Жарияланымдар

Pazylbek
Саммита! Жоғарғы жақ хаттарға жауап бермегенмен, келген хаттардың бәріне сараптама жасап, үлкен кісіге жалпы есебін беріп отырады. Сол сараптамалар үлкен ықпал жасайды. Егер есіңде болса, Елбасы көбінесе біреуден келген хатты мысал етіп оқып, соған қарай әрекет етуді айтып жатады. Өткенде бір орыс кемпір ауруханалардағы жазудың бәрі қазақша болып кетті деп хат жазған, соған қандай резонанс болды. Өйткені тек оның хаты ғана емес сараптама бойынша бәрі қазақша болып орыс тілі өліп барады деген хаттар басым болған. Соған сәйкес, бір хатты ғана мысал ретінде келтіре салды…
Pazylbek
Біз www.russianskz.info сайтының Қазақстанда ашылмауын сұрадық. Оған сайттағы материалдар айғақ, дәлел бола алады. Көкшетаудағы орыстардың ұран көтеріп жатқаны туралы газеттер мен сайттарда да суреттерімен қоса жарияланды…
Pazylbek
Сен өзі саммита бір нәрсені құрастырып алады екенсің. Хаттың қай жерінде менің ұйымдастырып жатқаным туралы бар. Бұл бәріміздің ортақ жұмысымыз, намысымыз болған соң бәріміз бірдей жұмыла істеуіміз, көтеруіміз керек қой. Менің жеке шаруам емес. Бұндай керітартпа пікірлерді доғарып әрекет етуіміз керек. Бір бірімізді қолдауымыз керек. Сөзбен қағытып, сынап мінеп отыратын уақыт жоқ қой…
Pazylbek
Қалай қабылдасаң өзің біл. Бірақ бұл науқанды ұран емес, соны білем. Әркімде өзінің басы бар ғой, міндетті түрде осы тексті көшіріп жіберу керек емес қой. Бұл жәй формасы. Хатқа қара, хаттағы сайтты оқы, әркім өзі азамат ретінде қоғамға үн қосам десе араласады. Әйтпесе бұл қоғамдық жұмыста зорлық жоқ…
Pazylbek
Саммита факспен жібере алмасаң, хатпен жібер, кеңсеге тапсырып кіріс нөмерін, телефон нөмерін жазып ал, сосын кеңсе арқылы орындаушысын білесің. Сол да қиын ба. Бастысы ниет болу керек. Ниет болса адам бәрін істей алады…
Pazylbek
Ей керітартпа Зако. Бірнәрсені біліп барып жазсай. Жазылған хаттардың қайда кетіп жатқанын, ықпалының қандай екенін сонда отырған мен білген соң осындай ұсыныс жасап отырмын. Өзің қосылмайсың ба, басқаларына кедергі жасама. Басқа әңгімең болса 740800 ж.т., 87011280724 осыған хабарлас, толығырақ түсіндіріп берем… Фазылбек
Pazylbek
ҚР Президентінің қабылдау телефоны мен факсі 744099 немесе 746009, Премьер-министр 745110. Осы нөмерлерге Қазақстанның түкпір түкпірінен хат жолдаңыздар. Іске кірісейік…
Pazylbek
бәрібір. жәй ой жүйріктігіңізді тексеріп көрсем дегем… қай жердегі киоскі екенін жазбадыңыз
Pazylbek
Жеке өзіңе сұрақ жасырсам шеше аласың ба…
Pazylbek
Бүгін немесе ертең шотыңызға жатқызылады… Кешіккені үшін кешірім сұраймыз. Демалыс көбейіп кетті ғой, содан кешікті…
Pazylbek
Бұл сұрақтың дұрыс жауабын бірінші Сіз жолдағандықтан қабылданды. Фазылбек
Pazylbek
Қадірлі оқырман сіздің жауаптарыңыздың ішінен тек 2-жауап қана қабылданды. Құрметпен Фазылбек
Pazylbek
Сен өзі қызық адам екенсің. Сен туралы бірнәрсе бар ма мұнда? Бір нәрсе болса өзіңе ала бермесей. Сен мені танымайтының көрініп тұр…
Pazylbek
Бауырым мен ұлттық мәселені айтып отырсам сен мақаланың жазылуы туралы айтасың. Бірінші кезектегі мәселемен жүзінші кезектегі мәселені қатар қоюға болмайды. Біз мақаланың жазылуы туралы пікірталастырып тұрғанда ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі мәселені қашан шешеміз сонда…
Pazylbek
Негізі намысымызға сын ауыр мәселе көтеріліп отырған соң. Оны қалай шешу жағын ойластырған абзал. не істейміз, мәселені қалай шешеміз деген сұраққа жауап айтыңыздар, пікір қосыңыздар… Мәселені шешуге талпыныс жасайық. Сонда азаматтығымызды көрсетеміз. Мұндай ауыр мәселе көтеріліп тұрғанда әрібің көп екен деген сияқты ұсақ әңгімелерді доғарып мәселенің шешілуіне байланысты ұсыныс күтем…
Pazylbek
Аршат бұл мәселе Астана, ктк, 7 телеарналарында көрсетілді. сайттарда жазылып жатыр. қоғамдық пікір туындады. Қысқасы естімеген адам аз. Естімеген өзіңді де бір кінәлап көрсейші. менікі осындай қоғамдық пікірге пікір қосу ғана. Бекзаттың қабірі туралы болғасын адам түсіну керек қой бірден. Қабірдегі медаль көшірмелерінің ұрланғаны туралы хабарды қайталап жаза берудің қажеті қанша. Ымға түсінбеген адам дымға түсінбейді. Әрібің көп екен деп сынға бірден иек артпасаң жөн болады…
Pazylbek
Ой астапыралла-ай. Көзіңді бақырайтып қойып мақалаңды біреу жариялап жіберсе таң қалма. Менің осы мақаламды маса.кзте Ермек Қарабала деген өз атымен жариялап жіберіпті. Адамда ұят жоқ болса қиын екен ғой. Фазылбек Әбсаттарұлы
Pazylbek
Бауырым patick!

1. М.Шоқайдың 70 томдық еңбегінің қайсысын оқыдың. Білмеген нәрсең туралы айтпағаның дұрыс болады. Кеңес өкіметінің көзілдірігін шешкенің дұрыс болар.
2. Өлген адамның артынан жаман сөз айтпайтын қазақ емес пе едік…