Жарияланымдар

Блиц-сұхбат: salta

Жаңа эстафета бастап жатырмын. Бұл жолы эстафета бұрынғы дәстүрде болады, таяқпен жалғастыру арқылы. Бір қолданушыға 4 сұрақ қойылады. Сосын бір ән сұралады. Жауаптардың астына әннің клибі қойылады. Сонымен, salta :

— Ешкімді көргің келмей, телефон бәрін ажыратып өзіңмен өзің 1-2 күн қалғың келетін кез болады ма?
— Әрине болады. Екінші ұлымды босанғаннан кейін қатты депрессия болып, соткамды өшіріп балаларымды күйеуіме тастап, 1-2 сағат далада қанғырып келетін кезім болған.
Әрі қарай

Кириллден төтеге, төтеден кириллге

Бүгін мына сайтты көрсетті бір жігіт:

www.kazakhsoft.com/Convert/Default.aspx?ln=kz



Кириллдегі мәтінді төте жазуға конверт жасайды екен. Және керісінше төтеден кириллге. Бұрынғы транслиттерге қарағанда бұл сапалы жасалған, әріп қатесі минимум.

Жаңа өзім қытайлық қазақтардың бір сайтындағы мақалаларды оқып көрдім. Түсінікті
Әрі қарай

Wi-Fi еркекті бедеу қылады


АҚШ-та шығатын «Fertility and Sterility» атты медицина журналының хабарлауынша wi-fi бедеулікке себепші екен. Яғни, wi-fi-лы интернетте көп отырған сайын балалы болу шансың да соғұрлым азаяды. Мұны қалай анықтаған?
Әрі қарай

Керемет бодиарт суреттер



Неміс суретші қыз Гезине Марведельдің (Gesine Marwedel) салған бодиарттары өзгерше екен. Адам денесіне пейзаждар, жануарлар немесе неше түрлі ою-өрнектер салады. Гезине бұрын Үндістанда волонтер медик болған екен. Сол кезде үнділердің «менди» деп аталатын тату түрін үйренген. Уақытша салынатын бұл тату арқылы керемет өнер туындыларын жасауды меңгеріп алған.
Әрі қарай

Қазақ карикатурашы коррупция тақырыбындағы конкурста үздіктер қатарында

Ресейлік «Новая Известия» газеті ұйымдастырған Коррупция тақырыбындағы карикатуралар конкурсында астаналық танымал карикатурашы Айдарбек Ғазизовтың шығармасы үздіктер қатарына еніп, арнайы грамотымен марапатталды.

Жарысқа 43 елден 600-ге жуық карикатура қатысты. Айдарбек Ғазизовтың мына карикатурасы жюрилер таңдаған 14 үздік карикатуралар қатарына кірді:

Антикоррупция: Қазақ карикатурашы коррупция тақырыбындағы конкурста үздіктер қатарында
Әрі қарай

Мұрат Өнал: “Шахтер” маған бұйырмады



Еуропада футбол ойнап жүрген жалғыз қазақ футболшы Мұрат Өнал туралы газетіміздің 16 шілде 2011 ж. санында жазған едік. Сол мақаладан кейін Мұратты ел тани бастады, еліміздегі футбол клубтарының да қызығушылығын туғызды. Өткен жылғы ел чемпионы Қарағандының “Шахтеры” алғашқы болып бұл футболшыны Антальяда өткен оқу-жаттығу жиындарына да шақырған еді. Өзін жақсы жағынан көрсетіп, бір дайындық матчында тіпті 2 гол соғып, 3 гол пасын берген Мұрат Өнал бұл клубпен келісімшартқа отыра алмады. Себептерін білу үшін Мұратпен осы жаттығу жиындарынан кейін әңгімелескен едік:
Әрі қарай

Жаңа Жыл немесе 1 қаңтар мифтері



Миф №1: Жаңа жылдан бастап қойып кету
Шеккіштердің мифі. Жаңа жыл жақындап қалған кезде «Бірінен бастап темекіні қоямын» деп жария етеді. Тастап кететіндер әрине бар шығар, бірақ көп жағдайда 1 қаңтар күні ұйқыдан тұрғанан кейін бірдеме ішіп жіберіп, бұл айтқыштар қайтадан темекі тартып отыра береді.
Әрі қарай