Жарияланымдар

Көз алдыңда жасалған ғажайып сиқыр

Бүгін тағы бос уақытымды кино көруге арнадым. Күнде қайталанатын үй шаруасынан кейін арасында көңіл көтеріп, демалып көретін «Иллюзия обмана» фильмі сан түрлі фокус, трюктарымен иллюзионизм өнерін тамашалатты.
Фильм – шоу, фейерверк, ғажайып көріністер. Мен үшін бұл фильм үлкен әлемдік сахналарға қоятын көріністі көргендей қуаныш сезімін берді.
Бүкіл уақыт «мұның бәрінің үстінде кім тұр?» деген сұрақпен жұмбақ күйінде өтеді.
Сиқыр — құпияға толы өнер. Жақсы фокустың табыс кепілі төрт қарапайым құрамнан тұрады: алаңдату маневрлері, қолдың ептілігі, әсер ететін көрініс және гипноз. Фильмнің басынан-ақ бізге магияның жоқтығын көрсетеді. Төрт басты рөлдегі кейіпкер — фокуспен айналысып нандарын тауып жүрген жай адамдар. Белгісіз капюшон киген жан бір пәтерде төртеуін түсініксіз мақсатпен кездестіреді. Бір жылдан соң біздің кейіпкерлер «Четыре всадника» тобын құрып, Лас-Вегастың жүрегін жаулауға аттанады.
Сиқыршылардың ізіне ФБР, Интерпол түседі. Қызығы, әртістер фокус арқылы ұрлаған ақшаның бір тиынын да өздеріне алмайды. Әрі қарай қаншама жылдар бойы жоспарланып жасалған қылмыс кек қайтарудың амалы екені анықталады.
Актерлік құрамға келетін болсақ, меніңше, тамаша жинақталған.
Джесси Айзенберг. Мен оны бірінші рет «Социальная сеть» фильміндегі Цукерберг рөлінде көргенмін. Шашы ұзындау болғандықтан ба, бұл жолы көкіректеу, тәуекелшіл кейіпкерді ойнағандықтан ба танымай да қалдым.
Айла Фишер де таң қалдырды. Алғаш рет «Шопоголик» фильмінде көріп, ұнатқан едім. Оған осындай жеңіл, ашық, жарқын мінезді жандарды ойнаған жарасады.
Вуди Харрельсон әдеттегідей харизмалы.
Дэйв Франко – қолының ептілігімен көзге көрінген, түр әлпеті сүйкімді жігіт.
Марк Руффало, Морган Фриман және Майкл Кейн. Мынандай актерлерден құралған фильм өте жақсы болмағанда қалай.
Киностан: Көз алдыңда жасалған ғажайып сиқыр
Әрі қарай

Жан түршіктірер "Пленницы" фильмі

Киностан: Жан түршіктірер Пленницы фильмі
«Пленницы» (2013) — соңғы он жылдықтағы ең үздік психологиялық триллердің бірі. Күңгірт атмосферасымен, жаңбырлы ауа-райымен, өз рольдерін жақсы сомдаған актерларымен және үрей тудыратын саундтрегімен қамтылған кино. Фильм 2,5 сағаттық болса да, соңына дейін шиелініскен жағдайда отырасың.
Фильм, атынан-ақ белгілі, кішкентай екі қыздың із-түссіз жоғалып кетуі жайында. Дағдылы бір күнде, Массачусетс штатының кішігірім қалашығындағы екі отбасының бірінің үйінде қонақта отырған шағында болған келеңсіз жайт.
Күдікті ретінде тәтесінің қарамағындағы психикалық ауру жігіт ұсталады. Бірақ осы күнге дейін бір жұмысты сәтсіз орындамаған детектив ақыл-есі он жасар жігіттің мұндай қылмысқа баруына күманданып, түрмеден босатады. Себебі бұл маңда кезінде сексуалдық тұрғыда сотталған басқа да тоғыз қылмыскер бартын. Жалғыз күдіктінің босатылуына қарсы болған қыздың әкесі полицияға қарамай, уақыт өте қыздардың аман қалу мүмкіндігінің аздығын меңгеріп, «надейся на лучшее, готовься к худшему» деп өзінің тергеу жұмысын жүргізеді.
Мен үшін бұл фильм «қылмыскер кім», «қалай ұсталады» екен деген жай ғана тергеу ісі емес, нағыз драмалық шығарма, жан түршігерлік трагедияны көрсеткен сияқты. Басты рольде Анджелина Джоли ойнайтын «Подмена» секілді, бұл фильмде де уайымдап бітесің. Қайғылысы, бала ұрлап өлтіретін маньяктар жер бетінде баршылық. Сол себептен де болар, шын өмірге ұқсайтындықтан болар, біртүрлі қызымды есік алдына да жалғыз жібермеймін деген үрейлі әсерде қалдым.
Актерлік құрамға келетін болсақ, басты рольдерде Хью Джекман, Джейк Джилленхол ойнайды. Осы екі актердің арқасында сағатқа да қарамай, жүрегімді ұстап толқу үстінде отырдым. Көруге тұрарлық, әсіресе балалары бар отбасыларына көруге міндетті фильм деп ойлаймын.
Әрі қарай