Жарияланымдар

«Jastar jalyny» жастар форумы: табысқа бастар жол

Елорда «Jastar jalyny» форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің, жастар ұйымдарының көшбасшылары, сондай-ақ табысты кәсіпкерлер, спортшылар мен блогерлер қатысты. Форумда сөз сөйлеген Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, жастық шақта уақытты дұрыс пайдалана білу маңызды екендігін атап өтті.

«Астана – бұл үлгі алатын қала. 20 жылдың ішінде Астана еліміздің дамуының, табысқа жетуінің символына айналды. Бүгінгі таңда біздің қалада жаңашылдыққа өте көп мүмкіндік жасалуда. Сіздердің жетістіктеріңіз өздеріңіздің қайрат-жігерлеріңізге, арманға жетем деген сенімге байланысты. Егер сіз жаңашылдыққа, білімге, жақсылықты үйреніп білімді жетілдіруге құштар болсаңыз сіз қашан да жоғары бағаланасыз. Қымбат уақыттарыңызды білім алуға, жаңа, жақсы дүниені үйреніп, білуге жұмсаңыздар», — деді Е. Аманшаев.

Сонымен қатар, ол Қазақстан білім беруге, бәсекеге қабілеттілікке, прагматизмге, ұлттық сәйкестілікті сақтауға, мәдени білімге, эволюциялық даму және сананың ашықтығына бағдар алғанын айтты.

Шараға елімізге танымал, жастарға үлгі болар түрлі сала өкілдері, оның ішінде, тележүргізуші Динара Сәтжан, 2Gis Астана жобасының негізін қалаушы Андрей Судаков, паралимпиадалық спортшы Серік Есматов, 100 жаңа есім жобасының жеңімпазы Нұрлан Өтешев, «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының төрағасы Арслан Дәрімов, «Rocket Study» жобасының жетекшісі Алпамыс Шәрімов сияқты 20-ға жуық қонақ шақырылған.

Қазақстанның үздік мотиваторлары табыс құпияларымен бөлісті

Елордалық жастар бейресми түрде Қазақстандағы ең үздік спикерлер, белгілі экономистер, спортшылар, бизнес-тренерлермен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Кездесуде мотиваторлар білім берудің маңыздылығын ерекше атап өтті. «Менің осы сахнада тұрғаным – менің нәтижем. Өмірге де, аяғыма да шағымданбаймын, мен жай ғана өмір сүріп жатырмын. Белгілі бір биіктерге жетіп, тәуелсіз еліміздің тұрғындарына қолымыздан көп нәрсе келетінін көрсеткім келеді. Жеке тұлға ретінде біздің мүмкіндіктеріміз шексіз. Физикалық түрде мүмкіндігім шектеулі болғанымен, рухани мүмкіндігім шексіз. Мен аяғымнан айырылсам да өзімнің әлеуетімді ашып, жан дүниемде ауқымды кеңістіктің есігін айқара аштым», – деді «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, волейболдан паралимпиадалық құраманың капитаны Серік Есматов.


Белгілі тележүргізуші және табысты кәсіпкер Динара Сәтжан қызығушылық — мақсатқа жетудегі негізгі стратегия екенін атап өтті.


«Мен өз өмірімде және мансабымда қолданатын стандартты емес стратегиялар туралы айтып бергім келеді. Менің әрдайым сүйенетін принциптерімнің бірі – қызығушылық принципі. Адам әрқашан әр түрлі салаларда өзін-өзі дамытуы керек. Бір құдықтан су ала беруді тоқтатпасаңыз, күндердің күнінде су таусылады. Ал жаңа білім мен шексіз таным сіздің қосымша құдығыңыз іспетті», – деді Динара Сәтжан.


Білім, өзін-өзі бағалау, дамыту сияқты мәңгілік құндылықтардан басқа, қатысушылар инновацияның маңыздылығын да ұмытпады.


