген 36 видеоның ішінде түрлі қызықтар бар: эксперименттер де жасалды, жасырын видеолар да түсірілді, қызықты әрі қауіпті сұхбаттар да алынды, ерекше әрі маңызды сауалнамалар да жүргізілді, салтанатты кештердің сахна сыртынан да видеолар әкелді. Түрлі саланың қызықты видеоларын көргіңіз келсе, Эльвираның видеоблогын қарай жүріңіз.
Kaztube.kz порталында жарық көрген ерекше әрі керемет жоба – Бейнепоэзия (http://kaztube.kz/kz/album/688?%3E). Бұл жобадаөнер адамы, елге танымал тұлға, қоғам қайреткері бір поэзияны жатқа оқып береді. Порталымызда 13 өнер адамының қара өлеңді нақышына келтіріп оқыған видеосы бар. Танымал тұлғаларымыздың өнердің барлық түрінен кенде емес екенін дәріптеуге бар күшін салып жатқан Бейнепоэзия атты жобамызды көріңіздер, тағы да қызықты видеолар ұсынатын боламыз.
Ал, 2014 жылдың ең басты, ең қызықты жобасы – Дыбыссыз режим (http://kaztube.kz/kz/album/1260?%3E). Жаңа жоба — өте көңілді, өте қызықты, «Дыбыссыз режим» деп аталатын реалити шоу. Берілген тапсырмаларды дауыс шығармай орындау талап етілетін бұл реалити шоуға әнші, актер, жайдарманшы, блогер, журналист, тележурналист, өнер жұлдызы сияқты танымал тұлғалардан тұратын командалар қатысады. Берілген қиын да қызықты тапсырмаларды бұлжытпай орындап шыққан жағдайда жоба жүргізушісі ұсынатын 100 мың теңге жүлдені ұтады. Ал, егер тапсырманы қиынсынып, жиіркеніп не тағы да басқа себептермен орындаудан бас тартса, әр бас тартқан тапсырма үшін 10 мың теңге қысқарып отырады. Бұл жобаға өнер адамдары, әншілер, әзіл-сықақшылар, журналистер, тележурналистер, блогерлер қатысты. Әлі де жалғасып жатқан Дыбыссыз режимді көріңіздер.
Әрі қарай