Жарияланымдар

M@lagent поэзия ұсынады.

Бір жүгермек статусында былай депті: Жаубасарлар негiзi адам емес кои (Жаубасар деген біздің руымыз).
Оған: бірінші докажи, содан соң жаз, v7 привет, v7 пока деген комменттерден кейін, біздің ауылдың бір оқушы қызы мынандай жауап беруді жөн көріпті:

Iздесең менi күзде сен,
Қасыңда сенiң жүрмесем.
Талдардан түсiп өзiңмен
Жапырақ болып жүздесем.

Қантарда менi iздесең
Бар екенiмді бiлмесең,
Аспаннан түскен әр ұлпа
Мен болып тағы жүздесем.

Мен жоқта жаным гүлдеме,
Сезiмнiң отын үрлеме.
Аспанда тұрмын ай болып
Iздесең менi күнде де,
Iздесең менi түнде де.

Қара бұлт төнiп өткенде,
Ақ нөсер болып сепкенде,
Ар тамшы жауын ол менмiн
Іздесең менi көктемде.

© Нұрсая Жақсылық

Өлең жолдарын өзі шығарған көрінеді. Тақырыбын білмедім…
Әрі қарай

M@lagent

Соңғы уақытта ауылдың жасөспірімі түгел агентте отырады. Бәрі бір-бір әлемнен ашып алған. Қалтафонмен неше түрлі суретке түсіп, оны өз әлемдеріне жүктеп, бір-бірімен достасып өтіп жатқан тылсым өмір.
14 жасар інімді қосам деп, оның біраз сыныптастарымен дос болуғе тура келді. Қабылдамайын десең, ауылдың кішкентай балалары ғой, өзінше әлдеқандай деп ойлар деп…
Сонымен ауылдың агентші жастарымен дос болдым. Бірақ, әлеміме кіріп, жазбаларды оқып, кейде жағамды ұстайм, кейде ұялам… Ауылда ырымға бір орыс жоқ, әлгілердің бәрі орысша сөйлеуге сондай талпынады:
Әрі қарай