Жарияланымдар

«Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдау үздіктері анықталды

Астанада «Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды
Блог - asaubota: «Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдау үздіктері анықталды
Елордада «Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау құрметінің рәсімі өтті.

Тұңғыш рет байқау қорытындысын шығару рәсімі өңірлермен бейнеконференция байланысы арқылы өтіп, оған партияның өңірлік және аумақтық филиалдары қоғамдық қабылдауларының жетекшілері қатысты.

Жеңімпаздарды анықтауда мынандай өлшемдер есепке алынды: өтініштің қаралу мерзімінің сақталуы, өтініш білдірушілердің қоғамдық қабылдаулар жұмысына қанағаттануы, оң шешілген өтініштердің үлес салмағы, ағымдағы жылдағы азаматтармен өзекті мәселелерге орай өткен тақырыптық қабылдауларды салыстыру, азаматтарды қабылдау мен өтініштердің «электрондық қоғамдық қабылдау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне дер кезінде тіркеу, «электрондық қоғамдық қабылдау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтердің толық және орынды енгізілуі.

«Партияның қоғамдық қабылдауларында жұмыс істеудің жаңа жүйесі енгізілетін болады. «Электрондық партия» жобасы шеңберінде жазбаша өтініштер мен азаматтарға ауызша кеңес беру бойынша есеп бөлімі енгізілмекші. Кеңес берулер біздің партиялық жобалардың тақырыбы бойынша жүргізіледі. Меморгандардың азаматтардың өтініштерін қарауын қадағалау партиялық бақылау комитеті мен «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі және мәслихаттардағы фракция мүшелерінің қатарынан тағайындалған партиялық кураторлар арқылы іске асырылатын болады. Бүгін біз қоғамдық қабылдаулар жұмысының рейтінгін жариялап отырмыз. Қоғамдық қабылдауларды бағалаудың негізгі өлшемі – ақпараттардың нақтылығы мен жергілікті жерлердегі мәселелердің тиімді шешілуі», — деп атап өтті марапаттау салтанатында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Құрамына партияның орталық аппаратының өкілдері, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракция мүшелері енген Орталық комиссия, байқауға қатысушылардың ұсынған материалдарын қарап, өңірлік және аумақтық қоғамдық қабылдаулардың арасынан шыққан жеңімпаздарды анықтады.

Қаралған өтініштердің қорытындысы бойынша партияның өңірлік филиалдары арасынан «Нұр Отан» партиясының «Ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының жеңімпаздары атанғандар:

I орын — «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы;
II орын — «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы;
III орын — «Нұр Отан» партиясының Батыс-Қазақстан облыстық филиалы.
Партияның аумақтық филиалдары арасынан:
I орын — «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалы;
II орын – Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара аудандық партия филиалы;
III орын – Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар аудандық партия филиалы;

Анықтама үшін::
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауларының жұмыс істеу механизмі:
— республикамызда барлығы 241 қоғамдық қабылдау бар;
— 2013 жылы республикалық қоғамдық қабылдаудың арқауында Бірыңғай үйлестіру орталығы құрылды;
— 2014 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында партияның қоғамдық қабылдауларына 560 мың азамат келді.
2014 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін партияның қоғамдық қабылдауларында 82 713 өтініш тіркелді;
Партия жетекшілері, ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері, мемлекеттік органдардың жетекшілері өткізді:
— 20 678 жеке азаматтардың қабылдауын (2014 жылдың қаңтарынан бері), бұл 2013 жылғы осы кезеңдегімен салыстырғанда 5 есе көп;
— 325 «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция мүшелерінің қабылдауы;
— 62 орталық мемлекеттік органдардың жетекшілерінің қабылдауы;
— 1 808 барлық деңгейдегі әкімдер мен олардың орынбасарларының қабылдауы;
— 10 140 аумақтық меморгандардың жетекшілерінің қабылдауы;
— 8 343 барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Нұр Отан» партиясы Фракциясы мүшелерінің қабылдауы;
— 2014 жылдың басынан өте өзекті мәселелер бойынша 2,2 тақырыптық қабылдаулар өтті.
— 2014 жылдан бастап адвокаттар мен заңгерлік компаниялардың заңгерлері 1 412 адамға тегін кеңес берді.
— азаматтардың қоғамдық қабылдаулар қызметіне қанағаттануының бағасы енгізілді (тексеру құралы: жасырын (Mystery Shopping), телефондық сауалнама, партия порталындағы электрондық сауалнама).
Әрі қарай

