Жарияланымдар

Тағыда АЗИАДА

Қазақстандық спортшы Дмитрий Вабенко елордадағы Конькимен жүгіру стадионында өткен ерлер арасындағы 10000 метрлік жарыста күміс жүлдеге ие болды.
Ал байрақты бәсекенің алтын медалі Азия рекордын жаңартқан корей спортшысы Сюнг Хун Лиге бұйырды. Ол аталған жарыс жолын 13 минут 9,74 секундта бағындырып, 7-Қысқы Азиада ойындарының чемпионы атанды. Ал екінші орын 10000 метрді 13 минут 30,28 секундта жүгіріп өткен Дмитрий Бабкенконың еншісінде. Жеңімпаздар үштігін 13 минут 34,97 секундтық көрсеткішпен жапон спортшысы Хироки Хирако тұйықтады.

Айта кетейік, бұған дейін елордада өтіп жатқан 7-Қысқы Азиада ойындары барысында конькишілер 7 мәрте Азия рекордын жаңартқан болатын. Ал бұған дейінгі ерлер арасындағы 10 000 метрге конькимен жүгіруден Азия рекорды корей спортшысы Сюнг Хун Лиге тиесілі еді. Яғни бұл спортшы Астанада өз рекордын жаңартуға мүмкіндік алды.
Әрі қарай

Оралманның ойы

Келіншек алар тойымда менің…

(Наурызға налу)
Жат мінезділікті қойыңдар елім.
Наурыз келді тойыңдар елім.
Қателек болса ойымда менің,
Мойындар едім, бойымда менің.

Тойлаңдар елім, ойнаңдар елім.
Айтайын деген ойды аңғар елім.
Қазақылықпен қарсы алайықшы
Қазақылықты жоймаңдар елім.

Қасірет барма бойымда менің?
Қайғысыз суға тойнған да едім.
Қазақылықты көрсетер едім,
Келіншек алар тойымда менің…
Әрі қарай

Қытай қазақ ақындары...

Балапан Рабатов

АРМЫСЫҢ ҚЫНАЛЫ ҚЫР, БӨРТЕ БЕЛЕҢ
ӨЛЕҢ МЕНІҢ ЕМЕС ЕДІ ЕРМЕГІМ

Өлең менің емес еді ермегім,
Өлерменім сөзге қонақ бермедің.
Болған істен бояу таппай жырыма,
Толғаныстан тоқырасам өлгенім.

Толғанамын, тобықтайдан түйем сыр,
Қолда барым поэзия, ием – пір.
Көңіл қошын бөлісерге пенде жоқ,
Менің қосым өзгелерден иен тұр.
Әрі қарай