Жарияланымдар

Тони Джааны сағыну

Мектепте оқып жүргенде «Онг Бактың» ішіндегі төбелес сәттерін қайталап көруден жалықпайтынмын. Қазірде сағындыртып барып, қарап тұрамын. Джеки Чан мен Джет Лидің фильмдерін содан бастап көрмей кеттім, себебі оларды еріксіз Тони Джаамен салыстырып қарағасын, көңілім түсіп, арзан зат қарап отырғандай күй кешетін болдым. Джекидікі қарғып-секіру, соққысы аз, тез-тез қимылдар жиыны, Джет Лидікі балет сияқты болып қалды.

Тони Джаа көптеген адамдар үшін әдемі, ерекше бастысы табиғи құбылыс болды. Ол несімен ерекшеленді:
Біріншіден, оның соққыларының күші экранның мына бетінен де сезілетін. Яғни қажетсіз шыр көбелек айналусыз тізе мен шынтақтан көзделіп, бар күшімен ұрылғандықтан ғо.
Екіншіден, ол экранға тай боксын әкелді. Оған дейін тек азғантай адамдар арасына таныс спорт түрін әлем кинотеатрларына әкелгені болды. Муай-тайдың өзіндік ұлттық спецификасы, арнайы баулары, техникасы шынымен де жаңа леп болып келді бізге.
Үшіншіден, ғаламторда Тони Джааның картинаны әртүрлі елдерге таныстырудағы көрсеткен өнерлері болды. Яғни Тони өзінің командасымен фильмде жасаған біршама қиын да қызық трюктары мен соққыларын фильмнен тыс шараларда, көшеде көрсетті. Осылайша кете беруге болады.
Тони Джааның әзірше тек 4 фильмі ғана бар. Атышулы «Онг Бактың» 3 бөлімі және «Честь дракона» немесе«Том Юм Гун» деп те аталады. «Онг бактың» 2-ші және 3-ші бөлімдерін әлем салқын қарсы алды деп жатады, алайда менің ойымша олар картинаның бірінші бөлімінен төбелес техникасы мен жаңалықтары жөнінен оқ бойы озды. Көрерменге ұнамағаны оның тек тайлықтардың өздеріне ғана таныс тарихи сипатта түсірілуі болған сияқты.
Тони Джаа үйленді жақында. Кішкентайлы болды.
Уайымдайтынымыз соңғы 2010 жылғы соңғы «Онг Бак 3» фильмінен кейін жаңа туынды ұсынбады. 2013 жылдың қысында көруіміз тиіс «Честь дракона 2» фильмі туралы ештеңе айтылмай қалды.
Одан кейін, Тони Джааға еліктеп туған басқа дүниелер туралы керекинфода жазылған екен. «Рейд» туралы. Сөз жоқ, әдемі идея, түрлі қарулы төбелестер легі, алайда онда стиль жоқ, ерекшелік жоқ, көп төбелес әдемі емес, мәнсіз төбелес болып, кайф сыйламайды.
Посттың соңында өзімнің үш сүйікті төбелестерімнің тізімін бере кетейін:
1. Тони Джаа «Онг Бак 1,2,3» және «Честь Дракона»
2. Брэд Питт пен Эрик Бана «Троя»
3. «Пипец» фильміндегі Аарон Джонсонның бір бейшараны құтқаратын сәті
Әрі қарай

Заречная көшесіне көктем қалай келді?

