Жарияланымдар

Жалғыз жапырақ

Қайда екен сол ғашықтар?!

Көктем еді. Табиғат ана келбеті шырайланып, айналасына шапағатын шаша түскен мезет-тін. Буырқана бусанған қара жер жүзі де тебіндей шыққан көкпен
Әрі қарай

Қазақша сөйлеші

М: -Сәлем!
О: -Салем! Откуда будешь?
М: -С Борового. Анкета для чего)))
О: -Ммм.
М: -айтпақЧ, орысша жазбайықшы. Орыс тілінен аллергиям бар! ок?)))
О: -А мне не нравится на казакском
М: -нягып? Не дейді мынау а? казакша сойлеу керек емес емес, сойлеу керек
О: -А Я не хочу
М: -как хочешь.
менін досым бар неміс орыстар олар казакша сойлегілері келеді))) уот молодцы олар
О: -Да они да а я казашка я хочу на руском
М: -жарайды. тек мені жек коріп кетпеші, мен казак тілін катты жаксы коремін
О: -Жарайды мне тож нравится но я хочу все равно на руском
М: -білесін ба даже менін итім казакша уйренгісі келед, ) так что барі казакша уйреніп жатыр, кеш калмайык
О: -:-) ну научи собаку
М: -Ол ит қазақша түсінеді. Бірак сойлей алмайды. (Сен сиякты тож)

— осымен диалогты арі карай жалгастырмай-ак кояйын…
Әрі қарай

Құнарлы жер

Ғалым ағаймен әңгімеміз жараса кетті. Әңгімеге арқау болған Сарыарқаның Ұлсыз Целина науқанындағы жыртылған жерлердің проблемасы. Мамандығы жер, топырақ зерттеумен байланысты екен. Алдыңғы жылдары ма, оның алдыңғы жылдары ма, тіпті оның алдындағы жылы ма, арабтар Қазақстан территориясындағы «жарамсызданып» қалған, жыртылған арам шөп өсіп кеткен жерлеріңді жалға алып, өңдеп (лібә Қысық Қытайлар да осындай әңгіме айтты ғой, қазір түріктер де осындай әңгіме шығарып жүр) өнімін өзіміз аламыз, есесіне жерлеріңді көркейтеміз деп. Миллион қазақты аһ ұрғыза алатын бір еврейдің қулығын көрмедік пе, ыраб-иеврией бір туған.  Құрысын, ертең біздің жер деп шығып жүрсе бәле болмайды деп ешкім кепіл бермейді.
Ғалым ағамыз жарамсыз деп менсінбей қарайтын жерлерді қайта өңдейтін тәсіл ойлап шығарыпты. Қазір тәсілін шыңдап жүр екен. Өте секрет, ешкімге айтпаймын дейді. Бірақ маған айтып қойды, есесіне мен ешкімге айтпаймын.
Лібә, осынша кең жатқан жердің бәріне мал жайып, мал шаруашылықты ата кәсіппен ұштастырып дамытса ғой, мүмкін мұнаймен, шикізатпен ғана күн көрмей, осы жолмен де қаржы айналдыра алсақ деп арманға беріліп кеттіппін. Біреулер тойып секірсе, біреулер тоңып секіреді дейді.
Кезінде ата-бабаларымыз тегіннен тегін мал шаруашылығын дамытқан жоқ қой. Егер егіншілік сияқты шаруамен айналысса, арқаның аңызақ желі егістікті ұшырып әкететінін білді. Бірақ шынымен де жел ұшырды. КСРОның белді ғалымдары қателесті. Солардың уәжін тыңдап, халықтан күллі малды тәркілеп әкеттіп, егінмен асыраймыз деп ойлаған. Тарихтағы алапат жұт орын алды.
Әрі қарай

Сөзі өтті

-Жұмыс бастан асып жатыр. Тынысым тарылып барады. Басым ауырып тұр, ал сен жәйбарақат компьютерде отырсың! Андағы отырысыңның жиіркеніштілігі соншалық, нервке тиесің!
-Қойшы! Не істедім саған? Өз жайымда отырмын мен! Жасайтын жұмысыңды жасай бер! Сені ұстап тұрған жоқпын! Өзімдікін сосын жасаймын!
Өстіп әркім өзінікін дұрыс қылып әлек. Шешілген ештеңе де жоқ, әрқашандағыдай құр айқай.

Жаңа ғана оның сөзі өтті. Қатты ұялып, өзімді ыңғайсыз сезініп отырмын. Үстелдің шетіндегі ақ қағазға былай жазып кетіпті:
-Сен жақсы баласың. Ақылы бар адам қатарынан деп сыйлаймын. Бірақ, компьютерге жабысып, түк істемей отыратыныңа алаңдаймын. Ашуланамын. Бұлай болмайды ғой.

Қазір дүкенге кеттім. Мен келгенде сүйікті өлеңдеріңді қосып қойшы. Талғамыңдағы әндер маған да қатты ұнайды. Керемет әндер. Әсіресе клубняк әндерің жақсы. Шифонердің есігіндегі үлкен айнаға екеуміз оп оңай сыямыз. Айнаға қарап ән айтып. билейікші. Қазір аузыммен айтсам, тағы ашуланасың.

Расында қағазға жазылған ескертулер мен ойлар, бетпе-бет айтылған ойларға қарағанда әсерлі естіледі екен. Онымен қоса, алдымдағы оның айтар сөздері орынды болғанымен, интонациясы төмен болғандықтан тыңдағым келмейтін. Даусы өктем адамдар мен даусы әлсіз адамдардың айтқанын адам екі түрлі қабылтындығы тағы дәлелденіп тұр.

Айнаға қарап айқайлап қосылып ән айттық. Жеңілдеп қалдық. Биге шорқақтаумын. Айнаға қарап өзімнен өзім қорқып дұрыс билей алмадым. Билеп үйрену керек.
Әрі қарай