Айналайын LINUX:))))
 Linux — бұл…
Linux — бұл…Әуелі бұл сөзбен таныс емес адамдар үшін бір-екі ауыз түсініктеме беріп кетейін!
Linux — қолданушылар саны күннен күнге өсіп келе жатқан, қолдануға өте ыңғайлы, менің түсінігімдегі және менің практикамдағы ең мықты операциялық жүйе. Жүйені алғаш рет жазған Финляндия Университетінің жас студенті Линус Торвальдс атты жігіт. Осы жүйенің себебімен қазіргі таңда әлемдегі көптеген компьютер қолданушылары максималды қорғаныс, жылдам жұмыс, ең бастысы қаржылай үнемделумен қамтамасыз етіліп отыр. Өйткені Linux жүйесі арнайы лицензиямен тегін таратылады. Менің қолданатыным — Linux Ubuntu 10.10!
Осыдан бірнеше ай бұрын бір мәселелерге байланысты компьютеріме Windows 7 орнатқан едім. Алдын жұмыс істеп көрмегендіктен бе, ыңғайсыз болып көрінді.(XP ұнайтын еді. Қартайды ғой ол байғұс. Бірақ жұмысы баяғыдай.) Шынымды айтсам, мүлдем ұнамады. Күні кеше, қайтадан Linux орнаттым. Сағынып қалыппын. Экраны көз алдымда билегенін-ай:) (Ол да сағынған сияқты)



 Бір күні ағам маған мынадай бір қызық жіберді. Нағыз авторы кім екенін білмеймін. Бірақ, сіздерге де көмегі тиер деген ниетпен жариялап отырмын. Оқырмандар арасында авторы болса хабарласуын өтінемін. Алғысым шексіз бұл кісіге.
Бір күні ағам маған мынадай бір қызық жіберді. Нағыз авторы кім екенін білмеймін. Бірақ, сіздерге де көмегі тиер деген ниетпен жариялап отырмын. Оқырмандар арасында авторы болса хабарласуын өтінемін. Алғысым шексіз бұл кісіге. Осыдан бір апта алдын неміс тілді жастарға арналған STUDYVZ.de атты социалдық жүйесінде Германияның Мюнхен қаласынанда тұратын Фрея (Freya Schneider) атты дос таптым. Әңгімеміз жарасқаны ма, әлде, қызығушылық болғаны ма, біздің сұхбатымыз бақандай сегіз сағатқа созылды. Жаман қыз емес екен. Онымен сұхбатымыздан кейін Еуропа әйелдеріне «нашарлау» көзқарасым біршама сейілгендей болды. Өзі мұғалім боп жұмыс істейтін әлгі қыздың айтып жатқаны аянышты-ақ нәрсе…
Осыдан бір апта алдын неміс тілді жастарға арналған STUDYVZ.de атты социалдық жүйесінде Германияның Мюнхен қаласынанда тұратын Фрея (Freya Schneider) атты дос таптым. Әңгімеміз жарасқаны ма, әлде, қызығушылық болғаны ма, біздің сұхбатымыз бақандай сегіз сағатқа созылды. Жаман қыз емес екен. Онымен сұхбатымыздан кейін Еуропа әйелдеріне «нашарлау» көзқарасым біршама сейілгендей болды. Өзі мұғалім боп жұмыс істейтін әлгі қыздың айтып жатқаны аянышты-ақ нәрсе…