Кинематографияның тарихы бір ғасырдан жаңа аттап жатса да, көптеген шедеврін туып үлгерген өнер саласы. «Ой қазір ол өнер болудан» қалған, коммерцияға айналған" демеңіздер, себебі барлық заманда, барлық өнер саласында да солай болып келген. Шедевр ол сондықтан шедевр, мыңның бірінен пайда болатындығынан. Қазір де кино саласы сондай, шедеврлер шығып жатыр, тек олардың өздерінінің бір дүмпу кезеңдері болады. Тек қазір сол кезең емес демесек, бәрі жақсы менің ойымша.
Сонымен маған шедевр болып үлгерген «Заречная көшесіндегі көктем» фильміне тоқталайын. Бұл фильм 1956 жылы екі кеңес режиссерімен бірігіп түсіріліп, хрущевтік жылымық кезеңінің ең атақты картинасына айналған.
Жанры: мелодрама
Басты рөлдерде: Николай Рыбников /«Девчата» фильмін көрсеңіздер танисыздар/ мен Нина Иванова /дебют/
Не туралы: Жұмысшылар поселкасына педагогикалық институттың түлегі Татьяна Сергеевна жұмысшы жастардың кешкі мектебіне орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беруге келеді. Оның сыныбында жол бойында танысқан пысық та көңілді Саша Савченко бар болып шығады. Саша — поселкадағы танымал тұлға, ол — сталевар, еңбек үздігі. Фильмнің басында бірнеше махаббат үшбұрыштары пайда болады, басты назарда Сашаның мұғаліміне деген бастапқыда жауапсыз махаббаты. /спойлер емес/
Фильмде махаббат, шын достық пен арам достық, жаман адамдардың жақсы адамдарға бөгет болуы сияқты бәрімізге танымал өмір суреттеледі. Фильм «Аспан балалары» сияқты таза, пафоссыз, тіке ештеңе айтылмайды.

Мынау фильмнің постері:

Саша және мұғалімі:


Фильмнің өзіне сілтеме:
baskino.com/films/melodramy/1323-vesna-na-zarechnoy-ulice.html
Әрі қарай

Джек Воробей, Алдар Көсе, Остап Бендер - трикстерлер

Трикстер (ағл. trickster — суайт, жылмаңдаған адам) — жақсы да болса жаман, жаман да болса жақсы адамдар, образдар, кейіпкерлер. Мысалы, Алдар Көсе, Джек Воробей, Остап Бендерлер 100% «положительный» адамдар емес.


Яғни олар Атымтай Жомарт, Уилл Тернер /«Кариб теңізінің пираттарындағы» басты идеал кейіпкер/ емес. Оларға тура қарама-қарсы деп те атауға болады. Алайда трикстерлер халықтың сүйіктілері болып келеді. Тіпті адал, батыр, моралі мықты кейіпкерлерден гөрі халық қу, ары алдында көп жауап бермейтін трикстерлердің фанаты болады. «Кариб теңізінің пираттары» фильмінің продюсерлері Джектің көрермен сүйіктісіне айналғанына қатты таңғалған. Яғни трикстер басты кейіпкерді ығыстырды деген сөз. Дәл солай Остап Бендер бүкіл кеңес халқының сүйіктісі.
Трикстерге «Мастер мен Маргаритадағы» сатана Воландты, «Маска» фильміндегі Джим Керридің кейіпкерін, «Бэтмендегі» Джокерді,«Желмен әкеткендердегі» Ретт Батлерді, Дәрігер Хаусты және т.б. жатқызуға болады.
Трикстерлер көбіне нағыз эгоисттар, қу /кейде аңқау, топас та болуы мүмкін, Иван-дурак сияқты/, өте ақылды, ерекше шармы мен харизмасы болады, олар адамға тән махаббат, достық деген сезімдерден тыс немесе тыс болуға тырысады. Алайда олар жасырын романтиктер, сезімдері жүректерінің ең ең ең түкпірінде, тіпті байқалмайды, олар «жалған адамгершіліктен» ада, өз-өздерін алдамайды, «остаются самим собой».
Керекинфодағы трикстер образы Сатыбалдыдан көрініс табады.
Негізі кинодағы трикстерлердің образы мифология мен діндегі трикстерлер архетипінен шыққан. Википедияны осы тақырыпта ақтарсаңыз, әр елдің аңыздары мен халық ауыз әдебиеттерінде трикстерлер болғанын байқайсыз.
Ал әдебиеттегі трикстерлер ол бөлек әңгіме. Әзірше Ретт Батлерден басқа ешкім есіме түспей отыр. Бейімбет Майлиннің кейбір әңгімелеріндегі кейіпкерлерді алуға болатын шығар.
Әрі қарай

