Жарияланымдар

Наурыз кестесі жарияланды

Діни және Ұлтшыл істер агенттігіне қарасты «Руханият: дін мен діл» басқармасы 2012 жылға арналған Наурыздың келу уақыттарын жариялады.

Кестеге қарайтын болсақ Наурызға ең алдымен еліміздің шығыс аймағындағы Владимировка ауылының тұрғындары кіреді. Олар таңғы сағат 04:10-да Наурызды қарсы алуларына болады. Алматы қаласы үшін Наурыз уақыты 04:57, елордамыз Астанада 04:58. Ал, Наурызды жұрттың соңы болып қарсы алушы Батыс Қазақстан облысы, Сайқын ауылының тұрғындары болмақ. Олар үшін Наурыз уақыты 05:32.


Халық Наурызды жылы палаткаларда отырып, асыға күтуде © voxpopuli.kz
Әрі қарай

Грекия Қазақстаннан қарыз сұрауы мүмкін


Барлық ресурстардағы кредит лимиттері толған Грекия Болгарияны кредит алып беруге көндіруде. Болгария сапарынан кейін Грекия премьерінің мәдени байланыстарды нығайту мақсатында Астанаға іссапар жоспарлауы бүгін Мәжіліс кулуарларында орташа деңгейде дүрлігуге себеп болды. Мамандардың болжамы бойынша олар Қазақстаннан да қарыз сұрауға келеді немесе қарыз алып берулерін өтінеді. Осы оқиғаға байланысты ақша сұрау мәселесі бола қалған жағдайда нақты жауап беру үшін қаржы секторындағы білікті мамандар, депутаттар және тәжірибелі кәсіпкерлерден құралған бір комиссия құрылатын болды.
Әрі қарай

Ақпараттар ағыны

АСТАНА. АҚШ-тың Бостон қаласында өткен бадминтоннан Әлем кубогынан ешқандай орын алмай және Олимпиада жолдамаларын ұта алмаған еліміздің бадминтоншылары елге бос қайтпай команда қоржынын 14 iPad, 5 iPhoneмен толтырды.

КӨКШЕТАУ. Көкшетауда қайғылы оқиға. Әжесінің үйіне қонуға барған 12 жасар Аружан үстіне жабылған 52 килограммдық көрпенің астында қалып қойып, жан тапсырды.

СЕМЕЙ. Манты жасаған кезде біреу келіп қалып, әлі мантыға тоя алмай жүрген Әмірғалиевтар отбасысы бұдан кейін манты жасамайтындарын мәлімдеді. Отағасы Бауыржанның айтуынша олардың үйінде қонақ берекеті емес манты лағынеті бар.

АЛМАТЫ. Алматылық "Қайраттың" селекционерлері НБА-дағы локауттың кесірінен Еуропаға трансфер болып жатқан ойыншыларды өздеріне шақыру үшін барып, НБА-ның футбол емес баскетбол лигасы екенін түсінгесін Америкадан құр қол қайтпай, бадминтоншылар барған дүкеннен 6 iPad алып келді.

ШЫМКЕНТ. Күнде көшеде темекі сұрайтын студент өзінің кішігірім дүкенін ашайын деп жатыр.

АСТАНА. 1 жыл ішінде Твиттерде тек 6 фоллоуер жинаған депутаттың өкпесі қара қазандай.
Әрі қарай

Жаяу жүргіншілерді машинамен қағып өтуден Әлем чемпионаты өтеді



Ресейдің Пенза қаласында жаяу жүргіншілерді машинамен қағып өтуден Әлем чемпионаты өтеді. Жарыс ережесі бойынша мейлінше алыс қашықтыққа ұшырғандар жоғары ұпайларды еншілейді. Чемпионат алдағы сенбі күні таңғы похмельден кейін басталмақшы.

Сондай-ақ машина астына түсу бойынша экстремалдардың конкурстан тыс жарысы да өтеді. Мамандар осы конкурс барысында тиын істеудің амалдарын көрсетіп, мастер-класс бермекші.

Еліміздің қаққыштары бұл сайыстарға сақадай сай отыр.
Әрі қарай

Ақтөбе қаласындағы бір тойда рекордтық көрсеткіш

АҚТӨБЕ. 30 қаңтар. ҚызАқпарат /Жамал Меңдібаева/ — Ақтөбедегі бір тойда рекордтық көрсеткіш жаңартылды. Басталуы 18:00 деп белгіленген той 21:00-де басталып, таңғы 05:17-де аяқталды.



Бұл тойда күйеу жігіт пен қалыңдықтан басқа олардың әке-шешелерінің, тіпті қалыңдықтың жездесінің де биографиясы тыңдалды. Жалпы есеп бойынша тост, тілектер кезінде 14 адамның өмірбаянынан сырлар шертілді.
Әрі қарай

Жұмақты гарантиялаған Мақаш атай бұдан кейін тек репутация үшін ғибадат қылмақ

Астаналық зейнеткер, бұрынғы экономист Мақаш Байжомартов жұмақты гарантияладым дейді. 83 жастағы зейнеткердің айтуынша бүгінге дейінгі жиған сауаптарын ойша есептейтін болсақ жәннатты әлдеқашан гарантиялаған екен.

Мақаш атай достарымен бірге
Әрі қарай

17 жасар қазақ баласы Gillette-тің арнайы сыйлығына ие болды


Политехникалық колледж студенті, 17 жасар атыраулық Исламбек Абдужаппаров Gillette фирмасының сыйлығын ұтып алды. Күнде 5 уақыт қырынуды өзіне парыз санайтын жас өрен өзі күнделікті қолданып жүрген Gillette өнімдерінің қабықтарын лақтырмай, ұқыпты жинап жүріп, компанияның акцияларына белсенді қатысқан. 2 жылдық еңбек босқа кетпей нәтижесінде Gillette фирмасынан арнайы қырыну құралдары жиынтығын ұтып алған Исламбек қуанышты хабарын тілшілерімізбен бөлісті.
Әрі қарай

"Сайтымызға сіздің бағаңыз" атты сауалнама қорытындыланды


Қызынорда облысы Терекөзек ауданы әкімінің жылдық есебімен қатар аудан әкімдігі сайтында 2007 жылдан бері келе жатқан сауалнама да қортындыланды. Естеріңізге сала кетейік аудан әкімдігінің terekozekaudanakimat.ucoz.ru сайтында «Сайтымызға сіздің бағаңыз» атты сауалнама жүргізілген еді. Кеше аудандық Мәдениет үйінде өткен аудан әкімінің жылдық есебінде осы сауалнаманың да қорытындысы жасалды.
Әрі қарай

Мемлекеттік қызметкер қазақ тілін акцентпен сөйлеудің қыр-сырымен бөлісті

Астанада өткен Жастар форумының аясында өткен семинарлардың бірінде мемлекеттік салада бірнеше жылдан бері еңбек етіп жүрген маман Адиль Джалгасов қазақ тілін акцентпен сөйлеудің қыр-сырларын үйретті.



"Қазақ мектебін бітірдім. Қазақы отбасыдан шықтым. Әрине бастапқыда қиын болды. Ең алдымен Ң, Ә сияқты маңызды дыбыстардан құтылу керек. Одан кейін буындарға салынатын екпіндердің орындарын ауыстыруды меңгеру керек.
Әрі қарай