Жарияланымдар

ҚазАТУ дың үздік түлегі Қытай Халық Республикасының мемлекеттік грантын жеңіп алды

Бұл туралы оқу орнының Стратегиялық жоспарлау, ғылым, xалықаралық байланыстар жөніндегі проректоры С.В.Могильный Қытайдағы Шыңжаң аграрлық университетіндегі әріптестерімен кездесуінде айтты. Оның айтуынша, аграрлық бағыттағы жоғарғы оқу орындар бір-бірімен ынтымақтаса тәжірибе алмаса жұмыс істеуі керек. Бұл кездесу мақсаты да осыны көздейді. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 9 мен 18 мамыр аралығында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университетінің 15 үздік студенті мен оқытушы-профессорлары Қытай елшілігінің грантымен аспан асты елінде тәжірибе алмасу мақсатында іс сапарда жүр. Былтырғы жылдың қазан айында Қытай мемлекетінің ғылым және теxника вице-министрі Цау Джянлин мен Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй ҚазАТУ ректоры, профессор А. Күрішбаевпен кездесуінде бұл грантты бөлу жөнінде мәлімдеген болатын. Іс-сапардың алғашқы күні университет студенттері Үрімші ауыл шаруашылық университетінің ветеринария факультетінің зертxанасында болып, оқытушы-профессорлардың ғылыми жаңалықтарымен танысып, өзара тәжірибе алмасты. Келесі күні, ҚХР дағы ауыл шаруашылығында маңызды рөл атқаратын Синь Янь ауыл және орман шаруашылығы университетінің басшылығымен кездесіп, екі жақты келісім шартқа отырып, меморандумға қол қойды. Келісім бойынша тараптар алдағы уақытта, ғылыми зерттеу саласындағы ынтымақтастық байланысын жаңа деңгейге көтермек. Үрімші қаласындағы Шың Жаң ауыл шаруашылық университетіне Қытайдың ғылым және теxника министрлігі ветеринария саласы бойынша бір, жем-шөп әзірлеу саласы бойынша тағы бір грант бөлді. Тағы бір қуанышты жаңалық, Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы (Сиань қаласы, Шэньси провинциясы) Университетінің жариялаған байқауына қатысқан университеттің үздік түлегі Жасұлан Қадырбаев докторантураға түсіп, Қытайдың мемлекеттік грантын жеңіп алды. Кездесу барысында делегаттарды бастап барған С. В.Могильный Университеттің бүгіні мен келешектегі ғылыми әлеуеті туралы баяндама жасады. Екі елдің студенттері де, тәжірибе алаңында болып, алдағы бірлескен жоспарлары туралы өзара келісті. Дерек көзі: С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротеxникалық университеті баспасөз орталығының директоры Б. Иманғалиев. Тел: 8701 106 35 25 Астана-Үрімші-СианьБлог - Nureke01: ҚазАТУ дың үздік түлегі Қытай Халық Республикасының мемлекеттік грантын жеңіп алдыБлог - Nureke01: ҚазАТУ дың үздік түлегі Қытай Халық Республикасының мемлекеттік грантын жеңіп алды
Әрі қарай

Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев

Бағдарламада келген қонақ пен жүргізуші арасында еркін сұхбат жүреді. Белгіленген бір тақырып аясында емес, кез келген тақырып бойынша әңгіме өрбиді.

Қатысушыларға орынды қалжың арқылы саяси сынаулар мен ойландырар сауалдар қойылады. Бағдарламада жанды дауыста әр түрлі музыкалық аспапта ойнайтын топ жұмыс істейді.

Жоба Ұлттық арна сахнасына жаңаша бағыт пен жаңалық алып келмек.Блог - Nureke01: Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев
Әрі қарай

Төреғали Төреәлінің кешіне 17 адам билет ұтып алыпты! Сізде бағыңызды сынап көріңіз!

Ұлттық арна эфирінен жүріп жатқан «Сәлем, Қазақстан!» жобасының 14 сәуірдегі кезекті қонағы – әнші Төреғали Төреәлі. «Төрешің», «Бол жанымда», «До-ре-ми», «Қазақ қызға үйленем», «Біз екеуміз» және т.б. әндерімен танымал әнші бұл кеште Сіз біле бермейтін қырымен танылмақ.

Құрметті көрермен! Назарларыңызға Төреғали Төреәлінің шығармашылығына арналған сұрақтар ұсынамыз. Жауабын дұрыс тапқан жандарға әншінің кешіне тегін билет беріледі.

Сұрақ: Төреғали Төреәлі сахнаға алғаш рет неше жасында шықты және алғаш сахнаға айтып шыққан әні қалай аталады?

Жауаптарыңызды мына электронды адреске жіберіңіздер: salem@kaztrk.kz.

Дұрыс жауап берген әрбір жеңімпаз 2 билетке ие болады.

Бұл кешті бізбен бірге өткізуге асығыңыз!
Блог - Nureke01: Төреғали Төреәлінің кешіне 17 адам билет ұтып алыпты! Сізде бағыңызды сынап көріңіз!
Әрі қарай

«Қазақстан» телеарнасы Головкин-Уэйд жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) 23 сәуір күні (Астана уақытымен 24 сәуір) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жекке шығады. Кездесу АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Форум» аренасында өтеді.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты жекпе-жекті 24 сәуірде 07.20-дан бастап тікелей эфирде көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды.

