Жарияланымдар

Көктем келді жән біздің ПИК

Кеше бейсенбі 18 сәуір күні «бес қонақ» ресми түрде қош айтысып, көктем өз күшіне енді. Қалада табиғатты тамашалай алмағанымызбен, сіздің назарыңызға табиғаттың кішкене бөліктері және ауламыздың (БҚО, Ақсай қаласы) тазалығын, көрікті күйін сақтап отырған ПИК жұмысы туралы фоторепортажды ұсынамын.
Әрі қарай

Сақтансаң сақтайды

Құрметті керекшілер! Балаларыңызға осыған ұқсас өндірушісі белгісіз кәмпитті сатып алудан аулақ болыңыздар. Жақында қызым қиылып сұраған соң, тіпті не зат екенін қарамастан алып бергенмін. Келесі күні бақшадан тәрбиешісі соғып, құсып, ауырып жатқанын хабарлады. Жаным шығып балалар емханасына соқтым, ондағылар көліктері сынып, шақыруларға дәрігерлер бара алмайтынын айтты. Сасқанымнан ең болмаса бала уланғанда не беру керекгін сұрап едім, жедел жәрдем шақыру керектігін меңзеді. Содан жүрегім аузыма тығылып, бақшадан қызымды алып кеттім, тым жақсы жүрді сол күні, бірақ келесі күннің таңынан бастап тағы құсты, содан күнұзақ ұйықтады да қойды. Айтайын дегенім, бізден ерекше жегені сол кәмпит қана болған. Сыртында ештеңе жазылмаған, кім, қайда шығарылғаны белгісіз тәттілерден сақтанғайсыздар. Менің қатемді қайталамаңыздар!
Әрі қарай

Үмітсіз шайтан

Баланы туу және оны күтуге байланысты берілетін төлемақыны қысқартуға қарсы петицияның нәтижесі болмады, мүмкін қазақстандық болған соң болар. Енді халықаралық деңгейде Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы петиция елбасымызға жетсе, қандай да болса нәтиже болар деп үміттенемін. Бәріңіздің де әлі зейнетке шықпаған апаларыңыз, сіңлілеріңіз, әйелдеріңіз, жақсы таныстарыңыз, құрбы-құрдастарыңыз бар ғой, соларды қолдаңыздар. www.avaaz.org/ru/petition/Otmena_zakona_o_povyshenii_pensionnogo_vozrasta_zhenshchin_Kazahstana/?cZuTzeb
Жалпы зейнеткерлік бәрімізге де қатысты ғой, түсініксіз өзгерістер енгізіп жатыр, ертең сол жинаған ақшамыз қолымызға тисе, соған шүкір деп отыратын шығармыз.
Әрі қарай

Хэтроу

Бұдан бұрын сіздермен өмірімдегі өзгерістермен бөлісіп едім. Жаңа жер жайлы фотосет жасау ойымда болған, бірақ кешігіңкіреп жариялап жатырмын. «Ештен кеш жақсы» дегендей, қабыл алыңыздар.
Осында соңғы рет 2007 жылы болған едім. Қала өте өзгерген. Ең ұнағаны ағаш егілгені көшелерге. Кеткен әкім Бергей Рысқалиевті қанша даттап жатса да, әйтеуір қала үшін бір игі іс жасапты ол. Жолдар дұрысталған, жаяужолдарға тас салынған. Байқасаңыздар, жолдың бойында сарғыш қоқыс жәшіктері тізіліп тұр. Жаңа әкім Бақтықожа Ізмұхамбетов салқын түскенде жол жиектерін (бордюр) ауыстыруға кіріскен, негізі ескі емес еді олар. Жиектерді ауыстырған соң, маңайындағы тастарды да ауыстыруға тура келеді.
Жаңа үйлер көп, бүкіл жерде салынып жатыр әйтеуір. Бірақ бағасы енді қып-қызыл.
Көлік көөөөөөөп, күнде жол-көлік оқиғасы болып жатады. Бағдаршам аз, барлығы әйтеуір асығып бара жатады, очм экстрим.
Супермаркет, дүкен көп. Ақша бар жерге саудагерлер де үйіледі ғой.
Қазір қала түрлі-түсті шамдармен жанып тұр. Әр мекеменің алдында бір шырша. Бірақ қар жооооооооқ. Кейін уақыт болса, қысқы қала фотосетін жасап, жариялармын.
Әрі қарай

