Жарияланымдар

Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 9,5 % артты

Астана жаңалықтары: Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 9,5 % артты

Астана қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының хабарлауынша, 2015 жылдың 1 қыркүйектегі жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 96,9 мың бірлікті құрады. 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім — 9,5%.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 234,8 мың адам (2015 жылдың І тоқсанында) жұмыс істейді, бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 17,8% артық. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 3 млрд теңге бөлінді.

«Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері 83,9 млрд теңгені құрайтын 470 жоба, ал 2015 жылы жалпы құны 11,4 млрд теңгелік 57 жоба мақұлданды.
Әрі қарай

Қазақстанда жасалған: «Astana Solar» ЖШС зауытындағы бір күн

Астанада фотоэлектр модулдерін немесе күн батареяларын шығаратын зауыт жұмыс істейді. Шикізат ретінде отандық кремний пайдаланылады. Зауыттың жылдық қуаттылығы — 50 МВт.

Күн батареяларын шығару тұтастай Қазақстанда жүзеге асырылады және негізгі шикізат — кремний өндіруден бастап ол үш кезеңге бөлінеді.

Рустам Османбеков, «Astana Solar» ЖШС жөндеу инженері:

– «Astana Solar» – Қазақстанда фотоэлектр индустриясын дамытудың тік интеграцияланған жүйенің «KazPV» деп аталатын тізбегінің бір түйіні. Бұл жоба үш кезеңнен тұрады:

Алматы обл. Үштөбе қ. шикізат өндіру, онда кремний өндіріліп, екінші кезең Өскемен қаласына жіберіледі. Кремний түрлі қоспаларды тазарту арқылы өңделеді, содан кейін блоктар дайындалады, ұяшықтарға бөлінеді — күн ұяшықтары жасалады. Кейін олар Астанаға жеткізіліп, соңғы кезеңде дайын өнімі — күн модулдері дайындалады.

Зауыт толығымен автоматтандырылған. Қол еңбегі аз пайдаланылады, негізінен, жұмыс барысын бақылау және өнім сапасын тексеру кезінде ғана. Зауытта шығарылған батарея 25 жылға дейін жұмыс істейді.

Кәсіби кадрлар — «Astana Solar» ЖШС мақтанышы, мұнда түрлі саладан 200 жуық қазақстандық маман жұмыс істейді. Зауыттың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 8 сағаттан екі ауысыммен 25 адамнан тұратын 4 өндірістік бригада бар.

Зауыттың өнімділігі – сағатына 30 модульді, тәулігіне – 240 модульді құрайды. Кәсіпорын жылына қуаттылығы 50 МВт-тық дайын фотоэлектр модульдерін, 217 000 астам фотоэлектр модулін шығаруға мүмкіндік беретін қазіргі заманға сай еуропалық автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталған.

Айта кетейік, Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуіне және «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға орай жобаның өзектілігі артады.

Рустам Османбеков, «Astana Solar» ЖШС жөндеу инженері:

– Біздің зауыт үшін мұндай шара өте маңызды. Өйткені басқа елдерде баламалары бар, бірақ біз сапаға кепіл береміз. Сондай-ақ орналасқан жері де тиімді, біз әрқашан да көмектесеміз және кепіл береміз. Еліміздің әрбір тұрғыны отандық өнімді және «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдауы қажет.

Зауыттың құрылысы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстанның Индустрияландыру картасының бөлігі болып табылады.

