Жарияланымдар

Жетісу жастары «Жетісу тарландарымен» кездесті

Алматы облысы: Жетісу жастары «Жетісу тарландарымен» кездесті

«Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратында «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары «Жетісу тарландары» командасымен кездесу өтті. «Жетісу тарландарын» облыс басшылығы мен жастары атынан Жақсылық Омар құттықтап, өзара әңгімелесті.

«Жастарға «Айбын» әскери-патриоттық ойыны ұнады, өйткені ондаолар өздерін шыдамдылық пен беріктікке сынап көреді, жауынгерлікрухтарын нығайтады, командада жұмыс істеудің не екенін білеалады»-деді «Жетісу тарландары» клубының жетекшісі Ж.Канапиев өз сөзінде. Жастар жарыстың қызықты болғанын, кездескен кедергілер, жеңістұғырына көтерілген сәттегі сезімдері туралы жарыса әңгімеледі.

Ескерте кетейік, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық жиында 600 адам қатысқан. Республикалық «Жас ұлан» әскери мектептерінің, өңірлердегі әскери-патриоттық клуб мүшелері мен Ресей Федерациясының Оренбург Президент кадет училищесінің тәрбиеленушілері қатысты. Алматы облысының атынан шыққан «Жетісутарландары» командасы 16 өңірден шыққан әскери-патриоттық клуб арасынан жүлделі 1 орынды иеленді.
Әрі қарай

Алматы облысы құқық бұзушылықтарды арнайы карта арқылы анықтауда

Алматы облысы құқық бұзушылықтарды арнайы карта арқылы анықтауда
Бүгінігі таңда қылмыстық құқық бұзушылық өзекті мәселелердің бірі. Құқықтық статистика белгілі бір өңірдің әлеуметтік-экономикалық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Осы жайлы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді.
Алматы облысы бойынша сотқа дейінгі тексеру тізімінде 13097 қылмыстық құқық бұзушылық бар. Статистикаға сүйенсек, 2015-2016 жылдар мен биылғы жылды салыстырғанда тіркелген қылмыс деңгейі 18,6%-ға төмендеген. Талдықорған қаласында 2015-2016 жылдар мен 2017 жылдың қылмыс деңгейі 16,4%-ға дейін азайды. Түрлі заңға қайшы әрекеттерді енді «қылмыстық құқық бұзушылық картасы» арқылы білуге болады. Ол тұрып жатқан жердің қылмыс деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
«Республикамыздың әрбір азаматы Кrisha.kz сайтын пайдалана отырып, пәтер іздеу кезінде таңдаған аймақтың қылмыстық деңгейін анықтай алады. Бұл ақпарат бір жағынан қылмыс деңгейін бақылауға және қылмыс көп болатын жерде жылжымалы мүліктің құны өзіне сай болатынына көмектеседі. Болашақта тұрғындар бұл жағдайға бейжай қарамай, құқық бұзушылықты азайту жолдарын іздейтін болады. Осылайша, тәртіп саласындағы қоғамдық бақылау жақсарады», — деді құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Жайлыгулова Жанар.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Алматы облысының оқушылары футбол турнирында жеңімпаз атанды

Алматы облысының оқушылары футбол турнирында жеңімпаз атанды
«Coca-Cola Былғары доп» турнирі елімізде 2006 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Дүбірлі дода өскелең ұрпақты спортқа баулып, талантты жас футболшыларды іріктеуге бағытталған республикалық шара. Биыл турнирге еліміздің әр өңірлерінен(11 облыс, Алматы қаласы) жеңімпаз командалар қатысып, І орынды Алматы облысы Текелі қаласының №8 орта мектебінің оқушылары қанжығасына байлады. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық білім басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің жетекшісі Нұрлан Ерболатұлы мәлімдеді.
Жарыс 2017 жылдың 10-18 маусым аралығында, Шымкент қаласында өтті. Оған Алматы облысының атынан Текелі қаласының №8 орта мектебінің 2004-2005 жылғы жас жеткіншектері қатысты. Жалпы биылғы «Coca-Cola Былғары доп» жарысы 2002-2003 және 2006-2007 жылы туған оқушылар арасында болатыны айтылды.
«Біз бұл жарысқа үлкен дайындықпен бардық. Күнде стадионға барып, балалармен жаттығатынбыз. Осы үшін үлкен тер төгіп, еңбегіміз толықтай ақталды. Басқа қалаға бара жатқандықтан көп қобалжулар болды, бірақ бізді Шымкент қаласы өте жақсы қарсы алды. Сондықтан барлығына алғысым шексіз», — деді «Сұңқар» командасының капитаны Құрмантай Арсен.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

