Жарияланымдар

Морзенің электромагниттік (жазатын) телеграфына 169 жыл. Дискреттік сигнал. Реле электр сигналдың күшейткіші ретінде

Блог - bake: Морзенің электромагниттік (жазатын) телеграфына 169 жыл. Дискреттік сигнал. Реле электр сигналдың күшейткіші ретінде
Электромагнитті телеграф кілті

1862 жылы Қазақстан аумағында алғашқы телеграфтық қызмет пайда болды. Верный –Пишпек қалаларының арасында алыс қашықтыққа байланыс жүргізуге арналған телеграф желісінің қолданысқа беруіне байланысты пошталық –телеграф қызметі Верныйда (Алматы) құрылды.
1912 жылға Семей, Ташкент қалаларының араларында телеграфтық байланыс орнатылды.
1920 жылы Қазақстан аумағында 42 телеграфтық кәсіпорындар жұмыс істеген. Телеграф желілерінің ұзындығы 7000 километр жетті. Морзе телеграф аппараттары қолданылды.
1939 жылы қазан айында фототелеграфтық байланыс Алматы –Москава араларында орнатылды. Фототелеграф бойынша берілген алғашқы сурет Абай Құнанбаевтің портреті болды.
1959 жылы Ұлы Отан соғысынан кейін Алматы –Москава арасындағы фототелеграфтық байланыс жаңғыртылды. Одан кейін Алматы қаласымен Жамбыл, Қарағанда, Павлодар, Өскемен, Шымкент қаларының арасында фототелеграф байланысы орнатылды.
1970 жылы телеграф кәсіпорындарының саны 1102 жетті. Соның 323 арасында тікелей байланыс болды. Жалпы телеграф каналдарының ұзынды 1,3 миллион километрге жетті.
1980 жылдың басында Қазақстан аумағының кез –келген елді мекеніне телеграмма жіберуге қол жеткізілді.
1990 жылдардың басынан қазіргі кез. Компьютерлік желілер дәуірі.

Байқасақ интернет желілері бостан –бос жерде пайда болған жоқ. Компьютерді ақпарат алмасқанда өңдеуші құрал ретінде қолдану тек уақыттың есесінде еді. Ең күрделі деген техникалық шешімді талдай келсек түбінде санаулы немесе ондаған, мүмкін жүздеген қарапайым шешімдерден тұратына көз жеткіземіз.

Электромагнитті жазатын телеграф. Дискреттік сигнал

Алғаш электр сымдарының бойымен сигнал (ақпарат) жүргенде оны аналогты немесе дискретті деп ажыратпаған көрінеді. Дискретті сигналды алудың ең қарапайым жолы: электр тізбегінде электр тоғын жүргізу немесе тоқтату (кілтті қосу және ажырату арқылы).
Тізбектегі электр тоғын барын немесе жоғын тіркеу арқылы дискретті сигналдарды жинастырып одан ақпарат аламыз.
Дискретті, яғни үзік-үзік болған электр сигналды тіркейтін құрылғының құрылысы. Оны жай ғана «тіркегіш» деп атайық. Тіркегіш бір –бірінен дербес жұмыс істейтін екі құрылғыдан тұрады:
1) Қағаз лентасының үстелдің бетінде бір қалыпты жылдамдықпен жылжуын қамтамасыз ететін құрылғы. Сипаты:
Қағаз лентасы екі барабанға оратылған. Барабан ортасы қағаз лентасымен байланысады. Қағаз жылжу үшін барабанның біреуін өз осі бойынша айналдырады. Осылайша қағаз лентасының қозғалады. Барабанды сағат механизімімен айналысқа келтіріледі.
2) Электромагниттің көмегімен басқарылатын қарындаш. Яғни қарындаш үстел бетіне қатысты екі тұрақты жағдайда бола алады: 1) ұшы үстел бетіне тиеді 2) ұшы үстел бетінен бірнеше милиметр жоғарырақ көтеріліп тұрады. Құрылғының сипаты:
Металдан жасалған күйенте білікте тербеле алатындай орнатылған. Күйенте горизонталь тұр. Қарапайым таразыға ұқсас. Бір басы көтерілсе екінші басы төмен түседі. Бір басында қарындаш бекітілген. Қарындаштың ұшы үстел бетіне сәл ғана жетпейді.
Қарындаш салмағымен күйенте басын өз жағына жығар еді. Бірақ жыға алмайды. Өйткені екінші басына бекілген серіппе бар. Серіппе қарындаш салмағына созылмайды. Дәл сол тұста, күйенте басының үстіңгі жағында, электромагнит орналасқан.
Электромагниттің сым орамдарымен электр тоғы жүргенде оның ортасындағы металл өзек магнитке айналады. Күйенте басы соған қарай жоғары тартылады. Қарындаш төмен түседі. Электромагнит іске қосылмаған кезде (сым орамдарында электр тоғы жүрмегенде) күйенте бастапқы қалыпқа келеді.
Әрі қарай

Әткеншек тепкен қуыршақ

Блог - bake: Әткеншек тепкен қуыршақ
Күні бойы тік тұрып істеген жұмыстан көрі автобус ішіндегі жарты сағаттық әрі-бері тербелістен шаршадым. Отыруға орын тимеді, тыныш тұрғызбады. Әрі –бері өткендер аяғымды басып, денеме соқтығысты. Оң иығыма асылған портфельдің бауы сырғып түсе берді. Портфель ішінде бір бума қағаз. Әйтеуір, оң қолымның ыңғайы келіп, турникке жетті. Содан ұстанып тұрмын. Ығы-жығы теңселген мына кішігірім дүниеде орнымды жаңа тапқандай сезіндім.
Әрі қарай

Дыбыс жазатын алғашқы құрылғы. Эдисонның өнертабысы. Таныс болыңыз –фонограф.

1877 жылы 21 қарашада өз жаңалығын жарыққа шығарған. Осыдан 136 жыл бұрын жасалған құрылғы. Осы құрылғыға дыбыс қалай жазылатынын және жазылған дыбысты құрылғыдан қалайша қайтадан естуге болатынын қарастырайық.
Блог - bake: Дыбыс жазатын алғашқы құрылғы. Эдисонның өнертабысы. Таныс болыңыз –фонограф.
Thomas Edison with early version of phonograph.
Әрі қарай

Диод (шала өткізгіштік). Диодтық матрица. Ондық санды екілік санға автоматты түрде аудару

Диодтың қолдануына мысал.

Диодтың қызметін қарастырайық. Бірінші мысал. Сурет 1, а көрсетілген сызбада L1 лампасы жанады, яғни диод ашық. Сурет 1,ә L1 жанбайды. Өйткені диод кері бағытта жалғанып тұр.
Блог - bake: Диод (шала өткізгіштік). Диодтық матрица. Ондық санды екілік санға автоматты түрде аудару
Сызба -1. Электр тізбегіне тура және кері бағытта қосылған диод.
Өз бетіңізбен сызба -2де көрсетілген электр сызбасында лампалардың қайсысы жанады, қайсысы сөнетін ажыратып көріңіз. Жауабын таба алмасыңыз осы жазбаның соңғы жағындағы «Электр сызбасымен жұмыс істеу тәртібі» тақырыпшасын оқып көріңіз.
Әрі қарай

Талмұт

Кештің бірінде көшеде үлкен ошақ болып от лаулап жанғанын көруге болады. Ошақ қасында төбе болып кітаптар үйіліп жатыр. Әртүрлі ғылым жазылған сан-алуан кітаптар. Кітаптармен лаулаған ошақ ортасында кәрі адамның отырғаны байқалады. Ол кітап үйіндісіне қолын созып іліккенін қолына алады. Кітапты қақ ортасынан жарып қос бет парақтағы жазуларға көзін жүгіртеді. Одан кейін кітап беттерін жауып отқа лақтырады. Осылайша кітаптар отқа түскенде бір — ақ сөз қайталанады:
-Талмұт!, — деп.
Отың жарығы жетпеді ме, көздің өткірлігі кетті ме белгісіз. Маңыздысы — шал кітап бетіндегі жазғанды оқи алмапты.
-О қараңғы шал! Не істедің?, — деп оны аяма, сұра ма. Шал болса әр кітаптың бетінде жазылғанын жатқа білетін. Жатқа білгенімен анда-санда қайталап оқитын. Осы жолы да қайталап оқығысы келді. Бірақ кітаптардағы жазулар оқылмады өйткені сөздер — сөздердің үстіне шыққандай, сөздегі әріптер өздігінен орнын ауыстырғандай көрінді.
Әрі қарай

Инженерлік мүсін. Компьютерлік графика. Безье қисық сызығы

1955-75 жылы шыққан Citroёn DS автомобилін қараңызшы темір мен шыныдан жасалған нағыз мүсін. Автомобилінің кузовының бетінің доға тәріздес иіліп, бетіндегі әр сызық түйісіп көлемді көріністі құрайды. Орнында тұрғанын өзінде алға ұмтылып ұшып бара жатқандай әсер береді.
Блог - bake: Инженерлік мүсін. Компьютерлік графика. Безье қисық сызығы
Сурет-1. Citroёn DS
1950 жылдардың басында АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтында CNC -компьютерлік сандық командамен басқарылатын станок ойланып табылды. Келесідей мәселелер өз шешімін күтті:
— детальдің цифрлы моделін алу жолын қарастыру;
— детальдің цифрлық моделі бойынша өңдеп шығаратын станокты басқаратын программаны жасау.
Жоғарыда әңгіме етілген Citroёn DS автомобилінің кузовы «инженерлік мүсін»-ді дәл жасап шығару үшін оны математикалық аппаратпен сипаттауды қажет етті. Автокөлік жасау, аэрокосмос салаларының тапсырыстары бойынша әртүрлі зерттеу топтары үш кеңістегі модельдеу мүмкіншілігін зерттеуге кірісті.
1959 жылы Citroёn автокөлік жасау компаниясына жұмыс істеген француз математигі Поль де Кастельжо «бақылаушы нүктелер» көмегімен геометриялық қасиеттерін сипаттау арқылы «тегіс беттерді» алу жолын ұсынды. Бірақ та ол ашқан сызықтар басқа француз Безье атымен аталады. Поль де Кастельжо жаңалығы «өндірістік құпия болып» сақталынды.
1962 жылдары «Рено» автокөлік компаниясының инженері Безье Пьер көпшілікке өз жаңалығын ұсынды (Поль де Кастельжодан дербес дәл сондай жаңалық жасады). Көп уақыт UNISURF автокөлік кузовтарын жобалайтын компьютерлік бағдарламаны жасаумен шұғылданды. Аталған компьютерлік программаны жасау барысында өнертабыс жасап компьютерлік графиканы дамытуға өз үлесін қосты.
Әрі қарай

Математика неге қиынға соғады

Блог - bake: Математика неге қиынға соғады
Әл-Фараби біздің жыл санауымыздың 870-950 жылдары шамасында өмір сүріпті. Оның қаламынан шыққан деп саналатын математикалық трактаттарын орыс тіліндегі аудармаларды оқи отырып, яғни 1000 жыл бұрын жазылған ойдың заманауи екенін мойындап таң қаласың. Жазбаларды оқығанда Әл-Фараби оны жаңалық ретінде жазып отырған жоқ. Ол заманда космосқа ұшып жатқан жоқ, жер бетінде жүйткіп жүрген автокөлікте жоқ. Және де Әл-Фараби өз шығармасын болашақ біздер үшін арнап әдейілеп те жазған жоқ! Өз замандастарына арнаған. Біз ғой оның кітапқа түсірілген ойын тауып алып, оқып таң қалып отырған.
Әл-Фараби «сандар ғылымы» маңыздылығын келесідей жазған (бірінші бөлігін оқып, түсініп. Кідіріп барып екінші бөлігін оқыңыз):
«1) Санамен санауға болатын барлық дерлік денені, затты елемей тек сандарды қарастырса
2) сонда сандар барлық сезетін, сезіп көруге болмайтын денеге ортақ болады.
Осылайша сандар туралы ғылым барлық ғылымға енеді», — деп қазіргі математикаға анықтамасын берді.
Математика жетістігі, яғни есеп-қисап жүргізгенде: экономикалық, техникалық, астрономиялық, электротехникалық т. с.с, ғылым, техника саласында есептеулерді жүргізіп нәтижесін алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен қатар жаңалық енгізгенде математика зерттеу құралы болған кездер де аз емес. Бұның бәрі математиканың қолданбалы тұсы.
Таза математика ше? Сандардың бір-бірімен қатынастарын зерттеп, заңдылықтарын анықтайды.
Ең әсем ғылым қазір ең қиын пән болып есептелінеді.
Әрі қарай

Күлкі

Блог - bake: Күлкі
Күлкі қандай болады екен? Ойланып көрдім. Маған келесідей күлкі түрлері таныс екен.
Қуаныш күлкісі. Ондай күлкіні сәби бетінен, лотереяда үлкен ұтыс алған адамдар бетінен көруге болады. Бір қуаныш сезімі лап беріп бірден жаулап алғанда пайда болады.
Әрі қарай

Сандық немесе цифрлық техника?

Күнделікті өмірде сөздің шығу тегіне мән бермей, қолдана береміз. Сөздер тұрақты сөз тіркесін жасап жаңа мағынамен толығып жатады. Жаңа мағынасы демекші. Жаңа сөз тіркесінің мағынасын қалайша біліп жатамыз? Біліп алудың екі-үш жолы бар.
Бірінші жолы, мектептегі оқулық бетінен (әрине, егер онда сондай ақпарат табылып жатса). Екінші жолы, ғылыми-танымдық деректі бейнефильмдерден. Үшінші жолы, әріптестер, құрдастар арасындағы әңгімеден. Төртінші жолы, кәсіптік қызмет бабы бойынша.
Сонымен «сандық техника»
Әрі қарай

Автомобиль ішінде компьютер?

Дәлірек айтқанда жекелеген бір мәселені шешу үшін арналған модульдер бар, модульдің өзінің микропроцессоры болады. Жекелей мәселені өз бетінше шеше алатын микропроцессоры бар модульді микроконтроллер деп те атайды.
Соңғы бірнеше жылдарда автомобиль конструкторлары жекелей алынған көлік ішінде локальды есептеуіш желілерін жүргізді, яғни бірнеше микроконтроллерді бір басқару орталығына қосты.
Осылайша бірнеше үрдістегі әрекеттерге әсер ететін атқарушы құрылғыларды локальды желі арқылы бір орталықтан басқарып әр үрдістегі әрекеттерді бір –бірімен үйлестіреді.
Мысал ретінде қозғалтқыштың басқару және отын беру жүйесін қарастырайық. Соңғы отыз жыл ішіндегі автомобиль жасау саласындағы даму үрдістері автомобильдің механикалық сезгілері және реттегіштерін жаңартып алмастырды.
Ең жетілген классикалық үлгідегі қозғалтқышты отынмен қамтитын (карбюратор) құрылғыны дәл сондай қызметті іске асыратын электронды басқару жүйесімен қамтылған құрылғымен салыстыруға болмайды. Өйткені құрылғының жұмысының негіздері өзгеше.
Әрі қарай