Жарияланымдар

Бірге ішуге болмайтын адам түрлері

Тым жақсы отырыстың сәнін бұзып, демалысыңның мазасын кетіретін көңіл-күй лаңкестері, отырыс вандаллары туралы сөз қозғамақпын бүгін. Әлбетте олар айналаңызда бар. Оларды жақсы таны, отырыстарға шақырма.

ДӘСТҮРШІЛЕР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері
— Коламен ішуге болмайды ғой, жалпы ештеңе қоспа араққа!

Бұлар келе сала барлық нәрсеге тиісе бастайды. Тіскебасарлардың қате қолданысынан бастап, нені немен ішу керегін, нені ішпеу керегін айтып берекеңді кетіреді.

ҚОЯНДАР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері
— Қойэ, тұрайық, кеш болып қалды...

Бар ойлары тез-тез ішу, тез-тез кету. Өзі асығып тұрғасын не өзі дұрыстап ішпейді, өзгеге де ішкізбейді. Бұлармен ішіп, тез масайып қалғанша отырысқа шақырмаған жөн.

АШҚАРАҚТАР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері
— Ооооо, қарындас бір шанышқы беріп жіберіңізші және нан

Тіскебасар жаулары. Бір отырысқа жететін тіскебасарыңа ортақтасып, 2 минутта көзін құртады. Өзі арақ ішпейді.

ҚЫЗДАР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері

БҰҚАЛАР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері
— Жәй қарадың ба, брат? Пездессің ба не?

Алко көтере алмайтын типтер. Шамалы ішіп алып, бұқаланатын бұлар тек сен отырған үстелдің ғана мазасын кетірсе жақсы ғой. Көрші үстелдегі бейбіт тұрғындарға да секіре бастайды. Жоқ жерден мұның кесірінен өзіңе де таяқтың бір ұшы тиіп кетуі мүмкін. Таяқ жейтін жағдайға жетіп жатса араласпа, өз таяғын өзі жесін. Келесіде келмейтін болады.

ЖЫБЫРЛАҚТАР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері
— Қайдасыңдар, е? Қазір барамыз...

Астарынан су шыққандай, жыбырлап бір орында отыра алмайтындар. Бес минут отыра алмай бір мекеннен бір мекенге миграция жасауға бейім жандар. Караокеге барайық, Пәленшелер түгенше жерде отыр екен деп зайыпты алатындарды «Сен бара бер, шамалыдан кейін арттарыңнан барамыз» деп құтыла салу керек.

ЖЕЛІШІЛЕР
Адамтану: Бірге ішуге болмайтын адам түрлері
— Вайфай бар ма мына жерде?...

Келе сала қолдарынан смартфондарын тастамайтын малдар. Тамақтың ғана суретін емес, бірге отырғандардың бәрінің фотосын желіге салып жіберуі мүмкін мисыздар. Әңгімеге араласпай, бастарын телефондарынан көтермейтін бұлардың телефондарын бір жерлеріне тығып жібергісі келетін жалғыз мен емес шығармын?

Ескерту: Алкогольды көп қолдану — сіздің денсаулығыңызға зиян. Мақаланың мақсаты — алкогольды насихаттау емес.
Әрі қарай

"Сыр ақшамы" газетінің қосымшасы: ТАҚТАРДЫҢ ОЙЫНЫ

«Сыр ақшамы» газетінің қосымшасы: ТАҚТАРДЫҢ ОЙЫНЫ журналының шілде айында шыққан санында:

Жанжал: Ештеңе білмейтін Джон Сноу ҰБТ-да қалайша 115 алды?
Сән: Қыс келе жатыр. Тамыз айында Астанада не киеміз?
Тұлға: Тирион Ланнистер: Қарасуда Станнисті қалай мал қылдым?
Қаржы: Браавостың Темір Банкі қазақтарға кредит бермейді
Сұхбат: Дорн ПринціОберин: Маған негізі сенің көтенің ұнайды
Пайдалы кеңес: Жабайы отта үйде қалай жасаймыз?
Тарих: Қазақ хандарының бастардтары және қазіргі замандағы ағашка-бастардтар

Блог - Rafaello: Сыр ақшамы газетінің қосымшасы: ТАҚТАРДЫҢ ОЙЫНЫ
Әрі қарай

Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет емес, сайт идеясы бар…

Бұл идеяны қазіргі интернет қолданушыларының өздері беріп отыр. Олардың орналастырған контенттеріне қарап сондай тұжырымға келіп отырмын.