Танымал актер және вайнер Нұрлан Батыров ғаламтордың жастардың өміріндегі алар орны туралы сұрады. Іс-шараның қонақтары: «Ғаламтор – байланыс құралы, әлеуметтік желілер, ақша табудың заманауи тәсілі және үздіксіз ақпарат ағыны», – деп жауап берді.


«Менің баяндамамның тақырыбы – жастардың эволюциясы. Жеке тұлға ретінде қалай дамуға болады? Қорқыныштарды қалай жеңу керек? Сіздер үшін ғаламтор дегеніміз не? Мен үшін бұл ең алдымен – білім. Жастар көп уақытын ғаламторға жұмсайды, яғни өзін-өзі дамытуға көңіл бөледі, пайдалы ақпараттар оқиды», – деп атап өтті танымал актер, вайнер, шоу-бизнес өкілі және форум спикері Нұрлан Батыров.


Аймақтық Jastar Jalyny форумы түрлі салалардағы 20 спикердің басын қосты. Мотиваторлар әлеуметтік даму, бизнес, мәдениет және спорт саласы, жастар мен ақпарат ағынындағы жастар туралы ойларымен бөлісті.


Іс-шараны Астана қаласы әкімдігі мен «Қазақстан студенттерінің альянсы» студенттер ұйымы ұйымдастырды.


«Бәйтерек» монументіне жыл басынан бері 500 мың турист келген

Қазақстанның ең басты көрнекті орны туристер көп келетін объект ретінде қалып отыр.

Алдын ала есеп бойынша қаңтар-қыркүйекте «Бәйтерек» монументіне 469 392 адам келген, оның ішінде 800 – шетелдік.

Жазғы кезеңде монументке 4 мыңға жуық, ал қысқы кезеңде – 1 мыңнан 1,5 мың адамға дейін келеді. «Бәйтерек» монументі 2002 жылы орнатылды.

Кешеннің биіктігі 100 метр, конструкцияның дөңгелек шары — 105 метр. Шардың диаметрі 22 метр.

БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады және мемлекеттік кепілдік бойынша төлемдер алу ережесін түсіндіреді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өткен айда өз салымшыларын зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы жайында ескерткен болатын.  


Осындай таратылымдардың жиілеп кетуіне байланысты, Қор барлық салымшылар мен алушыларды бейресми дереккөздерден таратылған ақпараттарға сенбеу керектігін ескертеді және көпе-көрінеу жалған ақпаратты таратқан адамның заң бойынша жауапқа тартылатындығын еске салады.    


Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететін бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейтіндігін хабарлаймыз. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, оның атына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепiлдiк бередi.


Айырма сомасы (мемлекеттік кепілдік) – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін біржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлік жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда І және ІІ топтардағы мүгедектігі бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері де айырма сомасын ала алады.     


Өтемақы мөлшері әрбір салымшы үшін дербес есептеледі. Зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған кезде алушының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып есептеледі және енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырылады. Егер зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, мемлекет айырма сомасын өтейді. Бұл қаржы нарықтары мен инвестициялық табысқа қатысты қандай жағдай орын алмасын, салымшылардың жинақтары сенімді қорғалғандығын білдіреді. Алайда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті жарналар мен инвестициялық табыс есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы енгізілген жарналардың сомасына тең немесе одан жоғары болса айырма сомасы төленбейді. 


Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есептеу орталығы» (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Биылғы жылдың қазан айында жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде бірыңғай өтініш беру бойынша Композиттік қызмет іске қосылды. Енді зейнет жасына толған азаматтар «Бір терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы мен базалық зейнетақыны және зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен қалыптасқан төлемдерді алу үшін бірыңғай өтінішті және құжаттар топтамасын тек бір жерге – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына  (ХҚО) тапсырады.


Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жөніндегі өтініш негізінде алушыға мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын төлеуге қатысты алдын алу қызметі де көрсетіледі. Яғни, бұл үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ. Бұл ретте инфляция деңгейін ескере отырып, арнайы әзірленген әдістеме бойынша әрбір алушының зейнетақы жинақтарының сомасы нақты енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырылады. Егер жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, айырма сомасы біржолғы өтемақы ретінде алушының банк шотына аударылады.


Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтік желілер арқылы таратылатын әр түрлі хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзінен алынған ақпараттарға ғана сену керектігін ескертеді.     


Астанада Қазақстанның әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкерлері анықталды

Бейбітшілік және келісім сарайында әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлерін марапаттады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Мерекелік іс-шара Еңбек күні мен Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күніне орай «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай» республикалық форумы аясында өтті.


Осы жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік қорғау жүйесіндегі үздік қызметкер» атағына ІІІ республикалық конкурсты өткізді. Әлеуметтік саладағы келесі қызметкерлер республикалық комиссияның шешімімен жеңімпаз атанды:


«Зейнетақы жүйесіндегі үздік қызметкер» номинациясында – зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Гүлжан Сұлтанғазиева (СҚО);


«Әлеуметтік сала жүйесіндегі үздік қызметкер» номинациясында– «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының ди⁠ректоры Айнагүл Сабырова (Ақмола облысы);


 «Үздік әлеуметтік қызметкер» номинациясы бойынша – дефектолог Бибігүл Жартыбаева (БҚО);


«Үздік медициналық-әлеуметтік мекеме» номинациясында – «балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» қазыналық мемлекеттік мекемесі (Қызылорда облысы);


«Үздік әлеуметтік үкіметтік емес ұйым» номинациясында – «Амаль-Иман» қоғамдық қоры (Алматы қ.);


«Жұмыспен қамту орталығының үздік қызметкері» номинациясы бойынша – Жұмыспен қамту орталығының маманы  Раушан Құбайдуллина (Ақтөбе облысы);


«Әлеуметтік саланың үздік менеджер-ұйымдастырушысы» номинациясында – «Мүгедектерге арналған оңалту орталығы» қазыналық мемлекеттік мекемесі ди⁠ректорының орынбасары Гүлмира Кенжебаева (Қызылорда облысы).


«Медициналық-әлеуметтік сараптаманың үздік қызметкері» номинациясында – медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы Ләззат Тілекина (Астана қ.);


«Үздік мемлекеттік еңбек инспекторы» номинациясында – Әбдімәлік Әйтімов (Қызылорда облысы);


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» үздік қызметкері номинациясында – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының орталық филиалының бас маманы Атамекен Ашмаханова.


Smart Service хакатон-марафоны жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

Хакатонның негізгі идеясы – инновациялық идеялар арқылы талантты азаматтарды қала өміріне тарту, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты «Astana Innovations» АҚ-на сілтеме жасап. 

Smart Service хакатонына 300-ден астам адам тіркелді. 21 команданың 10-ы финалға өтті.


Бірінші орынды иеленген Usynys командасы қанжығасына 500 мың теңгені байлады. Аталмыш команда «Азаматтық бастамалар мен проблемалардың тізімі» жобасын ұсынған болатын. Екінші жүлде – 200 мың теңгені АІКА командасы еншіледі. Олар табиғи тілді өңдеу технологиясын пайдаланатын ботты таныстырды. Үшінші орын мен 200 мың теңге смартфонның көмегімен қаладағы нысандар туралы ақпарат беретін мобильді қосымшаны ұсынған Astana Reality командасына бұйырды. 


Open Technologies Group-тан смартфонға iKogam командасы ие болды.


Gov Project командасы ҚР Тұңғыш Президенті қоры атынан кітаптар мен пауэрбенктермен марапатталды.


Астанада рұқсат етілмеген қалдықтарды жоюда

«Астана – өмір сүруге жайлы және қауіпсіз қала» бағдарлама шеңберінде Есіл ауданында рұқсат етілмеген қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша сенбілік ұйымдастырылды. Екі күнде полигонға 647 тонна құрылыс қалдықтары шығарылды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.


