Жарияланымдар

Ән атасы-Әміре

Әміре атам жайлы өмірбаян естеліктері. Әміре Қашаубаев (188-1934)-атақты әнші, актер әрі музыкант. Әміре бұрынғы Семей облысы, Абыралы ауданы, Ақбұлақ ауылынан сегіз шақырым жердегі Шәку тауының бөктерінде Қашаубайдың отбасында дүниеге келген Әншілік өнердің Әміре бойына қалыптасуына апасы Тойғанның әсері екекше болған. Қашаубай бала Әміренің домбыраға әуестігіне,әндеткен ыңылынан үміт күткен, алғаш батасын берген-белгілі ақын Жанақ болатын.ол Әмірені еркелете отырып «саусағың мен ерніңді табиғат домбыра тартып,ән салуға лайықтаған екен,»депті.Әміренің өнерге ыңғайына мән беріп, оны домбыра тартып,ән айтуға баулыған немере ағасы Серік Тергеубайұлы.Әміренің жастық шағы Дегелең таулары мен Матай жоталарының ішінде, Босаға өзенінің бойында өтеді.Әміренің әкесі 1900 жылы Семей қаласына көшіп келеді.Жас Әміре Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, еңбекке ерте араласады.Әміренің атақты Қоянды жәрмеңкесіне баруы, Мәди Бәпиұлы және Қали Байжановты көруі жас әншінің шығармашылық өнер үлкен бетбұрыс жасайды.Сонымен қатар 1924 жылы 25 қаңтарда Семей қаласында алғаш рет қазақ тілінде Абай Құнанбаевтың қайтыс болуының 10 жылдығына орай еске алу кеші өткізілді.Осы кеште әйгілі әнші Әміре Қашаубаев Абай әндерін шырқады.1925 жылы Парижге барған сапарында Алаш орда көсемдерінің бірі, Алаштың асыл азаматы Мұстафа Шоқаймен кезігіп,үйінде қонақта болған.Әміренің Еуропа үлгісіндегі костюмі сол Мұстафа Шоқайдың кигізгені екен.Сол сапарында Әміре Ахмет Байтұрсыновқа Мұстафадан сәлем хат әкеледі.Мұны сезген НКВД жендеттері Әмірені 9 жыл тергеуге алған.Ақыры Әміренің ажалына сол кездесу себеп болады.1934 жылы қарашаның алтысынан жетісіне қараған түні Әміре сол жендеттердің қолынан қаза табады.Атамыздың 120 жылдық мерейтойына байланысты,әкем екеуміз Әміре туған жеріне белгітас орнаттық.Блог - ZhasulanOmarov: Ән атасы-Әміре
Әрі қарай

Ұлылар мекені

Атамның "Ұлылар мекені" кітабынан үзінді келтірейін деп едім.Мұхтар Әуезов жүк машинасының үстіне жасалған мінбеге шықты.Мен Қасқабұлақта туған жер, туған елімді сіздер мен біз бір жан, бір тәнбіз деген едім.Соны сіздерге арнап айтсам.Бір мүдделі сөзім бар еді.Айтуға рұқсат етіңіздер дегім бар.Осында Мұхтар туған еліне келмейді,ұмытты дейтіндер боса керек… Бұл қата сөз.Қайталап айтамын қата,...қата сөз бұл!.. Апырау, Шыңғыстың елі мен жері сенің ұйқыда түсімнен, ояуда ойымнан кеткен жерің бар ма? айтыңдаршы!.. Мейлі мен Европа төрінде, Берлинде жүрейін, мейлі Үнді елінде, мейлі Жапон елінде болайын-ойымнан кеттің бе?Қай уақытта,қай шығармамда сені еске алмай, жазбап едім Шыңғыс, Шыңғыс елі… Менің сіздерге айтайын деген арманды, ия-ия асыл арманды сөзім бар еді.Шыңғыстың елі мен жері сендер дүнияға Абайды бергенсіңдер!.. Сендер әлі де халқыма Абайдай перзент бересіңдер… беруге тиіссіңдер… бересің! Мен соны көрмей кетіп бара жатырмын.Әлде сол мына қара табандарым арасында тұрма екен! Осы Қарауылда, анау Жидебай, Орда бойында менде жалаңаяқ жүгіріп жүргенмін.Мұхтардың аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ.Халық пен халық, адам мен адам біліммен теңеседі.Ұлт дүнияға берген тұлғалы ұл-қыздарымен өлшенеді.Айтсаңдар,әне, Абайды айтыңдар… Абайды айтыңдар!.. Мені осында осындай ой бунайды жұртым… Тәңір жазса,әлі-ақ келесі жылдардың бірінде ортаңа келемін.Менің де бір-ер қара домалағым бар.Орталарыңа әкеліп қосамын!Әзірше, осы келісіме ырза болыңдар.Менің ықлас пейлімнің бөтендігі жоқ.Сіздермен біргемін! Риза-хош көңілім бұл, жұртым!..
Әрі қарай