Астана жаңалықтары: Қазақстанда жасалған: «Astana Solar» ЖШС зауытындағы бір күн

Астана жаңалықтары: Қазақстанда жасалған: «Astana Solar» ЖШС зауытындағы бір күн

Астана жаңалықтары: Қазақстанда жасалған: «Astana Solar» ЖШС зауытындағы бір күн

Астана жаңалықтары: Қазақстанда жасалған: «Astana Solar» ЖШС зауытындағы бір күн

Астана жаңалықтары: Қазақстанда жасалған: «Astana Solar» ЖШС зауытындағы бір күн

Астана жаңалықтары: Қазақстанда жасалған: «Astana Solar» ЖШС зауытындағы бір күн

Астана жаңалықтары: Қазақстанда жасалған: «Astana Solar» ЖШС зауытындағы бір күн
Әрі қарай

Қала әкімі базарларды ретке келтіруді тапсырды

Астана жаңалықтары: Қала әкімі базарларды ретке келтіруді тапсырды

Елорда әкімдігінде өткен кезекті аппарат отырысы барысында қалалық сенбіліктің қорытындылары шығарылып, қаланың санитарлық жағдайы талқыланды. Сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысты. Елорда әкімі тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыруды жақсартуды, мегаполистердің озық халықаралық тәжірибесін зерттеуді және пайдалануды тапсырды, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

– Астана қаласы үшін ең маңызды мәселелердің бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Оны дамыту бойынша жауапкершілік күшейтілуде, келешегі бар жобалар жетерлік, бірақ нәтиже ойдағыдай емес. Бұған алдымен бюрократиялық кедергілер көп. Мысалы, өзіне тиесілі жер телімінде сауданы жолға қою үшін кәсіпкерлер түрлі процедуралардан өтуге көп уақытын жұмсайды. Мемлекеттік құрылымдар кәсіпкерлерге көп тосқауыл қоюдан жарысқа түсетін секілді, — деді Әділбек Жақсыбеков.

Елорда әкімі демалыс күндері қалалық базарларды, атап айтқанда, «Шанхай», «Алаша» базарларын аралап, инфрақұрылымды ретке келтіруді нұсқады.

Саудагерлер мен тұтынушыларға күннен күнге базарға жету қиынға соғуда. Қала басшысы аз уақыттың ішінде қоғамдық көліктердің бағыттарын оңтайландыруды, сондай-ақ, «Шанхай» базары аумағында қалааралық бағытта қатынайтын автобус бекетін салу үшін инвестор тартуды тапсырды.
Әрі қарай

Қызметкерлердің сөз саптауы сараланды

Астана жаңалықтары: Қызметкерлердің сөз саптауы сараланды

Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдерінің XVII қалалық фестивалі аясында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқауы өтті.

Қызметкерлер арасындағы мемекеттік тілдің маңыздылығын арттырып, қолданыс аясын кеңейту мақсатында өткізілген сайыс төрт кезеңге бөлінді.

Байқауға қатысқан қалалық Құрылыс басқармасы, Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасы, Статистика департаменті және Кіріс департаментінің қызметкерлері өздерінің алғыр, тілге шешен екендерін дәлелдеді. Бұл төрт мемлекеттік мекеме – байқау ережесі бойынша қалалық басқармалар мен құрылымдық мекемелер арасынан іріктелгендер.

Шара басталардан бұрын мінберге көтерілген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов байқау өткізіліп отырған Мемлекеттік басқару академиясының ғимаратында кезінде әскери салаға қатысты талай терминдерді талқылағандарын айтып, қатысушыларға «тілге деген құрметіміз кемімей, әрқашан бағалап жүрейік» деген ниетін жеткізді.

Байқауға ҚР Парламент Мәжілісінің редакциялау және аударма бөлімінің басшысы Дәуітәлі Омашұлы бастаған зиялы қауым өкілдері қазылық етті.

Сонымен, тіл сайысының бас жүлдесін Астана қаласының Статистика департаменті жеңіп алды. Екінші орынды Құрылыс басқармасы иеленсе, Кіріс департаменті үшінші орынды місе тұтты.
Әрі қарай

«Қайраттың» ұпайы түгел

Астана жаңалықтары: «Қайраттың» ұпайы түгел

Қазақстан Премьер-лигасының 26-турында «Астана» клубы өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдады. Биылғы Еурокубок ойындарында ерекше көзге түскен еліміздің үздік екі командасы үшін бұл матч өте маңызды кездесу еді.