«Жетісу тарландары» І орынды иеленді

Алматы облысы: «Жетісу тарландары» І орынды иеленді
Қарулы күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Айбын» жастар жиыны Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткен. Оған Алматы облысынан «Жетісу тарландары» командасы қатысып, бірінші орынды иеленді.
««Айбын» жастар жиыны 2015 жылдан бастап, дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіледі. 2015-2016 жыдары Республиканың деңгейінде өтсе, биылғы жарыс халықаралық дәрежеде болды. Қарағанды облысына жан-жақтан командалар өте үлкен дайындықпен келгені байқалып тұрды. Осыны болжай отыра біз «Жетісу тарландарына» мықты әрі талантты жастарды жинадық», — деді «Жетісу тарландары» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Жаналиев Жандос.
Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.
«Команда капитаны ретінде үлкен жауапкершілікті арқалап бара жатқандықтан, осы уақытқа дейін қаншама тер төккенімізді ескере отырып, командамды жігерлендіруге тырыстым. Себебі, рухы күшті команда ғана жеңіске жетеді»,- деді «Жетісу тарландары» командасының капитаны ТЕН Владимир.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Жетісу журналистері ағылшын тілін үйренуде

Алматы облысы: Жетісу журналистері ағылшын тілін үйренуде
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының кеңесшісі Тоқтасын Әсем баспасөз мәслихатын өткізді. Онда «SLICE OF ENGLISH» жобасы талқыланды. Аталмыш жоба Елбасының «Тілдердің үштұғырлығы» саясатын қолдап, мемлекеттік қызметкерлердің ағылшын тілін «Elementary» деңгейіне жеткізу үшін бағытталған.
Бұл жоба үштілділік арқылы Қазақстанды алдыңғы қатарлы әлемдік дамыған елдердің санатына енуге жетелейді. Себебі Елбасымыз айтып кеткендей: «қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Жоба аясында қызыметкерлер теория түрінде алған білімдерін, практика жүзінде өздерінің бағыттарында пайдаланатын болады. Оқыту “көрнекі-ақпараттандыру” әдісімен өтеді. Мекемеге үлкен стендтер орнатылып, стенд қалташаларына күн сайын жаңа сөздер еңгізіліп отыратыны айтылды.
«Жүргізіліп жатқан жобадан күтілетін нәтижелер көп. Ол журналистердің ағылшын тілін оқуға қызығушылығының артуы, есте сақтау қабілеттерінің жоғарылауы және ағылшын тілінде ақпарат беру алу мүмкіншілігі. Егер жақсы қорытынды шығып жатса, жұмыс уақытынан тыс түрлі тренингтар өткізетін боламыз», — деді Тоқтасын Әсем.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Талдықорған қаласында «Айбын» әскери-патриоттық жиынның жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды

Алматы облысы: Талдықорған қаласында «Айбын» әскери-патриоттық жиынның жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алды
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында 1 орынды иеленген «Жетісу тарландары» командасын Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында салтанатты түрде қарсы алды.

Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қызметкерлері ұйымдастырған ұлттық оркестрдің әуенімен «Жетісу тарландары» командасының мүшелерін «Жастар» саябағында туған-туыстары, достары мен жақындары салтанатты түрде қарсы алды.

