Жарияланымдар

Месси биыл да келмеді



Қызылордада шығатын «Сыр ақшамы» газетінің дәстүрлі «Жылдың үздік спортшысы» жүлдесінің марапаттау салтанаты өтті. Аталмыш жиынға осы жылы да үздік спортшы атанған «Барселонаның» футболшысы Лионель Месси жүлдесін алуға келмеді.

Газет оқырмандарының дауысы бойынша жиналған сауалнама қорытындысы қызылордалық спортсүйер қауымның үздіктерін анықтады. Алғашқы орын тағы да Мессиге бұйырса, Илья Ильин өзінің 2-ші орынын қорғап қалды. Ал, үшінші орынды республикалық спартакиада жүлдегері, жас жеткіншек Гүлмира Сапарбаева иеленді.

Суретті түсірген Даниал Оқасов, tengrinews.kz
Әрі қарай

Қаражорға феноменінің құпиясы ашылды


Қытай қазақтарының «Сен қазақ» сайтында Ділмән атты қолданушы өзінің жеке бұрышында қызық мәлімдеме жасады. Дәлмән өз жазбасында қазір танымал болып үлгерген Қаражорға биінің құпиясын ашқан. Ділмән Жақайұлының айтуынша бұл би негізінде қазақтың ұлттық биі емес. Көптеген халықтарда бар би элементтерін досы Алтайбек екеуі біріктіріп, Құмыл қаласындағы тойларда билеп жүрген екен. Кейін қытайлардың Ютюбы саналатын Youku сайтына осы бидің видеосын салып жіберіпті. Қаражорға биі осылайша біздің елімізге де жетіпті.
Әрі қарай

Кино жаңалықтары - 28 ақпан 2012

ЛОС АНДЖЕЛЕС. Кино жүлделерінің Оскары болып саналатын Оскар жүлдесінің марапаттау салтанатты шарасы өтті.

АСТАНА. "Ұлттық құндылықтар" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ақал Теке Ермек Тұрсыновтың жаңа фильмін көрмегендерін, бірақ сынауға дайын екендерін мәлімдеді.

АЛМАТЫ. Кинорежиссер Рақышевтың достарының көбі оның режиссер екенін білмейді екен. Талантты режиссердің не үшін бүгінге дейін жасырып келгені белгісіз.

АСТАНА. Қазақ кинематографиясына ауыр соққы! «Жетімдер» фильмі енді сериал болып шықпақ, ал «Айша» сериалы жеке фильм болып түсірілмекші.

ҚЫЗЫЛОРДА. «Сыр ақшамы» газетінің тілшісі Эльмира Қуанышқали інісінің ескертулерін елемей, кино тақырыбындағы мақалаларының астына өзін әлі де кинолог деп жазып жүр.

ШЫМКЕНТ. «Көшпенділер» фильмінің фанаттарына «Көшпенділердің кітабы шықты» деп Есенберлиннің романдарын сатып жүрген алаяқ ұсталды. Еш жерде жұмыс істемейтін 28 жасар алаяқтың үйінен тағы бірнеше кітаптар табылды. Қазір ол кітаптардың қай фильмдерге тиесілі екені анықталуда.
Әрі қарай

Abai.kz Google сайтын басып озды!

«Survey» сараптамалық орталығы 15-22 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар арасында өткізген кезекті сауалнамасының қорытындыларын жариялады. «Интернетте отырған кезіңізде бөлмеге біреу кіріп келген жағдайда қай сайтты ашып қоясыз?» атты сауалнамаға еліміздің 14 облысынан барлығы 2984 жас интернет қолданушы қатысты.

Әрі қарай

Шежіреші қарт бір отбасыны ойран қылды


Атырау облысы, Сағыз елдімекенінің тұрғыны шежіреші қарт Ермекбай атаны көпшілік жақсы біледі. Беріш руының шежіресін жазумен танымал бұл кісінің тағы бір қасиеті адамның бетіне қарап, қай рудан екенін анық айтуы. Жақында қарияның осы қасиеті айрандай ұйыған бір отбасыны ойран қылды. Оқиғаның мән-жайын білу үшін оқиға куәларымен хабарласқан едік.
Әрі қарай

Араб лигасы Сириядағы жағдайға қатты алаңдаулы

Араб елдерінің лигасы Сириядағы өткен жылдың наурыз айында басталған қақтығыстарды реттейтін жаңа амал ойлап табу үшін барынша көңіл бөлуге тырысуда. Әзірше нақты бір шешім және нәтиже жоқ.

Әрі қарай

Ақпараттар ағыны - 20 ақпан 2012

Forbes "Әлемнің ең кедей 5 миллиард адамы" тізімін жариялады

***

Астанаға «Red Hot Chili Peppers» келетінін естіп қуанған астаналық жастар интернеттен бұл топтың «Californication» әнінен басқа әндерін іздеуде.

***

Уганда, Руанда және Чад мемлекеттеріндегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қаңтар айының айлығына Уганданың ең танымал футбол клубы «White Elephants» клубын сатып алды. Команданың жаңа аты: «Ordabasy Elephants».

***

Астанада көшеде қатып қалған 3 әйелдің мәйіті табылды. Қайғылы жағдайды терезеден көрген куәгердің айтуынша олардың жолын 3 сағат бұрын қара мысық кесіп өткен. Адам аз жүретін көше болғандықтан әйелдер 3 сағат тапжылмай тұрудың кесірінен үсіп өлген дейді мамандар.

***

«Моймирда» кеше Бәйтеректің ішінде түскен миллионыншы сурет жүктелді.

***

Көрермен санын арттыру мақсатында алматылық "Қайрат" клубы жаңа маусымда әйелдер, балалар және гейлерге ойындарға кіру тегін екенін жариялады.

***

Шымкенттік Бас редакторлар клубынан қазақ блогерлеріне қолдау. "Қазақ блогтарына неге тосқауыл қойылды? Тезірек ашылуын сұраймыз" деп министр блогына сұрау жіберілді.

***

Қонақүй бөлмесінде шамадан көп есірткі қолданудан өлген жас жігіттің әзірше аты-жөні белгісіз. Танымал бір әнші болуы мүмкін деп отырмыз дейді баспасөз қызметіндегі қыз.
Әрі қарай

Әулие Валентинге Құран бағыштаған жігітті қызы тастап кетті


14 ақпан күні Алматы қаласындағы "Қажы баба" мешітінде Әулие Валентин рухына бағыштап Құран оқытқан Асылбек Көшімханды 4 жылдан бері жүріп жүрген қызы тастап кетті.
Әрі қарай

14 ақпан сауалнамасында идеологиялық хаос


Тәуелсіз «Survey» статистикалық сараптама агенттігінің 14 ақпан күніне қарсы жүргізген сауалнамасы түсініксіз нәтижелермен аяқталды. Агенттік жүргізген сауалнамаға «14 ақпан капиталистік жүйенің коммерциялық жобасы» деп жауап бергендердің 94% жеке өмірлерінде бұл бағытқа қарама қарсы тірліктер істегені анықталды. «Христиандардың мерекесі, біздің қазаққа жат нәрсе» деуші топтың басым бөлігі шын мәнісінде бұл идеяларын ұстанбайтыны белгілі болды.

Агенттіктің мәліметтеріне сүйенетін болсақ:
Әрі қарай