Жарияланымдар

Аршат: МЕН ЕРЕКШЕ БАЛАМЫН БА?

Блог - asaubota: Аршат: МЕН ЕРЕКШЕ БАЛАМЫН БА?Жақында "Ұлан" газетінің бір журналисінен хат алдым:

Сәлеметсіз бе, Аршат аға! Мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқимын. Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған "Ұлан" газетіне мақала жазып тұрамын. Жақында ескі газет-журналдар ақтарып отырып, жақсы бір материалға көзім түсті. 1989 жылы «Пионер» журналында «Аршат: мен ерекше баламын ба?» деген сіз туралы мақала оқыдым. Қазір сіздің қазақ интернетіне қосып жүрген үлесіңізді балалық шағыңыздағы сол бір материалмен сабақтастырып мақала жазуға тапсырма берген еді газет ұжымы. Егер сұхбат беруге келіссеңіз, бір-екі күнде сұрақтарды почтаңызға жіберейін. Сау болыңыз!

1988 жылы шыққан мақаланы сканерлеп, маған салып жіберіпті. Сіздермен бөлісейін дедім:

***

Иә, Аршат Оразов шынында да ерекше бала ма? Ол қазір жеті жаста. Бірақ 3 класта оқиды. Сурет салуды жақсы көреді. Атасы мен әжесін керемет сағынады. Ауылды аңсайды. Ақтөбеде тұрады… Бір сөзбен айтқанда, бұл мақала ерекше баланың өмірі, өнері, таланты туралы сыр.

Үлкен үзілістің кезі болатын. Класқа Нұршагүл айқайлап кіріп келді.

— Балтұрсын апай пионерге өтуге дайындала беріңдер деді!
Оқушылар жан жақтан шу ете қалды:
— Алақай!
— Галстук тағамыз!
— Пионер боламыз!

Көптен күткен күн. Мереке. 3-ші класс оқушыларының қуанышында шек жоқ. Тек сабақты нашар оқитындардың ғана көңілдері пәстеу: «екіліктерін» ойлап алаң. Пионер қатарына тәртіпті, үлгілі, сабақ үлгерімі жақсы балалар ғана өтуі керек қой.
Әрі қарай

Мұздатқыш алдым

Жаңа үйге көшкелі мұздатқышсыз жүр едік. Сүт, ет, майонездерді көршінікіне қойып. Бүгін сенбі күнгі демалысты пайдаланып, Сулпак пен Технодомды қарап, мындай шағын мұздатқыш алдым:



Бойы ұлымның бойынан сәл кіші. Біз сияқты шағын отбасыға жарайды. Бағасы 32990 теңге. 4-ші қабатқа жалғыз өзім көтеріп шықтым. Сондай мықтымын мен :)

Өз өзіме риза болып, енді жұмысқа келіп, бір шабашкамды бітіріп тастайын деп жатырмын.
Әрі қарай

Анекдоттар

Оспан Ерланов деген мазохист Абай кизет деген қиын навигациялы сайтты ерінбей ақтарып, мұң, зар, ыза толы қазақтың сорлы, бишаралығы туралы небір мәселелер туралы көлдей мақалаларды рахаттанып, кайф алып оқып отырған кезде қазаққа, қазақ тіліне еш қатысы жоқ, ешқандай мұң жоқ, мәселе жоқ, қарапайым мақала көріп қалып, кайфы бұзылып ішіп кетіпті.

***

Ерініп отырған бір министр байқамай өзінің блогына кіріп, байқамай сұрақ жіберіп алып, лезде жауап алыпты. Өзінен өзіне.

***

Артемий Лебедев қонаққа бара жатыр.
— Қатын менің ана CC0000 жемпірім қайда?
— Ол жемпірің жуылған жоқ, ана FF9900 жемпіріңді кие бер.

***

Екі вебқұрлысшының әңгімесі:
— Slaed ресми сайттарын өзгертіпті ғой.
— Қой ей! Жаңа тема қойған ба?
— Жоқ, Wordpress-пен істепті.

***

Комментерде, форумда флуд істеп, смайлик тастап, тышып жүрген жас инет-дрочерді модератор ұстап алған кезде ана бишара *ұялғаннан жерге кіріп кететін* смайлик таба алмапты.

***

Бір мент өзіне сайт ашыпты, mail.ru-дан. Енді оның сайты бар.

