Жарияланымдар

Астана қаласында Алматы облысының мәдениет күндері өтпек

Астана қаласында Алматы облысының мәдениет күндері өтпек

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Алматы облысының Мәдениет күндері 11-15 шілде аралығында өтеді. Осы жайлы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы баспасөз конференциясын өткізді.
Биылғы ЭКСПО көрмесіне Алматы облысы да өз үлестерін қосуда. Оған облыс атынан 332 өнерпаз қатысады. Халықаралық маңызы бар шараның насихатталуы жөнінде көптеген іс-шаралар атқарылып, тақырыптық кездесулер мен жиындар өткізілген.
«Ел тарихында қалатын шараны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген миллиондаған қонақтар халқымыздың өнерімен кеңінен танысатын болады. Атап айтар болсақ Б.Римова атындағы облыстық драма театры, Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы, «Алатау әуендері» концерттік бірлестігі, М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, Көркемсурет галереясы мен Қолөнер шеберлері жақсы дайындықпен келе жатыр. Алматы облысының мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы «Жетісу – жұмақ мекенім» шарасымен басталады. Жабылу рәсімі шілденің 15-ші жұлдызында Амфитеатрда өтеді. Осындай әлемдік маңызы бар игі істер ел мәртебесін асқақтайтыны сөзсіз. Тек бірлігі мықты елдің, келешегі зор», — деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы.
Ел бірлігі мен әлеуеті сыналар көрмеге баспасөз қатысушылары тек сәттілік тілесті.

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Талдықорғанда «Ашық мемлекет» жәрмеңкесі өтеді

Алматы облысы: Талдықорғанда «Ашық мемлекет» жәрмеңкесі өтеді
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет еліміздің кез келген азаматына сапалы берілуі керек. Осы туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыс бойынша өкілі баспасөз конференциясын өткізді.
Алматы облысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін 24 аумақтық бөлімшелер жұмыс істейді. Бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны 723, ал облыс бойынша 423. Ағымдағы жылы 29 мемлекеттік мекемелерде «Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбында семинар өткені айтылды.
«Елбасының соңғы жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға және электрондық форматқа көшіру керектігі туралы айтылған. Яғни осы бастамамен бізде қазір дәстүрге айналып бара жатқан «Ашық мемлекет» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізіледі. Оған кез-келген адам қатысып, өз сұрағына жауап алып кетеді. Былтырғы жылы ең өзекті деген баспана, жер, жұмыссыздық мәселелері алға тартылды», — деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Бабашев Жансерік.
«Ашық мемлекет» жәрмеңкесі 2017 жылдың 6 шілдесінде «Жастар» паркінде өтеді.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

«Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» жобасының жүзеге асуы

Алматы облысы: «Бақытты отбасы - бақытты балалық шақ» жобасының жүзеге асуы
Бүгінгі күні Алматы облысының «Нұр Отан» партиясы нақты әлеуметтік топтарға бағытталған 7 жобаны жүзеге асыруда. Бұл туралы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.
«Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» жобасы аясында 448 іс-шара ұйымдастырылды. Жоба аясында «Нұр Отан» партиясының Алматы облыстық филиалы облыстағы балалар үйлерімен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Балалар үйі жанынан құрылған қамқоршылық кеңестің құрамында партия белсенділері мен мәслихат депутаттары енгізіліп, балалар үйінің өзекті мәселелерінің талқыланатыны айтылды.
«Мектеп және арнаулы оқу орындарының түлектерін, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші мекеме басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Облыстық партия филиалының ұйымдастыруымен «Айналайын» балалар үйінің 25 тәрбиеленушісі халықаралық көрмені тамашалауға мүмкіндік алды. Бұл шараға партия белсендісі, облыстық мәслихаттың депутаты, партиялық куратор Касанов Усейн демеушілік көрсетті», — деді «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Қожағұлқызы.
«Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» жобасы балалар үйлерінің тәрбиеленушілер мен түлектерін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бар аз қамсыздандырылған отбасыларын практикалық көмек көрсету жұмыстарына жұртшылықты тарту мақсатында жұмыс жасайды.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Қызыл Ай қоғамымен алғашқы көмек көрсетуді үйрен