3-тур қорытындысы

Керек тілші: 3-тур қорытындысы

«Керек тілші» жобасында Кәсіпкерлік тақырыбы жақсы ашылды. Өңірлердегі түрлі кәсіп иелерімен, түрлі кәсіп түрлерімен таныстық. Қатысушыларға мазмұнды посттары үшін үлкен рахмет.

ademi_alem — 9,75
tomarlik — 9,50
Aya — 8,25
NazerkeAbibulla — 8,25
Basic — 7,75
AydosRymkul — 5,00
tauewki — 5,00
Sunshine — 1,50
Әрі қарай

7 сұрақта Блог-тур және Блог-турлардағы басты 3 қате

Блогосферадағы жаңа тренд Блог-тур туралы сұрақтарға жауап беріп көрейін және өзім байқап жүрген қателіктерді де қостым
Блог - asaubota: 7 сұрақта Блог-тур және Блог-турлардағы басты 3 қате
1. Блог-тур деген не?
Блогерлерді қолдану арқылы жасалатын пиар-шара. Бір өнімді, жетістікті, оқиға, жаңалықты жарнамалау үшін ұйымдастырылатын сапар. Нәтижесінде әлеуметтік желілер және блогтар арқылы ауқымды жарнама жасалу жоспарланады.
2. Блог-тур бағдарламасына нелер кіреді?
Логистика бекітіліп блогерлерге және қарсы алушы жаққа алдын ала беріледі. Блогер өзінің қайда және не үшін бара жатқанын алдын ала біледі. Бағдарламаға жолға шығу уақыты және мекені, барылатын объектілер, тамақтану мезгілдері, қонақүй, бастапқы нүктеге оралы туралы мәліметтер кіреді.
3. Блогерлерге қанша қаламақы төленеді?
Қанша пост жазылатыны, қай блогта және әлеуметтік желілерде жарияланатыны алдын ала келісіледі. Бір блог-турға қазір берілетін қаламақы көлемі шамамен 50-70 мың теңге. Оқырман саны және блогердің беделіне қарай бұл сома бұдан да көп болуы мүмкін. Бұдан бөлек блогердің жол, қонақүй және тамақтану шығындарын да ұйымдастырушы жақ көтереді. Сондай-ақ блогерлерге қосымша жарнама ретінде естелік сыйлықтар да беріледі.
4. Блог-турды кім ұйымдастырады?
Шақырушы жақ өзі ұйымдастыра алады немесе арнайы бір ұйымға қаржы бөліп тапсыра алады. Блог-турға бөлінген қаражатқа қарай шақырылатын блогерлер саны, шығындары және қаламақы көлемі анықталады.
5. Блог-тур кімдер үшін тиімді?
Жетістігі бар мекемелер немесе мемлекеттік органдарға, жаңа өнім шығарып сол өнімді жарнамалағысы келетіндерге, ішкі «асханасын» көрсеткісі келетін кәсіпорындарға тиімді. Жалпы мақсат жарнама және жақсы имидж қалыптастыру болғандықтан бұған мұқтаж кез келген ұйым блог-тур ұйымдастыруға мүдделі.
6. Блог-турдың жарнамалық әсері қандай?
Блог-тур найзағайлы, өткінші жауын әсерін береді. Бір-екі күндік қысқа мерзімде бірнеше нүктеден ақпарат жауыны басталады. Ақпараттың таралу ауқымы кең болады. Бұл блог-тур барысындағы әсер. Блог-турдан кейін жауыннан кейінгі кемпірқосақтай блогтарда сапалы сараптамалық есептер жазылады. Яғни, қысқамерзімді флеш-жарнаманы мақсат еткендер үшін блог-тур қолайлы әдіс.
7. Блог-турға кімдер шақырылады?
Шақырушы жақтың саласында мақала жаза алатындарға басымдық беріледі. Ақпараттың негізгі бөлігі әлеуметтік желілер арқылы тарайтын болғандықтан оқырман аудиториясы кең қолданушылар таңдалады. Сондай-ақ фото, видео ақпарат жеткізе алу шеберлігі, жалпы ақпаратты қызықты етіп бере алу — басты талаптардың бірі.


