Жарияланымдар

Елімнің жүрегі

Астана – еліміздің бас қаласы. Елорданы ауыстырғалы, 18 жыл өтті. Біраз уақыт зымырап өтіп, қаланың ішінде қандай өзгерістер орын алды, қандай мәселелер әлі де болса шешілген жоқ... Осы жайттар мен көптеген басқа салалар туралы өзімнің ой-пікірімде тоқталғым келіп тұр.

Өзім 80-жылдардың соңында Целиноград қаласында дүниеге келген едім. Арада 27 жыл өтіп, қала көз алдында өзгеріп те үлгерген екен. Ол кезде әлі де, Совет Одағынан қалған ірі кәсіпорындар баршылық: Ет комбинаты, М.Маметова фабрикасы, Целинсельмаш пен Казахсельмаш зауыттары, Целиноградтық вагон жөндеу зауыты, Целиноградтық шойын қорыту зауыты және көптеген басқа да ірі-ұсақ өндіріс орындары. Атап айтқанда, Солтүстік және Орталық Қазақстан бойынша, ең ірі өндіріс қалаларының бірі болып саналған.

Бидайды және астықты өсіру мен өңдеу саласына, Целиноградқа Совет Одағының көптеген елдерінен жастар ағылып, өздерінің ерең еңбектірінің арқасында қалаға жаңа серпіліс, дем берді. Содан қаланың Целиноград деген атауы пайда болды.

Сонда 80-90 жылдарда және 2000 жылдықтың басында, қаланың ішкі тынысы және инфрақұрылымы, бүгінгі күнмен салыстырғанда әлдеқайда басқа болған еді. Әрине, ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырды салыстыруға да болмайды. Дегенмен, осы уақыт аралығында өмірге деген көзқарастан бөлек, елдегі саяси мен мәдени, әлеуметтік құндылықтар мен халықтың соған ойы өзгерен. Одан бөлек, жылдан-жылға ауа-райының өзгеруі де алаңдатып отыр. Қыс жұмсарып, жаз суықтана бастауы болып тұр.

Енді, бүгінгі күнге жетіп, өткен уақыттан, аманатқа тапсырылған байлықтан қолымызда не қалды?! Тек бейбіт өмір және ашық аспан. Совет Одағы құлдырағаннан кейін, елімізге үлкен дағдарыс келіп, көптеген ірі және ұсақ өндіріс орындары банкротқа ұшырап, жабыла басталды. Ел экономикасында үлкен өзгерістер орын алды. Ұлттық валюта енгізіліп, бірнеше жыл бойы, халық ашаршылық күйзеліске жақын болған еді. Сол уақытта сарабдал саясат арқасында, ел аяққа қайта нық тұрып, жалпы өмір өз қалпына келе бастаған болатын. Кебіреулер сонда ұстанған саясатқа қарсы болып, даттайтын да шығар. Бірақ ескере кететін жайт баршылық, өтіп кеткен істі қайта өзгерте алмайсын. Ал оны қазбалаудын пайдасы жоқ екенің, екінің бірі түсене бермейді. Нәтижесінде, саясатқа терең үңілмей, қаламыздың көкейтесті мәселелерімізге қайта оралсақ.

Жуырда ғана, туған қаламызға 7-ші жаңа әкім тағайындалған болатын. Елімізге танымал, индустрия мен инновацияны басқаруында еңбегі сіңген азамат – А.Исекешев мырза. Елордалықтардың күтетін үміттері орасан зор. Жалпы 6 әкім болған уақыт ішінде, қалаға келген өзгерістер сан алуан. Әрбір келіп-кеткен әкім өзіне тән қасиеттері болып, елордамыздың белгілі бір саласына үлес қосқан еді. Бірақ та кейбір салалар, қалай о бастан бастап, ақсандап жүрді, солай әлі де өкінішке орай ақсандап жүр. Атап айтқанда, жол инфрақұрылымы, кептелістер, тұрғын-үй мәселесі және көптеген басқа да ұсақ-түйек мәселелер. Енді үмітіміз үзілмей, шешілмеген мәселелер бойынша А.Исекешевтен күтетін боламыз. Күтетініміз мәселелерді жай ғана шолып тұрып уақытылы шешу емес, оны түбегейлі қарастырып, себебептерін тауып, нақты механизм іске асырылуы арқасында, мәселені толық жою.

