Жарияланымдар

Шығыс/Араб стиліндегі пати болады

бір әріптесіміздің қоштасу кеші болатын еді. араб/шығыс стилінде жасайын деп жатыр. соған образ таба алмай отырмын. мүмкін сіздерден бір кеңес болып қалар? айтыңыздаршы, қалай киініп барсам екен?
Әрі қарай

Қазақша мультфильм

Жұмыстағы әріптесім осы мультикті көріңдерші, балаларым қызығып көреді деп көрсеткен еді. Қазір ұялы телефондарда кеңінен таралып жатыр екен. Мүмкін сіздердің балаларыңыз, іні-қарындастарыңыз көрмеген шығар. Көріп, бағалай жүрейік

Әрі қарай

Шахерезада шаһары

Иорданиядағы қатты әсер алған жерлерімнің бірі болды. Мені, тіпті, адамдардың бәрін таң қалдыратын сол елдегі Петра қаласы да, Джераш қаласы дәл осылай таң қалдыра алмаған. Иорданиядағы Өлі теңіз жағалауындағы осы отель қалашығында өзімді «1001 түн» ертегі әлеміне кіріп кеткен дарынсыз оператордай сезіндім ғой… ))
Бер жағы
Әрі қарай

Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелік

Алған әсерлер шексіз десем артық айтпаған болармын. Мүлдем басқа мәдениет, мүлдем басқа менталитет… Амман деген астаналарына келдім, 4-5 қаласында болдым.
Блог - Tyulpan: Джордан Корольдігі туралы қызықтар немесе сапардан естелік
Танысу
Үйге кірсем, бәрі қаздай тізіліп, орындарынан тұрып қарсы алды. Баттасып боянған және ірі денелі болғандықтан ба, қара хиджабта кексе тартқан 3-4 әйел-ау деп ойлағаным жас қыздар болып шықты. Мамасын солардың ең үлкен әпкесі деп ойлаппын. Сонымен, аттарын айтып, біздегі Шымкенттің қыз-әйелдерінің амандасуы сияқты қолдарын беріп амандасып, танысып болдық. «Жасмин» дегеннің «Ясмин» деп өзгертілгені болғандықтан содан басқа бірде-бір ат есімде қалсашы. ))) Сол және тағы басқа қосылған аттарды бірнеше күн бойы «анандай киген қыз, мынандай істеген ұл» деп, шартты бірдеңелермен ұқсастырып айтып жүріп, жаттап, үйрендім-ау, әйтеуір. Қыз-келіншектердің аттары: Абрар, Тамадор (біразға дейін «Тамагор» деп жүрдім)))), Мәляк (оны «Мелек» деп), Ду'әa, Баә'на, Эфнәа'қ, Зеена, Ясмин, Әридж, Сузанна, Ханейн… Ер адамдардың аттары: Омар, Махер, Әнас, Шәди, Тарик…
Иорданияда монғолоидтық түрлер сирек кездеседі, яғни, келушілер аз. Содан көшеде бәәәәрі саған тесіліп қарайды және «Хай!», «Халло!», «Уэлкам ту Джордан!», «Ар ю Кореан?», «Ар ю Малейжан?» деген сияқтыларды айтып ер адамдары айқайлайды. Бұл өзі бір қызық сезім болды: біздің елде жүрген африка, афро-американдықтардың күйін бір жақсылап түсінгендей болдым...))
Әрі қарай

ФУЭТЕ, ПАЧКА, ПУАНТТАР...

/Қысқаша шолу/

Би – өмірдің мәні. Ол қаншалықты күрделі болғанымен, соншалықты әдемі. Биді меңгеру үшін оған толық берілуің қажет.
Жалпы, кез келген би түрін және оның бағытын үйреніп алуға болады. Барлық бидің бастауы біреу ғана. Ол – хореография, яғни, би үйренуде күрделі шеберлік — хореграфияның негізгі әдістері мен ережелерін білген орынды. Бұндай күрделі хореографиямен айналысқанда мертігудің жиі кездесетініне қарамастан, бүкіл әлем бойынша балет өнері өз әйгілілігін сақтап қалуда.
Әрі қарай

блиц-сұхбат: Madikon

Қымбатты дүниенің төрт бұрышынан жиналған қазақтар және қазақ еместер!
Бәріміз таныс болайық. Керекинфоның жаңа қолданушыларының бірі, болашағынан көп үміт күттіретін Мадикон ханымды қарсы алайық  Мадикон ханым, сізбен танысқаныма қуанышты болдым. Сөз өзіңізде.