"Аспан балалары" - адамға арналған ода

1997 жылы Оскардың «Ең үздік шетел фильмі» номинациясын ирандық режиссердің «Аспан балалары» атты туындысы жеңіп алады. Фильм бірнеше отандық телеарналарымыздан көрсетілді.
Фильмнің басы: Үшінші сыныптағы Әли қарындасы Зухраның туфлиін жөндеуден алып, үйге қайтар жолында аяқ астынан жоғалтып алады. Енді не істеу керек? Қарындасы мектепке бара алмайды ғой. Анасының ауруынан әкесінің ғана тапқан-таянғанына зорға күн көріп отырған отбасы жаңа аяқ киім ала алмайды. Әли Зухрамен келісімге отырады, екеуі оның кедиін кезек-кезек киетін болады: Зухраның сабағы — таңертең, Әлидікі одан соң басталады. Алайда мұндай жағдайда мектепке уақытында жету үшін желаяқтай жүгіруің қажет…
Фильмнің басты ойы балалардың періштедей тазалығы, кедей адамдардың адалдығы, қиын сәттерде де Адам болып қала білуі.
Табиғи ойналған, таза да тұңғиық осы туындыны балаларыңызға, немерелеріңізге көрсетсеңіздер, нәтижесін, балаға тигізген әсерін келесі күннен-ақ байқауға болатынына уәде бере аламын.
Кішкене суреттер ұсынайын:
Мынау нағыз Адам — Әли:

Әли қарындасы Зухрамен:

Тағы да Әли мен Зухра:

Фильмнің постері:

Зухра Әлидің кедиін киіп, мектепте жан-жағындағылардан ұялып, аяғын тығып тұрады:
Әрі қарай

Қазақтың шпион қыздары

Постта қазақ-жоғар соғысында тыңшылық және барлаушылық қызметтер атқарған батыр қыздарымыз туралы айтылады.

Жалпы, сондай барлаушы қазақ қыздары туралы ең алғаш рет 11-ші сыныпта арнайы диктант жазғанда білдім. Диктанттың тақырыбы, ішіндегі аталған есімдерді толық ұмыттым, бірақ «сутьі» мынадай:
Жоңғар шапқыншылығы кезінде, әсіресе Абылайдың тұсында сияқты, арнайы даярланған қазақ қыздары «тұтқынға түседі» әдейі. Сосын күң, кейде жоңғарға әйел болып сол жақтағы ақпараттарды жинайды, ретін тауып қазақтарға жеткізіп тұрады. Анық білерім, аңызға құрылмаған, нақты тарихи факт ретінде жаздық.
Енді интернеттен іздеп, тапқан барлаушы /тек батыр емес, барлаушы/ қазақ қыздарымызға келейік. Ең мықтысынан бастайық.
1. Айбике
Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған. Өзінің қол астына бірнеше тыңшы, барлаушы ұстаған және ұзақ жылдар бойы жаугершілікте "қолға түскен күң" түріндегі бейнеге еніп, Қалмақ Қоңтайшысының ордасында күтуші болған.
Әрі қарай

Егер объективті қарасақ

Зейнетке шығу жасын ұзартуға жабылып бәріміз қарсы шығып жатырмыз. Ал осы «халыққа қарсы» реформаны неліктен жүргізуді қолға алды екен Марченко деп ойланып көрдіңіздер ма?
Халыққа популист саясаткерлер көбірек ұнайды. Олар еш тәуекелге бармайды, жалпы, елге жағатын құр сөздерді, халықтың сүйіктісі болу үшін әлеуметтік саланы қолдау деген оңай жолға шаба береді. Мысалы, қазақ тілі, дәстүрі туралы шулаушылар, зейнетақыны көтеру сынды «халықшылдар». Кімдер екенін іштерің сезген шығар.
Бірақ саясатта шын білімді, ел экономикасы деген қиын механизмді түсінетін, «елі деп еңіремесе де», мемлекеттің алдыңғы күнін, экономикалық ахуалын ойлайтын адамдар болады. Экономика жайлы менің де білерім шамалы. Бірақ тіпті мен мына зейнетақы реформасының ең бірінші өзімізге керек екенін түсініп отырмын. Комментарийге "өзіңнің анаң 63-ке дейін жасаса не істер едің" немесе «еден жуушы болып жасайтын апайлар белі бүгілгенше жасай ма сеніңше?!» деп айғайлауға көшпеңдер. Еден жуушылар апайлар Америкада да бар. Өтірік сөйлемейікші, зейнетақы мөлшері қазір елімізде өте жақсы ғой.
Сондықтан әуелі неліктен осылайша зейнет жасын ұзарпақшы деп кішігірім зерттеу жүргізіп, тек зар жылаушылардың емес, экономикадан хабары бар адамдармен ақылдасыңдар, Марченконың да ойларын оқыңдар.
Объективті болайық! Не болса да бұл реформа точно шенеуніктердің қалталарын толтыру үшін жасалып жатқан зат емес, өзімізге керек дүние.
Әрі қарай

Үздік үнді билері

Үнді фильмдеріндегі ең тамаша шыққан би номерлерін назарларыңызға ұсынамын.
1. Айшварияның «Bunty Aur Babli» атты фильмдегі итем-номері. Басты рольдерде оның болашақ жолдасы мен қайын атасы ойнаған фильм.