Ауданның экологиялық ахуалын жақсарту үшін және аумақты жинауға  құрылыс компаниялары мен мердігер ұйымдар ұсынған 33 самосвал мен 7 жүк тасымалдаушы тартылды.


Жұмыстар үш учаскеде жүргізілді: Нұра Есіл каналы, Қорғалжын тас жолы, Қ. Мұхамедханов көшесінің бас жағы.


Есіл ауданы әкімінің аппаратымен бірге Есіл аудандық АІБ ЖПҚ ТҚБ инспекторларымен бірлесіп құрылыс объектілеріне комиссиялық тексеру жүргізілді.


Аралау барысында құрылыс объектілерінде абаттандыру ережесі бұзылған фактілер анықталды.


Осыған байланысты бұзушыларға егер ескертулерді жоймаса әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы 29.10.2018 жылға 8 шақырту берілді:


  1. Объект: Көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы құрылысы

Мердігер: «Арман қала 21» ЖШС


Орналасқан жері: № 26 көше


Ескертулер алынды;


  1. Объект: Көше құрылысы

Мердігер: «АБК Құрылыс» ЖШС


Орналасқан жері: Тұран д


Ескертулер алынып тасталды;


  1. Объект: «Luxory Home» КТК құрылысы

Мердігер: «Русалдинг» ЖШС


Орналасқан жері: Сауран к.


Ескертулер алынды


  1. Объект: КТК құрылысы

Мердігер: «Сығанақ строй» ЖШС


Орналасқан жері: Ә. Бөкейхан к.


Ескерту алынды


  1. Объект: 103 жедел жәрдем гаражының құрылысы

Тапсырыс беруші: УСжЖП.


Мердігер: «Астана Шаңырақ – 2030» ЖШС


Орналасқан жері: 31 қосымша көшесі


Ескерту: тазалау пункті жоқ


Қабылданған шара: аралау тобы темір бетон блогымен жауып тастады.


  1. Объект: «Самрук тауэрс» КТК құрылысы

Мердігер:  «Ария Жайна Астана» ЖШС.


Орналасқан жері:  Қ. Мұхамедханов к


Ескерту: тазалау пункті жұмыс істейді


Қабылдаған шара: Шығу тобы темір бетон блогымен жауып тастады.


  1. Объект: КТК құрылысы,

Мердігер: «Новые Окна» ЖШС.


Орналасқан жері:  Қорғалжын тас жолы  № 25 үй


Ескерту: Қатты түйісетін жер жоқ


Қабылданған шара: Аралау тобымен темір бетон блогымен жабылды.


  1. Объект: Тарау кешенінің құрылысы

Мердігер: «АкмолаВодСервис» ЖШС


Орналасқан жері: «Тельмана» т/а


Ескерту: Жуып тазалау орны жоқ


Қабылданған шара: Аралау тобымен темір бетон блогымен жабылды.


  1. Объект: КТК құрылысы.

Мердігер:  «G Park» ЖШС


Орналасқан жері:  Ұлы Дала даңғ № 19.


Ескерту: Қатты түйіспе жері жоқ


Қабылданған шара: Аралау тобымен темір бетон блогымен жабылды.


  1. Объект: көпқабатты тұрғын үй құрылысы

Тапсырыс беруші: УСжЖП


Мердігер: «Асти» ЖШС


Орналасқан жері: Ш. Айтматов к.


Ескерту: Жуып тазалау орны жоқ


Қабылданған шара: Аралау тобымен темір бетон блогымен жабылды.


  1. Объект: су жабдығы желісінің құрылысы

Мердігер: «Арман АБК» ЖШС


Орналасқан жері: Ә. Бөкейхан к


Ескерту: Қатты түйіспе жері жоқ


Қабылданған шара: Аралау тобымен темір бетон блогымен жабылды.