Осы мақаламда, жалпы ғаламтордан жинақтаған туған қаламыздың 4 түрлі кезеңдерден тұратын суреттер жиынтығын, сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырмын.
Блог - Wolf: Елімнің жүрегі

Блог - Wolf: Елімнің жүрегі

Блог - Wolf: Елімнің жүрегі

Блог - Wolf: Елімнің жүрегі

Жалпы 4 кезеңді қарастыра келе, қаламыз қаншалықты өзгергенің және алда қалай өзгеретінің болжамдай аламыз. Әрине, өмір бір орында тұрмауына байланысты, өмір ағысы мен қағысы замаң талабына сай ауысып отырады. Одан ең бастысы, өзіміздің рухани құндылықтарымызды, қазақи дәстүрімізді жоғалтып алмасақ болғаны.

Кейбір мәселелер, қалай нақты өзгеретіні жайлы, қазірдің өзінде белгілі болып тұр. Бірақ толық түсінік алу үшін, алғашқыда қалай басталғаның, өзгеру тарихын қайта қарастырып, сонымен қатар, болашақ жоспарға қысқаша тоқтала кетсек.

Қаланы жоспарлау мен құрылысты жүргізудің бірінші кезегі елорданы ауыстыру кезінде (1997-2000 ж.) басталған, кейін америкалық мамандарды тарту арқылы ұсынылған жоспарға сәйкес жұмыстар тек 1 жыл аясында іске асырылып, үшінші кезек әлемге аты шулы болып, әлемге таңымал болды. Оның себебі, мол атағы мен абыройы бар Кисе Курокава жапон сәулетшісін елордамызға тартып, Астананың 2030 жылға дейін жоспарын сызып қойған еді. Бірақ арада бірнеше жыл өтіп, жапон сәулетшісі өзінің ұжымымен жасаған болжамдары теріс болып шықты. Сол жақ жағалауда, бойы көтеріліп келе жатқан ғимараттар арасындағы тар көшелер мен көліктерді қоятын орындарының болмауы, алғашқы үлкен мәселелерге әкеліп соқтырды. Одан кейін, 2003-2005 ж. аралығында Астана қаласының бас жоспарында ауыспалы кезең орын алды. Бас жоспарға қосымша бірнеше айналмалы жол тораптары мен басқадай көлікке қатысты ғимараттар мен нысандар енгізілген болатын. 2007 ж. Курокава ұсынған жоспар әлдейқайда өзгеріске ұшырап, қайта қаралған болатын. Әсіресе, көлік саласы мен инфрақұрылым көптеген өзгерістерге ұшыраған. Бас жоспардың бесінші кезеңі кезінде «Астанагенплан» мекемесі ат салысып, өз ойларын қосқан болатын. Дегенмен, оның өзі екі рет қайта қарастырылды. Себебі, EXPO халықаралық көрмесі өткізуге мүмкіндік алғаннан кейін, жоспарды қайта өгертуге тура келді.

Соның нәтижесінде, қала бойынша салынып жатқан ғимараттар сан алуан. Әрине, 90 жылдарда салынған үйлердің түстері мен реңдерінен әлдеқайда айырмашылықтары да байқалады. Одан бөлек үйлерді соғу стандарттары бойынша бірқатар өзгерістер орын алған еді. Сонымен қатар, замаңға сай жаңа құрылғылар мен техникалар қолданылады. Ең бастысы үйдің сапасы әлдеқайда жақсарған болатын. Бірақ, ескеретін жайт баршылық. Егер үйді BI Group сияқты алпауыт компания салған болса, онда құрылыстың аяқтау уақыты мен сапасы жағынан уайымдадуың қажеті жоқ. Ал егер де, арзан немесе ешкімге танымал емес кішігірім құрылыс компаниясы салған болса, онда құрылыс аяқтау уақыты мен сапасы жағынан алаңдауға боларлық жайт.

Сүйікті қаламыздың инфрақұрылымы, жолдағы кептелістер, ұзақ уақыт салынып жатқан үйлер сияқты бірқатар ірі мәселелер баршылық. Бірақ, құрметті оқырман, осы жайттарды өзімнің осы мақаламның келесі бөлімдерде бөліп, ажыратып көрсеткен жөн екенің санап отырмын. Онда келесі ІІ бөлімде кездескенше.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман, мақсатымыз айқын, болашағымыз жарқын болғай ағайын!!!
Әрі қарай

Қарағанды - жүрегімнің дүрсілі

Қарағанды қаласына 80 жыл.