«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Айбын» жастар жиыны осы жылы халықаралық дәрежеде өтті. Жиынға 600 республикалық «Жас ұлан» әскери мектептерінің, өңірлердегі әскери-патриоттық клуб мүшелері мен Ресей Федерациясының ОренбургПрезидент кадет училищесінің тәрбиеленушілері қатысты. Ұйымдастырылған жарыстар оңай болмады, алайда қызықты өтті. Физикалық күшті, рухы биік, білікті жастардан құралған біздің команда халықаралық деңгейде өздерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Алдағы уақытта біз жоғары жетістіктерге жететінімізге сенеміз», — деді Алматы облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеология жұмыстар жөніндегі орынбасары Қуандық Әділбеков.

Ескерте кетейік, Қарағанды облысында «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өз мәресіне жеткен болатын. Алматы облысының атынан шыққан «Жетісу тарландары» командасы 16 өңірден шыққан әскери-патриоттық клуб арасынан жүлделі 1 орынды иеленді. Команданың әр мүшесі арнайы дипломмен, медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Алматы облысының оқушылары "Туған елге тағзым" жобасына қатыспақ

Алматы облысының  оқушылары Туған елге тағзым жобасына қатыспақ
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Гүлназ Жетпісбайқызы мен Ақтөбе, Атырау қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Қайыржан Жанель мен Көңілқош Бек баспасөз мәслихатын өткізді. Онда дарынды оқушыларға арналған «Туған елге тағзым» жобасы жайлы айтылды.

«Туған елге тағзым» жобасы Назарбаев Зияткерлік мектептерде 2012 жылдан бастау алған. Жоба оқушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеуге арналған. Басты ерекшеліктердің бірі — Назарбаев Зияткерлік мектептептерінің оқушыларын Қазақстанның барлық жерлерін аралатып, сол елді-мекеннің тарихын, флора мен фаунасын, мұражайларын, археологиялық қазба жұмыстарын, индустриалды обьектілен таныстыруға бағытталғаны айтылды.

«Бұл жобада әр Зияткерлік мектептен 7-10 сынып аралығындағы оқушылар білім, спорт, өнер салаларында жеткен жетістіктері үшін іріктеліп алынады. Экспедициядан кейін оқушылар өмірлік тәжірибесін арттырып, зертеген қаланың, ауданның тарихын біледі. Жоба аяқталған соң, оқушылардың жазған күнделіктері мен ғылыми жобалары толықтай зерттеліп, мектеп кітапханасында сақталмақ. Оны мұғалімдер, кіші сыныптардағы оқушылар оқи алады» — деді Назарбаев Зияткерлік мектебінің директорының тәрбие ісі бойынша орынбасары Гульназ Жетпісбайқызы.

Экспедиция жыл сайын алма-кезек екі бағытта өтеді: ғылыми және танымдылық. Жалпы осы 5 жыл көлемінде Талдықорған қаласының 159 оқушысы Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Семей, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Шымкент қалаларына барып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп қайтқан. Биыл Назарбаев Зияткерлік мектептері бойынша 240 оқушы, 40 жауапты қызметкер бекітілгені жайлы айтылды.
Аталмыш жоба 10-19 маусым аралығында өтеді.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

«Алтын белгі» иегерлеріне арналған салтанатты кеш

Алматы облысы: «Алтын белгі» иегерлеріне арналған салтанатты кеш
Бүгін облыс әкімі А.Ғ.Баталов жыл сайынғы дәстүр бойынша Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағында облыстың жалпы орта білім беретін мектептерінің «Алтын белгі» белгісінің 590 иегерлерін құттықтап, олардың әрқайсысына төс белгіні өз қолымен табыстады.

«Алтын белгі» иегерлерін құттықтаған Амандық Баталов бүгінгі түлектердің әлемге Тәуелсіз Қазақстан деп танылған мемлекетте туып-өсу, ел дамуымен бірге білім алу бақыты бұйырған ұрпақ екендіктерін, сонымен қатар, жаңалыққа жаны құмар, әлем өркениетіне жақын, озық ойлы жастар ретінде үлкен міндеттер жүктелетінін атап өтті.

