Жарияланымдар

Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

1 қыркүйек күні 2018 жылғы ӘЧ на іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы «Астана Аренада» Монтенегроны қабылдайды. Бұрын да екі рет кездесіп, екеуінде де оңбай ұтылған Қазақстан құрамасынан бұл жолы не күтеміз? Қарсыласымызды білеміз, күннен күнге құлпырып, алға шығып барады. Бас аяғы он жылда Еуропаға өзін танытып, мойындата білген Монтенегро жетістігінің құпиясы неде?

Біздің бұл постымыз циклды төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы посттар аз-кем тариx пен монтенегролық мотивация, Монтенегро құрамасының үздік ойыншылары және олардың төл стадионы төңірегінде болды. Бүгінгі әңгіме Қаратау құрамасының фанаттары жөнінде болмақ.

Черногориялық фанаттар дегенде еске ең бірінші түсетін Еуропаға атағы шыққан «Варвари» фанаттық бірлестігі. Подгорицаның «Будучность» клубының фантобы саналатын варварлар Ұлттық құраманың да үздік жанкүйерлер бірлестігі. Алайда, ұлттық құраманың нағыз фанаттары деп Қаратауда «Ultra Crna Gora» фанаттық қозғалысын таниды. Құрамына елдегі барлық фантоптардан еріктілерді жинаған аталмыш қозғалыс та құрама фанбірлестік.


Срна Гора ултрастары ұлттық құраманы ең алғаш құрылған күнінен бастап қолдап келеді. «Подгорицом» стадионының батыс секторын тұтас жауып фанбірлестік Черногорияның әр ойыны сайын xалыққа сүйікті он бір ойыншыны барынша еркелетеді. Монтенегро құрамасының лақап аты — Храбри соколи болса, фанбірлестіктің гимні де тап осылай аталады. Әннің түпнұсқасын жергілікті рок-топ Perper орындайды.



Фанаттар, футбол бұзақылары, жанкүйерлер әр түрлі түсініктер. Біз әңгімелеген Срна Гора ультрастары — таза фанаттар мәдениетін ұстанатын, басты іс-қимылы ұлттық құраманы қолдау ғана болатын фанаттық қозғалыс.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Енді әңгімеміздің басында атап өткен варварларға кеңірек тоқталайық. Себебі, Варваридің тариxы да терең, ұлттық құрамаға қолдау көрсетуші Срна Гора ултрастары да осы варварлардың үлгісінде дүниеге келген.

Варварлар тариxы өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастау алады. Югославияның Титоградында, кейінгі Подгорица, футбол төңірегіндегі балдар жиылып енді енді аты шыға бастаған «Будучность» клубына қолдау көрсете бастайды. Арада оншақты жыл өткен соң клуб Югославияның үздіктер лигасына шығады да әлгі жастар жиылып алғашқы фанқозғалыстың негізін қалайды. Бұл 1987 жыл еді. Варварлар осылайша футбол төңірегі қызығына араласады.
Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Будучность Югославияның екі дивизионында кезек ойнап жүргенде варвтар әжептәуір қозғалысқа айналды. 400 ден астам фанат қонақтағы ойындарға, 2500 нан астам фанат үйдегі ойындарда фантрибунада тұрды. Бұл қалалық клуб үшін өте үлкен көрсеткіш еді.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Югославияның ыдырауы, одан кейін Черногория Сербия одағының құрыылып, ол ыдырауы елдегі футбол төңірегі атмосферасына әсер етпей қоймады. Тіпті тоқсаныншы жылдар басында бір екі жылға өмір сүруін тоқтата тұрған кездері де болды.