Жедім.kz — тамақ суреттері, тамақ жеу видеолары, тамақтану гифкалары, қалай тамақ жегендері туралы хикаялар…

Сайт категориялары мынадай болар еді: Қазақша тамақтар, Азия, Еуропа, Латин, Тин, Араб, Жапон, Топтық тамақтану, Қарттармен тамақтану, Қырттармен тамақтану, Жігіт жігітпен, Қыз қызбен.

Видео бөлімінде Лайв камералар да болар еді. Видеосыз да тез ләззат алғысы келетіндерге гифкалар. Ал әдебиетсүйерлерге тамақты кіммен, қалай ішкендері туралы әңгімелер.

Жасаймыз ба? Идея қоса отырыңыздар.

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz

Менде бір керемет сюжет бар...: Жедім.kz
Әрі қарай

Қызбен жүріп жүрген кездегі қауіпті адам түрлері

Жалпы еркек заты жас кезінде қыздармен жүріп көреді. Барлығы емес әрине. Біреулер туғаннан тұйық, тормоз, біреулердің отбасысының діни көзқарастары бойынша, біреулер туғаннан қызтеке дегендей қызбен жүрмейтіндер де бар.

Блог - Rafaello: Қызбен жүріп жүрген кездегі қауіпті адам түрлері

Бүгінгі адамтану жазбамды қызбен жүретін немесе жүргісі келіп жүргендерге арнаймын. Ғашықтық, ұнату, сүйіспеншілік әлбетте үйленгенге дейін болатын сезімдер. Және бұл қарымқатынастар сенің кішігірім әлемің, шағын автономиялық мемлекетің. Өкінішке орай өмірде барлығы жақсы бола бермейді. Осы әлеміңді бүлдіретін, ғашықтық аймағыңа зиян келтіретін лаңкестер, іштен жеп құртатын құрттар, сезім вандаллары әлбетте бұл өмірде бар. Бүгін сол залымдарға тоқтала кетейік.

1. Қыздың ең жақын құрбысы
Қыз бен жігіт қарымқатынасы тек 2 адам арасындағы қатынас деп қате тұжырым жасама. Шын мәнінде сен қыздың ең жақын құрбысымен де жүресің. Тек қызыма арнап әдемі сөздер, хабарламалар жазып жүрмін деп ойлама, әлбетте ол жазғандарыңды мұқият оқитын тағы біреу бар. Қыздан күткеніңдей жауап келмей жатса әлбетте мұндай бақытқа тосқауыл болатын да қыздың құрбысы. Көп жағдайда қыздың құрбысы қыздан әдемі емес. Сондықтан құрбысын негізінде көре алмайды, оның да өзіндей бақытсыз және үмітсіз болғанын қалайды. Сен туралы барлық мағлұматты жинайтын, бұрын кіммен жүргеніңді, қандай жаман әдеттерің барын, қанша бауырың бар екенін білетін де осы қыз құрбысы. Негізі саған жау ретінде қарамай, керісінше жақсы сөйлесуге тырысады. Жүріп жүрген қызың туралы не ойлайтыныңды ақырындап сұрап отыруы да мүмкін. Байқа!

Блог - Rafaello: Қызбен жүріп жүрген кездегі қауіпті адам түрлері
— Ехехе, Whatsapp-та мықты жазғанымен жігітің негізі тормоз ше, Қаламқас...

2. Қыздың жақын жігіт досы
Иә, иә, білемін, білемін, қыз бен жігіт әлбетте дос бола алмайды. Бірақ қыздар солай ойлайтынын біл, көн, шыда. Бір күні бір жігітті досым деп таныстырса таң қалма. Бұлар жыныстасың ретінде сенің не ойлайтыныңды, қалай ойлайтыныңды әрине жақсы біледі. Қызыңа түрлі тактикалар беріп отыруы ғажап емес. Мұндай көтлектердің 2 түрі бар. 1-шісі осы қызды бұрын ұнатқандар, әлі ұмыта алмай айналшықтап жүргендер. 2-шісі білдірмей ұнатып жүргендер. 3-шісі де бар негізі, бірақ олардан тап саған пәлендей зиян келе қоймайды, олар қызыңның омырауына, етегіне көз салмайтын типтер, бұл жағынан қам жеме. Сонымен ана дос болып саналатын малды, иә, танымасам да сен үшін мен де теуіп тастағым келіп тұр. Бірақ шыда, қызыңның көзінше агрессияға барма. Қызыңа айтып қойып, араларыңды бұзуы мүмкін. Оңашада ұстап алып, қысып жібер.

