Мұхтар ШЕРІМ. ЖҰМАҚҚА БИЛЕТ ЖОҚ!
ЖҰМАҚҚА БИЛЕТ ЖОҚ!
Бүгінде ештеңеге таң қалуға болмайды, әлі талай еске аласыз ондайды, қысқасы, жұмаққа да, тозаққа да билет алмаған оңбайды… Былай ғой, үкімет бюджеттің бүйірін қампиту үшін о дүниедегі жұмақ пен тозаққа билет сата бастады.
Кейін шын дүниеге кеткеніңізде жұмаққа да тозаққа да сол билетіңізбен кіре қояды екенсіз. Бірақ әркімнің арына салды, күнә арқалағандар, жемқорлар, қылмыскерлер, билік дәлізіндегі улы кландар, жат діннің жетегінде кеткендер, тағысын–тағылар тозаққа билет алулары тиіс. Ал, Отаны үшін жанын пида етуге даярлар, патриоттар, халық қамын ойлаушылар, тағысын–тағылар жұмаққа билет алулары тиіс болатын. Құданың құдыреті, алғашқы аптаның өзінде ақ, жұмаққа деген билеттің бәрі сатылып кетті! Жоқ! Бәрін арам жолмен байығандар, шікірейген шенеуніктер, жемқор әкім–қаралар «оптом» сатып алып қойыпты! Шетелге қашып кеткен опасыздар да астыртын жолмен жұмаққа билет сатып алғандарын қайтерсіз? Жемқор министрлерің де тозаққа билет алғысы келмей, жұмаққа жол тартқысы келіпті… Содан, Премьер– министр таңертеңгілік жиында министрлерден:
–Тозаққа кім барады? –деп сұрады. Құлқындары жыбырлап, жұтып қойған бірді– екілі министр қол көтермеді. Тіпті, ешкім жөтелмеді.
–Бірдеңе айтайын ба? –деп қалды бір министр.
–Ия?
–Мұғалімдерге күштеп саттырайық!
–Мұғалімдер? ЭКСПО көрмесіне билет сатсақ, мұғалімдер, сайлау науқаны бола қалса, мұғалімдер, оларға обал емес пе?
–Мұғалімдер өмір тозағына үйреніп қалған дегенім ғой… Жұмақты жатырқап жүре ме деп…
Содан не керек, тозаққа деген билеттерді сатып алу қазақ мұғалімдеріне міндеттелді. Сол бейшара мұғалімнің бірі мен едім. Айлығымызды көтеріп жатқаны қуантады, тозағы несі? Мектеп директорына кірдім де:
–Кешіріңіз, мен тозаққа бармаймын! –деп салдым.
–Неге?
–Кісінің ала жібін атттаған емеспін, адал өмір сүрудемін, сотталмадым. Неге менің баруым керек?
–Сотталмасаң, сотталуыңа көмектесейік?
–Керегі жоқ!
–Тозақта отқа өртейтіні болмаса, ол жақты да көргенің жақсы ғой… Дегенмен…
–Не дегенмен?
–Тамағымды майласаң…
Қуаным кеткенім ай! Мұғалімдердің айлығын өсретін болғалы, мектепке жұмысқа қабылдау парасы екі есе өскенін білемін, ал, жұмаққа билет үшін пара алатын директорды көріп тұрғаным осы! Айлығымды қолына ұстатып, алыпсатар директордан жұмаққа билет алдым! Жұмаққа! Жылап тұрып, жұмақ билетін сүйіп сүйіп алдым!
Әрі қарай

Көршімнің көздері алақандай, көзінің қарашығы тарақандай болып, үйге жүгіріп келді:
--Қыздарға мың үйден тиым… Өйткені, қазіргі қыздардың аяқтары емес, ауыздары жүреді…
Қандекеңді бәріңіз білетін шығарсыздар? Қанден итті айтамын да? Анаған да, мынаған да үре беретін ше? Көлеңке көрінсе де, шәуілдей беретін… Ресей думасының депутаты Владимир Жириновский, ия, ия Жырындовский Алла тағаланың құдыретімен… астапыралла, таңертең көзін тырнап ашқаны сол, қойнында қасынып жатқан қатыны қарғып тұрып:
Тал түсте тарпа бас салмасам да, көршімді көріп, тұра жүгірдім, қағып кете жаздап, қаңғалақтай озып барып, табан тіредім де, қайта жүгіріп келіп, қолын қос қолдап алдым. Әйтпесе, үйіне кіріп кетсе, күзетшісі жібермейді.
Е-е-е-й, күлдір, күлдір кісінетіп, күреңді мінер ме екенбіз, күреңді қойшы, бәрінен, «Джипті» мінер ме екенбіз… «Персик» тағып, алтыннан, қымбаттан киер ме екенбіз… Бай баласы сияқты, долларға бас иер ме екенбіз… Жоқшылықтан күйзелдім, пиццадан ауыз тиер ме екенбіз… Диплом бар, жұмыс жоқ, кім айтар қазір көңіл тоқ, жұдырық түйер ме екенбіз… Анам ауру, сан кесел, жегеніміз вермишель… бай болып кетсем, шіркін-ай, Дубайда жүрер ме екенбіз, «Протон» кетіп жерімнен, біз де бір күлер ме екенбіз… Есік алдында малым жоқ, кейде жейтін наным жоқ… адам сияқты өмір сүрер ме екенбіз!
Былайша әжептеуір қыз сиқтымын, мұрнымның «кәртөшкелігі» болмаса… Шашым да ұзын, мойныма түседі. Беліме белдік, құлағыма сырға жарасады… Білмеймін, жігіт атаулы маған қарамайды… Әлде, өзіміздің жігіттер қырындай білмейді ме?
Жаным, менің агентім, менің файлым! Өзіңмен сөйлескен сайын, троян вирусын жұқтырып алғандай, миым-мигобайтым ата жұртта қалғандай, бір түрлі күй кешемін…