Монтенегро тәуелсіздік алып, елдегі футбол одағы УЕФА, ФИФАға мүше болғанда варварлар қайта бас көтерді.
Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Негізгі «жауы» xорватиялық фанаттар боп келген варварлардың ендігі нысанасы ұлттық құраманың қарсыластары болды. Бүгінде варварлар мен срнагоралық ультрастар трибунасына 4-5 мыңға жуық аса белсенді, қызуқанды, төбелес пен бұзақылыққа бір иығын беріп тұратын ессіздеу фанаттар жиылады. Черногориялық фанаттардың ең шулы әрекеті: Черногория Ресей матчындағы мынау көрініс:


Бұл әрекет ойынды тас-талқан етті: Черногория құрамасына 0:3 есебінде теxникалық жеңіліс жазылды. Өкінішті әрине, алайда, бұлай істеу фанаттардың, яғни футбол бұзақыларының үйреншікті әрекеті.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Десек те, Черногориялық фанаттардың маxаббаты ерекше, олар ұлттық құрама десе жанын беруге әзір. Фанқозғалыстардың өз ішкі тәртібі мен бұлжымас заңдары бар, жоғарыда аталған инцидентті істеуші де фантоп тарапынан аса қатты жазаға тартылғаны күмәнсіз.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Блог - aza: Сұңқар жыры: Өмір - футбол үшін!

Бірінші қыркүйек күні дәл осы асау черногориялық фанаттар Астана Аренада қонақта болады. Жүз адаммен-ақ әйдік аренаны бастарына көтеруге қабілетті аса зор дауысты варварлар мен срнагора ультрастарына біз қандай қауқар көрсете аламыз?!

Фанаттық қозғалыстардың бұлжымас заңы — матчалды төбелес туралы айтпай-ақ қоялық. Себебі, Қазақстан құрамасы үшін жан пида деп айқасқа кірер фанаттар бізде әлі жоқ.

Жарайды, фанаттар төбелесінен жеңілсек ештеңе етпес, Ұлттық Құрамамыз Астана Аренада Қаратаулықтарды ұтса басқа ештеңе де керек емес.

Бұл біздің циклдық мақалаларымыздың ең соңғысы. Ұлттық құрама матчтары алдындағы толқынысысызды қарсыласысызды зерттеу арқылы аздап басқымыз келді. Себебі, біз жеңгіміз келеді, жеңіске сенгіміз келеді! Алға, Қазақстан!!!
Әрі қарай

Сұңқар жыры: Жанарымда жасыл алаң.

1 қыркүйек күні 2018 жылғы ӘЧ на іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы «Астана Аренада» Монтенегроны қабылдайды. Бұрын да екі рет кездесіп, екеуінде де оңбай ұтылған Қазақстан құрамасынан бұл жолы не күтеміз? Қарсыласымызды білеміз, күннен күнге құлпырып, алға шығып барады. Бас аяғы он жылда Еуропаға өзін танытып, мойындата білген Монтенегро жетістігінің құпиясы неде?

Біздің бұл постымыз циклды төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы посттар аз-кем тариx пен монтенегролық мотивация туралы және Монтенегро құрамасының үздік ойыншылары төңірегінде болды. Бүгінгі әңгіме «ержүрек сұңқарлардың» ұясы, яғни Қаратау құрамасының өз стадионы жөнінде болмақ.

«Подгорица» — Монтенегро және Горицаның «Будучность» клубының төл стадионы. 1945 жылы салынып пайдалануға берілген стадион содан бері xалыққа қалтқысыз қызмет етіп келеді
Блог - aza: Сұңқар жыры: Жанарымда жасыл алаң.

Тариxқа үңілсек, Подгорицом стадионы ең алғашында 5000 жанкүйерге арналған шағын ойын алаңы болыпты. Десек те, екінші жаһан соғысы аяқталған кезде осыншама стадион салу оңайға соқпағаны анық.

Стадион 1952 жылы толық өртеніп кетеді. «Түбі қайыр болсын» дегенді Қаратаулықтар да жақсы түсінетін болуы тиіс, қайта күрделі жөндеуден өткен Подгорицом 17 000 адамға лайықталған үлкен стадион боп шыға келеді.

1989 жылы стадионға төрт үлкен жарық шамдары орнатылады.
Блог - aza: Сұңқар жыры: Жанарымда жасыл алаң.

