Жарияланымдар

guvik
ренжитін несі бар, қотыр коммунист болғаны өтірік емес сияқты ғой
guvik
әрі отырш эй, қыртқан сөзбен қыстырыла бермей. тыңдап отырмыз ғой ана кісіні, кес-кестеп не болды, некесіз туған тексіздей а?! Сатыбалдыға жол бер, Сатыбалды сөйлесін!
guvik
кешігіп қалдыңыз, ол тақырып әбден жауыр болған
guvik
Ауыл. Түнді жамылып ап,
Түгел тылсым көшке еретін.
… Біздің үйдің шамы бірақ,
Бәрінен де кеш сөнетін.

Ай көңілге нұрын сеуіп,
Қиял құштық үйге сыймай.
Кеш батса да жүруші едік,
Кешіп бастан күйді осындай

Тұла бойдан текті аңқытып,
— Болармысың мұнша қырсық,
Әкеңе айтам! — деп қорқытып,
Жүреді Анам жұмсақ ұрсып.

Анам — момын, Әкем — қатал,
Бір — біріне жақын, серік.
Кілең ұлдар қатар — қатар,
Кілем үсті жатушы едік.

Шілде Күні — өрт айнала,
Терезеден түскен арай.
Ойын қуған өңкей бала,
Оянушы ек түске қарай.

Жалаң аяқ жаз өтеді,
Есейдік — ау біздер ептеп.
Жаңа киім қажет еді,
— Не киеміз?..
Күзде — мектеп.

Ақ көйлекті, (ағамдікі),
Кетсе — дағы сарғыш тартып,
Киім қылып маған бүтін,
Беруші еді сәл қысқартып.

Таңсәріден, тым тымырсық,
Мектеп бардық таласа ерте.
Қалтамызда құрт, ірімшік,
Арқамызда ала сөмке.

Ауылдағы үй! Бақ, ырысым,
Бақытым да — өзіңде еді.
Саған деген сағынышым,
Содан бері көз ілмеді.
Бар байлығым сенде менің,
Өтсе дағы уақыт сырғып.
Жаратқанға тәубе дедім,
Жаратпаған бақытсыз қып.
Қалқаман Сарин
guvik
маған айтылған болса, кешіріңіз, мен әлгі "қара ниетті" деп айдар таққан қызға айтқан болатынмын. кажется, енді мен оның жаназасына барамын
guvik
атыңызға сай қара ниеттісіз бе әлде?
guvik
сіз неге адам баласының бәріне шүйлігесіз? болмайтын нәрсені әңгіме қылғанша, ойыңызды жазбай а-, іргеңізді алыс салып жүрмейсіз бе? әлде ішіңізден пышақ айналмайтын адамдардың бірісіз бе? түсінбедім сізді мүлдем
guvik
менің ойымша мына жерде жеке ой емес, адамның жеке басына айтылған сөздер көп секілді
guvik
массаған! Бекжан, мына жерде поклонницаларын көп қой