Ұйымдастырушылардың басты қателіктері:
Блог - asaubota: 7 сұрақта Блог-тур және Блог-турлардағы басты 3 қате
1. Блогерлер құрамы
Әлеуметтік желіде ортақ аудиториялы, блог оқырмандары да бір блогерлерді шақыру ең үлкен қателік. Мұндай жағдайда оқырман қайталана беретін ақпараттан мезі болып, шақырушы жаққа негатив көзқараспен қарауы мүмкін. Сондықтан мейлінше түрлі ортадан шақырған дұрыс.
2. Бағдарлама уақыты
Блогердің қалаға келу уақыты және қандай транспорт түрімен келгені есепке алынғаны жөн. Автокөлікпен нашар жолда жүріп келген блогерді таңғы 9-да турға шақыру арқылы жақсы нәтиже ала алмайсыз. Уақыт үнемдеу үшін қысқа уақыт ішінде бірнеше объекті көрсетуге тырысады ұйымдастырушылар. Бірақ мұндай кезде блогер ақпараттың бәрін сіңіріп үлгермейді. Ұйқысы қанбаған және таңғы ас ішпей шыққан блогер көрсетілетін нәрсенің бәріне толық назар аудармауы мүмкін.
3. Детализация
Жұмыстың бүге-шігесін блогерге түсіндірудің қажеті жоқ. Жұмыстың механизмін түсіндіру жеткілікті және блогерге керегі визуал көрініс. Яғни, жалықтырып алмауға тырысу керек. Тек нақты жазылып, айтылуы керек нәрселерді көрсеткен дұрыс. Және кей фишкаларға блогердің өзін назар аудартуға тырысқан жөн. Кейін осы фишкалар арқылы жақсы жарнама жасалады. Ал қатты детализация арқылы блогер ештеңе түсінбей қалуы да мүмкін.
Әрі қарай

Артур Нығметов «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық Саясат Институты директорының штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Институттың жобалау істері бойынша тәуелсіз кеңестер беру — А.Нығметовтың негізгі міндеттеріне кіреді.

Блог - asaubota: Артур Нығметов «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық Саясат Институты директорының штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалдыАртур Нығметов — публицист, саясаттанушы. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған, Мәскеу саяси зерттеулер мектебінің түлегі. Швециядағы SIPU International (Стокгольм, 2008) мемлекет және жерглікті басқару институты мен Конрад Аденауэр Қорында (Берлин, 2012) сынақтан өткен. 2008 — 2012 жылдар аралығында қазақстандық және шетелдік БАҚтарда журналист және редактор қызметтерін атқарған. «Назарбаев Орталығында» бас сарапшы болған. Соғыс және бейбітшілік тақырыптарындағы IWPR Британ Институты басылымында, Ресейлік экстремал журналистика бағытындағы «Оазис» Интернет-журналында, «Новая газета — Казахстан» газетінде, «Астана» журналында мақалалары жарық көрген. Жыл сайынғы «Халық қалаулысы» сыйлығының "Үздік публицист" номинациясы бойынша 2012 жылдың лауреаты. 2014 жылдан
бері «Smart Advice» коммуникациялық тобының басқарушы серіктесі.
Әрі қарай

