Таңдаулы

Акушер-гинеколог Гүлбану Құсайынова: «Вумбилдинг – әйел денсаулығының кепілі»

«Вумбилдинг» терминін ең алғаш тұрмысқа шығып, жас босанған құрбымның аузынан естіген болатынмын. Тіпті ол әлдебір әйелдің қынабымен ауыр темірді қысып көтеріп тұрған видео сілтемесімен бөліскенде, «сонша зерттеп, соңына түсетіндей не көрінді екен оған?» деп қалғаным рас. Босанған соң әйелдерде не түрлі мәселелер пайда болатынын мен қайдан білейін. Мәселенің төркіні жай «извращенский» қызығушылықта емес екендігін акушер-гинеколог маманмен сұхбаттасқан соң ғана түсіндім.



Вумбилдинг (орысш. ВУМ (Вагинальные Управляемые Мышцы) – «басқарылатын қынап бұлшықеттері», ағылш. building – «құру, жасау, дамыту») терминін ең алғаш енгізген В.Л. Муранивский деген орыс. Атауы айтып тұрғандай, вумбилдинг – жыныстық қатынас кезінде аталмыш бұлшықеттерді басқару дағдыларын меңгеру.



Муранивскийдің мұндай фитнес түрінің негізін қалауға ең алғаш рет өзінің қынап бұлшықеттері табиғатынан ерекше дамыған шығыс әйелін кездестіруі себеп болған екен. Әлгі қасиетінің арқасында ол әйелге онсыз да көп адам құмар болғандықтан қарым-қатынастары ұзақ болмапты. Ресейге келген соң, Муранивский бұл туралы көп ойланып, ол бұлшықеттерді жаттығу арқылы да дамытуға болады деген қорытындыға келген. Осылайша жаттығу методикасын және түрлі тренажерларды ойлап тапқан. Қазір тіпті аты дардай «В.Л. Муранивский атындағы Ресей вумбилдинг федерациясы» да бар. Федерация түрлі тренингтер өткізіп, вумбилдинг инструкторларын дайындайды және оларға сертификат береді.

Алғашында тек секс сапасын жақсартуға бағытталған фитнес түрі қазір медицинамен байланыстырылып, «көптеген сырқаттардың алдын алуға көмектеседі» деген тұжырымды қалыптастырып келеді. Федерацияда тренингтен өткен вумбилдинг инструкторларының бірі, осы салада жүрген жалғыз қазақстандық акушер-гинеколог Құсайынова Гүлбану Жоламанқызы осындай пікірде. Ол №2 босану үйінде алғашқы болып осы вумбилдинг негізінде «Босанудан кейінгі сауықтыру» бағдарламасын бастады. Ендігі сөз кезегі – заманауи дәрігерде.

«Босанған әр әйел вумфитнеспен айналысу керек»

«Бізде босанған әйелдің денсаулығымен, оның босанудан кейінгі реабилитациясымен ешкім еш жерде айналыспайды. Біздің медицинада ең бастысы – әйелді айы-күні толғанға дейін бақылап, аман-есен босандырып алу ғана. Ал босанғаннан кейін әйелде шыжың, көтеу тәрізді сырқаттар мен қынап қабырғасының төмен түсуі, қынаптың кеңеюі сынды мәселелер пайда болуы мүмкін. Әйелдер босанған соң осындай түрлі қиындықтармен жалғыз қалады.

Көптеген әйелдер оргазмды онсыз да сезінбейді, ал босанған соң тіпті сезімталдығы жоғалып кетеді. Қынап жолы кеңейгеннен секс сапасының нашарлауы екібастан. Ал бұл еркектердің әйелдеріне деген құштарлығы жойылып, көзге шөп салуға әкеліп соғады. Осылайша ажырасу көбейеді. Әйелдер бұл мәселе турасында ешкіммен кеңесе алмайды, ары кетсе акушер-гинекологынан сұрайды. Олар өз кезегінде «енді ондай-ондай болады, туған балаң ірі болды ғой» деп жұбатып, ең аяғы хирургиялық тәсілмен қынап каналын тарылтуды ұсынуы мүмкін. Ал мен келіншектерге босанған соң ешқандай хирургиялық тәсілді қолданбай-ақ жыныс бұлшықеттерін қалпына келтіруге болатындығын айтып отырамын. Ең құрығанда вумфитнеспен айналысу бастапқы қиындықтарды жояды.»