Тісқаққан қос клубтың текетіресінде «Қайратты» жолы болып кетті. Алматылықтарға сәттілік жолдас болды деуіміздің себебі, бұл ойын айқын басымдылықпен аяқталмады. Небары бір гол айырмашылығымен алға шыққан «Қайраттан» «Астана» кем ойнамады.

Матчтағы жалғыз голдың авторы – Исаэль Барбоза. Осы нәтижелі ойыннан соң «Қайрат» ҚПЛ кестесінде 32 ұпаймен топ бастады. Ал, астаналықтар – 28 ұпаймен екінші орында. Бірақ «Астана» клубының әлі бір ойыны кем. Егер ол кездесуді жеңіспен өткізсе, «Қайраттан» 1 ұпайға қалмақ.

Сондықтан екі «қошқардың» бәсекесі мұнымен түгесілген жоқ. «Астананың» чемпион болу мүмкіндігі бар. Ол үшін Алматыдағы Орталық стадионда өтетін қарымта матчқа бар күш-жігерін салады.
Әрі қарай

Бурабай баурайындағы бүркітшілер фестивалі

Астана жаңалықтары: Бурабай баурайындағы бүркітшілер фестивалі
Кеше Бурабай кентінде орналасқан Абылай хан алаңында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры демеушілік етіп, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған Бүркітшілердің ІІ халықаралық фестивалі салтанатты түрде ашылды.

Жақсы істің басы-қасында жүрген ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан бұл шараны Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған, Астана қаласының іргесінде дүбірлетіп өткізген Теңге ілу, Асау үйрету, «Алтын тұлпар» бәйгесі сынды додалардың мақсатты жалғасы екенін айтты.

Бекзат өнердің бағасын арттыратын Бүркітшілер байқауы Ұлттық спорттың елімізде кең қанат жаюына сүбелі үлес қосқан Қанат Ахметовтің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.
– Ұлттық спорт шараларының бәрі осы уақытқа дейін жетім қыздың тойындай болып өтетін. Осы төл өнеріміздің деңгейін көтеру мақсатында алыс-жақын шетелдерден ағайындарымызды шақырып, қазақтың көптен күткен торқалы тойының көркін аштық. Бүгін енді Бурабай баурайындағы Абылай хан алаңында қонақтарымыздың басын қосып отырмыз. Қазақстанды шетелдіктер қу мекен дала, табиғаты жайсыз ел деп ойлайды. Мұнымен біз дәстүрімізді ғана емес, табиғаты бай даламызды да өзге жұрттарға көрсетсек, білдірсек дегенді ойға алдық. Меймандарымызды «Rixos» қонақүйінде күткенімізді өзі біздің елдің әжептеуір экономикалық қуатқа ие мемлекет екенімізді танытады. Бұл – бір. Жалпы бүркітшілік өнер қазақтың тектілігін айғақтайтын дәстүрі. Мұндай үрдістер ұлтымызда ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын айрықша күшке ие. Мәселен осы маңайға топтанғандардың барлығы бүркітшілікті атадан, әкеден үйренді, — деді Бекболат Қанайұлы.

Бүркітшілер фестивалі басталмас бұрын, қатысушылар, зерттеуші ғалымдар алдымен «Rixos» қонақүйінде жиналды. Онда «Құсбегілік өнердегі ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында тәжірибелік кеңес өтіп, ұлттық спортты зерттеуші-дәріптеушілер, белгілі бүркітшілер баяндама жасады. Бүркітшіліктен ең бірінші спорт шебері атағын алған Үмітхан Дастанбеков ақсақал да осы арадан табылды.

– Қазақтың ұлттық дәстүрінің қанат жаюына атсалысып жүргеніме біраз уақыт болды. Құсбегілердің кәсіби мектебін аштық. Аталары бүркітшілікпен айналыспаған жастар да бұл өнерге ден қойып, қызығушылықтары оянды. Көптеген турнирлер ұйымдастырдық. Бүгін еңбегімнің еленгені шығар, осынау байрақты бәсекені менің мерейтойыма орайластырылып өткізуде, — деді Ұлттық спорттың жанашыры Қанат Ахметов.

