Жарияланымдар

asem_orazayeava
Мен де күнделікті мектеп кезімнен жаза бастадым. Бірінші қызық, еліктеу болды, күнделікті тұрыс-жүрістерді, кейін келе жақын достарыма айта алмаған сырларымды жаза бастадым. Еліктеуден сыршыма ауысты. Біраз есейгенімде тек жан күйім қиналған кезде ғана жазатын болдым. Одан кейін мүлдем умытып кеттім. Бір күні күнделігімді оқысам, көбіне бір адамға деген махаббатымды жазыппым. Сол адаммен бірге өткізген күндерімді баяндаппым. Содан ой келді неге жинақтап кішігірім, роман десем артық айтқан болармын, махаббат жайлы оқиға жазбасқа деген. Соңғы 2 жылда жинақтап, оқиғаларды реттеп кішкентай кітап жазып қойдым)). Ондағы барлық оқиға басымнан өткен жайлар )). Барлық кейіпкерлер қазір қасымда жүрген адамдар. Сол кітапты интернетке жарияласам ба деп ойлағам, бірақ ондағы бас киіпкердің өзінің жан ұясы бар, егер таныс біреу көрсе, қате түсінсе, жоқ жерден пәле шығар деп жылы жауып қойдым. ))) Сіздермен де сол себепті бөлісе алмаймын, бірақ иншаАллах 1-2 бетін қоюуыма болад. Қазір кейде сол күнделікті оқып көп нәрсені еске алам.