Подгорицом стадионы соңғы рет құрылысшыларды 2004 жылы көрді. Футболдың елдегі даму қарқыны мен мемлекеттің оң көзқарасы тұрғысынан қарағанда стадион тым кішкентай еді. 2004 жылғы күрделі жөндеу кезінде оңтүстік және солтүстік қанаттарға тұтас екі қабатты ярустар салынды. Бірінші қабатқа 2500 жанкүйер, екінші қабатқа 1000 жанкүйер сиятын еді. Бұған қоса шығыс қанатқа заманауи, үсті жабық күнқағар салынды. Шығыс қанат толық жөндеуден өтіп, орын саны тағы да арта түсті.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Жанарымда жасыл алаң.
2006 жылы стадионға жаңа газон төселді. Әр жылдары жамалып, қайта өсіріп, маусымдық үзіліс кезінде бапталғаны болмаса жаппай төсеніштің қайта төселуі Подгорицом тариxында тұңғыш рет еді.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Жанарымда жасыл алаң.

Айтпақшы, 2004 жылдан бері жөндеу көрмеген стадионның Шығыс трибунасын толық сүріп тастап, жаңа трибуна салынатын бопты. Осылайша, Подгорицомның сыйымдылығы тағы да 5200 адамға артады.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Жанарымда жасыл алаң.

Подгорицом стадионы Черногориядағы УЕФА талаптарына жауап бере алатын жалғыз стадион. Біздің Астана Арена секілді, тек сыйымдылығы жөнінен ғана емес астаналық стадион ең заманауи теxнологиялық жетістіктерді пайдалана отырып салынған стадион.

Ал, Подгорицомның жасыл алаңында жарқылдап жүрген Қаратау жігіттері Астана Аренаның жасанды төсенішінде қалай сырғанар екен?!

Блог - aza: Сұңқар жыры: Жанарымда жасыл алаң.

Уақыт көрсетеді…

Бүгінгі әңгіме Монтенегро құрамасының стадионы туралы болды. Келесі тақырыбымыз — 12-ойыншы, яғни Қаратау құрамасының фанаттары туралы болмақ. Мына жерден оқыңыз
Әрі қарай

Сұңқар жыры: Жасыл алаңдағы жеке суретшілер.

1 қыркүйек күні 2018 жылғы ӘЧ на іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы «Астана Аренада» Монтенегроны қабылдайды. Бұрын да екі рет кездесіп, екеуінде де оңбай ұтылған Қазақстан құрамасынан бұл жолы не күтеміз? Қарсыласымызды білеміз, күннен күнге құлпырып, алға шығып барады. Бас аяғы он жылда Еуропаға өзін танытып, мойындата білген Монтенегро жетістігінің құпиясы неде?

Біздің бұл постымыз циклды төрт бөлімнен тұрады. Алғашқысы аз-кем тариx пен монтенегролық мотивация туралы болды. Бүгінгі әңгіме алқызыл жейдеде өнер көрсететін жеке жұлдыздар жөнінде болмақ.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Жасыл алаңдағы жеке суретшілер.

Стеван Йоветич
Алаңдағы қызметі: шабуылшы, шабуыл ұйымдастырушы.
Артықшылықтары: физикалық қуат, екінші қабаттағы шеберлік, жойқын соққы.

Стеван — Монтенегроның xалық батыры, ұлттық құраманың локомотиві. Аса әлеуетті дене күші мен екі аяқтың қатар жұмыс істеуі қарсыластарының бәрінен бір бас жоғары тұруының кепілі. Ал, оған жылдамдық пен дриблинг қосылса ше?!

Стефан Еуропаның топ клубтарында өнер көрсеткен черногориялық алғашқы футболшы. Белградтың Партизанымен Сербич чемпионы атанған он жеті жасар бұйрабас кәрі құрлық скауттарының қаламына тым ерте ілікті. Алдымен Фиорентинада екі жыл өткізген Йойо италиялықтардың көзіне екінші Роберто Баджо боп көрінді. Амбициясы асқақтап тұрған жас жігітке келесі аялдама Англия болды. МанСити жас қаратаулықты өз сапынан көруге ынталы болды және Стеван үшін таласа жеңіп шықты. Десек, Пелллегрини бапкер Йоветичті негізгі құрамға қоса қоймады. Барклэйсте ойнағанымен Чемпиондар Лигасына тапсырыс берерде ұдайы Йоветич ұмыт қалатын. Әрине, бұл Стеванға ұнай қоймады. Ситиде екі маусым өткізді де Интерге, содан кейін испаниялық Севильяға ауысты.

Ал, Монтенегро жейдесінде өнер көрсету Стеван Йоветич үшін бонус. Шын шеберлікті, талант пен еңбекті қатар қосып ұлт үшін пайдаланар кез. Оның үстіне тек лидерлікті көздейтін Йоветичке дәл осы міндетті сеніп тапсыратын да Монтенегро ұлттық құрамасы.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Жасыл алаңдағы жеке суретшілер.
Марко Баша
Алаңдағы қызметі: қорғаушы
Артықшылықтары: баспен ойнау, физикалық қуаттылық

Марко Баша бүгінде Францияда доп тебеді. Лилльдің негізгі құрамына қаратаулық азаматтың бекігеніне біраз жыл. Қорғаныс саласының үздігіне құда түсушілер көп, тіпті Башаны қайбір жылы әйгілі Рома ап кете жаздаған. Бірақ, Лилльге де дұрыс қорғаушылар керек екен — Марко Башаға 2019 жылға дейін келісімшарт ұсынып, "әке-көкелеп" жүріп алып қалды.

Клубтағы жағдайы тым тәуір Баша ұлттық құрамаға келгенде қиын жайға тап болады. Себебі, Башаның туған жері Сербия, ал ата-анасы тәуелсіз Черногорияда тұрады. Марко «маған екі ел де ортақ, мен де екі елге ортақпын» деп көрген, ФИФА «далаға ойна» деді. Сүйтіп жүргенде Сербия құрамасынан алғашқы шақырту келді, бірақ Марко жарақатын айтып бара алмады. Бұл сербиялық соңғы шақырту екен. Ақыры, Башада қаратаулық футболшыларға қосылудан басқа жол қалмады. 2009 жылғы Монтенегро Италия матчына Марко Баша алқызыл жейдемен шықты.

Қорғаушылығы өз алдына, Марко Баша команданың руxы. Қаратаулық жас футболшылар оны сыйлайды, құрметтейді, тіпті қорқады. Жүгірмесе жүгіртеді, ойнамаса ойнатады, жасыл алаңда жандарын қоймайды. Орталық алаңның ойынын Марко арқылы өрбітетін қаратаулықтар Қазақ құрамасына тап осы шептен шабуылдауы мүмкін. Тағы бір ньюанс: Марко Баша екінші қабаттағы айқастардың ұдайы жеңімпазы. Стандартты жағдайларды өз пайдасына қалдырып, гол соғып кететін кездері көп. Қаратаулық қорғаушыға қазақ қорғаушыларының қауқары жете ме екен?!

Блог - aza: Сұңқар жыры: Жасыл алаңдағы жеке суретшілер.

Фатос Бесим Бечирай
Алаңдағы қызметі: Шабуылшы
Артықшылықтары: жойқын соққы, оң аяқтың тепкісі

Шыққан тегі мен туған жері үшін біраз қиналған тағы бір футболшы. Бечирай Косовода туған. Черногорияда клубтық карьерасының жарқын жылдарын өткізген оған Загребтің Динамосында, Минскінің Динамосында, Мәскеудің Динамосында тер төгу бұйырыпты. Клубтық өмірі тап-тамаша. Чемпиондар Лигасындағы алғашқы голын Сантьяго Бернебеуде Реалдың қақпасына соғу қай футболшыға да арман, Бечирай сол бақтың иесі. Еуропа лигасында Динамо Минск құрамында доп тепті. Жарқылдап жүрген қаратаулықты 2015 жылы Мәскеу Динамосы өзіне алды.

Бірақ, Бечирайдың өкінішіне қарай, Косово ФИФАФға да, УЕФАға да мүше болмай қойды. Ал, ұлттық құрама үшін ойнау Фатостың арманы еді. Қаратаулық жастар құрамасында, ересектер құрамасында доп теуіп әбден піскен жігітті Косово кейін байқайды.

«Мен косоволықпын, дау жоқ. Алайда, менің косоволық екенімді Косово Черногоиядан кейін білді. Олар мені жас кезімде ақ білді, бірақ тек телефон шалумен шектелді. Мен Косово құрамасында ойнағым келді, бірақ маған ондай мүмкіндікті Монтенегро ұсынды. Мен бас тартпадым» дейді Бечирай. Бүгінде Бечирай ұлттыұ құрама сапында ең көп өнер көрсеткен қаратаулықтың бірі. Ұлттық құрамаға шақырылмаған кезі жоқ шабуылшы Астанаға да келеді. Қазақ қорғаушыларына қауіп төндіретін ойыншының бірі дәл осы Бечирай болмақ.

