Жарияланымдар

Мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі анықталды

Астана жаңалықтары: Мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі анықталды

Елордадағы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қазақ тілін қаншалықты меңгерген? Өзекті мәселенің мәнісін білу үшін Қалалық тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте» байқауын өткізді. Сайысқа Астана қалалық статистика, мемлекеттік кірістер департаменті, құрылыс, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармаларының қызметкерлері қатысты. 4 кезеңнен тұратын байқауда мамандардың іс жүргізудегі біліктілігі мен тәжірибесі сарапталып, мемлекеттік қызметшілер арасында қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі жіті назарға алынды.
сілтеме
Әрі қарай

«Астана-Теміртау» бағытындағы жол құрылысы 2016 жылы аяқталады


«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». Осы бағдарлама аясында елімізде 11 жоба бойынша ұзындығы 7 мың шақырымнан аса жол құрылысы жүзеге асуда. Бүгін осы жолдардың бір нысаны Сенат депутаттарының назарына ілікті. 178 шақырым шығатын «Астана-Теміртау» автожолын аралап көрген сенаторлар құрылыс жағдайына қанықты. Бағасын берді. Нұрбек Байбосын, тілші — «Астана-Теміртау» бағыты 2016 жылдың аяғында толық тапсырылады. Бұл ақпарды депутатттар алдында осы жолға жауапты мекеме «ҚазАвтоЖол» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Темірхан Меңдіғалиев жеткізді. «Орталық-Оңтүстік» деп аталатын жолды жаңғыртуға 1000-ға жуық техника мен үш мыңнан астам адам жұмылдырылған. Аталған жолдың бағыты Қарағанды, Балқаш және Қапшағай қалалары арқылы Астанадан Алматыға дейін ұзындығы 1282 шақырым бойынша жүріп өтеді. Қазіргі уақытта ұзындығы 250 шақырым болатын 9 бөлікте қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның 150 шақырымы пайдалануға берілген. Бірнеше мердігер мекемелер жұмыс атқаруда. Ғани Өтепбайұлы, жүргізуші -Осы жерде менде тағы бір сауал туындады. Жоспарға еніп, әзірге салынбай қалған жолдар бар ма? Нұрбек Байбосын, тілші -Орынды сұрақ. Естеріңізде болса, Елбасы жолдауына енген Жезқазған мен Қызылорда арасын жалғайтын автожолдың құрылысын бастау жоспарда болатын. Дегенмен де қазір экономикалық ықшамдаудың әсерінен бұл жоба 1-2 жыл кейінге шегерілген. Ал Сенат депутаттары көзбен көрген «Астана-Теміртау» бағытының былтыр 12 шақырымын қолданысқа берген. Биыл 10 шақырымын аяқтау жоспарда бар. Жалпы «Астана-Теміртау», «Астана-Павлодар», «Алматы-Қапшағай» автожолдарына Ұлттық қордан 178 млрд теңге бөлінген. 4 жолаққа дейін кеңейтіліп салынатын жолдарға өзіміздің отандық өнімдердің 95%-ы қолданылуда. Сәрсенбай Еңсегенов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты — Сонау Ақтаудан шығатын битум зауытының өнімі осы жерге пайдаланып жатыр. Яғни бұл жолдың сыртында бірнеше мыңдаған адамдар жұмыс істеп, еңбек ақысын алып, жанұясының тұрмыстық жағдайын жақсартуға мүмкіндік алуда.

cілтеме

Елордада жекпе-жектен халықаралық турнир басталды

Астана жаңалықтары: Елордада жекпе-жектен халықаралық турнир басталды

Астанада күш құрылымдары арасында жекпе-жектен халықаралық турнир басталды. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі дода биыл Қазақ хандығының 550 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының кубогы үшін өтіп жатқан жарысқа жалпы саны 25 команда қатысуда. Олардың арасында Ресей мен қырғыз елінен келген сарбаздар да бар. Байрақты бәсекеде ел намысын Айбек Хырыхбай, кикбокстан Азия чемпионы Медет Саметаев пен Әлкен Төлегенов сынды шеберлер қорғамақ. Қуаныш Қожахметов, полиция полковнигі: — Осындай спорт түрі бізге жақын. Олар адамға рух пен күш береді. Адам өміріне қауіп төнген сәтте, осы тәсілдерді қолданып, қылмыскерлерді құрықтап, жергілікті полицияға тапсырады.

сілтеме
Әрі қарай

Астанада 2016 жылдан бастап жылу тарифтері қымбаттайды ма?


Ал Астанада келер жылдан бастап жылу бағасы көтерілуі мүмкін. Жылу энергиясы өндірісі бойынша қызмет ұсынатын «Астана-Энергия» тиісті ұсыныспен әкімдікке шыққан. Қазір құзырлы орган жауабын күтіп отыр. Бұл туралы «Астана-Энергия» АҚ төрағасы Мақсат Ерденбеков біздің арнаның тілшілеріне хабарлады.