Геннадий Головкин — Қазақстан мақтанышы. Ол әуесқой бокста 350 кездесу өткізіп, 345 жекпе-жегінде жеңіске жеткен. 2000 жылғы жастар және 2003 жылғы ересектер арасындағы Әлем чемпионы, 2002 жылғы Азия ойындары мен 2004 жылғы Азия чемпионы. Сондай-ақ, 2004 жылғы Афины Олимпиадасының күміс жүлдегері.

Геннадийдің осыған дейін австралиялық Дэниел Гил, мексикалық Марко Антонио Рубио, америкалық Вилли Монро II мен Стивен Кертис және канадалық Давид Лемье секілді мықты боксшылармен жұдырықтасып, жеңіске жеткенін айта кеткен жөн.

Америкалық боксшы Доминик Уэйд осыған дейін 18 кездесу өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Сонымен қатар, 12 кездесуінде қарсыластарын мерзімінен бұрын ұтқан. Ол соңғы кездесуін былтыр 26 маусымда австралиялық боксшы Сэм Солиманға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 2015 жылдың 18 қазаны күні канадалық Давид Лемьеге қарсы өткізіп, 8-раундта нокаутпен ұтқан. Бұл кездесуді де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

Лемьеге қарсы ұрыс Головкин үшін ерекше маңызға ие. Себебі, жекпе-жекті HBO телеарнасы ақылы түрде Pay-Per-View жүйесімен көрсетіп, 150 мыңнан астам абонементті сатқан болатын. Бұл АҚШ жерінде жекпе-жек өткізген шетелдің азаматы үшін жоғары көрсеткіш саналады.

Ал отандастары үшін Головкин-Лемье жекпе-жегі нағыз спорттық мереке болды. 3,5 миллион қазақстандық жанкүйерлер демалыс күні екеніне қарамастан Головкин-Лемье жекпе-жегін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамашалаған. Бұл ректордтық көрсеткіш! Сондай-ақ, осы кездесуді 1 млн көрермен телеарнаның ресми www.kaztrk.kz сайтынан көрген.Ал, жекпе-жектің қайталауын 1,5 миллионнан аса жанкүйер тамашалаған.

24 сәуірде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 15.00 және 19.00-де Головкиннің Уэйдке жекпе-жегін қайталап көрсетеді. Ал «Kazsport» телеарнасы мен kazsporttv.kz сайты 24 сәуірде 23.15-те, 25 сәуірде сағат 09.00-де, 22.00-де және 1 мамырда сағат 23.00-де жекпе-жекті қайталап көрсетеді. Блог - Nureke01: «Қазақстан» телеарнасы Головкин-Уэйд жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетудің эксклюзивті құқығына ие болды
Әрі қарай

«Қазақстан» РТРК «Шын жүректен!» қайырымдылық телемарафонын өткізеді

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев әлеуметтік бастамаларға жан-жақты қолдаудың маңыздылығын әрбір сөзінде атап өтеді. 2015 жылы көмекке мұқтаж отбасыларының қажетті медициналық, әлеуметтік көмек алуына Елбасы 600 000 АҚШ долларын бөлді. Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық науқанын өткізу 2015 жылдан бастап қолға алынды.

2016 жылдың 1 наурызын Елбасы Алғыс айту күні деп жариялады. Осы бастаманың негізінде халқымыз бір-біріне деген ыстық лебізін білдіріп, көмекке мұқтаж жандарға жақсылық жасап, алғыс айтумен қатар өздері де алғысқа бөленді. Еліміздегі осындай игі бастамаларды басшылыққа алып, «Қазақстан» РТРК» АҚ «Шын жүректен!» қайырымдылық телемарафонын өткізуді жоспарлауда. Қайырымдылық телемарафонының мақсаты – көмекке зәру жандарға қол ұшын беріп, адамдардың жақсылық жасауға деген құлшынысын арттыру, ізгілікке тәрбиелеу, қайырымдылық жасаған жомарт жандардың игі істерін көпшілікке насихаттау.

«Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны 28 сәуір күні тікелей эфирде көрсетіледі.Блог - Nureke01: «Қазақстан» РТРК «Шын жүректен!» қайырымдылық телемарафонын өткізеді
Әрі қарай

Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан Заттыбек Көпбосынұлының концертін көріңіз.

Заттыбек Көпбосынұлы қазақ эстрадасында өзіндік орны бар әнші. Жақында ғана Ұлттық арна ұсынған «Сәлем, Қазақстан» жобасы бойынша өзінің жеке концертін өткізді. Блог - Nureke01: Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан Заттыбек Көпбосынұлының концертін көріңіз.
Әрі қарай

«Қазақстан» Ұлттық арнасы ардагерлерді ардақтауға бағытталған акциялар ұйымдастырады

Биыл да телеарна өз көрермендеріне майдангерлер мен тыл ардагерлерінің өмірі, ерліктері мен есіл еңбектері турасында айтылған сырға толы бағдарламалар тізбегін ұсынбақ.

Сондай-ақ, «Ер есімі – ел есінде» деген ұранмен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Екінші дүниежүзілік соғыста майдан даласында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің жаңа тізімін жариялауды жалғастырады.

Қазіргі таңда ұзын саны он мың адам жайлы мәліметтер қолда бар. Бұл деректерді еліміздің Сыртқы істер министрлігі, Еуропадағы елшіліктер мен іздеу топтары ұсынған.

Тізімде майдангерлердің қайда қаза тапқаны және тұтқынында болғаны, сонымен қатар, олар жерленген зираттар туралы деректер келтірілген.Блог - Nureke01: «Қазақстан» Ұлттық арнасы ардагерлерді ардақтауға бағытталған акциялар ұйымдастырады
Әрі қарай