2-тур қорытындысы

Керек тілші: 2-тур қорытындысы

Қоғам тақырыбы мазмұнды тур болды, түрлі әлеуметтік тақырыптар қозғалды. Сәйкесінше алған бағалары да жақсы болды. Төмен балл алғандарды да құттықтағым келеді, идеялары үшін. Ал орындау, жеткізу тәжірибемен келетін нәрселер.

qonyrbai — 10
AydosRymkul — 9,50
Basic — 9,25
ademi_alem — 8,50
Aya — 7,75
NazerkeAbibulla — 7,00
tomarlik — 6,75
ErbolAliaskaruly — 6,50
Kuralayka — 2,25
tauewki — 0,25
Әрі қарай

1-тур қорытындысы

Керек тілші: 1-тур қорытындысы
«Керек тілші» конкурсының алғашқы туры Салауатты өмір салты тақырыбына арналған болатын. Конкурс форматы репортаждар болғандықтан мұндай форматты аздап жатырқау байқалды. Дегенмен суырылып шыққан 3 үздікті атауға болады, олар конкурс соңында арнайы сыйлықтармен марапатталады. Алғашқы үштікті өкшелеп келе жатқан топ та анықталды. Қатысушыларды сәтті бастамаларымен құттықтаймын. Жарыстың бәрі әлі алда. Сәттілік!

qonyrbai — 9,75
ademi_alem — 9,50
Aya — 9,25
tomarlik — 8,75
AydosRymkul — 7,25
ErbolAliaskaruly — 7,25
Maqta_qyz — 7
AlmasNakhypbek — 5,50
Sunshine — 5,00
FaraOn1 — 5,00
tauewki — 2,00
Kuralayka — 1,75
DinarNahypbek — 1,50
NazerkeAbibulla — 1,50
Әрі қарай

Қазақтелекомның болашағы - Жастелеком

Блог - asaubota: Қазақтелекомның болашағы - Жастелеком

Жақында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына Қазақтелеком блог-турына шыққан едік. Компанияның біраз жаңалықтарымен, жетістіктерімен таныстық. Құрылғанына 20 жыл толған Қазақтелекомдағы мен байқаған бір ерекшелік — қызметкерлердің тұрақтылығы. Қайда барсақ та ұзақ жыл жұмыс істеп келе жатқан қызметкерлерді көрдік. Демек комапнияда тұрақтылық бар. Тұрақтылық бар жерде жас қызметкерлердің сенімділігі де бар деген сөз. Жастар осы салада карьера жасағысы келеді, осы компанияда болашақтарын көреді. Бұл сөзімнің дәлелі Қазақтелеком жастары құрған Жастелеком ұйымы.

Блог - asaubota: Қазақтелекомның болашағы - Жастелеком
Жастелеком алғаш рет 5 жыл бұрын Көкшетау қаласында Ақмола ОТД-да құрылған екен. Кейін бұл бастама бүкіл республика бойынша жалғасып, 2012 жылы бүкілтелекомдық, республикалық ұйым құрылыпты.

Блог - asaubota: Қазақтелекомның болашағы - Жастелеком

Қазақтелекомда жұмыс істейтіндердің 37 пайызы жастар, жалпы 12 мыңға жуық жас қызмет етеді. Олардың жартысынан көбінің еңбек өтілі 5 жылдан асқан, ал 4 пайызы басшылық қызметте.

Блог - asaubota: Қазақтелекомның болашағы - Жастелеком

Жастелекомның негізгі қызмет ба­ғыт­тары: оқыту және дамыту, ин­но­ва­ция, әлеуметтік мәселелер, мә­дени-көпшілік шаралар мен ден­саулық сақтау. Жалпы Қазақтелекомда өтетін барлық іс-шараларға жастар белсенді түрде қатысады.

