Жарияланымдар

Құс қанат менің ғұмырым қанатын тағы бір қақты... (есеппост)

Тағы бір жылды артқа тастадық. Өмірімнің тағы бір парағы жазылды…
2013 мені қалай күтіп алып, қалай шығарып салып жатыр, есеп бере кетейінші мен де…

Отбасы
Әкемнің орыны ойсырап қалған жыл… Тамағыма тіреліп тұратын өксік аралас сағынышымды ешкімге көрсетпеуге үйреткен жыл. Әкемнің «Эпошым, Поным» деп еркелеткенін есітпей өттім бұл жылы.
Анама Астананы көрсеттім. Денсаулығы ұзақ жолға жарамай ма деп қорқушы еді. Әкем көре алмай кеткен әдемі қаланы көрді. Ендігі жыл Меккеге жіберуге мүмкіндік берсе екен…
Аға-жеңге, іні-сіңілі, ботақандарымның әрбір жетістігі үшін қуанумен болдым, болам да.

Қызмет
Бір саладан екінші салаға ауыстым. "Өсер бала Астанаға қарай жүгіреді" © деп, Астанаға келдім. Білмейтін көп дүниені үйрендім, білгендерімді пайдаға асырдым. Бәрінен бұрын қызмет ұсынған адамның үміті мен сенімін ақтауға барынша тырысқаным есте қалды. Жаман нәтиже болған жоқ деген сенімдемін, басшылықтың тарапынан жылы лебіздерді естіп жүрмін. Карьера жолында болашаққа нық басатын қадамдарымның бағыты айқындалды.

Денсаулық
Астанаға ауысарда суығынан қорыққанмын. Сынған сүйектерімді сырқыратып, жылы жаққа қайтарып жібермес пе екен деген қорқыныш болған. Жоқ. Қайта бұрынғы күйімнен жақсара түстім, денім де, тәнім де, жаным да сауықты

Достар
Өмірімде маған тек жақсы адамдар жолығады, достық ниетке дайын еместері өздері кетіп қалады. Дос жағынан еш жамандық та, сатқындық та көрмеппін, шүкір. Менің қазір Қазнетте алар орным болса, оған жеткізген — достарым. Бәрін де жақсы көрем

Саяхат
Биыл еңбек демалысы болмады. Есесіне, іссапарға шықтым. Жасыбайды көрдім алғаш рет. Бурабайға бардық, Шымкентке бардық, Алматыға бардық. Енді Астаналық болған соң  Алматыға қонақ боп қалдық)). Шетелге шыққым келген, тіпті, жоспары құрылып, уақыты белгіленіп қойған жерден болмай қалды. Ендігі жылға бұйырып тұрған шығар.

Жеке өмір
Құпия

Жаңалық
Астанаға көштім. Көөөп, өте көп жандармен таныстым. Хинкали пісіруді үйрендім. Шашымды қысқартып тастадым. Айқаракөзім Қазнетдодада 2 орын алды. Ощм жақсы жаңалықтарға толы болды

Жылан — менің жылым. Жемісті жыл болды. Келер жылдан күтерім көп. Биыл жіберген қателіктерді түзеп, мүлде қайталамауға тырыспақпын.

Жаңа жыл құтты болсын! Өзіңізді жақсы көріңіз, сонда әлем сізді сүйетін болады
Блог - aikarakoz: Құс қанат менің ғұмырым қанатын тағы бір қақты... (есеппост)
Әрі қарай

#25 күн - Ку-ку! :)

Бақытқа бастар 100 күн: #25 күн - Ку-ку! :)

Бақытқа бастар 100 күн: #25 күн - Ку-ку! :)

Ку-ку! Жылт-жылт етіп, бір көрініп, бір көрінбей жүрмін бе?