Қарағанды қаласы, еліміздің Сарыарқа даласы арқылы жайғасып, Алтай таулары мен Жайық өзенінің аралығының, қақ ортасында орналасқан ғажайып аймақ. Еліміздің адам қоныстануы бойынша ең көп шоғырланған қалалардың бірі деп айтсам қателеспеймін. Тарихы да терең, әрі Қазақстан дамуындағы орны ерекше болып саналады.
Еліміздің ауыр өнеркәсіп саласында алатын орны ерекше. Әлемдегі бірнеше елде ғана қолданылатын, ашық әдіспен алынатын көмір кешендері де осы аймақта. Айтарлықтай артықшылықтары мен жақсы қасиеттері жетерлік.
Шамалы тарихқа үңілсек, сонау 1934 жылы қала қаланып, сол кездегі Совет Одағы үшін көптеген пайдалы қазбаларын және дайын өнімдерін берген еді. Сан алуан, ауыр өнеркәсіпке байланысты зауыттар мен фабрикалар салынып, экономикаға түсіретін пайдасы мол болды деп айтуға болады. Халық саны жылдан жылға өсіп, алдыңғы қатарлы қалалардың қатарына қосыла бастады. Уақыт өте келе, қала көркейіп, өзінің белгілі бір заңдылықтары мен дәстүрлері пайда болды. Өзіне ғана тән мінезі болып, қалаға келген әрбір қонақ үшін өзін белгілі бір жағынан таңытып отырды. Әрине, тарихта болған оқиғалар мен жағдайлар көп деп, білемін, олардың әрқайсысын жеке дара қарастыруға уақыт та жетпес. Дегенмен, аталмыш 80 жылдық мерей тойға байланысты, көптеген тарихи оқиғалар аталып өтетініне сенімдімін.
Негізінен, өзім Астана қаласының тұрғылықты тұрғыны болып саналғанымен, бірақ Қарағанды қаласы, менің жүрегімнің бір бөлігін алып, орны ерекше болып келеді. Бала кездегі өмірімнің, оқушы мен студент болған кездегі белгілі бір бөлігін осы әсем де, қонақжай қаласында өткізген едім. Әрбір келген сәтте, Қарағанды қаласы маған жаңа қырыннан көрініп, сәт сайын өзіне сүйсіндіріп, тек жақсы жақтарын көрсетті деп айта аламын. Әрине, нағыз тымтырыс өмір болғандықтан, кейбір кемшіліктер де байқалған болатын. Бірақ келесі келген сәтте, жақсы қырларын көргеннен кейін барлығы да ұмыттылады.
Менің негізгі айтайын деп отырған ойым, кез келген адам үшін, ыстық, әрі жақын жерлер, мекендер, қалалар болады. Мен үшін, Астанадан бөлек, әрине – Қарағанды. Кейбір азаматтар бұл қаланы сұр, қызықсыз деп санайды, бірақ олардың осы тұжырымдамалары қате деп ойлаймын. Себебі, мүмкін сырт жағынан немесе бірінші көз қарастан солай болар, дегенмен оның ішкі өмірін біліп, дүниесі мен рухын сезсек, жүрегі әрі үлкен, әрі жылы…

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!!!

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер адам жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысым шексіз!
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, діңімізді де, ділімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз. «Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» деген сөз әлемді билейтін де, тербейтін де әйел екенін білдіреді.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
Ерекше төзімді кәдімгі қазақтың Ұлт аналарына деген құрметімді білдіріп, қолымды жүрегімнің тұсына қойып, иіліп тәжім етемін.
Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. Ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.
Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!
Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.
«Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?! Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңізді шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген ақжарылған тілегімді білдіремін.
Әрі қарай

Ана тіліміз үшін күрес немесе көз бояушылық...

Достар, қазіргі таңда елімізде ана тілміздің мәртебесі жоғарлап бара жатқаны әрине сөзсіз. Неше түрлі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып заңдық тұрғыда негізделіп келсе, қаржылық тұрғыда бөлінетін қаражат есебі де ұлғайып келеді.