Блог - Rafaello: Қызбен жүріп жүрген кездегі қауіпті адам түрлері
— Щааа, Нұргүлдің бұрынғы жігіті саған келіп жүр ма, не?..

3. Қыздың анасы
Сен қанша жерден тәрбиелі, білімді, жақсы жұмысты, өнерлі, өнегелі, ақылды, көрікті, сымбатты болсаң да үйлену тойына дейін сені оңбаған, алқаш, нашақор, қаңғыбас ретінде ғана көретін адам түрі бар. Ол — қыздың анасы. Бұл әйел егер Фейсбук, Инстаграмдағы жігіттермен футбол қарап, сыра ішіп отырған суретіңді көріп қалса бітті дей бер. Болды, сен соңғы ақшасын бәс тігуге құртатын, өзі сияқты маскүнемдермен күнде ішетін, саунадан сауна қоймай түрлі ұлт, ұлыс, жас категорияларымен жыныстық қатынасқа түсуді ұнататын нағыз оңбаған болып шыға келесің. Суреттеріңді өшір. Өйткені қызына бір күні "өткендегі жігіттің Мирында фотолар бар ма еді?" деп сұрап қалуы әбден мүмкін, әбден!

Блог - Rafaello: Қызбен жүріп жүрген кездегі қауіпті адам түрлері
(Google дәл осыған дұрыс сурет тауып бере алмады, мына суретті ұнағасын ала салдым)

4. Қыздың ағасы
Махаббат әлбетте түрлі қиындықтар арқылы келеді. Сондай кедергілердің бірі — қыздың ағасы. Сені әрине бір көргеннен ұнатпайды, жек көреді, ұрғысы келеді, боқтайды, телефонмен айқайлайды. Ағасы тіпті Болашақ арқылы Германияда музыка бойынша білім алатын болса да, бір діни жамағатта имам дәрежесіне көтерілген болса да оның ішінде бәрібір 79-дағы Сағындық жатыр. Өйткені ол қыздың ағасы, ал сен нақұрыссың. Амал жоқ шыдайсың, көзіне көп көрінбейсің. Бірақ, бір жақсы жері тойдан кейін саған жақсы қарайтын болады. «Біздің қызды ренжітпе» деп арқаңнан бір қағады, содан кейін көтіңе кірмесе де былай жақсы қатынаста болады. Тойға дейін ол егер шығыс жекпе-жектерінің бірімен айналысатын спортшы болса онда не дейін, өз обалың өзіңе. Басқа қыз қарап көр, мысалы Алмагүл де жақсы қыз сияқты былай…

Блог - Rafaello: Қызбен жүріп жүрген кездегі қауіпті адам түрлері
— Ептібайымайттың баласы, кет құры нақ!

P.S суреттер Google іздеу жүйесінен алынды
Әрі қарай

Тек маған жазылғандарға ғана сұрақ жіберемін

Блог - Rafaello: Тек маған жазылғандарға ғана сұрақ жіберемін
sura.kz/Rafaello

Sura.kz сайтына тіркелдім. Суреттен көргеніңіздей әзірше тек 5 жауабым бар. Өйткені тек сапалы сұрақтарға ғана жауап беремін немесе тек ұнаған сұрақтарға. Өзім бірнеше адамға сұрақ жібердім. Түрлі жауаптар алдым. 'Күткенімдей қызық жауаптар берілуде. Дегенмен шок жауаптар да бар. Әзіл деңгейі төмен адамдар қалай өмір сүреді екен деп таң қаламын жалпы…

Сұрақтарыма жауаптар: sura.kz/q/Rafaello/asked

Жазыламыз, лайк басамыз!
Әрі қарай

Әлемдік сипаттағы алғашқы қазақ дауылы "Масаң Нұрберген" метеорология тарихына енді