«Вумбилдинг дегеніміз...»

ОҒМ жазбалары: Акушер-гинеколог Гүлбану Құсайынова: «Вумбилдинг – әйел денсаулығының кепілі»«Вумфитнес – вумбилдингтің алғашқы сатысы болып табылады. Оған Никитина автономды жаттығу құрылғысымен Кегель жаттығуларын жасау жатады. Яғни Кегель жаттығулары жыныс бұлшықеттерін жай жиыру болса, бұл – құрылғымен жиыру, яғни бұлшықетке қосымша күш түсіру. Бұл жаттығулар зәр жіберіп қою, көтеу тәріздес ауруларды емдеп, қынап қуысын тарылтады.

Вумфитнес сатысынан соң әйел өз еркімен келесі Муранивский пневматикалық жаттығу құрылғысына көше алады. Ол құрылғының бұлшықетті жиыру күшін көрсетіп тұратын манометрі бар, және алдыңғы Никитина құрылғысы тек қынаптың төменгі бұлшықеттерін жаттықтыруға арналса, бұл қынаптың барлық бұлшықеттерін күшейтуге арналған және секс сапасын жақсартады.

Осы құрылғымен жоғары нәтижелерге жеткен соң, металдан жасалған Никитина жүк жаттығу құрылғысына көшуге болады. Бірақ жатыр мойны төмен түскен әйелдерге бұл құрылғымен жаттығуға болмайды. Одан ары қарай тағы элиталы секске жаттықтыратын құрылғылар бар. Олар туралы үйренгісі келген адамдар біле жатар...»

«Перзентханада топтық тренинг бастадым»

«Негізінен жаттығуларым индивидуалды болып келеді, неліктен екені түсінікті шығар. Бірақ екінші перзентханадан топтық «босанудан кейінгі сауықтыру» бағдарламасын бастап жатырмын. Бұл еліміздегі осы бағыттағы ең алғашқы және жалғыз бастама. Ол жерде ең алдымен тренажерсыз қарапайым Кегель жаттығуларын үйретемін. Босанған әйелдер жаттығуға жиі келе алмайды, сәбилерінің қасынан шыға алмайды. Сондықтан оларға Кегель жаттығуының әліпбиін 2 сабақта үйретіп жіберуге тырысамын. Ал вумбилдингпен тереңірек айналысқысы келгендер кейін жеке сабақтарға жазыла алады. Себебі тренажер бағалары да арзан емес. Бір ғана автономды жаттығу құрылғысы 40 мың теңге тұрады. »

«Қазақ әйелдері жаттығуға жасырынып келеді»

«Вумбилдингтегі негізгі контингентім – өзім босандырған 25-40 жас аралығындағы келіншектер. Оның ішінде қазақ қыз-келіншектері көп. Яғни оларға босанған соң шыжың, геморрой сынды ауруларды емдеу үшін және қынаптың кеңейюі, қынап қабырғаларының төмен түсуі секілді мәселелерді жою үшін жыныс бұлшықеттерін қатайтып, тартып, қалпына келтіруге көмектесемін.

Одан бөлек естігендер тренингтерге жазылып жатады. Олардың жеке өмірі, мамандықтарын білмеймін және ол маған қызық та емес. Өздері де айта бермейді, себебі менталитетке сай болмағасын ұялады. Тіпті бір әйел маған сегіз ай бойы жалған есіммен келіп жүріпті. Кейін шынын айтқанда мен ренжіген де жоқпын.»

