КВН де бәрі болмаса де, кей командалар салмақты саяси әзілдер айтады. Ал «Наша KаZаша», "Әзіл студио", "Қыз қылығы", «Нысана», «Шымкент шоу» және т.б. төмен етек әзілден арылмайтын, түкке тұрғысыз дүниелер сұранысқа ие ғой.
Гордердің «Олар класстарда отырмайды, бұл сиыр бағу бойынша іс жүзіндегі үйрету болмақ» дегеніне қарағанда жем-шөп салып, астын тазалауды үйрететін болуы керек.
1. «Үмбетімнің кейбір мәселелерде әр түрлі көзқараста болуы – рахымдылық» деген екен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.).
2. «Мұрнымды кесіп ал» деп кімді мұқаттым деп отырсыз? Тоңмойындардан күнде естіп жүрген сөзіміз.
Шынымды айтайын, көрген жоқпын. Таңертең жаман көңіл-күймен ояндым да алақанымды ысқылап, «ой, қазаққа тиіспегелі көп болып еді, бір қырғын салайын» дегем. Сосын ойыма бірінші келгені осы болды )))
Мен не деймін, домбырам не дейді? «Ендеше, салт пен дәстүр күнделікті өмірге дендеп енбейінше, қазіргі заманауи өмірмен бейімделіп, үйлесім таппайынша, Наурыздағы дәстүрлі көріністер, тап сол показуха есебінде бола береді» Уоооот! Мәселе ЖАРНАМАДА! Сәнге айналдыруда!
1. Орысты орыс, қытайды қытай сынамайды деп кім айтты? Жаны ашығасын сынайды. Алайда қазақ үшін қашаннан қалыптасқан тенденция қазаққа орыс, ағылшын, өзбек келіп сын айтса ғана тыңдалады. Қазақ айтса — көре алмаушылық болады.
2. Қалай ұйымдастыруды білмейсің деп жатқан ешкім жоқ. Халықтың бойкүйездігі айтылды. Жаңа жылға осынша шашылып, төл мерекелерге Кеңестен қалған концерттер ұйымдастыра салатыны жанды ауыртады.
3. Конфуцийдің «не екенін айтпа, қалай екенін айт» дейтін сөздері менің де ұстанымым және қалай екенін көрсетіп те жүрмін.
4. «Европалықтардың өзі, бұл мерекені қатардағы мереке есебінде қабылдап, негізгі жаңа жылдарын рождество мен сочельниктерінде тойлайды. Бірақ, бұл мерекеден де бас тартып отырған жоқ» Уоооот, мәселе қайда! Олар Тәуелсіздік күнінен бұрын жаңа жылдық әрлеу жасамайтын шығар. Тек Қазақстанда ғана қарашаның аяғынан бастап әрлей бастайды. Мәжбүрлеу емес, мәңгүрттік.
Жарға айтып отырғаным онсыз да белгілі. Алайда тым құрыса бір қазақ ойланып қалса деген үміт бар.
А, пысы бар екен ғой: Жалпы қазақ үшке бөлінген. Сынаушы, сыналушы және сынаушыны сынаушы.
«Дені түзу бағдарламаның жоспарын ұсынсаңыз, жүзеге асыратын шығар…» — Қарапайым адам идея әкеліп, соны үлкен арналар іске асырады деген кинода ғана. Біздің ТВ мүлде басқаша жасалады. Мемлекеттік тапсырыс деген бар.
Қызды ұзатып, ұлды сүндетке отырғызса — бәсекелестік. Сән қуу. Қыз ұзатудан құр сүлдер қалған. Қазіргі ұзатуда әкесі қызымен билейді, үйлену тойда гүл лақтырады, беташарда күйеу мен келін бір жерде тұрады.
Мағынасы зор есімдер қойылса — ол да сән. Кезінде еліктегіш қазақ қызын Томирис, ұлын Дамир деп атаған. Оның қазақшасы Тұмар екенін айта-айта, жаза-жаза бір-ақ қабылдады. Оның бәрі ПРОПАГАНДАНЫҢ әсері. Ал қазір Наурыз бен Тәуелсіздік күнін СӘНДІ МЕРЕКЕ етпесең ұмытылып кетеді. Алайда Наурыз бен Тәуелсіздік күні ат төбеліндей адамдардың бас қайғысына айналған.
Қазақ — надан деген ешкім жоқ. Қазақ бойкүйез. Өзінікі дегенде жамбасы тесілгенше жатады. Өзгенікіне жалғыз атын сойып, жалпақ шешей.
Өзім сол салада болған соң ТВ жайлы айтайын. Ұлттық мерекелерде үлкен саясаттың қолшоқпар арналары (барлық арна) аузына су құйылғандай үндемейді. Тәуелсіздік күніне 20 жылда әзер дегенде дені дұрыс бір концерт қойылды. Оған дейін «Тәуелсіздік күні құтты болсын» деген «шапкадан» ары аспайтын. Наурызда бір студияға тығылып, ұлттық костюм кигендеріне мәз. «Неге бұлай?» десең «бюджет жоқ» дейді. «Неге бюджет жоқ?» десең «Бұл күндері рейтинг жоқ» дейді. Ал Жаңа жылдық бағдарламалар ең жоғары бюджетке, ең жоғары рейтингке ие. Неге? Халық сұранысы шынымен сондай. Оның дәделі «мен жаңа жылды тойлай берем» деген сіздердің мақтанып айтқан сөздеріңіз. Ұсыныстың сұранысқа құрылатынын мен айтпай-ақ білесіздер. Орыс тілі анық басымдылық көрсетіп тұрған шақта ПАПАЛАР «Наурыз, Тәуелсіздік күнін тойламай-ақ қояйық, халықты біріктіретін Жаңа жылды тойлай берейік» десе, қарсы айтар уәжің де қалмайды. Ары қарай Хэллоуин, Рождество, Пасха және т.б. енеді. Сосын мен қазақ едім деп қалай айта аласың. «Ерден ердің несі артық, ептестірген сөзі артық». Ұлттан ұлтты ажыратудың басты белгісі — салт пен тіл болса, біз одан жұрдай болып барамыз. Бар айтайын дегенім сол еді.