Алматы облысы: Қызыл Ай қоғамымен алғашқы көмек көрсетуді үйрен
Алғашқы көмек көрсете білу тек төтенше жағдайлар мен табиғи, техногендік апаттар болған кезде ғана емес, күнделікті өмірде де керек. Адам жанын сақтап қалу жолдары туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Қызыл Ай Қоғамының өкілі ақпарат берді.
«Статистика Агенттігінің деректеріне сүйенсек Қазақстанда былтырғы жылы жазатайым оқиғалар нәтижесінде, улану және жарақаттанудан 16 мыңға жуық адам қаза тапты. Осы зардаптардың алдын алу мақсатында Қызыл Ай қоғамы құрылған. Қоғам адамдарға алғашқы дұрыс көмек көрсетуді үйретеді», — деді ҚР Қызыл Ай Қоғамының алғашқы көмек көрсету тренері Негметжанова Мариям.
ҚР Қызыл Ай Қоғамын бірінші болып І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті қолдады.
«2015 жылдың мамыр айынан бастап І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде жер сілкінісі, жол үсті апаттары және үйде жарақат алған кездерінде алғашқы көмек көрсету орталығы ашылды. Орталықта Қызыл Ай Қоғамының көмек көрсетуді оқытатын волонтерлер қызмет етеді. Сабақтарды сапалы деңгейде тәжірибелі жаттықтырушылар өткізеді. Тренинг орталығы ашылғалы бері біздің студенттер ден қойып үйренуде. Арнайы сценарий жасап білімгерлерге шынайы өмірде болуы мүмкін жағдайды көрсетеміз», — деді Жетысу мемлекеттік университетінің азаматтық қорғаныс және кауіпсіздік шаралары штабының басшысы Вишняков Руслан.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Жетісу өңірінде 120 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жинақтау депозиті ашылды

Алматы облысы: Жетісу өңірінде 120 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жинақтау депозиті ашылды
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі – жоғары оқу орнынан депозиттік жүйе бойынша білім алуға және халыққа қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік бағдарлама. Бұл бағдарлама арқылы еліміздің әрбір азаматы Қазақстанда немесе шетелде оқуы үшін ақша жинақтауға мүмкіндік алады. Осы жайлы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қаржы орталығының» менеджері Алпамыс Сатыбалдин баяндады.
«Қазақстанда 2013 жылдан бастап Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) өз қызметін бастады. Жүйенің операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады. Бүгінгі таңда 15 мыңға жуық білім беру жинақтау салымы ашылды. Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық 10% сыйақы мен жыл сайын мемлекеттен 5% немесе 7% шамасында сыйлықақы есептеледі», — деді Алпамыс Сатыбалдин.
Астаналық «Қаржы орталығының» Жетісу жеріне бірнеше мақсаттармен келгені айтылды. Олар: Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Қаржы орталығының» арасындағы мемарандумға қол қою және «Айналайын» балалар үйінің 7 тәрбиеленушілеріне білім беру жинақтау салымын ашу.
«Қазіргі таңда балалар үйінде 131 бала тәрбиеленуде. Соның ішінде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі бойынша 120 тәрбиеленушіге жинақтау депозиті ашылған. Басқа аудан балаларына да оқу депозиттері қарастырылған. Бұл баланың мектеп бітірген соң кедергісіз қалаған оқу орнына түсуіне көмекші», — деді «Айналайын» балалар үйінің директоры Сейсенбаева Жадыра.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

ЖЕТІСУ БИШІЛЕРІ ИСПАНИЯНЫ ТӘНТТІ ЕТТІ

Алматы облысы: ЖЕТІСУ БИШІЛЕРІ ИСПАНИЯНЫ ТӘНТТІ ЕТТІ
Талдықорғандық «Солнышко» хореографиялық ансамблі Испанияның Ллорет де Маре қаласында ұйымдастырылған «SUMMER TALENT LEAGUE -2017» халықаралық фестиваліне қатысып, Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының директоры Есболова Ляззат баяндады.
«SUMMER TALENT LEAGUE -2017» халықаралық фестивалі — түрлі жанрларда өнер көрсететін шынайы жас таланттардың мекені. Фестивалге 10 нан аса мемлекет қатысып, ең үздігі Грузия еліне шақырту алды. Аталмыш фестиваль қаланың басты алаңында өткені айтылды.
«Халықаралық фестивалге ұжымымыздан 12 оқушы мен 3 мұғалім барып қайттық. Бізді Испания елінің ресми өкілдері өте жақсы қарсы алды. Бұл ел өзінің тамаша табиғаты мен таңғажайып ғимараттарымен таңқалдырды. Конкурстың бірінші күнің қазақ биімен аштық. Ұлттық киімімізге қызыққандар саны көп болғандықтан, қыздарымыз ел назарында жүрді. Екінші күні хорезм биі биленді. Ол да өзінің ерекше би қойылымдарымен ерекшеленді. Қатысушылар келесі күні Барселона қаласына экскурсиялық сапармен барды. Сонымен қатар интеллектуалды ойындар мен ойын-сауық бағдарламаларына қатысып қайтты», — деді «Солнышко» ансамблінің жетекшісі Татьяна Матвеевна.
Баспасөз конференциясына қатысушылар өзіңдік тарихы бар «Солнышко» ұжымына тек сәттілік тілесті.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Кәсіпкерлерге «Қамқор» мобильдік қосымшасы үлкен көмек беруде

