Жарияланымдар

ҚАҺАРМАНЫН ҚОРЛАҒАН ЕЛ ҚАҺАРҒА ҰШЫРАП ЖҮРМЕСІН

Қазақ спортының сенсациясына айналған Бекзаттың қабірін қорлағандығы туралы хабар күрсінтіп тастады. Елдігімізге, азаматтығымызға сын болған бұл масқара жайттың бір таңқаларлығы бұл оқиға өткен жылдың шамамен қазан айында анықталған. Сол уақыттан бері ешкімнің, ешбір азаматтың назарын селк еткізбегендігі таң қалдырады. Осы күнге дейін қабіріне барып жүрген адамдардың ешқайсысы бұл мәселені көтермеген. Тіпті жер көкке сыйғызбай мақтайтын рухани ордамыз Түркістанда бұл жағдайдың болуының өзі таңқалдырады. Түркістанда осындай азғындық әрекет болып жатса онда басқа жер туралы сөз қозғаудың өзі қиынға соғады. Әлде Қазағым қасиетінен айрылайын деді ме екен.
Әрі қарай

ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМ

немесе
ҚАЗАҚПЫН ДЕГЕН ҚАНДАЙ БАҚЫТТЫ

Адамның екі нәрсеге құқы бар:
еркіндік пен өлім. Егер біріншісіне
қол жеткізе алмасам онда екіншісін
таңдаймын. Себебі мені ешкім
тірі өлік етіп ұстауға құқы жоқ.
Харриет Тубман

Қазақтың баласы берісі ел
басқаруды, арысы адамзатты,
әлемді басқаруды мақсат етуі тиіс.


Патриотизм мәселесін көтеруіме себеп болған, тәуелсіз ел болғалы бері әлі күнге дейін патриотизмнің мазмұны мен соны құндылықтары қалыптаспағандығынан туындап отыр. Жаңадан мемлекет құрып жатқан соң, оның халқының санасында да жаңа мемлекет құрып, бұрынғы идеяларды өшіріп, жаңасын жазу қажет еді.
Әрі қарай

Мұстафа Шоқайдың өзін болмаса да, тарихи тұлғасын тірілтуге болады

Мәжілісте 13 сәуір күні Шалатай Мырзахметов бастаған 20 депутаттың тәуелсіздіктің 20 жылдығында депутаттық сауал беріп Қазақстан тәуелсіздігінің символ тұлғасы Мұстафа Шоқайға тиісті орнын беруге шақырғанын тебіреніс толқумен қарсы алдым.
Әрі қарай

20 ЖЫЛДЫҚ ҚАРСАҢЫНДА 20 ДЕПУТАТ ЕРЛЕДІ



Осы күнге дейін депутаттардың атына айтылатын неше түрлі жайсыз сөздерден бас көтере алмаушы едік. Бұл жолы халық қалаулылары халықтың қалауын, яғни ұлттық, мемлекеттік мәселелерді өздерінен жоғары қоя білетіндері баршылық екенін дәлелдеді. Бүгін 13 сәуір күні Мәжілістің жалпы отырысында депутат Шалатай Мырзахметов бастаған 20 депутат «тәуелсіздігім тағдырым» деп өткен Мұстафа Шоқайға шет мемлекеттер құрлы құрмет көрсете алмай жатқандығымыз туралы депутаттық сауал оқып, санада бір-ақ төңкеріс жасап жіберді. Кезінде оның атын атаудың өзіне тыйым салынып, аты үрей тудырған заманның толқыны болғанына қарамастан, бойларында әлі кеңестік қорқыныштың уыты тарқамаған депутаттарымыздың бұл жолғы батырлығына түрегеп тұрып сол соғуға болады. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында тәуелсіздік жолында құрбан болғандарға құрмет көрсетіліп, санада бетбұрыс болып жатса неге бәрекелді демеске.
Әрі қарай

Терезесi тең ынтымақтастықты жақтаймыз, ал экспансияға жол бермеймiз!