«Қазір бір гигакалорияның құны — 1 238 теңге. Ал өзіндік құны 1 535 теңгеніні құрайды екен. Өзіндік құн мен босату құнының айырмашылығынан шығынға белшеден батып отырмыз», — дейді компания өкілдері. Сөйтіп, олар бір гигакалорияның босату бағасын 1484 теңгеге дейін көтеруді сұрап отыр. Сонда әр шаршы метрі үшін есептелетін жылудың тарифі аспандап шығайын деп тұр. Бірақ тұтынушыларға жететен соңғы тарифтің қандай бағамен келетіні әзірге айтылмады.

Мақсат Ерденбеков, «Астана — Энергия» АҚ төрағасы:

2015 жылға біз 2 млрд 200 млн теңге шығын күтіп отырмыз. Тарифті 1484 көтерсек, біз 2 миллиардтан 800 млн теңге ғана шығында боламыз.

«Астана-Энергия» басшылығы босату құнын көтерудің себебін әдеттегідей көмірдің қымбаттығымен түсіндіреді. Айтуларынша, Екібастұздан келетін көмірдің бағасы жыл сайын 10-12 пайызға қымбаттап отыр. Мұнымен қоса, темір жол да тарифін 20-30 пайызға көтеретінін айтып шағымданды. «Ал жылудың босату құнын өзгертсек, жағдайымыз жақсарып қалады», — дейді акционерлік қоғам басшылығы. Сонда жылдық шығындары да қысқармақ екен.

Айгүл ӘДЕПБАЙ

cілтеме
Әрі қарай

«Астана» футболшылары Португалияға ат басын бұрды


Ертең елордалық команданың УЕФА Чемпиондар лигасындағы алғашқы қадамы басталады. Болгариялық маман Станимир Стойловтан тәлім алатын отандастарымыз Лиссабон қаласында жергілікті «Бенфикамен» алаңға шығады. Португалия астанасына негізгі құраммен бірге «Астананың» жасөспірім ізбасарлары да аттанды. Жастар командасының ойыны ертең Астана уақытымен кешкі сегізде басталады. Ал негізгі құрам түнгі 12:45-те кездеседі. «Бенфика» мен «Астана» арасындағы матчқа Тасос Сидиропулос бастаған грек қазылары төрелік етеді.

сілтеме
Әрі қарай

Астанада теннистен халықаралық турнир басталды

Астана жаңалықтары: Астанада теннистен халықаралық турнир басталды

Елордада Astana Gold 16& Under and Masters 10& Under теннистен халықаралық турнир басталды. Жарысты ҚР Теннис федерациясы ұйымдастырды. Жарыс 11-14 жас аралығы мен 9-10 жас аралығында екі кезең бойыншы өтті. Турнирде 10 жасқа дейінгі 60 аса адам және 14 жасқа дейінгі 60-қа жуық адам қатысты. Чемпионат елордада «Даулет» спорткомбинатында апта соңына дейін өтеді. Спорттық кешенде 50 жуық жас спортшылар жиналды. Ойынды ата-аналар мен жаттықтырушылар өз тәрбиеленушілерін қолдап отырды. Халықаралық турнирдің жабылуы 20 қыркүйекте өтеді. Осы күні чемпионаттың марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

сілтеме
Әрі қарай

Бүгін түнде елордада үсік жүреді

Астана жаңалықтары: Бүгін түнде елордада үсік жүреді

Бүгін түнде Астанада ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді. Осыған орай синоптиктер дауылды ескерту жариялады. Мамандардың айтуынша, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді. Ал алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда ауа температурасы 0-3 градусқа дейін төмендеп, үсік болады. Батыста жаңбыр жаууы мүмкін.
Саида Бердібекова, «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі: -Ертең Астанада жауын-шашынсыз, түнгі температура – +1+3, 1 градустай үсік күтіледі. Күндізгі температура +14+16 градус жылы. 16-17 қыркүйек күндері Астанамызда жауын-шашынсыз, түнгі температура – +5+7, күндіз – 16-18 градус жылы.

сілтеме
Әрі қарай

«Астана» велокомандасы кезекті жеңісін Қазақ хандығының 550 жылдығына арнады


Клубтың көшбасшысы Фабио Ару «Вуэльта» велододасының шешуші кезеңінде жеңімпаз атанып, қызыл жейде иесі атанды. Осылайша, ол жалпы есеп бойынша голландтық велошабандоз Том Дюмуленді шаң қаптырды. Александр Винокуровтың командасы жеңісін Қазақ хандығының 550 жылдығына арнады. Бұл ақтық мәре алдындағы 20-кезең болатын. Төрт бірдей таулы аймақты қамтитын күрделі айналымды еңсерген қазақстандық клубтың көшбасшысы Фабио Ару жалпы есепте Хоаким Родригестен 1,5 минутқа алда келеді. Енді бүгін испандық «Вуэльта» велобәйгесінің ақырғы айналымында жарысқа қатысушылар достық кезеңінде өнер көрсетіп, Мадридтің басты алаңында мәре сызығын кеседі. Айта кетейік, «Вуэльта-2015» көпкүндігі «Астана» велокомандасы үшін сәтсіз басталған болатын. Тәжірибелі капитан Винченцо Нибали жарыстан шеттетіліп, Паоло Тиралонго жарақат алып, ойынға қатыса алмай қалған еді. Үш аптаға созылған додада біздің команда бар күш-жігерін аямай, тер төкті.