Алматы облысы: Кәсіпкерлерге  «Қамқор» мобильдік қосымшасы үлкен көмек беруде
Кәсіпкерлерді қорғаудың ерекше бір түрі «Қамқор» мобильдік қосымшасы. Оны әрбір іскер азамат ұялы телефондары мен гаджеттеріне тегін жүктеп, заңсыз тексерістің алдын ала алады. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілі баяндады.
Қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуды тоқтату, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. «Қамқор» мобильдік қосымшасын «Googleplay» және «AppStopre» қосымшалары арқылы жүктеп, тексерудің шынайы тіркелгендігін білуге болатыны айтылды.
«Онлайн режимінде берілген өтініштер прокуратураға түсіп, жұмысты жеңілдетеді. Бұл дегеніміз кәсіпкерлердің сенімділіктерің нығайту. Осы инновациялық жобаның тиімділігі туралы облысымызда да мысалдар бар.
Мәселен, «Қамқор»-ға «Талдықорған комфорт» ЖК азамат Д. Талипов Талдықорған қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкеріне заңсыз әрекеті туралы арыз түсірген. Осы заңсыз араласу фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылды», — деді Алматы облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Алмас Қыдырбайұлы.
Кәсіпкерлікті дамыту экономиканың негізгі қайнар көзі болғандықтан, оны барынша сауатты қорғау басты міндет.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды

Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметшілер анықталды
Алматы облысындағы мемлекеттік қызметшілер саны 8045 адамды құрайды. Олардың барлығы халыққа қызмет көрсетіп, аянбай еңбек етуде. Осындай мәртебелі қызмет иелерін облыс әкімінің бірінші орынбасары Тұрлашов Лаззат Мақатұлы марапаттады. Жетісу өңірінің 6 мемлекеттік қызметшісі «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапаталды және бірқатар азаматтар облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов Елбасының мемлекеттік аппаратты жаңғырту мәселесіне айрықша назар аударып отырғаныны айтылды. Бұл мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеуіне жағдай жасауға ықпал ететіні талқыланды.
«Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» міндетін қойды. Мемлекеттік қызметкердің біліктілігі мен кәсіби деңгейі басты мәселе ретінде көрсетілуі бекер емес. Әр саланың жетістігі, алдағы экономикалық өсімі, халықтың әл-ауқаты және елдің дамуы кәсіби басқарушылыққа тікелей байланысты», — деді Л. Тұрлашов.
Шараның соңы жергілікті өнерпаздардың орындауындағы концерттік бағдарламаға ұласты.
Әрі қарай

Алматы облысының Ішкі істер департаменті кәсіби мерекелерін атап өтуде

Алматы облысының Ішкі істер департаменті кәсіби мерекелерін атап өтуде
Бұл туралы Алматы облысының Ішкі істер департаментінің басшысы Мұрат Ұрымхановтың қатысуымен өткен облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің көшпелі баспасөз конференциясында белгілі болды.
«23 маусым Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі болғандықтан, облыстық ІІД-нің қызметкерлері бір қатар іс-шара ұйымдастырды. Облыстағы ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлеріне арналған мәңгі алау жағылды. Сонымен қатар, Генерал А.Б Болсамбековке арналған ескерткіштің ашылу салтанаты, ІІД ғимаратының жөндеуден кейінгі ашылуы, жас қызметкерлердің ант беру рәсімі өтті. Бүгінде жұмыс шарты мен танысу мақсатында Қытай халақ республикасынан келген қонақтармен келіссөз жүргізілуде. Ол екіжақты тәжірибе алмасуға жақсы мүмкіндік», — деді Мұрат Ұрымханов.
Осы іс-шаралардың жалғасы ретінде кешке «Жастар» паркінде концерттік бағдарлама өтетіні айтылды.
Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Әрі қарай

Талдықорғанда жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті

Алматы облысы: Талдықорғанда жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті
23 маусымда — Мемлекеттік қызмет күніне орай «Жастарға қызмет көрсету орталығы» ғимаратында алғаш рет «Білікті мемлекеттік қызметкер – ел тірегі» атты жас мемлекеттік қызметшілер слеті өтті.

Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады. Атаулы күнге орай жастар саясаты мәселелері басқармасы «Білікті мемлекеттік қызметкер – ел тірегі» атты жас мемлекеттік қызметшілер слетін ұйымдастырды. Жас мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен облыс әкімінің орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Нұрғисаев Серікбай Өрікбайұлы құттықтады. Жас мемлекеттік қызметші В.Чепель әріптестерін айтулы күнмен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі. «Сіздердің еңбектеріңіз Қазақстанға және оның азаматтарына табыс пен өркендеу әкелсін» — деді ол өз сөзінде.

Жас мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылып, халқымыздың көркейе беру жолындағы адал қызметі үшін бірнеше қызметкерге облыс әкімінің орынбасары Ж.Омардың алғыс хаты табыс етілді.
Әрі қарай