Блог - asaubota: Қазақтелекомның болашағы - Жастелеком

Жастелекомдық белсенді жастар жылына бір рет республикалық форум ұйымдастырып, жиналып тұрады.

Блог - asaubota: Қазақтелекомның болашағы - Жастелеком

Салауатты өмір салты — жастелекомдықтардың басты ұстанымы.

Блог - asaubota: Қазақтелекомның болашағы - Жастелеком

Жастардың біліктілігін арттыру басты міндеттердің бірі.

Блог - asaubota: Қазақтелекомның болашағы - Жастелеком

Жастар мерекелік шараларға белсенді қатысады.

Блог - asaubota: Қазақтелекомның болашағы - Жастелеком

Жаңа Жылда қызметкерлердің балаларына тегін Аяз Ата мен Ақшақар да болады.

Блог - asaubota: Қазақтелекомның болашағы - Жастелеком

Қызметкерлердің балаларына түрлі акциядар ұйымдастырылады. Ата-анасының жұмыс орнына экскурсиялар, концерттер, түрлі конкурстар да Жастелеком ұйымдастыратын шаралар.

Солтүстік Қазақстан ОТД жастарының өнімі «Наша Северяшаны» қазақтелекомдықтар сүйіп қарайды.
Әрі қарай

«Керек тілші» блогерлер арасындағы репортаждар конкурсы

Блог - asaubota: «Керек тілші» блогерлер арасындағы репортаждар конкурсы

Конкурс туралы:

Блог - asaubota: «Керек тілші» блогерлер арасындағы репортаждар конкурсы«Нұр Отан» партиясының қолдауымен өтетін блогерлер арасындағы репортаждар байқауы.
Өту уақыты: 2014 жыл 03 қараша — 30 қараша
Қорытындысы және жүлдегерлерді марапаттау: 2014 жыл 5 желтоқсан

Байқау 4 турдан құралады, әр аптаға 1 тур. Әр турда қатысушыларға бір тақырып беріледі. Сол тақырып бойынша блогерлер өздері қалаған форматта репортаждар жасайды, Әр тур сайын материалдарды қазылар алқасы бағалайды, барлық тур бойынша ең көп ұпай жинаған 3 блогер жеңімпаз атанады. Жюри жазбаларды 10 баллдық жүйе бойынша бағалайды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Конкурс мақсаты:

Қазақ блогосферасын және азаматтық журналистиканы дамыту. Блогерлердің азаматтық журналистика саласында шеберліктерін шыңдау, оларды ынталандыру, блогосферада тұлға ретінде қалыптастыру, аймақтардағы жаңалықтарға назар аударту, жетістіктерді және мәселелерді көрсету.

Конкурс талаптары:

1. Kerekinfo.kz сайтына тіркелген кез келген блогер қатыса алады.
2. Конкурсқа ұсынылатын жазбалар репортаж форматында болуы тиіс.
3. Репортаж тақырыбы ұйымдастырушылар тарапынан берілетін тақырыпқа сай болуы қажет.
4. Жазбалар сайттағы «Керек тілші» айдарында жариялануы тиіс.
5. Берілген уақыттан кешіктірілген жазбалар конкурсқа қатыстырылмайды.

Жүлделер:

1-орын: Ноутбук, жеңімпаз дипломы, арнайы ескерткіш сыйлық;
2-орын: Планшет, жеңімпаз дипломы, арнайы ескерткіш сыйлық;
3-орын: Смартфон, жеңімпаз дипломы, арнайы ескерткіш сыйлық.

Қосымша сыйлықтар:

Әр турдың үздік блогеріне, яғни бір турда ең көп ұпай жинаған қатысушыға ескерткіш сыйлықтар беріледі.

