Жарияланымдар

Саз әлемі

Жуырда «Шоу» журналын парақтап отырғанымда, жас әнші Әлия Абілқайырдың сұхбатыны көзім түсті. Онда Әлия «Ел арна» телеарнасында болып өткен «Саз әлемі» бағдарламасына көңілі толмайтынын айтқан екен. " Бұл бағдарлама 100 пайызға шынайы өткен жоқ. Мәселен, менің жақын араласатын бір досым Толқын Забирова апайымыздың Баянға дәл сен айтқандай істедік деп айтып жатқанын естіп қалыпты және бағдарлама барысында Баян кейбір қатысушылырға келеке сөз айтатын. Әрине, сол жерлерді қиып тастап, халыққа өзге нұсқасын ұсынады" делінген.
Менің ойымша да қай- қай бағдарлама да 100 пайызға шынайы болмайтын сынды. Сонымен қатар жарысқа түскен өнер адамын келеке етудің еш қажеті жоқ еді. Олар осылайша біреудің айтуымен қатысушылардың өнеріне нашар баға қойса да, арттарында халық бар екенін ұмытпауы керек. Әділқазылар алқасы қоймаған бағаны халық қойып, оларға екі есе дауыс беріп, бірінші орынға шығарады. Ал әділқазылар алқасы өздерінің нағыз әділқазылар екенін дәлелдеуі керек еді
Әрі қарай

Доссыз өмір тұзсыз ас

Апптырды - зынданға!

Өмір. Әр адам өмір сүре келе осы өмірде қиыншылықты да, қайғы-мұңмен қуанышты да бастан өткереді. Сондай жағдайда әр кезде жаныңда болатын дос. Досың мен қарым- қатынас әр кезде де маңызды болып табылады. Ары таза мәнгі дос мәнді өмір сүреді. Досының адалдығы қарым-қатынасының оданда бетер ұлғайта түседі.Әр адам досына сырында, мұңында айта алады. Менің ойымша да, сырыңды аша алатын досың болмаса ол бақытсыздық деп ойлаймын. Сөзімнің соңында адамдарға айтатыным достарымызды сыйлайық.
Әрі қарай

Қыздарға әсемдік жарасады.

Қыздарға әсемдік, инабаттылық,әдемілік жарасады. Осындай қыздарға біздің қазақ қыздары жатады. Қазақ қыздарынан қыздарға тән белгілерді таба аламыз. Қазақ қыздары бұрыннан бері жан дүниесі рухани байлыққа толы.
Әрі қарай

Меломен тобын бағалаймын

Маған Меломен тобы қатты ұнайды. Бұл топ 2008 жылдың күз айында құрылған. Меломен "әнге ғашық жігіттер" деген мағынаны білдіреді.Бұл топта Мырзаханов Қайрат, Жігер Ауыпбаев, Ғабит Абилдаев және Қазретов Ролан деген жігіттерден кұралған.Мінездері ақ көңіл жандар. Қазақстандағы жарыстарға қатысып орындарды қанжығалыларына байлаған. Сонымен қатар, жақында ғана болып өткен Саз алемі музыкалық шоу бағдарламасынан ең үздік жыл тобы номенациясын ұтып алды. Алда наурыз айында Ресейде Новая волна жарысына Қазақстан атынын шықпақшы. Меломенге тек жеңіспен оралуын және Қазақстан атын әлемге танытуларыңызға тілектеспін. Жаңа әндеріңіз көп болсын.
Әрі қарай

Атырау экологиясы

Алғаш рет 1886 жылы «Экология» терминин атақты неміс биологі Эрнест Геккель ғылымға енгізу және «Экология — табиғат пен тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасын зерттеген ғылым» деген анықтама берген.Бүгінде тек Атырауда ғана емес бүкіл әлем алдында да экология мәселесі туады.Қазіргі таңда алып ракеталар, зауыттар өмірімізді байыта, жеңілде те түсумен қатар қауып-қатер туғызуда.Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы олардың қоршаған ортаға жыртқыштықтықпен қараудың салдары. Бүгінде әрбір саналы азамат туған жерінің табиғатының тағдыры толғандыру керек. Біздің Атырауымыздың экологиясының нашар болуының салдарынан өкпе, қан аздығы, қан диабеті, қан қысымының жоғары болуы, жүрек психикалық ауруымен ауыратындар жыл санап өсіп келеді. Бүгінгі таңда экологиямыздың ушығып тұрған жағында әр азамат бір шыбық болсада отырғызуға жұмыстану керек. Әкімшіліктің қолдауымен соңғы жылдары қаламызда көгалдандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Табиғатты аялау әрбір азаматтың басты міндеті.
Әрі қарай

Cағыныш

Сағыныш. Біреуді сағыну күнә ма екен? Шыдай алмаймын. Оған барып қатты сағынғанымды жеткізгім келеді. Ол кетіп қалмағанда ғой. Бірақ, кетуге тура келді. Күні-түні ойлаймын. Қатты сағындым. Сол адам маған сонша қымбат.
Әрі қарай

Өмірден өз орнымды тапсам деймін...

Әке-шешеміз өмірге әкелді, жарық дүние сыйлады. Білім алу, бақытты балалық шақ мүмкіндіктерін сыйлады.Біз үшін қаншама қиындық көрді, қуаныш сыйласақ жас балаша шаттанды. Жақсылығымызды асырып, жамандығымызды жасырып жүретін ата-аналарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес.
«Ата-анаңа не көрсетсең, алдыңа сол келер» деген қазақ халқының тамаша сөзі бар. Осыны кез-келген бала есіне сақтауы керек.
Кейде біздер ата-аналарымызды еркелікпен ренжітіп жатамыз. Ондайда олардың көңіліне ауыр тиетінін ескермейміз. Сондай ерке қыздың бірі болған мен анам мен әкемнің қасынын кеткелі бері, барлығын түсініп жүрмін.
Менің ағаларым мен апаларым әке-шешелерін қатты сыйлайды. Қазір олар олардың үмітін ақтау үшін еңбектеніп жүр. Мен де ата-анамды ренжітпей, олардың сенімін ақтап, жоғары оқу орнына түскім келеді. Оқуымды үлгілі аяқтасам, ең алғашқы еңбекақымды әкем мен анама сыйға тартсам деп армандаймын. Ол үшін, әрине, көп еңбектену керек. Ата-ананың ризалығын алу деген сөз- отбасыңа, Отаныңа үлес қосу деген сөз деп ұғамын.Барлық достарымды аяулы ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге шақырамын. Олардың қабағына ешқашан кірбің ұялатпайықшы.
Әрі қарай