Жақында бір әлеуметтік сауалнамаға қатысқан едім, патриотизм тақырыбында. «Патриотизм символы ретінде кімдерді атар едіңіз» деп 3 адамды жазуымды өтінді. Менің жазғаным тек 2 адам ғана. Өз жауабымды кейін жазармын. Сіздер үшін кім қазақ патриотизмінің символдары? Кімдерді нағыз патриот дер едіңіз?
30 шілде, сағат 19:00-де Астана Аренада үлкен футбол. Чемпиондар лигасы 3-ші іріктеу кезеңінде Қарағандының «Шахтеры» Албания чемпионы «Скендербеу» командасымен ойнайды. Керекшілер болып бірге жиналып, бір жерден қарайық.
Кеше беларус «БАТЭ»-ні жеңіп, келесі раундқа жолдама алған Қарағандының «Шахтерына» өте керемет мүмкіндік туып тұр, Еурокубоктардың топтық кезеңіне өтуге. 3-ші раундта Албанияның Скендербеу командасын өтетін болса Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің алдындағы плэй-офттарға өтеді. Егер сол плэй-оффта жеңілетін болса автоматты түрде Еуропа Лигасының топтық кезеңіне өтеді.
«Шахтердың» келесі ойыны 30 немесе 31 шілдеде Астана қаласында өтеді. Бірге барайық Керекшілер!
Жайдарманның айналасында жүргендер соңғы кезде Вконтакте әлеуметтік желісінде плагиатшыларды жазалаушы біреудің пайда болғанын айтып жүр. Бүгін кіріп көрдім. Ешқандай аяушылықсыз жазалап жатыр екен.
Плагиатты анықтап, оның түп төркінін анықтау да еңбек. Өз басым мұны қазақша КВН — Жайдарман үшін пайдалы болады деп ойлаймын.
Ли Ю — канадалық суретші, шыққан тегі Қытай. Жалаңаш қыздар не ойнап отыр? атты жазбада оның «Пекин 2008» атты суретінің мағынасын оқып, талқылаған едік. Суретшінің бұған ұқсас басқа да суреттері көп екен. Жеке сайтында жарияланған суреттерді ұсынбақшымын. Бірақ бұл жолы суреттерге түсініктеме берілмеген, тек аттары жазылған. Ескерту! Суреттер 18+ жанрында.