сілтеме
Әрі қарай

«Мәңгілік ел» қойылымы еліміздің тарихи сәттерін паш етті


Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау мерекесі аяқталды. «Мәңгілік ел» атты театрландырылған қойылымды Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Қырғызстан мен Әзірбайжанның да басшылары тамашалады. Қойылым барысында қазіргі заманғы Қазақстан аумағында 3 мың жыл бойында өткен айшықты оқиғалар бейнелеп көрсетілді. Қазақ хандығының 300 жылдық даму кезеңі салтанаттың ең жарқын тұсына, ал тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу кезеңі қойылымның шарықтау шегіне айналды. 7 тараудан тұрған көрініс Керей мен Жәнібек құрған хандықтан басталып, осы күнге дейінгі Қазақстанның басынан өткерген тарихи сәттерін паш етті. Тек сахнаның өзіне 2500-ден астам адам көтерілді. Бір ғана Хан көтеру қойылымына 200-ден астам адам жұмылдырылған. Ал Құрманғазының күйін бірден 500 домбырашы орындап шықты. Көзбен көріп, құлағымен естігендердің айтуынша, мұндай деңгейдегі тарихи шоу елімізде бұрын-соңды болмаған. Шара кезінде мың бұралған биішелер мен күміс көмей әншілердің өнері де ерекше көрсетілді.

Толық нұсқасы: мына сілтемеде
Әрі қарай

Астанада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейлі той аяқталды


Күллі Қазақстанның қазыналы халқы мен өнерпаз жұртын елордаға жинап, дүбірлеткен торқалы той бүгін мәресіне жетті. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейлі тойдың соңғы күні «Халықтар достастығы» атты концертпен қорытындыланды. 3 күн қатарынан 2 бірдей сахнаны күмбірлеген күй мен сазға толтырып, ән мен биге бөлеген өнерпаздар жұртшылықтың жүрегіндегі елге деген махаббатты маздатып, бай тарих пен мәдениетінімізге деген құрметті еселеткен көрінеді. Сауық-сайранның соңғы күнінде Астанадағы күн райы мың құбылды. Жаңбыр жауды. Жел күшейді. Күздің ызғары білінді. Алайда бас шаһардың қақ ортасында тігілген қазақ ауылындағы салтанат бар сәнімен жалғасып жатты. Көңілді концерт, ән мен би алаңның екі бүйірінен құрылған екі сахнаны да жаңғыртып жатыр. Ал құлақты сахнаға түріп қойған жұрттың назары қала халқына таңсық көрінетін мынадай зергерлік, қолөнер бұйымдарында. Әсіресе Қарағандыдан келген Бөскей атаның балшықты илеп отырып, асқан ықтиярлықпен қалаған мүсіндері көз тартады. Бұл сирек өнерді шебер бала кезінен серік еткен екен. Бөскей Қыздарбеков, мүсінші -Бұл Қарағанды балшығы. 15 метр қазып, үйге әкеліп, кептіремін. Сосын елеген кезде балшығы түбіне түседі. Үстінде қалқып жүргенін алып, қолмен дайындаймын. Мұның жұмысы қиын шын айтқанда. Ал Астанаға бар кәдесыйларын, яғни үздік ән мен би, көріністерін алып келген өнер ұжымдары әлі де сергек, жүздері жадыраңқы. Күннің қытымырлығы талант иелерін тоңдыра алмаған сыңайлы. Кәусар Аяпбергенқызы, тілші -Ал бірнеше ғасырды артқа тастап, бабаларымыздың шынайы тұрмыс-тіршілігін көру үшін мынадай киіз үйдің ішіне кірсеңіз болғаны. Мұнда ХХ ғасырдан қалған саптама етіктер, аттың ер-тұрманы, батырларымыздың найза, шоқпар, қорамсақтың ішіндегі жебе-садағына дейін ілінген. Ал мынау бүгінгі күні өте сирек кездесетін бұрынғының киім-ілгіші адалбақан деп аталады. Дастархан басында сонау ХІХ ғасырда қолданылған көнек пен нағыз теріден жасалған саба тұр. Мұның бәрі Солтүстік Қазақстан облысында табылған жәдігерлер.
Авторлары: Кәусар Аяпбергенқызы, Абдулла Ибраев

cілтеме