Қатысушыларға берілетін тақырыптар және орындалу мерзімдері:

— Салауатты өмір салты (2014 жыл 03-09 қараша)
— Қоғам (2014 жыл 10-16 қараша)
— Кәсіпкерлік (2014 жыл 17-23 қараша)
— Мәдениет (2014 жыл 24-30 қараша)

Конкурстың қазылар алқасы:

— Аршат Оразов (Kerekinfo.kz сайтының администраторы)
— Ерлан Оспан (Kerekinfo.kz сайтының модераторы)
— Данияр Закираев (Kerekinfo.kz сайтының модераторы)
— Абылайхан Калназаров (лингвист, мәдениеттанушы)

Бағалау критерийлері:

— Жазбаның берілген тақырыпқа сай болуы;
— Жазбаның өзектілігі, бұрын еш жерде жарияланбауы;
— Жазбаның сауаттылығы, грамматикасы және орфографиясы;
— Техникалық безендірілуі, шрифттердің және иллюстрациялық суреттердің дұрыс орналастырылуы.

Қорытынды:

Жеңімпаздарды марапаттау а.ж. 5 желтоқсан күні «Нұр Отан» партиясы ғимаратында өтеді. Конкурсты ұйымдастырушылар және партия өкілдері жеңімпаздарды марапаттайды.
Әрі қарай

«Қаражанбасмұнай» АҚ – 40 жыл

Блог - asaubota: «Қаражанбасмұнай» АҚ – 40 жыл
40 жыл бұрын Маңғыстаудың екінші тынысы ашылды. Бұл К – 12 ұңғысынан қара алтынның атқылаған шағы. Сол уақыттан Қаражанбас кен орыны тұтас ТМД – ға танымал. Қазір де әлеуметтің әлеуетін көтеріп, экономиканы өрге сүйреуге зор ықпал етіп отыр. Айтулы күнге орай мұнай компаниясы қызметкерлері мен ардагерлер салтанатты жиынға қатысты. Шарада кен игерудегі тарихтан бастап, бүгінгі бағыт, болашаққа деген жоспарлар мәлім етілді.
Терістік бозашы. К – 12 ұңғысы. 302 метр тереңдік. 1974 жылы қара алтын бұрқағы аспанға атты. Алғаш ашушылар қатарында Әділ Нұрманов та бар. Ол Қаражанбас алаңын бұрғылау жоспарға енбей қалғанын айтады. Бірақ, жігіттер тәуекелге барып қазуды бастаған. Содан несібе игеріліп, молая түсті. Ал, он жылдан соң 1 млн тонна мұнай алынғандығы жария болған еді.

Әділ Нұрманов – ардагер мұнайшы
Ешқандай тамақ болған жоқ. Әр бір бригада да өздері үйінен тамақ алып келіп, столовый жоқ. Жол жоқ. Қаражанбасқа бару үшін бір күн жүру керек еді. СКЛ Ал, қазіргі жағдай адам көргісіз. Жеңіл машиналар. Түсімізде ондай көрмедік.

Ардагерлер қазір бейнеттің зейнетін көріп отыр. Әрдайым кәсіби мерекелерге шақырту алады. Компанияның 40 жылдығына орай да зейнеткерлерге 20 мың теңгеге сертификат берілді. Содан соң салтанатты жиын өтіп, белсенді қызметкерлерге облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.

Берді Өтебай –темір жонушы
Мұнай саласына пайдамызды тигізгіміз келеді. Қазақстанның әлеуметтік жағдайын көрсеткіміз келеді. Болашақта да арманым балаларымды да мұнайшы қылу.

«Қаражанбас» кен орнында әр жылда 2 млн тоннадан асырып мұнай игеріледі. Мамандардың біліктілігін шыңдау мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Себебі, иновациялы үдерістен қалмау негізгі талап. Сондай – ақ жаңа орындарды барлау жұмыстарын да басты назарда ұстап отыр.
Әрі қарай