«Вумбилдинг босанбаған әйелдерге де пайдалы»

«Вумбилдингпен айналысу әйелдердің болашақта жеңіл босануына септігін тигізеді. Сонымен қатар көптеген әйелдерде жыныстық қатынас кезінде ауыру, дискомфорт сезімдері, қуық немесе тік ішекке қысым болады. Соның әсерінен өмір бойы жыныстық қатынастан ләззат алмай өтеді. Осындай сұрақтармен келетіндер көп. Ал мұның бәрі жыныс бұлшықеттерінің әлсіздігінен. Вумбилдинг жыныс бұлшықеттеріне түсетін қысымға қарсылық көрсетуге дағдыландырады. Тағы бірде «вагинизмге» ұшыраған жас келіншек келді. «Вагинизм» — алғашқы жыныстық қатынас тым ауыр тигеннен жатыр-қынап бұлшықеттерінің жиырылып қалып, еркектің мүшесін кіргізбей қоюы. Оның бір жағынан психологиялық факторлары да бар, дегенмен физиологиялық тұрғыдан да емдеу керек. Оған да вумбилдинг көмекке келді.»



«Вумбилдинг – ең алдымен әйелдің денсаулығы, содан соң ғана ерлі-зайыптылар арасындағы гармония» дейді еңбек өтілі 14 жыл құрайтын акушер-гинеколог. Тренингтердің түрлері және олардың бағасы туралы Гүлбану Құсайынованың жеке блогынан біле аласыз.

Фото сұхбат берушінің жеке мұрағатынан

Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабы

Жас отбасылар үшін баспаналы болудың екі танымал жолы бар: жер алып, қала сыртынан өз күшіңмен үй салу немесе ипотекаға қала ішінен пәтер алу. Біз екіншісін таңдадық.

Дайын пәтерді ала салып, уақытында ипотекасын төлеп жайбарақат күн кешемін десеңіз — қателесесіз. Әлде бұл тек менің басымнан өткен жағдай ма? Сонымен, баспаналы болғанда атқарылған істер мен кеткен шығындардың есеп-қисабын бастан-аяқ баяндап бергім келіп отыр. Біреу-міреуге пайдасы тиіп қалар.

Пәтер іздеудің машақаты мен ойлағаннан көп болып шықты. Пәтер табылады, оның жарияланған құны бағалаушы компанияның ұсынған құнымен сәйкеспей қалуы мүмкін.

Мысалы, пәтер 50 мың АҚШ доллары тұрады делік. Сіз үйдің құжаттарының көшірмесін иесінен сұрап алып, банк ұсынған бағалаушы компанияға барасыз. Ол жерден бағалаушы маманды ілестіріп шығып, пәтерге алып барасыз. Ол пәтерді суретке түсіріп, құжаттарын алып, 1-2 күнде нақты бағасын қойып береді. Олардың өздерінің есептеу формуласы бар (үйдің орналасуы, үйдің сыртқы ахуалы, салынған жылы, пәтердің жалпы ауданы, т.б. критерийлер есепке алынады). Бағалаушы үйді жарияланған құнынан 2-3 мың долларға артық, не кем бағалауы мүмкін. Кем түссе — пәтердің иесі келіспейді, артық шықса — сіздің қалтаңызға үлкен салмақ.
Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабы
Бұл жерде ескере кетерлік тағы бір нәрсе бар: бастапқы жарна. Банк сізге үйдің толық сомасын бермейді, 85-90 пайызын ғана төлей алады. Сондықтан сіздің қолыңызды үйдің жалпы бағасының 10-15 пайызын құрайтын сома болуы керек.

Есте болсын: Бағалаушы пәтердің интерьерлік жағдайын есепке алмайды. Сондықтан, еурожөндеуден өткен, студиясы бар, итальяндық қымбат бояу жағылған, жиһазы жалпы бағаның ішіне кіреді, терезесі суперпластик, шкафтың ішінде жер сілкінісінен қорғайтын бункері бар дегендей критерийлер назардан тыс қалады.


Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабыПәтер сатылымға шыққан кездегі суреттер

Менің жағдайымда, 1 бөлмелі, жалпы ауданы 33 шаршы метрлік пәтер 62 мың долларға сатылды, бұл 2014 жылғы шілде кезіндегі бағаммен есептегенде 11 400 000 теңге шамасында еді. Бағалаушы жігітті пәтер көрсетуге алып бара жатып әңгімеге тартып, жағдайды түсіндіріп, қорытынды бағаны қожайын сұраған бағамен бірдей етуге келістірдім (солай да істеуге болады ). Кейін алғыс ретінде 1 қорап кәмпиті мен конъягын, немесе торт алып ұстатып жіберуге болады (шамамен 2 мың теңгеге шығындаласыз).
Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабы

Қорытынды шыққаннан кейін, үйдің иесін шақырып, банктте келісімшарт жасастық: біз өзіміздегі алғашқы жарнаны ұстатамыз (1 миллион 140 мың теңге). Қалған 10 миллион 200 мың теңгеден астамын банк 1 апта ішінде аударады.