2. Мадхури Дикшиттің «Кел билейік» атты фильміндегі би номері. Бұл фильм Мадхуридің кино саласына қайтып оралған кездегі фильмі.


3.Ал мынау Катрина кайфтың итем номері.


4. Дәл осы биді 6 жасар биші Джит дастың билеуі /мұның фильмдерге қатысы жоқ, сонда да/


5. Тағы да Айшварияның Шакрукх Кханмен бірге жасаған итем номері.
Әрі қарай

Біз байлыққа батуымыз керек

Мына сөздерді кейбір қазақтар айта бергенді жақсы көреді /батыста бәрі/: «Мынадай байлықмен біз Арабия сияқты байлыққа батып отыруымыз керек. Әрбіреуіміздің жекке шотымызда мындай мың доллар құюы керек мемлекет.» Сосын мндетті түрде «16-ақ млн қазақты асырай алмай отыр» тағысын тағылар.
Неге сол сөзді былай айтпайды: «Мына байлықпен біз Англия сияқты біліміз дамыған, инфрастурктурасы мықты, санамыз жоғары ел болуымыз керек деп»
Арабияның шіріген понт байлығына, тым асыра сілтенген гламурына қызығады да өздері «жастар еңбек еткісі келмейді, тек бірден топ ете түскісі келеді жылы орынға» деп айтады.
Әрі қарай

Надир мен Симиннің ажырасуы

Иран кинематографиясын көп мақтайды сыншылар. Тек ирандық режиссерлердің тек бір ғана туындысын көрген едім. «Дети небес» деген. Шынайы, пафоссыз, мықты фильм болатын. Ішіндегі ойнаған ағалы-қарындасты кішкентай балаларға таң қаласың. Құдды өздерінің өмірін ойнап жатқандай.Содан басқа ирандық фильм көрмедім.
Канн фестивалінің басты жүлдесін Надир мен Симиннің ажырасуы деген ұтып алды дегенде, предвзято ойлағанмын: «Ой, ирандықтардың ауыр тағдырлары арқылы, кедейлікті көрсетіп жүлде жинайтын фильмдердің бірі ғо» деп.
Мүлде, мүлде, мүлде басқа фильм болып шықты. Қорықпай айта алам, әлемдегі ең өмірді боямасыз түсірген, объективті фильм осы.

Негізі постты былай жазуға болмайды, біліп тұрмын. Өзіңді көрсеткің келгендей,қып-қысқа, тек мынау күшті, мынау жақсы деп. Алдағы уақытта мазмұны дүрыс құрылған, оқырманға түсінікті, еңбектеніп жазатын пост жасаймын кинолар туралы.
Әрі қарай

"Оскар"-ды формулаға сай түсіргендер алып жатыр

Көп фильмдерді қарап отырып, байқайсың, әдейі «Оскарға» арнап түсіретіндей. Көбіне олар қызықты немесе аса бір терең фильмдар да емес. Бірақ олар артхаус та болып кетпейді. Өзінше бір пәлсапасы бар, шытырмандау, адамгершілік құндылықтары типа жасырылып түсірілген, міндетті түрде «серьезный» фильм болады. «Старикам тут не место», «Повелитель бури», жақындағы "«Арго» операциясы",«Черный лебедь», номинант болғандардан «Начало», «Мне бы в небо», «Жизнь Пи» тағысын тағылар.
Қазақтардан «Шал» сондай фильм. Әрі касса жинайтын, әрі «ақылды» мувилар модада қазір.
Оның қасында 90-жылдары әртүрлі, шынымен арнайы «Оскар»-ға үміттеніп түсірілмеген фильмдер жеңімпаздар атанған еді.
Әрі қарай