Әйелдің сырын әйел түсінер

Шынында да қазіргі заманда әйел епті болып, жұмысқа да, балаға қарауға, үй тіршілігіне, күйеуінің бабын табуға үлгермесе, көштен қалып қояды. Бұл жағдайды тек әйел ғана түсінетін шығар. Ерінің ғана табысына қарап отырған әйел қазір кемде-кем. Тіпті отбасында өзі ғана табыс тауып отырғандар да бар. Ал балаларын жалғыз өзі ешкімнің көмегінсіз екі-үш жұмыс атқарып асырап отырған аналарымыз қаншама. Осының салдарынан біз осыгүні ана болу бақытын жоспарлауға мәжбүрміз. Әрине барлығына нарық заманы кінәлі деп қарап отыруға да болады. Бірақ бұл әсте олай емес. Бала күтіміндегі әйелдерге үкімет әлеуметтік сақтандыру қорынан ақшалай көмек береді дегенде өте қуанғанбыз, төленген ақшалай көмек талай отбасына ана бала күтімінде болғанда бірталай көмек те болған. Бірақ биыл 6 ақпанда заңға өзгеріс енгізіліп, жалақысы 10 АЕК-тен артық табысы бар аналарға қаржылай көмек тек сол он айлық есептік көрсеткіштен ғана есептеліп, төленетін болыпты. Ал айырмашылығын жұмыс беруші төлейді деген, бірақ Еңбек кодексінде жұмыс берушінің ондай міндеті жазылмаған. Бұл жайт қыз-келіншектердің жиналып, әлеуметтік желілерде ұйымдасып, соңынан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында қарсылық шарасын ұйымдастыруға әкелді. Сонда халық санын көбейтеміз деп ұрандап жүрген шенеуніктеріміз осы заңға өзгеріс енгізгенде не ойлады екен? Қайран болатынымыз, елден миллиардтап ақша ұрланып жатқанын көрмейтін ағаларымыз аналардың алатын ақшасын көріп қалып, оны өте көп деп есептепті. Ақылға сыймайтын нәрсе. Сондай біз неше түрлі форум, конференция, олимпиада өткізуге, демалыс кешендерін салуға ақшаны оңды-солды шашамыз да, баланы күтуге керекті қаражатты үнемдейді екенбіз. Салыққа келгенде қанша тапсаң да табысыңнын он пайызын алады, ал ақшалай көмекке келгенде алалайды екен. Әлсіз әйелге көмек берудің орнына, тағы сол байғұс әйелді жейді. Осыдан жиырма жыл бұрын қайта құру кезінде базар жағалап, беті үсіп, қолы күс-күс болып отбасын асыраған осы әйелдер емес пе еді. Неге біздің қоғам әйелді бағаламайды? Қолдап, қолпаштап отырудың орнына үнемі басып-жаншып отырады? Тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп өмір сыйлайтын аналарымызға демеу көрсете алмаса не болғаны соншалық?
Бұл өзгеріске қарсы болған қыз-келіншектер онлайн петицияға қол қоюға шақырады. Мен де қосылдым. Мен наразымын. www.onlinepetition.kz/popravka2013/petition.html Сіз де өз болашағыңызға немқұрайлы болмасаңыз, қосылыңыз!
Әрі қарай

ТҮЛКІ МЕН ҚАСҚЫР

Бұрынғы уақытта бір қасқыр мен бір түлкі жолдас болыпты. Бір жерге келгенде қасқыр түлкіге айтты: — Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші, — дейді. Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып айтады: — Басың көп қатты ауырып тұр екен, олай-бұлай жүгіріп, құйрығыңды көк мұзға қоя қойғын! — дейді. Сонда қасқыр олай-бұлай жүгіріп келіп, құйрығын көк мұзға қоя қойып еді, көк мұзға жабысып қалады, сонымен қасқыр сол жерде қалады.
Әрі қарай

ТҮЛКІНІҢ ҚАЙРАУЫ

Бір қасқыр жортып келе жатса, алдынан бір елік шығып, қасқыр соны қуып келе жатқанда бір орға кез келіп, елік аттап өтіп кетіпті. Қасқыр орғи алмай қалыпты. Сөйтіп тұрғанда қасқырдың досы қу түлкі жолығып, «не қылып тұрсың?» — депті. Қасқыр: «Бір елік қуып осы орға келгенімде ол қарғып, мен өте алмай тұрып қалып тұрмын», — дейді. Сонда түлкі: — Өзіңіз арыстандай басыңызбен бұты сидиған елік құрлы аттай алмағаныңыз лайық па? — десе, қасқыр қорланып, ыза болып аттаймын деп белі мертігіп өліп, түлкі досына азық болыпты.
Әрі қарай