Жарияланымдар

Құттықтаймыз!

Уа, жамағат!
Бүгін сайтымыздың аруы — Саммита ханымның туылған күні!  Сұлу Көкшенің сүйкімді қызына бүгінгі туылған күнінде айтар тілектеріміз көп-ақ!
Саммита ханым, сізге мол денсаулық, ұзааақ ғұмыр тілейміз. Отбасыңызды береке мен ырыс-құт мекен етсін! Жазарыңыз көбейсін! Жұмысыңызда табыс болсын!
Ал, керекшілер, тост сендерде!
Әрі қарай

Қоқанға қарсы шапқан ғылым докторы...

Таңертең ерте келдім жұмысқа. Әдеттегі әдетімнен тыс ерте келуімнің себебі де бар — мектеп жасындағы қарындасымның үй тапсырмасына көмектесші, интернеттен мәлімет әкеліп берші деген өтініші. Гугл шешей аман болсын,
Әрі қарай

Көрер қызық көбеюде...

Кеше дейм да, әдеттегідей «Жұлдыздар фабрикасын» көріп бітіріп, өзге каналдарда не болып жатыр екен деп, ақтрып отырсам, "Қазақстанда" кастинг сияқты бірдеме болып жатыр. Ух тыы дедім. (негізі өзімнің осындай ән жарыстар, конкурс, фестиваль десе бір иығым бұрып тұратын.) Қызық көрінді. Төрге Нұрлан Албан, Меруерт Түсіпбаева, сосын бір түрікті (Бурак Кут екенін кейін білдім) отырғызып қойып, әнші болам дегендерден сынақ алдырып жатыр екен. Бір уақытта конкурсанттар сыртқа беттегенде олардан қзақша-түрікше сұхбат алып жатыр екен, бұл не деп қоям. Соңына дейін көрдім сосын. Алайда толық не екенін онша түсіне алмадым. Содан қазір жұмысқа келе салып, бұл нендей жоба болды екен деп іздеп көріп ем, біраз мәлімет алдым.
Әрі қарай

Көктөбенің "көкесі"...

Уа, жамағат!

Жақсы демалыс – жұқарған жүйкені жұбататын нәрсе екенін күннен күнге сезінудемін. Ыстанбұл, Бурса, Кония сапарларынан кейін Антальяда да пешенемізге жазылған қызықты көретін күнімізге тәубе дестік.
Әрі қарай

«Ұлытауға бардың ба?..» немесе Фергюсон ізімен...)

Уа, жамағат!

«Ұлытауға бардың ба,ұлар етін жедің бе?» — деген бізде халық арасында сөз бар еді. Ұлытауға Алекс көке Фергюсонның не қатысы бар деп отырған шығарсыз, бағытымен баяндайын…
Әлқисса. Ыстамбұлда болғанымды білдіріп, шатып-пұтып пост ілген ем, сол күнннің кешінде көршілес Бурса қаласына бағыт алып, автобуспен шығып кеттік. Ыстанбұл-Бурса арасы 5-6 сағаттық жол екен, сол үшін де мұнда екі арада автобустар зырылдап ағып жатыр, ағып жатыр. Іңір тарта жолға шыққан біздің автобус таң қылаң бере Бурсадан бір-ақ шықты!
Әрі қарай

«Қытай болдым, мінекей...» һәм Анадолыға алғашқы адым (фотобаян)

Уа, жамағат!

Халдарыңыз қалай?

Өмірінде өз өлкесінен тысқары шығып көрмеген біз пенденің де пешенесіне түріктің топырағын басу бұйырыпты. Керектік белсенді қолданушы һәм «Түркияның атақты әртісі» Ғалия ханымға мың и бір алғысымды айтып қойсам. Ыстамбұлдағы 2,5күннің ішінде ол апам көрмегенді көрсетті(нақ мағынасында) және и нтернет таба алмай жүргенімде өзі де қалам тербеп үлгеріпті.
Әрі қарай

Жадымдағы жалғыз сурет:)))

Уа, жамағат!

… неге екенін білмеймін, мен туылғанда фотоаппарт атаулы құрып қалған ба, жоқ, түсіруге ерінген бе, жоқ әлде жоғалтып алған ба, ощым балалықтан ескерткіш болған 5-6-ақ суретім бар екен. Ал, компьютер құрғырдың жадында мына жалғыз
Әрі қарай

Эстафета: "Бағдаршам" һәм "Дениз бақыты" . Поторепартаж:))))

Уа, жамағат!!!
Түнеукүні Нұрғиса ағам салып берген эстафеталық сара жолды жалғастыруға рұқсат ет! Ағам Теріскейдің аспаздық қабілетін байқалық деген сәтте, тесікке кірер жер таппадым. Біз пенде өмірінде жетістіріп тамақ істеп көрмеген, керек десеңіз әлі «маңдайына таба тимеген» (© «Рапунцель») жігіт ек :))) Қой, ұят болмасын деп, бұрынырақта үйренген бірдеңелерді еске түсіруге тура келді.
Әрі қарай