Жарияланымдар

Zhuldyz
Қазақта «Бұйырған кетпейді, жүгірген жетпейді» деген керемет сөз бар емес пе?! Осының астарына үңіле білген адам үшін өмір сүру де, өз теңін кезіктіру де оңай. Пенде болғандықтан, көп жағдайда осыған мән бермейтініміз шындық! Біреу сүйіктісін 16 жасында кезіктірсе, келесі біреулер отыздан асқан шағында жолықтырады. Бұл — өмірдің заңы. Ең бастысы, «кезікпей жатыр», «кеш жолықтырдым» деген сөздерден аулақ болып,өмірлік серігіңді неше жасыңда кезіктірсең де өкінбей, сол қолыңдағыңның қадірін білген жөн!
Zhuldyz
Бала күнімде, шамамен осыдан он шақты жыл бұрын ОҚО Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласында төрт егіз туылған. Төртемнің ата-анасына сол кездегі облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 5-6 бөлмелі үй салғызып, кілтін өзі табыстаған болатын. Сонымен бірге, бір көлік, төрт коляска тарту еткенін көргенмін. Төртемдердің үшеуі ұл, біреуі қыз. Есімдері: Аман, Есен, Тұрар, Мекен. Ең соңғысы қыз бала.
Zhuldyz
Дұрыс айтасыз, Гүлжанат! Дегенмен, ер-азаматты ас үйге жақындата бермеген дұрыс сияқты. Тек 8-наурыз т.б мерекелерде ғана болмаса…