***

Форумда модератор болып жүрген бір қызды қызғанған бір әнші қыз “сука, админмен жатқан шығар модер болу үшін” деп ойлапты. Ал шымкенттік бір олигарх баласын модератор қылып алсын деп әлі күнге дейін админге пара ұсынып жүр.
Әрі қарай

Маша мен аю

Маша мен аю туралы ертегіні бала кезімізде бәріміз білетін едік қой. Орыстар осы кейіпкерлермен тамаш мультфильм шығарыпты. 2009 жылы басталған жоба екен, мен жақында ғана көріп-біліп жатырмын. Орыстардың соңғы жылдардағы шығарған ең тамаша мультфильмі деуге болады. Суреті, сюжеті, музкасы, бәрі керемет.

1-сериясы. Алғашқы кездесу.



Түсіріп алу (барлық сериялары)
Әрі қарай

Аршавин 5 минутта шашып тастады


Фото: AFP/Lluis Gene

Кешегі ойындар өте қызық өтті. Арсеналдың 1-ші таймдағы ойынына, Барселонаның бірнеше гол мүмкіндігіне қарап, ірі есеппен жеңеді деп болжап отырғанмын. 2-ші таймда мүлдем басқа Барселона көрдік, Арсенал 0-1 ұтылып жатып, жоғалтатын ештеңесі болмағасын басты шабуылға. Ойынға кейіннен қосылған Аршавин 5 минут ішінде алғашқы голдың шабуылын бастады, артынан өзі де гол соғып, нәтижені белгіледі.

Ал Римде Донецкінің Шахтеры тур мәселесін 1-ші таймда-ақ шешіп тастады деуге болады. Ойын қортындысы 3-2, украиналықтардың пайдасында. Реванш матчында 2 голмен жеңіліп қалмаса болды енді.
Әрі қарай

Nefret feat Ceza. ISTANBUL



Стамбул! Шынымен әлемдік қала. Сүйікті қалаларымның бірі. Стамбул туралы ән көп. Бірақ мына Стамбулға арналған рэп ерекше әсер берді. Жұмыстан шаршаған кезде басты жақсы демалтады. Жоғары темпте рэп ұнататындарға. Клипі әлсіз, музыкасы, сөзі жақсы.
Әрі қарай

Ұстаңдар қызыл квадратты!



Бүгін бір форумнан бір ойынды көріп қалып, енді соған уақыт құртып отырмын :)

http://jokesland.narod.ru/ugmk.html

Үлкен квадраттың ішіндегі қызыл квадратты ұстап жүруіңіз керек, ішінде айналып жүрген көк тіктөртбұрыштарға және үлкен квадраттың шекараларына тигізбеу керек. Рекордтарыңызды осында жазып отырыңыздар
Әрі қарай

Чемпиондар Лигасы. 1/8 финал ойындары.



Сонымен көптен күткен футбол мейрамы да жетті бізге. Бүгін 1/8 финал ойындарының алғашқылары басталады. Бүгін 2 ойын, ертең 2 ойын. Қалған 4 ойын келесі аптада. Яғни бұрынғыдай 2 апта күтпейміз, әр апта ЧЛ ойындары болатын болады.

16.02.2011 01:45 Милан — Тоттенхэм ҚАЗАҚСТАН
16.02.2011 01:45 Валенсия — Шальке-04 ХАБАР
17.02.2011 01:45 Арсенал Л — Барселона ҚАЗАҚСТАН
17.02.2011 01:45 Рома — Шахтер Дн ХАБАР
Әрі қарай

Бір үзім романтика



Бүгін маған жазылған құттықтау каменттерін оқып отырып, Нұрғисаның бір жайтты еске түсіріп жіберді. Сіздермен бөлісейін дедім:

Шамамен 2003 жыл болуы керек. Ол кезде де КерекИнфо админімін. Түркияда студент кезім. Гүлчин деген түрік қызым болды. Сол қызбен бір ренжісіп қалған кездерім болуы керек (негізі қыздармен 1000 рет ренжісіп, 1000 рет татуласатынмын). Бір ой келді Гүлчинге сюрприз жасайын дедім. Керекинфо форумындағы қолданушыларға өтініш тастадым, Гүлчиннің номеріне «Arshat seni seviyor» (Аршат сені сүйеді) деп SMS жіберіңдерші дедім. Қазақстан, Ресей, Түркия, Қытай, Америка, Корея, Моңғолия сияқты неше түрлі елден SMS барыпты Гүлчиннің номеріне. бір мәз болып қалып еді.

Ол кезде флешмоб деген түсінік жоқ, идея қарайтын Google жоқ. Бәрі оригинал еді, ойлай алатын едік, ойланатын едік. Романтика бар еді. Қазір білмеймін, заман өзгеріп келе ме бұрынғыдай ой, бұрынғыдай романтика жоқ сияқты. Әлде мен байқамаймын ба қазіргі жастардан?..

Сіздер де өткен жылдардағы романтикалық сәттеріңізді бөлісе отырыңыздар.
Әрі қарай