Сол банктың ішіндегі нотариуста сату-сатып алу келісімшарты, пәтерді банктің есебіне кепілге қою туралы келісімшарт жасалады. Жалпы осы заңгердің қызметтері 30-40 мың теңгеге шығады.

Есте болсын: Пәтерді өз атыңа аудару да машақатты тірлік. Мекемелерге жүгіруден ерінсеңіз, жұмыстан босау қиын болса, банктың нотариусымен қоштаспай тұрып, осы шаруаны шешіп беруін сұраңыз. Пәтерді атаққа қою, т.б. жеке шаруаларды банк нотариусы 4-5 мың теңге ақыға өзі істеп береді.
Міне, 1-2 апта ішінде көптен күткен пәтерді алдыңыз, құжаттарыңыз рәсімделген. Енді баспанаңыздың ішкі жай-күйін реттеу күтіп тұрады. Үйді құрылысы жаңа аяқталған кешеннен алсаңыз — онда бұл мәселе сізді айналып өтуі мүмкін. Бірақ бұрын пайдаланылған пәтерге ие болсаңыз бәрібір бір нәрсесіне өзгерту енгізу қажет болады.

Алдымен көнере бастаған унитаз бен ваннаны жаңалау қажет деп шештік. Түбі ауыстыру қажет болады, әзірге құлшыныс барда істеп алуды жөн санадық.
Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабы
Жаңа унитазға 25 мың теңге шамасында, душ кабинасына 100 мың теңге шамасында (орнатуымен қоса алғанда) қаржы жұмсалды.Бұл жерде ваннаның босаған орнына кафель төсеу, қысқа құбырды ұзарту, унитаздың жалғанған жерлерін бітеу үшін кеткен бірнеше килограмм силиконды есепке қосқан жоқпын.

Есте болсын: Егер сіз жас отбасы болсаңыз, бұл сіздің алғашқы пәтеріңіз болса — жөндеуді қажет ететін жерлерін бірден жасап алған дұрыс. Кейін әбден орнығып алғаннан соң көзіңіз үйреніп, әне-міне деп жүріп ұмыт болуы мүмкін.

Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабы
Сыртқы есіктің қасында қабырға-шкаф бар екен. Есіктері Кеңестік дәуірден бері ауыстырылмаған, тозығы жете бастапты. Заманауи бірдеңемен ауыстыру керек болды. Ең дұрысы — ысырмалы айна деп шештік. Қажетті материалға, жұмысымен қоса есептегенде 45 мың теңге көлемінде жұмсалды.

Жаңа пәтерге көшкенге дейін бізде жиһаз да, тұрмыстық техника да болмапты. Қоныстанғаннан кейін осылардың бәріне қажеттілік туындады.
Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабыДиван-тахта 66 мыңға, шкаф 40 мыңға шықты.

Әйелімнің арманы — сұр түсті кір жуғыш машина еді, оны да дер кезінде алып қалуды жөн санадық. Шаңсорғышсыз да өмір қиын екен.
Блог - patick: Блогиада #21. Баспаналы болудың есеп-қисабы
Кір жуғыш машина 85 мың, ал шаңсорғыш 19 мың теңге шамасында болды.

Сізден бұрын, есебін көріп өзім шошып кеттім. Анамша айтсам, бастапқы жарнасымен қоса есептегенде 1 айдың ішінде 1 миллион жарымның «артына су құйыппыз». Осы материал арқылы айтқым келгені: ипотека алуға бекінсеңіз, басқапқы жарнадан бөлек қосымша қорыңыз тағы болсын. Бұл математика тақырыбына қаншалықты жақын екенін білмедім, «Блогиада» дәуіріндегі соңғы жазбамның жоғары баға үшін емес, оқырманға көбірек пайдасы болғанын қаладым.