Менде бір керемет сюжет бар...: Әлемдік сипаттағы алғашқы қазақ дауылы Масаң Нұрберген метеорология тарихына енді
Өткен аптада еліміздің батыс аймағын, Ресейдің Астрахань облысын, Әзірбайжан және Иран жағалауларын әурелеңге түсірген сұрапыл дауылға «Масаң Нұрберген» аты берілді. Синоптиктер дауылдың жылдамдығы сағатына 14.5 шақырымға дейін жетіп, Каспий теңізінде биіктігі 1-1.3 метрлік толқындар көтеріледі деп болжап отыр. Атырау қорқыныш құрсауында. Облыстың төтенше жағдайлар қызметі тас-түйін дайындалып жатыр. Тамадалар тойларын, балықшылар арақтарын, облыс орталығына қатынайтын таксистер рейстерін шұғыл түрде тоқтатуға мәжбүр. Автокөліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған көпірлер де уақытша жабылуы мүмкін. Бүгін облыстың танымал синоптигі Ақсел Көшімхан шұғыл жиналысын өткізіп, табиғаттың төтенше мінезіне қарсы дайындық шараларының барысын пысықтады.

Ақсел Көшімхан:
— Алдымен баршаңызды осындай сұрапыл дауылға қазақша ат беріліп, әлем метеорологиясы тарихына енуімізбен құттықтағым келіп отыр. Әлемде мұндай оқиғаларға атты кім, қалай берілетінін білмейміз. Дегенмен біз осылай атауды жөн көрдік. Дауылдың мінезі дәл сондай еді, масаң кісінің мінезіне ұқсайтын. Дауыл бір көтеріліп, бір түсіп, бір кетіп қалып, қайтып келіп, арасында жаңбырмен «жылап» та алды. Басқаша атауымыз мүмкін емес еді. Жалпы желді, дауылды аймақпыз ғой. Болашақта да бірнеше қазақша дауыл аты шығады деген ойдамыз. Қазірден демеушілік қаражаты аударылып, ұсынылған аттар бар. Мысалы «Серпінді Серікқали», «Сықи Қаршыға», "Әйгерім", «Жылауық Нұржамал», «Мәди» сияқты аттар біздің орталыққа келген өтініштердің бір қатары. Әлбетте ұсынушылардан демеушілік жарна алынады. Дауылға дайындық туралы айтар болсақ, жалпы үй құлататындай қатты дауыл емес. Сонда да төбесі дұрыс жабылмаған үйлердің шипры ұшуы мүмкін, малқоралардың да құлауы ықтимал. Байқас болайық ағайын!
Әрі қарай

Риэлторды лақтырып кетудің жолдары

Блог - Rafaello: Риэлторды лақтырып кетудің жолдарыАстанада пәтер қымбат. Өте қымбат. Жалдау да қымбат. Өте-өте қымбат. Күннен күнге, айдан айға, жылдан жылға қымбаттауда. Жалдамалы пәтер табу да оңай емес. Алдымен келген жағыңның әдетіне салынып, жергілікті газеттердегі хабарландыруларды шолып шығасыз ( кешірерсіз, осыны ойлағанның өзін де күлкім келіп кетті)
Әлбетте газеттен хабарландыру таба алмайсыз. Одан кейін астаналық болып бара жатқан таныстарыңа телефон шаласыз (кешірерсіздер, тағы да бір күліп алайын  ) Әрине, әрине олардың ешқандай пәтер жалдайын деп жатқан танысы жоқ. Осылайша жолдың соңына келесіз. Ол — kn.kz, slando.kz, krisha.kz сияқты сайттардан пәтер іздеу. (  тап осы жерде сізді шынымен аяп кеттім, бірақ осы постты соңына дейін оқып, бір нәтиже шығарсаңыз сіз үшін қуанатын боламын)

Сайттардағы пәтер хабарландыруларының 99,98 пайызы риэлторлар, агенттіктер немесе жәй ғана боқмұрын делдалдар қойған хабарландырулар. «Без посредников» деп алдап жазып та қояды. Сонымен бағасы, ауданы және түрі сізге ұнағандай-ау пәтерді таңдаймыз да, телефон шаламыз жазылып тұрған номерлердің біріне. Әлбетте риэлтор көтереді де, үйді көрсету үшін қожайынмен уақытын келісіп алып, сізге хабарласады кейін.

