Жарияланымдар

ҰМХ түзеліп келеді

Қазақ тілін қолдаудың виртуалды әлемнен алынған бір ғана мысалы.
Кеше "Ұлттық Медициналық Холдинг" Интернетте қазақ тілін қорлап бітті деп жазба жариялап, оны Мой мирде, Facebook-те таратып, адамдардан аталған холдингтің электронды поштасына қазақ тілін қорлағаны үшін хат жазуларын өтіндім (біренеше адам жазған болса керек), Елжан Биртановтың және ҰМХ-ның Twitter-дегі ресми акаунттарына наразылық танытып, істегендерінің ұят, масқара екендіктерін айттым. Содан, міне, холдингтің ресми сайтындағы масқара жағдай жақсы жаққа қарай өзгеріпті. Мысалын төмендегі скриншоттардан көре аласыздар.
Әрі қарай

"Ұлттық Медициналық Холдинг" Интернетте қазақ тілін қорлап бітті

Шертсеңіз, үлкейтілген нұсқасын көресіз.

"Ұлттық Медициналық Холдинг" Интернетте қазақ тілін қорлап бітті. Ресми сайттарында масқара жағдай орын алған. Аталған холдингтің ресми сайтында (http://www.nmh.kz/kz) мынадай ұят жағдайлар орын алған:
1) Холдингтің атауы қате жазылған. «Медициналық» сөзінің орнына, өздеріңіз көріп отырғандай, «дәрігерлік» сөзін қолданған. Ал ол сөз холдигтің ресми атауындағы «медициналық» сөзіне сай келмейді.
Әрі қарай

Терроистер де адамға ұқсас қой :)


Әлемде қызық жағдайлар көп. Солардың бірі бүгін оқыған жаңалықтарымның бірі болды. Әйшілі Lacoste фирмасы норвегиялық терроистің аталған фирманың шығаратын киімдерін кигеніне қарсы екен. О заман да бұ заман террористер қандай киім кию керектігін немесе киюге рұқсаттың бар-жоқтығын киімді шығарушы фирмадан (компаниядан) сұраушы ма еді?!

Франциялық фирма террорист Lacoste таңбасы бар киім кию арқылы антижарнама жасайды деп отыр. Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы болған жағдай дерсің.
Әрі қарай

Елеусізов Қазақстанды сегіз облысқа бөлу туралы айтты

Табиғат жанашыры Мэлс Елеусізов Қазақстанды сегіз облысқа бөлу керек дегенді айтады. фото: tengrinews.kz
Елеусізовтың ойынша, 14 облысты 8 облыс етіп қысқарту (біріктіру) әкімшілік басқару, әлеуметтік және экологиялық жағынан өте тиімді болады-мыс.
Әрі қарай

1 орыспен орысша сөйлесетін 1000 қазақ енді орыс тілінің мәртебесін төмендетуді талап етуде

Қазір, Конституциямен бекітілгендей, орыс тілінің мәртебесін алып тастауды талап етіп, президентке хат жолдаған адамдардың көксегендері айналасында елдегі қазақтілді және орыстілді адамдардың арасында пікір қайлықтары туып, қызу талқылауға түсіп жатыр. Есі дұрыс, ақылы бар қазақтілді адам сол орыс тілінің мәртебесін төмендетуді (тіпті алып тастауды) айтып, байбалам салғанша, өзінің және айналасындағы адамдардың ана тілін, яғни қазақ тіліне деген көзқарастарын өзгертпейді ме деймін. Бір орыс немесе орысша сөйлейтін адаммен мың қазақ немесе қазақтілділер жамырап орысша сөйлей жөнеледі. Айналайындар-ау, президентке өтірік мүләйімсіп, «мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырыңыз! Орыс тілінің мәртебесін алып тастаңыз!» деп, қуыскеуде патриот, жалған намысшыл болмай-ақ қоймадыңдар ма.
Әрі қарай

Beeline сауатсыз жазады

Қала көшелерінде жарқырап тұрған Beeline-ның жарнамаларының басым бөлігінде, дәлірек, жарнамалық баннерлердегі қазақ тілінде жазылған сөйлемдерде қателер кездеседі. Солардың бір ғана мысалы ретінде мына суретте көрсетілген жарнамалық баннерді айтуға болады:

Екі сөйлемде үлкен 4 қате, бір жеңіл қате.
Әрі қарай

You are here - Вы находитесь здесь - Сізде бұл жерде болыңыз

Алматы қаласындағы жаңа үлгіде жасалған аялдамаларда ілулі тұрған картадағы тұрған орныңызды көрсететін белгінің тұсындағы жазулар мынадай:
You are here — Вы находитесь здесь — Сізде бұл жерде болыңыз

Аудармасын сәтсіз дегеннен гөрі сауатсыз адамның аудармасы дер едім. Егер аударған адам сауатты болса, бұндай өрескел қателікті жібермес еді.
Әрі қарай

egov.kz: Paint-те жұмыс жасай аламыз

egov.kz Интернет-ресурсының халықтың қолын ұзартып жатқанына қуаныштымын. Үйде отыр-ақ талай істі Интернет арқылы бітіріп тастайтындай мүмкіндік беріп жатыр.

Осы ресурсты жарнамалауға және халықты оның мүмкіншіліктерімен таныстыруға арналған шағын орталықтардың бірі Шымкент қаласындағы МЕГА СОО-да орналасыпты. Жақындап барып ақпараттық кітапшаларына қарадым. Ішіндегі скриншоттары кәдімгі Paint графиктік редакторында (егер редактор болса) жасалыныпты. Суреттердің сапасы өте төмен. Көзі нашар көретіндер көзілдіріктерімен де оңайшылықпен көре қоймастай екен.
Әрі қарай