Толықтыру:Төменде ай сайынғы төлеміне, қай банктан алғаныма қызығып жатқандар бар екен: Ай сайын 137 мың төлеймін, 15 жылға, Сбербанктың «Молодая семья» бағдарламасы.
Әрі қарай

Жақсылыққа жарыған жұрт немесе Сыр бойына сапар туралы бір үзік сыр.

… Алып ұшақ ақ бұлттарға соғылып, дірілдеп, қалтырап жерге жақындады… Оймақтай терезеден тысқа үңілгенде алғаш көзге ілінгені сұп сұрғылт дала… Салған жерден ыстық тартқаны, Маңғыстауға ұқсастығынан деп түйдім. Ақтауға төбеден төнгенде жанарыңды еріксіз алып қашып, лықылдап Каспий жатар ды… Мұнда да таспадай тартылып, ирелең қаққан су көрінді. Бұл Сырдария екен. Қарсы ал, бізді Қызылорда!
Блог - aza: Жақсылыққа жарыған жұрт немесе Сыр бойына сапар туралы бір үзік сыр.
Әрі қарай

Инвестиция

ИНВЕСТИЦИЯ
… Махаббат пен адамгершілікті мадақтайтын, жеңіл әзілге құрылған сырлы картина секілді зу ете түсіпті.
Әрі қарай

Жаңа жылды даттау дәстүрі

«Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын.

Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан және кейіннен шыққан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Солардың бірі «Жаңа жылды даттау» дәстүріне жеке тоқтала кетсек.

«Жаңа жылды даттау» дәстүрі — желтоқсан айының орта шамасында республиканың барлық аймағында басталатын сарабдал салттарымыздың бірі. Әлеуметтік желілерде «Мен Жаңа жылды тойламаймын» деп жазылатын статустар кейін газет және сайт беттерінде мақала ретінде жайылады. Мақала жазу мүмкіндігі жоқ адамдар 7 сайтқа 7 пікір жазады. Әдетте өзін сыйлайтын әр сайт және газет желтоқсан айының ортасынан аяғына дейін осы дәстүрді берік ұстанып, Жаңа жылды Иса пайғамбар және Рождествомен тығыз байланыстыра отырып, көлемді мақала қылып ұсынады. Фантазия және мүмкіндігі шектеулілер өткен жылғы шығарғандарын қайтадан да шығара алады. Мереке желтоқсан айының аяғында айлықпен бірге берілетін Жаңа жыл сыйақысымен жалғасып, 31 желтоқсан күні ағайын-тума, достарды Жаңа жылмен құттықтап, отбасы мүшелерімен бірге теледидардан концерт көрумен аяқталады.
Әрі қарай

Күнделіктегі суреттер

Кеше бөлмемді жинап жүріп бұрыңғы күнделіктерімді тауып алдым. Негізі екінші сыныптан бастап күнделік жүргізеді екенмін. Сол әдетті тек сегізінші сыныптың ортасында бірақ қойдым ғой. Ол жақсы ма, әлде жаман ба білмеймін…

Суреттер сөйлейді: Күнделіктегі суреттер

Оқып отырсам қызық! Әлемге PINK көзілдірікпен қарағанмын ба, әлде кішкентай баланың көзі көрген нәрселерді жаза бергенмін ба?! Түсініксіз… Бірақ қазір күнде көргенінді, білгенінді, сезгенінді, әрбір жаңа күннен алған
Әрі қарай

"Антоним" мақалдар

  • TOP
Мен көп жағдайда, жаманға дайын болып жүремін. Шаруаның оң аяқталатынына көзім жетіп тұрса да, аяғына дейін анық белгілі болмайынша жеңісті тойламаймын)))
Бірде жұмыс бойынша мәселелер легін ақтарып, қара аспанды төндіре жөнелгенімде, әріптесім «жақсы сөз айту керек, жақсы сөз — жарым ырыс деген» деп ренжігенде, мен: «мен жаман айтпай, жақсы жоқ деген пессимистердің мақалын ұстанам» деп құтылып кеткенім бар етін)))
Шыны керек, қазағымда бір-біріне қарама-қайшы небір мақалдар бар. Әркім өз керегін пайдалана береді. Білгендеріңізбен бөлісе отырыңыздар, ағайын!