Алдағы сенбі – бесінші наурыз Алашорда ұлттық автономиялы үкіметінің төрағасы болған Әлихан атамыздың бұ дүниеге келген күні… Биыл, міне осы мерейлі дата дөңгеленіп, 145 жылға келіп қалыпты. Кәк всегда кербақай үкіметтен қайыр жоқ қой. Тілеуің бергір Тұрсын Жұртбай, Серік Ерғалилар тұрғанда, Астана жастары саяси гедониядан сауығудың жолы деп, «Отан-Ана» монументінде еске алу рәсімін өткізбек ниетте. Әрине, Әлихан атамызды. Осы хабар жеткен астаналық жастар сенбі күні, сағат 11.00-де “Отан-Ананың” алдында тұрса дейміз тізіліп. Біз боламыз. Бұйырса. Сіз де болыңыз. Қалтаңыз көтерсе, бір құшақ гүл аларсыз. Көтермесе, ешкім кінә тақпайды. Алаш рухын аңсайтын, Алаш идеяларының орындалуын қалайтын азаматтар бұл шарадан тыс қалмаса дейміз. Негізі айтпағым бұл емес еді.
Осы блогқа келіп-кетіп жүргендердің Өркеннің үнді киносына құмарлығын білмейтіні кемде-кем шығар. Осыдан екі-үш күн бұрын Ютубты ақтарып юрып, керемет қуанышқа кенелмесім бар ма? Шуақты шаттықтың фотондарынан үстімдегіфутболкам дыр-дыр жыртылып кетті (енді тек еден сүртуге жарамаса ).
Қазақ жастарының Альбина Жанабаевамен мақтанатын жөні бар шығар, ә. Танымал «ВиаГРА» тобының ұзын сирақ, бүйрек бет әншісі Еділградта туғанымен, түп-тегі өзіміздің Атыраудан екенін айтып жүр ғой. Бастысы, Жириновский секілді жиіркенбесе болды да. Тегі болмаса, «МузТВ-ның» жұлдызы Лера Кудрявцеваның Өскеменде туып-өсіп, сондағы музыкалық училищені тауысқанымен бірталай жас мақтанатын көрінеді. «Қой» демейміз, қуана берсін.
Арамызда үміткерлер ұсыну кезеңінің «тез» біткеніне басын тізесін қойып тұрып қайғыратындар табылатын шығар. Себебі, бұл шеруде сұр бетоннан шыланған саяси сахнамыздың сәнін келтірген сәттер молынан болып еді, білесіздер. Қызықты «сәттерді» мен де қызықтап, орын-орындарына қоюға тырысқан едік. Олай-бұлай ауытқып кетсе, айып етпеңіз. Бұл – Өркеннің таңдауы!
Таңертенмен жұлқынып жұмысқа келсем, мэйл агенттегі поштамда қара құлып тұр. Олай да былай да тартқылаймын, үзілер түрі жоқ. Сол баяғы логин, құпиясөзді жүз рет қайталап енгіздім, болар емес… Қандай кеңес айтасыздар, ақпараттан қағылып отырған түрім бар.
Алматының дуалы мен ауласына «графитти» салатын «граф», кешіріңіз қажы ағайдың атына бәрі қанық шығар. Ақордаңнан Атырауға дейінгі атырапта оныңесімін құлағы шалған адамның езу тартпайтыны жоқ. Сірә, суреттегеніме қарап, бұл Пикассоны
сый тұтқан пірәдар деп қаларсыз. Олай болса, оңбай қателесесіз. Бұл, әрине Бағысты алып берген «қасиетті» асатаяғын бір қолына, полиэтилен пакетін екінші қолына ұстап, «Аттан да Аттан» деуден аузы талмайтын атақты Амантай қажы Асылбек. Бұл материалымызбен сайлауға жеңін түріп, жеңемін деген Амантайдың пиар кампаниясына ат салысқалы отырған жоқпыз. Бар-жоғы Амантайдың арғы-бергі тарихына шам жарығымен шолу жасағымыз келген.
Былай қарасаңыз, биылғы сайлауға көшелі сөз айтып, келелі іс бастайтын азаматтар емес, көршісінен басқа ешкім көрмеген, туысынан өзге ешкім танымаған кісілер киіп-жарып қатысып жатыр. Бұнысы сайлауды сайқымазаққа айналдыру ма, әлде демократияның көрінісі ме, білмедім. Білетінім – бұл абсурд театры. Оғаш театрдың кейіпкерлері көзіңнен жас ағызатындай қайғылы емес, ішек-сілеңді қатыратын сайқымазақ та емес. Бірақ, күлкілі көрінеді.
Біз Азиададан алтын жаудырып жатқанда, орыс көршіміз Түркияда өткен Универсиадада жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды алды. Сол жарыста “ жыртып” қайтқан спортшылармен Владимир Путин бейнебайланысқа шыққанда, “ беру встречные обязательства научиться кататься на коньках”, – деп жігітше сөз берді. Путин қайда, Өркен қайда?
Олар мемлекет басқару жүйесіне мэйнстрим әкелуі тиіс болатын. Олар сүйіктіистиблишменттің ителгі ұшар биігіндегі иерархияның сүйегін жаңартып, сүйкімін келтіруі керек еді. Олар керек жерінде капитан, лайық деп тапса лоцман болуы тиіс болатын. Осымен, олар, олар… дегеніміз, “Құдай берген” «болашақтықтар» ғой баяғы. «Тиіс» деген етістікті естісе де, естімесе де, біразымыз «болашақтықтардан» осыны күтіп едік. Қысқасы, «айрықша ені бар» жастарымыздың жағдайы жанына батқан Сағынбек Тұрсынов осы аптада депутаттық сауалын жолдады.
Әрине, бұл жерде біз сайтман достарымыздың гүлтанудағы білім деңгейін тексермейміз. Бұл гүлдерді біреуі нарцисске, біреуі орхидеяға ұқсатар… Ой, өзі бұл әдемі өсімдіктің әр алуан түрі бар ғой, тәйірі. Танып боласың ба… Бірақ, бұл гүлдер тек Тайландтың бір ауылында ғана өседі екен. Енді зерттей қарасаңыз әм жоғарыда айтылған сөздердің кейбірін ауыспалы мағынада бергенімді ескерсеңіз, жұмбақтың жауабы шаш жұлатындай қиын емес болып шығады. Ждемсс!!!