Барлық мемлекеттік органдарда құжаттама ресми түрде қазақ тілінде болуын үкімет талап етсе, іс жүзінде өкінішке орай әлі ақсап жүрміз. Кейбір құжаттар мемлекеттік тілде жазылғанымен, көпшілігі орыс тілде жазылып, кейін ғана қазақ тіліне аударылып келеді. Ресми ақпараттар, құжат алмасу процесі толығымен мемлекеттік тілге ауысты дегенмен, дэ факто негізінде олай емес.

Теледидардан көрсететін бағдарламалар да әлі де болса толық тұрғыда, сапалы және мағыналы өнім шығара алмай отыр. Негізінен орыс немесе ағылшын тілінен аударылып көшірме жасаумен айналасуда. Таза түп тамыры қазақ тілінде шығарылатын өнімдер өте аз, оның өзі жеткіліксіз, қанағаттарлық сапаға жеткізе алмай жатыр.

Республика көлемінде симпозиум мен дөңгелек үстелдер, семинарлар мен үлкен жиналыстар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереміз деп сылтаулатып өткізіп жатыр. Оған былтырғы жылы 113 млн теңге жұмсалған екен. Бұл жалпы қазақ тілін дамыту үшін бөлінген қаражаттың 23,6% құрап отыр. Одан қандай нәтижеге жетті?! Ешқандай, тек ақшаны ауаға шашқандай болды.

Ономастика мен қазақ тілінде шығарылатын оқулықтар да мәселесі өзекті болып тұр. Оның сапасы мен іске асырылуы алға жылжи алмай жатыр. Көше атаулары қайдағы жоқ шетел азаматтардың атына беріліп жатса, басылып шығарылған оқулықтар мағынасыз.

Осының барлығымен қоса, енді бізге латынға көшу керек болып тұр. Бұл әрине қажетті әрекет деп санаймын. Бірақ түпкілікті қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп, халық арасында,қоғамда сұранысқа ие болмағанша, латынға көшу қиынға соғар. Әрине, «Көш жүре түзілер» дегенмен, біз бар күш-жігерімізді бір жұдырыққа жұмылдырып, бар мәселелерге тойтарыс беруіміз қажет. Өз туған тілімізден желкенбей, достар арасында немесе жанұяда, жұмыста немесе қоғамдық орындарда ұялмай, көкірегімізді көтеріп сөйлеуге тырысуымыз қажет. Егер шала-пұла білсек, кейде қатемен жазып немесе сөйлеп жатсақ, бұл үшін ешкімнен қорықпай емін-еркін ойымызды жеткізе білейік. Осы ұсақ нәрселерден бастасақ, алға жылжуымыз тезірек болатынына сенемін.

Соңғы уақытта өкінішке орай еліміздің зиялы қауым атынан біраз ашық хаттар мен жолдамалар жазылып, басылып келеді. Дегенмен, бұл артық, қажетсіз әрекеттер деп санаймын. Халықты латын бізге керек немесе керек емес деп, іріткі салып, екі жаққа бөлгенше, барлығымыздың басын бір арнаға бұрып, қазақ тілінің дамуы үшін басқалай әрекеттер жасаса пайдасы көбірек болар еді. Жарқын болашағымызға үмітпен қарайық. Қазақ тілі жасасын!!!
Әрі қарай

Қарқыраған аяз салдары – бұл ақыр заман болмаса, онда не?!

2012 жылдың 11-12 желтоқсан күндері еліміздің солтүстік пен шығыс өңірлерін жаппай 35-48 градус шамасындағы аяусыз аяздар кеңеттен басып алды. Көптеген адамдар үсік алып, ауруханаларға жеткізіле бастады. Ауылдық типтес қалашықтар мен кішігірм қалалар соғыс кезіндегі блокада секілді сырттағы өмірден тыс қалды. Трассалар мен қалаға баратын жолдар жабылып, көліктер мұз сияқты қатып, оталу қиындықа түсіп халық алғашқы қауіп қатерліктерге ұшыра бастады. Кейінгі кезекті үлкен қалалар да өз меңшігіне иемденді. ШҚО бойынша Семей мен оның қасындағы кішігірім қалашықтардың әкімшіліктері былтырғы жылдың жіберген қателіктерінен сабақ ала алмай, биыл тағы да халықты тондырып, әлеуметтік қажетіліктерден сырт қалдырды. Канализация, су құбырлары белгілі бір сценарий секілді кезек-кезек жарылып, халықтың жағдайын қиындатып жіберген секілді. Осы уақытта әрбір минут, әрбір сағат өте бағалы болып, жауапты органдар бұл апатарды дереу шешу керек еді. Бірақ өкінішке орай, үйлердің іші мұз басып, кейбір бала-бақшалар мен мектептер, ауруханалар мен халыққа әлеуметтік кызмет көрсететін орындар жұмыстарын тоқтата бастады. Көшелерде адам саны өте санаулы… Қарапайым халық үлкен ойға бөленді. Бұл қиындықтар, өкінішке орай әлі де кейбір жерлерде жалғасын тапты.
Әрі қарай