Уааай, мендегі өзгерісті білсеңіз.  Өзім өзіме тәнті боп жүрмін. Әзірге бұл туралы ештеңе айтпай-ақ қояйын, кейіііін айтармын

Жаңа таныстықтар көп өзгерістер алып келеді ғой. Батыл таныстықтан қашпау керек. Мысалы, көшеде кетіп бара жатқан қыз ұнап қалды ма, жүгіріп барып, батыл қадам жасау керек. Ол «сізбен танысуға бола ма» деген ескірген сөзбен емес, іспен жүзеге асу керек.
Бір топ қыздың арасында кетіп бара жатқан құрбымды бір жігіт жүгіріп кеп, көтеріп алған. Атын емес, жұлдызнама белгісін сұраған. Күшштііі! Қыздар жігіттің бойындағы батылдықты, бірбеткейлікті бағалайды. Вай, мен ақыл айтып кетіппін  Жап-жақсы әңгіме айтып келе жатам да, бір кезде ақыл айтып кетем  Халқым бақытты өмір сүрсін деймін де мен сол… Халқымның тілеуін тілеп жүрген ақкөңіл, дым арам ойы жоқ бейбақпын ғо

Біздің (мақтанышпен айтатын болыппын соңғы кездері) Тимуша, Тимур Бекмамбетовты айтамын, профи режиссер  «Горьконы» көріңіздер! Позитивтің көкесі, атасы сол фильмде  Вууух, сөзбен жеткізе алмайм ощм  

Ауа райы туралы қалай жазбай кетем?) Жаңа ғана таза ауада серуендеп келдім. Демек, күн керемет деген сөз  Күннің салқындығынан да ләззат алуға болады  Таңертең ояна сала, таза, салқын ауаны ашқарақтана жұтывалам

Соңғы кездері жүйкем жұқарып жүрген сияқты көрінеді өзіме  Кабинетте тым жұмысбасты адамдар бар, солар таңертеңнен кешке дейін телефонмен сөйлеседі. Барынша қатты дауыспен сөйлеседі, солай болуы қажет шығар. Мен оны есітпеу үшін таңертеңнен кешке дейін музыка тыңдаймын  Құлағым түсіп қалуға шақ қап жүр. Мұның позитивті тұсы — плэйлистімдегі әндерді жаттап алдым  Тезірек қызметте жоғарылап, бастық болып, жеке кабинетте отыруыма мотивация

Бақытқа бастар 100 күн: #25 күн - Ку-ку! :)
Әрі қарай

#15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)

Бақытқа бастар 100 күн: #15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)
Бақытқа бастар 100 күн: #15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)

Ghetto Dogsтың әндерін тыңдап, тырқылдап отырмын

Барлықтарыңызды бүгінгі Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Астананың ауа райына күн өткен сайын ғашық болам. Түні бойы жылудан ысып кеткен бөлмеден таңертең балконға шығып, таза ауаны құшырлана, қомағайлана жұту деген рахат қой, шіркін  Ұйқың бірден ашылып, сергіп қаласың

Демалыс деген… сөз жетпейді ғой. Түске дейін ұйқы. Ешқайда асықпайсың. Қалағаныңша қыдырасың

Демалыс, әдетте, қыздарда қалай өтеді? Үй жинау, маска жасау, жуыну, тарану, бояну  Дәл осылай өтті бүгінім. Енді ерте жату ғана қалды

Айтпақшы, өмірде түрлі адамдар болады. Өзіндегі «кірді» айналасындағылардың бәріне жаққысы келеді. Өзінің өмірдегі жаман жан екенін мойындағысы келмей, айналасындағыларды қатарына қосып алғысы келетін… Олардың дәрежесіне түсіп, дәл өзі құсап жауап берудің, жалпы жауап берудің қажеті жоқ екен. Соны түсініп қалды
Өз әлеміңді өзгенің таптауына жол берме! Болғаны сол ғана

Қой, мен ұйықтайын…

Ghetto Dogsтың әндері шынымен күшті-ақ. Құрығанда, күліп аласың

Қайырлы түн!

Бақытқа бастар 100 күн: #15 күн - Демалыстың аты - демалыс! :)
Әрі қарай

#12 күн - Әркім - өз өмірінің бояушысы

Бақытқа бастар 100 күн: #12 күн - Әркім - өз өмірінің бояушысы

Бақытқа бастар 100 күн: #12 күн - Әркім - өз өмірінің бояушысы

Достарым, достарым! Барлық күнім дәл бүгінгідей тамаша өтсінші!
Сенбі болғандықтан ба, бес күндік жұмысқа үйреніп қалғандықтан ба, жұмыс істеуге аса зауқым болмады. Маужырап, ұйқы қысып, қызық күйде отырдым.
Әрі қарай