Жарияланымдар

Samsung Electronics Қазақстан киноблогерлерді байқауға шақырады

Блог - asaubota: Samsung Electronics Қазақстан киноблогерлерді байқауға шақырады

Samsung Electronics Қазақстан, SZH.KZ пен KEREKINFO.KZ сайттары бірігіп ұйымдастырған «Үздік кино сыншысы» атты конкурсына қатысуға шақырамыз. Ол үшін өзіңіздің сүйікті фильміңіз, не жақында көрген жаңа киноңыз туралы пост жазуыңыз керек. Отандық кино ма, әлде шетелдік фильм бе; быт-шытын шығарып, сынап тастайсыз ба, әлде асқақтатып, мақтап жібересіз бе – өз қалауыңыз.

Жеңімпазға арналған сыйлығымыз — HT-F5550K/RU деген күшті үй кинотеатры.
Блог - asaubota: Samsung Electronics Қазақстан киноблогерлерді байқауға шақырады

Бір ғана міндетті шарт бар:
әлеуметтік жүйелердегі біздің ресми http://vk.com/samsungkazakhstan мен https://www.facebook.com/SamsungKZ деген топтарымызға жазылуыңыз керек. Біз тексереміз

Тағы бір шарт емес, ниетіміз:
Постыңызда біздің керемет саундбарымыз туралы жазып жіберсеңіз, күшті болар еді! Ол туралы толығырақ:
http://www.samsung.com/kz_ru/consumer/audio-video/home-theater/shelf-type/HW-H550/RU
Samsung Electronics Қазақстан конкурстың шарттарын өзгерте алады. Бірақ, жүлдесі өзгермейді және ақшалай берілмейді. Байқауға ұйымдастырушылар және оларға қатысты адамдар қатыса алмайтынын ескертеміз.
Байқау 26 тамыздан бастап қыркүйектің 8-не дейін жалғасады. Жеңімпазды 9 қыркүйекте жариялаймыз.

Сәттілік тілейміз!
Әрі қарай

Сабина Алтынбекова - Instagram жұлдызы

Блог - asaubota: Сабина Алтынбекова - Instagram жұлдызы
Сабина Алтынбекова — 19 жасар ақтөбелік волейболшы қыз. 19 жасқа дейінгі Қазақстан Ұлттық Құрамасының ойыншысы. Тайпейде өтіп жатқан турнирде оны байқап қалған қытайлықтар әп сәтте интернет жұлдызы қылып жіберді. Танымал 9gag.com сайтына суреттері қойылған Сабинаның жаңа фанаттары кейін волейболшы қыздың Инстаграм фоллоуерлары санын көбейтіп жіберді. Дәл қазір 150.900 (23/07/2014 15:24) фоллоуеры бар. Фанаттары оны ойыннан кейін де күтіп, түрлі сыйлықтар беруде. Интернетте де оның түрлі аниме суреттері шықты. Сондай-ақ Сабина турнирдің ең әдемі қызы атағын да алып үлгерді.

Болашақта спорт жұлдызы бола ма белгісіз, бірақ қазір Қазақстандағы ең көп Инстаграм қарарманы бар жұлдыз Сабина шығар? Жарнама жұлдызына айналуы да оңай бұдан кейін.

Әрі қарай

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық

Коворкинг деген не?
Коворкинг — бірге жұмыс істеу. Бір алаңда бірнеше адамның жұмыс істеу моделі. Фриланс пен офис арасындағы бір құбылыс деуге болады. Еркін, тәуелсіз адамдардың бір жағынан фриланс режимінде, бір жағынан офисте жұмыс істеуі.

Кімдер үшін қолайлы?
Фрилансер дизайнерлер, программашылар, контентпен жұмыс істеушілер, аудармашылар, жеке кәсіпкерлер, сырттай қызмет ететін SEO, SMM немесе басқа да веб, ІТ қызметкерлер үшін ыңғайлы жер. Астанаға іссапармен келгендер үшін де 1 күндік офис қызметін атқара алады.

Коворкинг орталық не береді?
Тұтынушы өзі қалаған формада жұмыс істей алады. Отырып істей ме, гамак немесе дивандарда жатып істей ме өзі біледі. Түрлі жағдайлар жасалған. Ұйықтау бөлмесі, сөйлесу алаңы, кітап оқу бөлімі, темекі тарту орны (сигара тартатындарға да бөлек бөлме бар) кофе-сусын сататын жер де қарастырылған. 6-8-12 адамға арналған жиналыс өткізу орындары бар, үлкен жиындарды конференц залда өткізуге болады, ал кішігірім жиын, сабақтарға арналған кіші зал да бар. Өз техникасы жоқ тұтынушыларға компьютері бар арнайы үстелдер де бар, егер әрине Macintosh ұнайтын болса. Интернет тегін.
Амфитеатр туралы айтуды ұмытып кетіппін ғой, презентацияларыңызды шағын амфитеатрда жасауыңызға болады. Жайлы орындықтар, жұмсақ жиһаз да «видеоблог, интервьюлерді осында жасашы» деп сұранып тұр.

Қанша тұрады?
Ең төменгі тариф: айына 30 мың. Офис жалдағаннан әлдеқайда арзан, иә? Иә, шынымен бұл тариф тек тыныш жерде компьютермен жұмыс істеушілер үшін қолайлы. Ал егер айына бірнеше рет тренинг, жиналыс, сабақ, келіссөздер өткізетін болсаңыз голд карта алғаныңыз дұрыс, мұндай сервис үшін айына 150 мың төлейсіз. Кәсіпкерлер үшін арзан деп ойлаймын. Егер тек бір күнге офис керек болып жатса 2000 теңге төлесеңіз болғаны. Конференц-зал, жиналыс бөлмелері, амфитеатрды да 1 сағатқа жалдасаңыз қалтаңызды көп ұрмайды. Бағалары сағатына 5000 — 15000 теңге.

Қайда орналасқан?
Тәуелсіздік көшесі, 34. Ажар ОСО, 3-қабаты.
Сайттары: multispace.kz (Әзірше тек визитка түрінде тұр, жаңа сайттарын шетелдік компания жасауда. 36 тілде болады деді, тек бұл туралы ешкімге айтып қоймаңыз, жарай ма?)

Фотолары бар ма?
Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Қарапайым жұмыс үстелі

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Салиқалы жиналыс өткізуге болады, салиқасыз да, тек қатты шуламаңыз. (Мафия ойнауға да болады, ешкімге айтпаңыз)

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Конференц зал осындай. Әлбетте проектор мен тақтаны өзіңізбен бірге әкелмейсіз, бәрі бар мұнда

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Мына жерлерде келіссөздер, интервьюлер жүргізуге болады

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Демалыс аймағы (Қызыңыз немесе жігітіңізді шақырып, қандай керемет жерде жұмыс істейтініңізді көрсетіп, салмақты понт ұстай аласыз)

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Бұл сигара бөлмесі. Бұған кіріп көру үшін жақында сигара аламын

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Кофе ішеміз бе?

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Смартфонының қуаты бітіп қалған қонақтарыңыз осы жерлерде отыра тұрса болады

Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Бұл мен. Шамамен осы постты дайындап отырсам керек

Фотолар аз десеңіз мына видеоны қарап көріңіз
Әрі қарай