Блог - Rafaello: Риэлторды лақтырып кетудің жолдарыБұрын елордалық (өзімді журналист сезініп, толқып кеттім шамалы  ) риэлторлар айлық пәтерақының 10 пайызын алатын еді. Қазір 20-ға көтерілді! Мына постымды жазуға осы түрткі болды. Иә, иә, 20 пайыз комиссия! Және бір құпия айта кетейін — дәл осындай пайыздық комиссияны пәтер иесі де төлейді. Бірақ, мұны риэлтор сізге айтпайды

Риэлтордың ең әлсіз жері осы. Біз оны ең әлсіз жерінен ұрамыз. Тек тағы бір әлсіз тұсын ұтымды пайдалануымыз керек. Қалай?

Былай: үйді көрсетуге келген кезде қожайынмен оңаша қалуға тырысуыңыз керек. Риэлторға білдірмей екі жақ болып комиссиядан құтылуды ұсынасыз. Пәтер иесіне де бұл ой ұнайды, қабылдайды көп жағдайда. Тек осындай сәтті сәтті пайдалана алуыңыз қажет. Ол үшін алдын ала бір қағазға өз номеріңізді жазып алыңыз, қасына «Келісейік, мына албастыны лақтырайық» деп те жазып қойыңыз. Қағазды білдірмей қолына ұстатып, пәтер ұнамағандай риэлтормен бірге шығып кетіңіз. Немесе үйді қарап жүрген кезде риэлтордың көзінен тыс, оңаша қалып қоятындай мүмкіндік іздеңіз. Кейде ол бейбақ сіз сияқты басқа бақытсыз, пәтер іздеушілерді төменнен кіргізіп алу үшін шығып кетеді. Бұл жиі болатын нәрсе, бір уақытқа бірнеше клиентті шақырады. Ең идеал мүмкіндік осы.

Қысқасы, риэлторды лақтырудың жалғыз жолы осы ғана. Ешқашан аямаңыз оларды, өйткені сіздерді аяп жатқан ешкім жоқ. Жәй ғана ойша есептеп көріңіз олар бір пәтерден 2 комиссия алған кезде қанша табатынын және пәтер бағаларын әдейі қымбаттатушы күштердің бірі осылар екенін. Қалай, оларды өлтіріп тастағыңыз келіп кетті ме?  Өлтірмеңіз, жәй ғана лақтырып кетіңіз. Сәттілік!

(Пост жеке өзімнің және достарымның тәжірибелеріне сүйеніп жазылды. 100 пайыз тексерілген, сенімді әдіс)
Әрі қарай

Қазақ тіліне еңбегі сіңген сурет 10 жылдық мерейтойында марапатталды

Менде бір керемет сюжет бар...: Қазақ тіліне еңбегі сіңген сурет 10 жылдық мерейтойында марапатталды
Кеше Қызылорданың танымал басылымы «Сыр ақшамы» газетінің редакциясында тіл мерекесі іс-шаралары аясында қазақ интернетіне еңбегі сіңген сурет марапатталды. 10 жылдан бері түрлі сайттарда 537 жаңалыққа тақырыптық сурет қызметін атқарған сурет осы саланың үздік суреті атанды.

Шара барысында қазақ тіліне қызмет етіп жүрген таңдаулы суреттерге БАҚ ұйымдарының және сайттардың марапаттары табысталды. Биыл «Еңбегі сіңген сурет» атағына "Қазақ тілі" суреті лайық деп танылса, үздік суреттер қатарына «Домалақ ту», «100 % қазақша»,«Тіл» суреттері кірді. Аталмыш суреттер мемлекеттік қорғауға алынып, бұл суреттерге арнайы хостинг беріледі. Бұл үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы бөлінетін болды. «Сыр ақшамы» газетінің құрылтайшысы және бас редакторы Марсель Көшімхан "Қазақ тілі" суретіне«Газеттің құрметті суреті» атағын берді.

Кеш соңында отандық эстрада жұлдыздары суреттерді және қолданушыларын мерекелерімен құттықтап, әннен шашу шашты.

Марсельдің Элеонорасы
«Сыр ақшамы»
Әрі қарай