— Бүгінгі күні өскелең ұрпақтың терең білім мен тәлімді тәрбие алуына өңірімізде қолайлы жағдайлар жасалған. Білім – таусылмас қазына, баға жетпес байлық. Ардақты ұстаздардан алған сапалы білімдеріңіз бен саналы тәрбиелеріңіздің арқасында, ел сенімін ақтап, қасиетті Отанымыздың нағыз патриоттары болатындарыңызға сенемін. Алдағы алар асуларыңыз биік, мұраттарыңыз асыл болсын! Сапарларыңыз сәтті болсын! – дей келе, А. Баталов түлектерді марапаттау рәсіміне көшті. Үздіктердің кеудесіне «Алтын белгі» тағып, гүл шоқтары мен планшеттер сыйға тартты.
Кешке арнайы шақырылған «Алау» тобының әншілері өнер көрсетіп, «Білім шарлары» ұшырылды. Салтанатты кеш концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Әрі қарай

«Ауылым – алтын бесігім» байқауының жеңімпазына автокөлік берілмек

Алматы облысы: «Ауылым – алтын бесігім» байқауының жеңімпазына автокөлік берілмек
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ауылым – алтын бесігім» байқауы туралы облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры мен өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді. Аталған байқаудың мақсаты облыс көлеміндегі ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың мәдени өрлеуі мен жеткен жетістіктерін таныстыру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, дарынды жеке тұлғалардын есімдерін анықтау және оларды насихаттау, қала мен ауыл мәдениетін теңестіру болып табылады.
«Аталмыш байқау ауыл тұрғындарының жалпы мәдени деңгейін анықтауға, олардың эстетикалық тәрбиесін бағалауға, мәдени аумақтағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған. Жалпы жарысқа әр ауданнан 2-3 мәдениет үйі қатысады. Ең үздік жеңімпазға автокөлік, екінші, үшінші орындарға музыкалық аппаратура сыйға беріледі. Бұл дегеніміз ауылдық мәдениет клубтарының өсіп өркендеуіне көмекші береді деген ойдамыз », — деді Алматы облысының халық шығармашылығы орталығының директоры Ермек Әбілқасымұлы.

Байқауға қатысты бірнеше номинациялардың бары айтылды. Ол шалғай жатқан ауылдар мен елді-мекедерден жаңа дарынды таланттарды іздеп тауып, үлкен сахнаға алып шығуға бағытталған. Олар: «Үздік ауылдық өнер ұжымы», «Үздік үйірме жетекшісі», «Үздік ауылдық мәдениет үйінің әдіскері» және тағы басқа.

Байқау ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап 19 шілдеге дейін өткізіледі.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Талдықорғанда «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» жарнамалық акциясы өтті

Алматы облысы: Талдықорғанда  «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» жарнамалық акциясы өтті
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың денсаулығы үшін жоғары жауапкершілікті қамтамасыз етуге, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігінің артуына, медицинаның дамуы және медицина ұйымдары арасындағы бәсекелестіктің артуына мүмкіндік береді. Дәл осы тақырыпта дәстүрге айналғандай «Емханаға тіркел де – МӘМС жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта!» жарнамалық акциясы Талдықорған қаласы, Қаратал өзені жағалауында өтті. Науқанның бір бөлігі ретінде алдағы міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратылды.

Медициналық қызметкерлердің қатысумен өткен тақырыптық флешмоб көрермендер назарын баурап алды. Қала тұрғындары бұл акцияны қолдап қана қоймай медицина жүйесіндегі өз мәртебесін біліп қайтты.

«Мұндай іс-шаралардың жұмыс уақытынан тыс өтуі, әрі демалып жүріп осындай пайдалы ақпараттарды алу өте ыңғайлы. Себебі іс-шараға келген әр адам ауруханаға бармай жатып, өз мәртебесін анықтау мүмкіндігіне ие болады. Ұйымдастырушыларға, Egov электрондық үкімет порталына алғысым шексіз», — деді акция қатысушысы Сапарова Мөлдір.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай