Жарияланымдар

Өткен шақта

Бұрын бастауыш мектеп оқып жүргенімде базарға барып пакет сататын едік. Сонда сол пакетті 50 тиыннан алып, 2 теңге сататынбыз. Сонда ет алушыларға етін салу үшін екі-үш бала таласып, өзінің пакетін өткізу үшін ілінісіп қалатынбыз. Сонда не жоқ дейсің ғой бізге? Қазақты өлтіретін мына сөз ғой: Анау пәленше көршінің баласы анандай жұмыс жасайды, сен неге жасамайсың деген?
Осыны естігенде саған ұсыныс сұрақ емес қой, сұрақ форматындағы бұйрық қой. Үн шығармастан, жұрттың баласынан неміз кем деп, белді бекем буып алып базарға қарай бет аламыз. Сонда таң ертеңнен кешке дейін 40 пакет сатқанымызға мәз болып, кепкамызды аспанға атумен келеміз ғой. Сонда 6 шақырым жолды ерінбей жүріп келеміз. Бәлкім, ол кезде маршрутты таксидің болмауынан шығар. Айтқандай болған, бірақ олар ақшасы жоқ деп мінгізбей кететін. Қайтсін, ол да бала-шаға бағып жатқан бейбақ қой. Сол кезде олай ойламайтынбыз, дөңгелегіңе шеге кіріп кеткір деп қарғайтын едік. Енді осыны есіме түсірсем, шынында бала болған екнебіз ғой. Әйтпесе анау қарғыстар іске асса, нәтиже жаман ғой.

Әрі қарай

Шаршадым....

Шаршадым…
Кәдімгідей шаршадым. Адамдардан шынайылық деген кетіп бара жатқан секілді. Өмірі асығып жүріп, негізгі мән беретін жағдайларға мән бермеппін. Өзімнің орнымды таппай дал боп жүргендеймін.
Жалпы не ой жейтіні белгісіз, алайда бір ой бар мені қатты шаршатады. Кейде осы өмірдің есігін өзім жапқым да келеді. Әттең, неге деймінде, тұтқаны жібере саламын. Сондағы шайтан үміт қой, ертең біреудің бір керегіне жарап қалармын деген. Сол сезім келгенде, адамдық статустан, заттық статусқа түсемін. Сонда мен затпын ба, адамдар қолданамыз деген?
Әлде, жас бала екен деп қолдану бәрімізге үйреншікті әдет пе?
Сосын тағдырдың сыйын күтіп жүрмін, мәә, мынау сенікі деп бөліп беретіндей. Енді өзім де аң-таң, ол не сыйлық болуы мүмкін деп ойым онға, санам санға бөлініп жатыр.


Әрі қарай