Қала: — Астана
Сала: — Аудармашы мамандығының 3-курсында оқимын. Бірақ болашақта инвестор боламын.

— КерекИнфоға қалай келдің?
— Мен көптен қазақ сайттарына кірмей кеткем. Бір күні әдеттегідей фэйсбукте отырып, керекинфода жарияланған бір мақаланың фэйсбукке қойылған сілтемесін көрдім. Сайтқа бір кіргеннен ұнап кетті, солай керекинфоның бір белсенді мүшесі болуға шешім қабылдадым. Алғаш "қош келдім" деген бір сөз арқылы мындағы адамдардың қалай қабылдайтынын байқамақ болдым.Солай көп адам "қош келдің" дегенде керемет орта екеніне көзім жетті.

— КерекИнфода не ұнайды, не ұнамайды?
— Келгеніме аз уақыт болғандықтан ештеңе деп айта алмаймын. Әрбір жазылған мақаладан өзіме пайдалы ақпарат алуға тырысамын. Пайдалы ақпараттар көп болса деймін.

— 2012 жыл сен үшін қалай өтті, өз өміріңдегі басты оқиғасы не?
— Ойланып отырсам үлкен оқиға болмаған сияқты. Бірақ алдынғы жылға қарағанда біраз өзгерген сияқтымын. Өзіме үлкен жауапкершілік алып,өмірімді өзгерту үшін қолымнан келгенін жасадым. Көп сабақ алдым.

— 2012 жылы КерекИнфода қатты ұнаған тақырып?
— Меніңше мында жарияланған әрбір тақырыптың өз ерекшелігі бар. Әрбір мақала адамдардың жүрегін сала отырып жазғаны ғой.
Әрі қарай

Кел, билейік! Бачата.

Би...Өзінің тәнін басқара білу – өнердің өнері. Қарап отырсаңыз биде фонограмма жоқ. Қанша қиын болса да, перденің артында дайындалған бишілер әлдебір жарақат, травма алғандарына қарамай, сахнаға үнемі күліп шығады немесе образға сай эмоция көрсете біледі.
Би… Денсаулыққа өте пайдалы. Спорттың бір түрі десе де болады. Би терапиясы арқылы құрысып қалған бұлшық еттерді жұмыс істетіп, іштегі жиналып қалған негативті шығаруға болады. Күйзелістен арылтады. Мүсінің сымбаттала түседі. Жастық қалпыңыздың ұзақ сақталып қалуын қамтамасыз етеді. Қан айналымы дұрысталып, табиғи коллагеннің бөлінуіне әсері зор. Тоңғақтарға: қан циркуляциясы дұрыс болса — тоңбайсыз. Тіпті, сұлулық салондарына бармай-ақ, ажарлана түсетініңіз сөзсіз. Жүрек-қан тамырлары және демалу жүйесінің жұмыстары жақсарып, иммунитет те көтеріледі. Күз мезгілінде, күн суытқан кезде, күннің көзі, сәулесі аз бола түскен сайын көп адамдарда санадан тыс депрессия пайда болады. Бимен айналысу соның бәріне ем…
Қазір көптеген би түрлерін әр түрлі спорт кешендерінде, мектеп, университет залдарында үйренуге болатынын өзіңіз де білесіз. Зумба, сальса, мықын биі – белли-данс, хип-хоп, стриптиз, тіпті, ересектерге арналған балет дейсіз бе, кез келгенін инструктор тауып алып үйренуге болады. Кез келген биді кез келген жаста меңгеріп кетуге болады. Тек ерінбесең және ниетің болса болғаны. «Уақыт жоқ», «сүйегім қатып кеткен» дегеннің бәрі жай сылтау. «Қаласаң – қар да жанады» деген бар ғой...
Бүгінгі әңгіме бачата биі туралы. Бачата – әдемі, нәзік, сезімтал және аздаған мұңы бар би түрі Доминикан Республикасында кедей әлеуметтік ортада дүниеге келген екен. Бір кездері Рафаэль Молина деген диктатор осы елді басқарып тұрғанда, елде қиын жағдай орын алады. Міне, сол кезде бачата билеу арқылы халық өз мұңын шығарған деседі. Барлық қиындықтарға мұңайған үстіне мұңаймай, сезімдерін, іштегі шерін осы бачата құштарлық биін билеу арқылы шығарып отырған. Үйрену оңай. Сәттілік!

www.youtube.com/watch?v=2cehkSxOLNA

ал, мына ән менен тарту ретінде. Тек тыңдамай, бачата билей отырыңыз: www.youtube.com/watch?v=HRWsGSx2N7Y&feature=related
Әрі қарай