Өмірімнің ұмытылмас шағы...

Осы өмірде кез келген адамның өзіне ыстық, жақын жері, мекені (ғимарат, мекеме немесе т.с.с) баршылық. Соған сәйкес, көптеген естеліктер ойына түсіп, жүрегі мен жанның бір толғандырып жібереді. Сол жерге адамның сүйіспеншілігі белгілі бір өзінің өмірінің бөлігін өткізуімен сәйкестендіруге болады. Оның жанынан өткен кезде ғажайып бір толқынға түседі. Ол жерде көп уақыт болмаған жағдайда, сағынышқа түсіп, ой-толғауға батады. Кішігірім өзгеріс орын алғынмен, бірден тауып, әрбір ұсақ-ірі жайттар мәңгі есінде қалады. Бұл керемет бір сезім.
Әрі қарай

Г.Головкиннің қанды моншасы немесе алпауыт жұдырықтары

Алдымен Геннадий Головкиннің бокстағы қысқа тарихы, атап айтқанда өмірбаяны жайлы баяндағым келіп тұр.
1982 жылы, еліміздің көмірлі, кеңді астанасы – Қарағанды қаласында дүниеге келген. Жалпы бұл қаланың бокс мектебі сонау советттер кезеңінен бастап, мықты болып саналады. Елімізге талай мықты боксшыларды тәрбиелеп, қазақ батырларын әлемге паш етті. Соның бірі – Геннадий Головкин.
2003 жыл Әлем Чемпионы, 2004 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген бокс шебері, 7-дүркін ел Чемпионы. Сонымен қатар, өзге де халықаралық сайыстардың жеңімпазы мен чемпионы. Атап айтқанда, жастар арасындағы 2000 жылы Әлем Чемпионы, Қ.Р-ғы алғашқы І Спартакиаданың чемпионы, 2001 жылы мұңайлы мемлекеттер арасындағы Әлем Кубогының иегері, ІІІ Шығыс-Азиялық ойындардың чемпионы. Сонымен қатар, тізімдеп жетістіктерін жаза берсем, өте көп. Бұл менің ойымша ең негізгілері деп санаймын. 2006 жылдан бастап кәсіпқой боксқа өтеді.
Әрі қарай

Өлімге билет не, замаң талабы?!


Жалпы әлемде әуе көліктерін ойлап табуы, үлкен ғылыми прогресстің нәтижесі деп сөзсіз есептеуге болады. Адамның бір жерден екінші жерге тез мезетте жетуі өте ыңғайлы. Егер шұғыл шаруалар бола қойған жағдайда немесе алыс қашықтықты, уақытты үнемдеу үшін адам баласы осы көлік түріне жүгінеді екен. Оның әлемдегі түрлерінің сан алуандығы басты айналдыратыны түсінкті. Тік ұшақ та, ұшақтың көптеген басқа да түрлері баршылық… Адам баласы оны ойлап тауып қана қоймай, қауіпсіздігі жайлы да біраз ойланып жылдан-жылға жетілдіру әрекеттерін ендіруде. Дегенмен апта, ай сайын, кейде үлкен өкінішке орай күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен әуе көліктің апатқа ұшырауы туралы қайғылы хабарлар келуде. Біздің еліміз бұл қайғылы оқиғалардан шетте қалған жоқ.

Енді құрметті оқырмандар сіздердің назарларыңызға қазақстандық әуе көліктермен, не Қазақстан жерінде болған апаттарға қысқаша шолу өткізсем.
Әрі қарай

Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтарға сұраныс

ХХI — ғасыр адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.

Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда, ол маман немен шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде «орын әзірлеп» жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:
Әрі қарай