Ғалымдар «Мәңгілік Ел» идеясының тарихы мен болашағы туралы ой қозғады

Бүгін Назарбаев орталығында  «Мәңгілік ел идеясы: тарихы мен болашағы» атты республикалық ғылыми конференциясы өтті. Қазақстанның үшінші жаңғыруы – қоғамның рухани жаңаруы міндеттері мәтінінде өткізілген конференцияны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының кітапханасы ұйымдастырды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.


Іс-шараны конференцияның модераторы, Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.


– Құрметті ғылыми конференцияға қатысушылар! Сіздерді «Мәңгілік Ел: тарихы және болашағы» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылуымен құттықтаймын! Біз небір тар жол, тайғақ кешуден де, неше түрлі сыннан да бірлік пен ынтымақтың арқасында аман өткен елміз. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларын асыға күтіп, стратегиялық бағдарламалары мен жаһандық бастамаларының іске асырылуына әр ұжым, әр азамат өзінің хал-қадірінше атсалысуға тырысады. Себебі, біздің еліміз жеткен табыстар мен болашақ жоспарлар – Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты. Біз Президентіміздің «Мәңгілік ел» жолындағы дана саясатының арқасында бүгінде дамыған елдер қатарына жеттік. Халықаралық және әлемдік деңгейде абыройлы, беделді мемлекет атандық. Ендеше Мәңгілік Ел болу жолындағы асқақ мұратымыз орындалсын!


Конференцияда сөз алған Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор  Төлеуғали Бүрбаев баяндамасында  ұлттық идеяға қойылатын талаптарға тоқталды. 


«Мәңгілік Ел» идеясы негізінде қоғамда көптеген жұмыстар жүргізілуде. «Мәңгілік  Ел» идеясын қалай ұлттық идеяға айналдырамыз? «Мәңгілік Ел» идеясы – алауыздық пен әлеуметтік жүктемеге жол бермейді. Ұлттық идеяның ішкі және сыртқы өлшемдері бар. Ішкі өлшемдер елдің даму бағыты, деңгейі, әлеуметтік ахуалы, құндылықтар жүйесіне байланысты болса, сыртқы өлшемде оның басқа елдермен ынтымақтастық негізде қарым-қатынасы көрініс табады. Ұлттық идеяның ішкі мәні – даму, өзгеру, жаңғыру. Мемлекет пен қоғам үнемі өзгеріп, жаңғырып, дамыса, онда ұлттық идея да  жасампаз болады, — деді Т. Бүрбаев


– Қоғамдық идеал – ұлттық құндылық. Мәңгілік ел идеясы алдымен ұлттық  мемлекеттілікпен, оның ажырамас рәміздері ретіндегі қазақтың  ұлттық қалпы мен жалпыхалықтық құндылықтарымен астасуы қажет.  «Мәңгілік Ел» қоғамдық идеалын қалыптастыруда қай-қайсымыз қолдан келер қайраткерліктен қапы қалмайық!, — деді өз баяндамасында М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалының профессоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Алтайы Оразбекова. 


Конференцияға танымал отандық ғалымдар, академиктер, профессорлар, доценттер, сонымен қатар докторанттар мен магистранттар қатысты.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясы, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты, ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі академиясы, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, ҚР Ұлттық музейі, «Өрлеу» АҚ Павлодар облысы филиалы мұражай бөлімі, ЦИОМ (Қоғамдық пікір зерттеу орталығы), «Тұран» білім корпорациясы, «Тұран-Астана» университетінің қызметкерлері мен өкілдері конференцияда Мәңгілік ел идеясына байланысты жұмыстардың тарихи, экономикалық, саяси, философиялық, мәдени, әлеуметтік, құқықтық және басқа  да қырларын талқылады.


Конференция жұмысының қорытындысы бойынша «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» монографиясын шығару  жоспарланды.