Фестивальде еліміздің әр өңірінен және шетелдерден келген жалпы 42 қатысушы бүркіттерінің томағасын сыпырды. Жарыс екі күнге созылмақ.

– Мен – Астана қаласының тұрғынымен. Байқауда «Ақбалақ» атты бүркітімді ұшырамын. Жасы – 17 жаста. Әкем марқұм өзі баптаған құс. Былтыр маған аманаттап кетті. Мені осы өнерге көзімді тырмалап ашқаннан баулыды. Ата жолынан айнымай, мен де бүркіт баптауды балаларыма үйретудемін. Бүгін Диас және Ерасыл есімді екі ұлым да өздерінің өсіріп жатқан қаршығаларын әкелді, — деді Арманбек Күнтуған есімді бүркітші.

Алқа-қотан жиналып арқа-жарқа болған бұл күні 70 жасқа толған Қанат Үмбетов дархан даланың төсіне далитып дастархан жайып, ас берді.
Әрі қарай

Астанада бөлшек сауда айналымының көлемі ұлғайды

Астана жаңалықтары: Астанада бөлшек сауда айналымының көлемі ұлғайды
Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2015 жылғы қаңтар-тамыз айларында бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі барлық өткізу арналары бойынша нақты бағамен 413791,7 млн теңгені құрады және 2014 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 3,7% артты.

2015 жылғы қаңтар-тамызда ресми тіркелген кәсіпорындарда бөлшек сауда айналымының көлемі 294667,6 млн теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзіміндегі деңгейден салыстырмалы бағада 7,2% артық.

Таратылған мәліметтерге сәйкес, көтерме сауда желісі арқылы 2015 жылғы қаңтар-тамызда 1790224,4 млн теңгенің тұтыну тауарлары мен өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдері сатылды, бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көлемнен 7,9% жоғары.

Қоғамдық тамақтану саласында 20131,2 млн теңге көлемінде қызмет көрсетілді, бұл 2014 жылдың сәйкес мерзіміндегі деңгейден 7,6% артық. Автомобильдерге, мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер көлемі 3502 млн теңгені құрады, бұл 2014 жыдың сәйкес мерзіміндегі деңгейден 2,2% жоғары.
Әрі қарай

Астанада әуесқойлар арасында велоспорттан ашық чемпионат өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада әуесқойлар арасында велоспорттан ашық чемпионат өтеді
19-20 қыркүйекте Астанада әуесқойлар арасында велоспорттан ҚР Бірінші ашық чемпионаты өтеді. Шараны «Good Energy» велосипед клубы ұйымдастырады.

19 қыркүйекте сағат 09:00-12:00 жеке жарыс, 15:00-18:00 топтық жарыс өтеді. Әуесқойлар Тельман кентінен оңтүстік айналма жолға дейін Қарағанды тасжолына дейін жарысады.

Жексенбі күні, 20 қыркүйекте «Астана Арена» стадионы алаңында Sprint Challenge сайысы өтеді. Жарыста 500 метрлік қашықтықта «Үздік спринт» атағы сарапқа салынады.

Сонымен қатар, 20 қыркүйекте 09:00-14:30 «Отбасылық спринт» және «Балдырған» атты сайыстар өтеді. Отбасылық спринтке 7 жасқа дейінгі баласы бар ерлі-зайыптылар қатыса алады. «Балдырған» сайысы 50 метр қашықтықта 3 дөңгелекті велосипедтермен өткізіледі. Қатысушылар мен жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Жарыс тәртібі мен тіркелу бойынша толық ақпаратты www.goodenergy.kz сайтынан немесе 8-775-102-01-01, 8-700-798-77-01, 8 (7172) 54-68-66 телефондары арқылы алуға болады.

Астанада Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Таңертеңнен бері «Мега» СОО алдындағы алаңда Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Апта сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде тауар өндірушілер 850 тоннаға жуық өнім ұсынуда. Елорда тұрғындары мен қонақтары ет, сүт өнімдерін, көкөніс, сондай-ақ балықты нарықтық бағадан 15-20% арзан сатып ала алды.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, Атырау облысының әкімі:

— Қалыптасқан дәстүр бойынша күзгі көкөністі, сүт өнімдерін, ет өнімдерін, балық өнімдерін Астана қаласының жәрмеңкесіне әкеліп тұрмыз. Бұл жолы біз 48 тонна балық, 10,5 тонна ет, 80 тонна көкөніс, 100 мың жұмыртқа және т.б. көптеген тағам өнімдерін алып келдік. Әсіресе, ерекше атап өтетінім, сүт және сүт өнімдерін мол алып келдік. Оның ішінде Қазақстанда алғаш рет шыға бастаған ешкі сүт өнімдерін, оның ішінде ірімшік, брынза, қаймақ, және т.б. бұрын жәрмеңкеге түспеген тағадарды алып келіп жатырмыз. Сұраныс өте күшті, халық риза, ауа-райы да жақсы болып тұр. Айта кетейін, тамақтың бағасы едәуір төмен.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев:

— Астана қаласында ұйымдастырылған ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Батыс Қазақстан облысынан 7 тонна балық және балық өнімдері, 17 тонна ет және ет өнімдерін, жеміс-көкөніс әкелінді. Шара дәстүрлі түрде жалғасып келе жатыр.
Сондай-ақ жәрмеңкеде Атырау және Батыс Қазақстан облысының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Астана жаңалықтары: Астанада Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Астана жаңалықтары: Астанада Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Астана жаңалықтары: Астанада Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Астана жаңалықтары: Астанада Жамбыл, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары қатысуымен ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтуде
Әрі қарай

Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты

Бүгін Астанада жалпы қалалық сенбілік өтуде. Шараға алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысты. Қала аумағында санитарлық тазарту, көшелер, тротуарлар мен аулаішілік аумақтар тазартылып, ағаш отырғызылды. Астана қаласының барлық аудандарында, сондай-ақ саябақтар мен гүлбақтарда тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгін астаналықтар тал, үйеңкі, қарағай, шырша, шегіршін, теректерден 4 мыңға жуық түп отырғызылды. Сондай-ақ, мектеп, балабақша, медициналық мекемелердің аумақтарында ағаш отырғызылды. Сенбілік барысында астаналықтар жалпы саны 8 мыңнан астам ағаш отырғызды.

Сенбілікке мемлекет қызметкерлері, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері қатысты. ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің өкілдері, ҚР Премьер-министрінің кеңсесінің, ҚР Жоғарғы сот өкілдерінің қатысуымен Орынбор көшесінен Хусейн бен Талал к-сі, № 31 көшеге дейін ағаш отырғызылды. Бұл жерде 1,5 мыңға жуық көшет егілді.

«Сарыарқа» ауданында 1,1 мыңға жуық көшет отырғызылды. Бұл жерде БАҚ, қалалық Ардагерлер кеңесінің өкілдері және студенттер қатысты. Н. Тілендиев к-сі, Бабатайұлы к-сі, сондай-ақ Көктал тұрғын алабында көшеттер егілді.

Шара аясында студенттер, волонтерлардың қатысуымен Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасы мен жағасын қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазарту бойынша экологиялық акциялар өткізілуде.

Еске сала кетейік, 2015 жылғы 7 қыркүйек – 7 қазан аралығында елордада Астана қаласы аумағын санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша күзгі экологиялық айлық өткізіледі.

Астана жаңалықтары: Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты

Астана жаңалықтары: Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты

Астана жаңалықтары: Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты

Астана жаңалықтары: Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты

Астана жаңалықтары: Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты

Астана жаңалықтары: Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты

Астана жаңалықтары: Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты

Астана жаңалықтары: Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты

Астана жаңалықтары: Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты

Астана жаңалықтары: Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты

Астана жаңалықтары: Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты

Астана жаңалықтары: Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты

Астана жаңалықтары: Сенбілікке жүз мыңға жуық адам қатысты
Әрі қарай