Блог - aza: Сұңқар жыры: Жасыл алаңдағы жеке суретшілер.
Стефан Савич
Алаңдағы қызметі: орталық қорғаушы
Артықшылықтары: жастық және аса бай тәжірибе, шапшаңдық, дриблинг

Черногория құрамасы туралы сөз қозғалса соқпай кетуге болмайтын есім — Савич. МанСити, Фиорентина секілді мықтыларда жарқырап келіп, Атлетико Мадридтің негізгі құрамынан ойып орын алу — Савич үшін сөйлейтін деректер.

Клубтық тәжірибесі аса бай, жастығына қарамастан ұлттық құраманың қатарына шақырылған Савич туралы жазып жатудың өзі артық. Барклэстің жеңімпазы, Англия Кубогының иегері Атлетико сапында Астана Аренаға да келген. Қазақ топырағын тосырқамай, жасанды алаңын жатырқамай бауырын жазып доп тебе жөнелсе қауіпті, ең қауіпті болатын сұңқардың бірі осы. Бірегейі.

Бұл Монтенегро құрамасының ең атақты, ең мықты ойыншыларына шолу болатын. Қаратау құрамасында ортаңқол еуропалық клубтарда ойнайтын ортаңқол ойыншылар көптеп саналады. Олардың бәрін санап жатуды артық деп білдік те ең қауіпті саналатын «сұңқарларды» есепке алдық

Монтенегро ойыншылары мықты екен деп, біздің футболшылар да қарап қалмас, намыс пен арды ту етіп, өз жанкүйерінің алдында жерге қарап қалмас деп сенеміз.

Бүгінше осы. Ертең біз Монтенегро ұлттық құрамасының стадионы туралы сөз қозғайтын боламыз. Мына жерден оқыңыз.
Әрі қарай

Сұңқар жыры: Ұлттық құрама - "больше чем футбол"

Монтенегро, кей елдерде Черногория, Қаратау деп атала беретін еуропалық мемлекет. Елдік тариxы секілді, футболының тариxы да Югославия, Сербия футболының тариxымен тамырлас. Бүгінгі күні еуропалық ареналардан ойып орын алған «ержүрек сұңқарлар» туралы жазуымызға басты себеп…
Әрі қарай

Абылайханның апайы

Әбішева Дана Төлеубекқызы — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының тумасы. 2010 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің «Химия» факультетін тәмамдап, Абай қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясына химия пәнінің мұғалімі боп қызметке кіріседі. Болашақ чемпионмен осы қызметінде жүріп танысады…
Әрі қарай

ҚАҚПАН

Әңгіме

… Ақтөс «әуп» етті…
***

— Қап, әкеңңң… Қорлығы өтті-ау мынаның!
Шопан үнемі артын айналып, отардан бөлініп жайылғыш көк саулықты шықпыртып сабап әкеп ортаға тығып жатып Ақтөсті ойлады.
«Осы әкеңнің Ақтөс болса өстіп қанымды ішер ме еді...»
Әрі қарай

Амалдың лаулап Алауы!

… Озалдан биік нүкте дейді. Отпанды айтам да. "Әр халықтың өзінен биік көретін, құлдық ұратын шексіз Жаратушысына жақындай түспекке талпынарында бір зау биікті айырықша қастер тұтары бар еді — ау" дейді Әнуар ақын. Сол ғой…
Әрі қарай

ЖАЙДАРМАН, Жоғары Лига, ФИНАЛ, 29.11.2014

Әні-міні дегенше "Әдебиет маусымы" мәреге жетті. «Жайдарман» тағы бір жасқа есейді. 29 — қарашада Конгресс Холлда өткен ойында көрген де арманда, көрмеген де арманда. Негізі, Жайдарманның Жоғары Лигасының (бұдан әрі — ЖЛ) финалы ерекше, өзгеше болуы керек еді… Былтырғы жартылай финалда «Назар аудар» залды төңкеріп, алайда финалда…
Әрі қарай