Қазақстан азаматтық қоғамының
ҚР Президентiне ашық хаты


Бiз, ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар – саяси партиялар, қоғамдық және үкiметтiк емес ұйымдар, интеллигенция және сарапшылар қауымдастығының өкiлдерi –Қазақстан мен Қытай арасындағы тең құқықты және көпқырлы әрiптестiк қарым-қатынасты елiмiздiң гүлденуi кепiлiнiң бiрi ретiнде қарастырамыз. Алайда екi елдiң нақты экономикалық қарым-қатынасына алдын ала жасалған талдау көңiлiмiзге күдiк ұялатты, ерекше алаңдаушылық туғызды.
Әртүрлi мәлiметке сүйенсек, соңғы жылдары Қазақстандағы газоконденсант пен мұнайдың жылдық өндiрiсiнiң үштен бiрi қытайлық компанияларға тиесiлi екен. Осының өзi елiмiздiң стратегиялық мүддесi мен ұлттық қауiпсiздiгiне төнген қатер туралы айтуымызға толық негiз болады.
Әрі қарай

ЕЛБАСЫНЫҢ УӘДЕСІ ҚАШАН ОРЫНДАЛАР ЕКЕН?

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
К.Мәсімовке

Қазақстан Республикасы
Президент Әкімшілігінің басшысы
А.Е.Мусинге

Астана қаласының әкімі
И.Тасмағамбетовке

Өзіңізге мәлім, 2011 жылы 21 қаңтарда аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, біздің даңқты жерлесіміз Смағұл Садуақасұлы сүйегінің күлі Мәскеудің Дон зиратханасынан Астанаға жеткізілді. Ол қазір елордадағы «С.Ғылмани» мешітінде уақытша тұр.
Әрі қарай

Көтеріңкі көңіл-күй

Ауылда бір қалжыңбас ақсақал болыпты бәрін бір қағытып тастайтын. Бір күні сол ақсақалдың Ақтөс деген иті өліп қалады. Ақсақалды сөзбен қағыта алмай жүргендер жиналып, «Ақсақалға барып, иті өлгені үшін көңіл айтып прикол ұстайық» депті. Жігіттер жиналып «Ата итіңіздің арты қайырлы болсын» деп ақсақалға көңіл айтып, көрісіпті. Сөйтсе ақсақал: "Әй кемпір, дастарханыңды дайында, Ақтөстің достары келіп қалды"- деген екен.
Әрі қарай

Келесі Премьер-министр

Президентімізді сайлап болған соң әдеттегідей Конституция бойынша Үкімет таратылады. Енді жаңадан жасақталатын үкіметті кім басқарады деп ойлайсыз? www.qazaquni.kz сайтында жүргізіліп жатқан сауалнамаға қатысыңыздар. Әзірше қорытынды:

* Әсет Исекешов (41%, 74 дауыс)
* Бердібек Сапарбаев (30%, 54 дауыс)
* Өмірзақ Шөкеев (16%, 28 дауыс)
* Аслан Мусин (5%, 9 дауыс)
* Серік Ахметов (5%, 9 дауыс)
* Қайрат Келімбетов (3%, 5 дауыс)

Барлығы: 179
Әрі қарай

ШЕКСІЗ ТОНАУ ӘДІЛЕТСІЗДІГІ – шектен шыққан мұнай ұрлығы

Осы күнге дейін еліміздің байлығын әділетті бөлу жөнінде азаматтарымыз тынбай мәселе көтеріп келді. Нәтижесінде мәселе шешілмеді. Енді халқымыз бұл мәселені басқа жолмен шешуге тырысып жатқанға ұқсайды. Мына ресми дерек көп нәрсені аңғартса керек. 2006 жылы 44 мұнай ұрлығы, 2007 жылы – 74, 2008 жылы – 132, ал 2009 жылы – 148 ұрлық орын алған екен. 2010 жылдың қыркүйегіне дейін бір қаржы полициясы 167 мұнай ұрлау қылмысын әшкерелеген. Әрине бұл фактілер тек магистральді мұнай құбырларын тесіп мұнай ұрлағандары ғана. Ал мұнай өндіріп жатқан жерден ұрлау және өздері заңсыз мұнай қазып ұрлау фактілерінің санын білмейміз. Оған қоса ресми деректің өмірдегі дерекпен сәйкесе бермейтіні тағы бар. Қалай болғанда да мұнай ұрлығының жыл санап күрт өсіп келе жатқаны ақиқат.
Әрі қарай