Астанада «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Елордада Еңбек күні мен Әлеуметтік қорғау қызметкерлері күніне орай «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай» республикалық форумы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Биыл «Үздік еңбек әулеті» аталымында Құрманғалиевтер отбасы жеңімпаз атанды. Барлық отбасы мүшелерін жекелеп есептегенде орман шаруашылығындағы еңбек өтілі 458 жыл. Бұл отбасының 25 мүшесі төрт ұрпақ сабақтастығымен осы салада еңбек етіп келеді.


«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» аталымында Әбілқайыр Сотқаров озып шықты. Ол Ақтөбе облысындағы «Казхром ТНК» акционерлік қоғамында металлург болып жұмыс істейді.


Ал «Өндірістегі үздік жас жұмыскер» аталымында Атырау облысындағы «Доссормұнайгаз» кәсіпорнының жұмыскері Айбек Тұрсынбек жеңіске жетті.


«Біз мұндай марапатты алғаш рет алып тұрмыз. Әулетіміздің еңбегі бағаланғанына қуаныштымыз. Орман шаруашылығында 1981 жылдан бері жұмыс істеймін. Біздің әулеттің жалпы еңбек өтілі – 458 жыл. Әулеттің басында біздің әкеміз тұр. Отбасымызда 8 бала, оның 5-і ұл, 3-і қыз. Барлығымыз әкейдің жолымен жүрдік», — дейді «Үздік еңбек әулеті» аталымының жеңімпазы Тоқтар Құрманғалиев.


Әр түрлі өндіріс салаларының сегізге жуық ардагерлері «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.


Салтанатты іс-шарада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-қауымдастықтардың, кәсіподақтардың өкілдері қатысты.


Мектеп оқушыларын қоқысты бөлек жинауға үйретеді

Астанада қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша жобаның екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 


27 қазаннан бастап қалдықтарды екінші рет жинақтау үшін қаланың барлық мектептеріне сары контейнерлер орнатылмақ. Бүгін қаланың 30 мектебінде «Vпереработку» акциясы бойынша оқыту басталды. № 14 мектеп-гимназияда оқушылар мен ата-аналар үшін ҚТҚ бөлек жинауға арналған тақырыптық сабақ өтті.
«Бұл шара балаларды үлгілі болуға, қоқысты бөлек жинаудың мәдениеті мен қоршаған ортаны сыйлауды үйретеді. Бұл ауламыздың, қаламыздың қала берді әлемнің тазалығын сақтау үшін маңызды», — деді Қоғамдық бастамаларды дамыту қоры төрағасының орынбасары Әсел Мұқанова.


Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының бас маманы Айнұр Солтанғұлова балаларға жобаның мәнін түсіндірді.


«Екінші шикізатты қайтадан өңдеуге болады, яғни металл, шыны, қағаздан жаңа өнім дайындалады. Мысалы 7 пластикалық бөтелкеден бір футбол формасын дайындауға болады, Nike компаниясы осындай акция ұйымдастырды. Мұндай бастама әлемде көп, сіздер жастар қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосыңыздар», — деді ол.


Қалдықты бөлек жинау бойынша конкурста жеңімпазға бір себет алма беріледі. № 14 мектеп-гимназияның директоры Олег Надеин қоқыстың «екінші шикізат» екенін, оның қайта өңдеуге болатынын айтты.


«Біз бұрын тастай салатын қоқыстардан өзге материал өндіруге болады. Бүгінде біздің алдымызда қоқысты тастай салмай сұрыптап, өңдеу міндеті тұр. Оқушылар қалдықты бөлек жинауға әдеттенсе қоғамда бұл кеңірек тарайды. Шараның арқасында ауданымыз тазара түсті», — деді ол.
Оның сөзі балаларды тебіренте түсті.


«Егер барлық адам табиғатқа жаны ашыса қоқыс тастамайды, жер ана жақсара түседі. Бұл жобаға белсенді түрде қатысамын. Бүгіннен бастап қоқысты сұрыптап жинаймын. Бізге қандай қоқысты қайсы контейнерге тастау керектігін түсіндірді», — деді 4 сынып оқушысы Полина Жикова.